Xix ғасырдағы қазақ әдебиеті



Дата21.12.2022
өлшемі307,38 Kb.
#58603

XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті
№1
1. XIX ғасырдағы ақын, жазушылар жайлы ой қозғаңыз.
2. Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығына тоқталыңыз.
3. Исатай Махамбеттің көтерілісі жайлы әңгімелеңіз.

№2
1. Біржан мен Сара айтысының ерекшелігі туралы ой қозғаңыз.


2. Дулат Бабатайұлының «Шаштараз» мысалына образдық талдау жасаңыз.
3. Майлықожаның толғауларының біріне поэтикалық талдау жасаңыз.

№3
1. М.Мөңкеұлының «Топқа түскендегі толғауы» атты жырының композициялық құрылысына талдау жасаңыз.


2. Медғат-Қасым поэмасы бойынша болжау кестесін толтырыңыз.
Не болады деп ойлайсың?
Неліктен солай деп ойлайсың?
Шын мәнінде не болды?
3. Сүйінбай Аронұлы жайлы ой қозғаңыз.

№4
1. Абайдың “Біреуден біреу артылса” деп басталатын өлеңіне поэтикалық талдау жасаңыз.


2. Абай өмірінің соңғы кезеңі жайлы ой толғаңыз.
3. Ш.Қанайұлының «Қисса Шортанбайдың балалары һәм қисса қаһарман» толғауына образдық талдау жасаңыз.

№5
1. Майлықожаның «Толғау» өлеңіне поэтикалық талдау жасаңыз.


2. Балқы Базар жыраудың «Екі талай жер болса» өлеңінің композициялық құрылысына талдау жасаңыз.
3. Б.Жолбарысұлының «Есімбекке» өлеңінің композициялық құрылысына талдау жасаңыз.

№6


  1. М.Мөңкеұлының «Мұраттың жалпыға айтқаны» толғауына образдық талдау жасаңыз.

1)Шығарма туралы
Замана сырына үңіле келіп, көне жыраулар үлгісінде адам өмірі, жастық, кәрілік, саулық, өмір, жарастық хақында толғанады.
2)негізгі образлар
Бай, бәйбіше, қарындас, ер жігіт

  1. Шәңгерей Сейіткерейұлы Бөкеевтің «Өмірдің өтуі» өлеңін оқып, өмір жайлы шағын шығарма жазыңыз.

Өмір - театр дейді емес пе?! Күлесіз, жылайсыз, қуанасыз... Басты кейіпкерде өзің жүргендейсің. Ал кейбіреулер оны поезбен теңестіреді. Онда кездескен жолаушылар біздің өмірде кездестірген адамдарымызға ұқсайды. Бірақ олардың да біз сияқты поездан түсетін жерлері бар. Кейбіреулері біздің жол бойғы қуанышымыз бен қайғымызға ортақтасады, олар ата-анамыз, бауырларымыз. Жолдан мінген кей жолаушылар уақыт өте бізге жақын болып кетеді, кейбіреулері келесі станциядан түсіп қалады, ал кейбірі басқа купеге ауысып кетеді.
Ал енді біреулер өмірді өзенмен теңейді.
Өмірге деген көзқарас әр адамда әр қилы. Бірақ менің ойымша оның мәні болу керек. Бір күндік өмірдің мәні болмайды. Мен әр кеш сайын өзімнің өткен бір күніме талдау жасаймын. Бүгін мен не жасадым? Жаксылык па, жамандык па саралаймын. Дұрыс емес жерлерімді келесі күні жібермеуге тырысамын. Бірақ адам қателіксіз өмір сүруі мүмкін емес. Тек сол қателікті уақытында біліп отыру керек деп ойлаймын.
Адамның алға қойған мақсаты болу керек деп ойлаймын. Армансыз, мақсатсыз адам жарықсыз үңгірмен тең.
Кей кездері біреулерді өсектеп, ия болмаса кей өсектерге сеніп жатамыз. Оның шын ия өтірігін саралап бас ауыртпаймыз. Оның мұндай күйге тускен себебін де біле бермейміз. Ал өзге емес өзімізге бір рет болса да сын көзбен қарап көрдік пе?
Jan жазады "Көп адам өзінің өмірге не үшін келгенін, не үшін өмір сүріп жатқанын білмей өтіп жатыр." Бұл сөздің де жаны бар. Осы сайттың күрделілігі де сол болар.
3. Махамбеттің 1839 жылғы елде қалған жолдастарына жазған хаты жайлы ой толғаңыз.

№7


  1. «Ереуіл атқа ер салмай», «Мен, мен едім, мен едім» атты толғауына поэтикалық талдау жасаңыз.

«Ереуіл атқа ер салмай» - 1 шумақты, 19 тармақты, 2 бунақты,шұбыртпалы ұйқас, 7-8-9 аралас буынды.
Идеясы- батырдың көзсіз ерлігін, көркем сымбатын, сабырлы, әрі ойлы, парасатты жан екенін және серілігін дәріптей отырып, оған деген сағынышын білдіру.Батырдың киген сауыты. Қару-жарағы да хас батырға тән екенін көрсете келіп, сом тұлғасын халыққа жеткізу.
Қоңыр салқын, егеулі найза, ереуіл ат – эпитет.
Майдай – теңеу.
Ереуіл атқа ер салмай, Тебінгі теріс тағынбай
Егеулі найза қолға алмай, Түн қатып жүріп, түс қашпай,
Еңку-еңку жер шалмай, Темір қазық жастанбай ( аллитерация)
Ерлердің ісі бітер ме? (ассонанс)
«Мен, мен едім, мен едім» 3- шумақ, 74 тармақты, 3 бунақ,7-8 буынды, ерікті ұйқас. Өзін тарлан бөріге теңеуі (теңеу пайдаланылып тұр.



  1. Махамбеттің шыққан ортасы жайлы ойтолғаңыз.

Махамбет Өтемісұлы 1803 жылы, қазіргі Гурьев пен Орал облыстарына қарасты Нарын құмында туған. Махамбеттің шыққан ортасы-шағын шаруа. Бірақ бір ағасы-Бекмұхамбет хан сарайына жақын, Жәңгір ханның сенімді биі болған. Ол жағында болып көтеріліске қарсы күрескен. Ал Махамбеттің басқа ағайындылары көтеріліс жағын жақтап, жау қолынан қаза тапқан. Ер жетіп, ат жалын тартып мінгеннен бастап Махамбет өмірдің жай-жапсарына ой жіберіп, сын көзімен болжай білген озық ойлы албырт жас ретінде көзге түседі. Қалың еңбекші қауымның ортасында өскен ол бұқара халықтың зары мен мұңын жақсы білді, жігіт шағында хан ордасы маңында болып, өзгеше өктем ортаға кездесіп, ондағы сән-салтанат, байлықтың сырын терең түсінді. Байлық пен салтанатқа, сарайдың жалтырауық сыртқы сәніне қызыққан жоқ. Махамбет халық қозғалысы тұсында өсіп, күрес-тартыста шынығып, әдебиет майданына келген өршіл идеяны алып күшті, өрен ақыны болатын.
Махамбет ұл болып туған жастың масаты:”Ереуіл атқа ер салу, егеулі найза қолға алу, алты малтаны ас қылып, ат үстінде күн көріп, ашаршылық шөл көріп” жүріп, жаудан кек алу, халықтың арын, жерін қорғай білу деп түсінеді. Махамбет XIX ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүріп, сол кезеңнің зор дүбірлі тарихи оқиғасының жалынды жаршысы, насихатшысы болды. Махамбет ел тарыққан заманда одан шығар жолда батыл күрестен тауып, жауына қарсы қол бастаған қамқоршы, әрі батыр, әрі ақын болды.
3. Мағауия Абайұлының «Медғат-Қасым» поэмасына болжау кестесін толтырыңыз.
Не болады деп ойлайсың?
Неліктен солай деп ойлайсың?
Шын мәнінде не болды?

№8


  1. «Медғат-Қасым» поэмасына образдық талдау жасаңыз.

«Медғат-Қасым» - Мағауия поэмаларының ішіндегі көркемдік тұрғысынан биік шығарма. Оның оқиғасы қазақтың тұрмыс-салтымен байланыстырыла емес, Африка жерінде, Ніл өзені бойында өтеді. Шығарма желісі құл иеленушілер мен құлдардың арасындағы кек күресінен алынады. Шығармада Мұрат деген байдың баю мақсатымен Мысыр қаласынан Ніл өзені бойына көшіп келгені әңгімеленеді. Оның Медғат атты ұлы, Ғазиза атты қызы болады. Оларға қоса Мария атты асырап алған қызы қатысады. Поэмада жеке көріністердің өмір шындығына жанасымды суреттері бола тұрса да, шығарма негізінен романтизм үлгісінде жазылған. Оқиға желісі де, кейіпкерлерге тән іс-әрекет, сезім күйі де соған ыңғайластырылады. Кейіпкерлерді дағдыдан тыс жағдайларға тап еткен, әрекет пен мінез-құлықтағы төтенше қаһармандық ерлікке бастайтын түйін есебінде шығармада Медғат пен Қасым арасындағы кек және Ғазиза мен Сәлімнің махаббаты алынады.


Оқиға жай дағдыдағы эпостық поэмалардың ізімен басталып, кейін басқаша дамиды. Олардың ішкі байланысы, шиеленісі, шарықтау шегі – бәрі күтпеген жерден кенет жалтарысқа ұшырап отырады.
Адам образдарын жасау әдісі де осыған ыңғайласқан. Солардың ішінде романтикалық қаһарманды көз алдыңа елестете аларлық образ – Қасым. Оның істерінің қайсысын алсаң да ірі, басқалардан бөлек.
2. Сүйінбай Аронұлы туралы ой толғаңыз.
Сүйінбай Аронұлы – әйгілі ақын, айтыс өнерінің майталманы. Алматы облысының Жамбыл ауданына қарасты Қарақыстақ елді мекенінде 1815 жылы дүниеге келіп, сол атамекенінен 1898 жылы топырақ бұйырған.

Сүйінбай айтыскер ақындығына қоса эпикалық жырлардың асқан шебері болған. Елдік мұратты көксеп, бастарын бәйгеге тіккен Өтеген, Қарасай, Сұраншы, Саурық батырлар туралы көшелі жырлар шығарған. Ал, Қатаған ақынмен, Тезек төремен арадағы айтыстары айтыс өнерінің тамаша үлгілері болып саналады. Сүйінбайдың шешендік тапқырлықтары, ғибратты нақылдары, сондай-ақ әлеуметтік-психологиялық сықақ өлеңдері оның заманы мен қоғамына белсене аралсып отырған сергектігін білдіреді. Әйгілі Жамбыл ақын: «Менің пірім Сүйінбай, Сөз сөйлемен сыйынбай…» деп, оны өзіне ұстаз тұтқан.


3. Сүйінбай мен Қатағанның айтысы жайлы ой толғаңыз.
1847 жылы Қырғыздың бай шонжар манабы Орманхан шешесіне ас береді. Бұл ас жиынға Қазақ пен Қырғыздың игі жақсылары бас қосады. Қазақ ақыны Сүйінбай Қырғыз ақыны Қатаған да осы жиында кездеседі. Екеуінің айтысы болып, Қазақтың бар баласы айтылатын бұл айтыстың мақсаты – елімізді, жұртымызды бірлікке шақыру (22 наурыз мерекесі).Сүйiнбай мен Қатаған айтысы» – ХIХ ғасырдағы қазақ және қырғыз халықтары әдебиеттерiндегi авторлық әдебиеттiң шынайы болмысын танытатын туынды. Айтыстың әдеби шығармалық болмысын танытатын басты ерекшелiктерiнiң бiрi – тақырыптық-идеялық желi – жоспардың анықтығы.
Академик Мұхтар Әуезов Сүйінбайдың айтыстағы өнерін өте жоғары бағалаған, оны “айтыс өнерінің алтын діңгегі” деп атаған. “Сүйінбай сан түрлі саңлақ ақындармен айтысқан, соның бәрін жеңген, әіресе Сүйінбай мен Қатағанның айтысы адам таңғаларлық ерекше айтыс қой! Мені алғаш рет қырғыз еліне таныстырған осы айтыс. Ел арасында көп жырладым”, - депті Жамбыл жазушы Сапарғали Бегалинге айтқан бір естелігінде. 1937 жылы Жамбыл Жабаев Қырғыз ғылым академиясының ғылыми қызметкерлерінің өтініші бойынша, Сүйінбай мен Қатаған айтысының толық текстісін жаздырған. Фрунзенің ғылыми архивінде сақталған бұл қолжазба 98 беттен тұрады, араб әрпімен жазылған, сыртқы мұқабасында “Сүйінбай ақынның қырғыздың атақты ақыны Қатағанмен айтысқаны” деген жазу бар, барлығы 4472 тармақтан тұрады. Жамбыл жаздырған бұл материалдың тарихи маңызы зор, бірақ ақынның жылдам айтуына ілесе алмағандықтан көшіруші жолдас өлеңнің ұйқасы мен ырғағын, мазмұн бірлігін бірыңғай сақтай алмаған, шалағайлық, үстірттік жіберген. Сүйінбай мен Қатағанның айтысын Жамбылдан басқа Кенен, Үмбетәлі, Өтеп, Өмірзақ, Арғынбай, Қарабек, Мақыш, Шүкітай секілді белгілі Жетісу ақындары да жатқа білген.
№9
1. Дулат Бабатайұлының «Еспенбет» дастаны бойынша болжау кестесін толтырыңыз.
Не болады деп ойлайсың?
Неліктен солай деп ойлайсың?
Шын мәнінде не болды?
Ақынның ел өмірінің ескі бір тақырыбына құрып ,жазба әдебиет үлгісінде шығарылған бұл поэмасы 19 ғасырдағы қазақ әдебиеті үшін жаңалық еді.

Не болады деп ойлайсың?

Неліктен солай деп ойлайсың?

Шын мәнінде не болды?

Еспенбет жырдың басынан атақты көсем шешен болады.Ер Қосайдан қорлық көрді.
Еспенбет Қосайдың өзіне берген бар байлығын алады.




Еспенбет қандай да бір артықшылығымен ел көзіне түспеген қарапайым ғана кісінің баласы.
Қосай жиенді бөтен санамайтын қазақ салты бойынша да ,”Еспенбеттей ұрпағын өте жақсы көргендіктен ” оған жетімдік көрсетпей өсіреді.Ер жеткенде таңдап жүріп қалыңдық айттырып ,басына үй тұрғызып бермек ойда жүреді.
Еспенбет нағашы атасы ұсынған байлықтың барінен бас тартып,жалғыз ғана Ақбөрте тайды қалайды.












  1. Базар жыраудың «Мақпал-Сегіз» дастанына образдық талдау жасаңыз.

Мақпал үріп ауызға салғандай сұлу,сымбатты ,ақылына көркі сай бойжеткен. Сегіз Сері Мақпалға ғашық болған.Сал серілікпен ел аралаған. Сұңғақ бойлы ,өрімдей сымбатты,топ ішінде ерекше көрінетін әсем кісі болған. Ол әрі құбылмалы ақын әрі әнші әрі қобызшы ,әрі мерген,әрі өрнек жасағыш шебер кісі болған.Оның үстіне ол әлеуметтік қайраткер .Бағаналы найман елінде Бақтияр байдың ауылына келгенде ,сол Бақтияр мырзаның ақылына көркі сай, туған айдай толықсыған ,сымбатты қыз Мақпалмен танысады. Сегіз сері Мақпалға деген жүрек сезімін әнмен білдіреді.Бұл айтқан Гауһар тас әнде ару Мақпалды асыл тас гауһарға теңейді, өзінің жүрек жарды сырын сұлуға жеткізген.Бұл әннің зерттеушілер тарапынан толық дәлелденген ,нағыз нұсқасы мынандай: Ажарын ашық екен атқан таңдай,Бейне бір қараңғы үйге жаққан шамдай,Ананың сені туған айналайын,Бота көз ,қыр мұрынды ,ақша маңдай.
3.Базардың ең өткір сатиралық шығармасы жайлы ой қозғаңыз.
Әйгілі жыраудың өткір сатиралық шығармасы –“Қаражан болысқа” өлеңі.
“Қаражан болыс жұрт жиып ,той жасап арнайы кісі жіберіп Базар жырауды шақыртады.Кілем төсеп ,құрметтеп, төрге отырғызып:”Базеке ,тойға қызмет етіңіз”,- дейді.Тыңнан тербеп ,соныға сілтеген арқалы жыраудың толғаулары таң атқанша толас таппайды.Бірақ бай айтқан уәдесінде тұрмай ертеңіне өзі арық,жауыр, кәрі ат береді .Нысанаға алған кісісін бет жүзіне қарамай кемшілігін тізе ,жер жебіріне жететін болған арқылы жырау Қаражан болыстың жалған сөйлеп жалт бергенін көп алдында аямай айтып,сойып салды”.Ақын Қаражан болыстың көкірек кергенін ,арсыздығын былайша әшкерлейді:”Дүниенің қызығына түсемін деп,талайлар құр қалып жүр абыройдан.Өзі арық ,өзі жауыр ,алжыған көк қолына қаперінде түсті қайдан?!Май құйсаңда оңбайтын өте кәрі,қонбайды өлетінге берен дәрі.”Болыстың берген аты осы ма?”-деп,мазақтап күле берді жұрттың бәрі,мен -Базар ,сен Қаражан деп айтамын Болыстың өкпелесе ықтияры .Той қылдың мақтанышпен жұртты жиып ,Төбеге тұрды халық әрең сиып, Жануар көп тұтынған малың екен, Қолыңнан неғып көзін қиып.Шақыртып әдейі арнап алып едім,Мен саған келіп едім өзім тиіп”.Базар жырау осылай төбе толған халық көзінше сараң мырзаның масқарасын шығарып ,астындағы атын түсіп беруге мәжбүр етеді.
№10

  1. Біржан мен Сара айтысы жайлы ой қозғаңыз

Біржан мен Сара айтысы – айтыс өлеңдерінің ішінде көлемді, құнды айтыстардың бірі. Бүл айтыс Сәбит Мұқановтың айтуына қарағанда 1862 жылы, ал А.Жұбанов бойынша 1868 жылы болған
"Біржан мен Сара" айтысы -құрылысы жағынан алсақ та, көркемдік тұсынан асақ та, қазақ ақындары айтысындағы үздігі болып табылады.
Екеуі де - көпшілікке танымал, тарихта қалдырған ізі бар адамдар. Айтыста қос ақын да адамдық және ақындық қырынан көрінеді. Екі ақын да - үздік, өнер саңлақтары. Олар өзінің ғана емес, бірінің-бірі өнерін бағалайды, құрметтейді, сүйсінеді. Айтыс басталғаннан-ақ іркіліп қалмай, екеуі де ірілігін, жүйріктігін байқатады. Сара ақын ақындық өнеріндегі дес бермес жүйріктігін түрлі көркемдік тәсілдер арқылы шебер көрсетеді. "Ұшырған тәрбиелеп ақ тұйғынмын", "Найманда түлеп ұшқан ақиықпын, Сөйлесе май тамызған бұлбұл тілім" деген жолдар ақын қыздың дүлдүл дарынын, асқақтығын дәлелдейді.
Айтыстан саңлақ Сараның басындағы қиындыққа Біржан салдың қатты толғанып, қамыққаны байқалады. Ал Сара Тастанбекқызы Біржан салды аға ретінде қадір тұтып, ақындығын, әншілігін, өнерін, адамдығын аса құрметтейді, жоғары баға береді.
Дарынды қос ақынның айтыстағы шешен сөздері, мәнді сөздері көркемдік тұрғыдан әліге дейін үлгі болып келеді. Ондағы сөздер тұнықтығы, анықтығы, нақтылығы жағынан, көркемдік, сұлулық тұрғысынан қазақ халқының поэзия өнерінің төрінен ойып орын алады.Сара өз заманында өзгелерден көш ілгері тұрған, жүйрік ақын, өнерлі адам болған еді.Тек Біржан салмен емес, басқа да ақындармен айтысқа түсіп, озық ойлы өнер иесі екенін дәлелдеп, қатарынан озып, жеңіп отырған.Бірақ Біржан сал ақынның осал тұсына, жанды жеріне біз сұққандай болады. Біржан сал Сараға тең қылған Жиенқұлды өткір сөздермен сынап-мінейді. Осынысымен-ақ адам басын малға сатқан опасыз адамдарға ашынып, наразы көзқарасын танытады. Ақын Сара да қалыс қалмай, өз басына түскен халді ғана емес, күллі қазақ қызының басындағы қиындықты ашып айтып, іштегі шерін шығарады. Айтысқанда өткір тілді, дарынды Біржан салдан кем түспеген Сара дәл осы Жиенқұл мәселесі көтерілген тұста сөзден жаңылып, мүдіргенінен қыз ішінде жатқан мұң-шерді байқауға болады. Айтыстағы әдетті дәстүр бойынша ақын қыз көпшілік алдында сөзден ұтылғанын мойындайды.Айтыста көптеген Орта жүздің игі жақсыларының есімдері аталады.Біржан сал қазақтың дана ақыны хакім Абай туралы жырлап, даралығы мен даналығын тілге тиек етеді. Қазақтың бас ақынының ел алдындағы беделін, әділдігін, адалдығын, жұртының аса құрметтеп, қадірлейтінін сөзіне қосады. Абайдың өз заманы үшін озық білімін ғана емес, кедей-жарлының сөзін сөйлеп, халқына қорғаушы бола білген ерекше қасиетін мақтан етеді."Біржан мен Сара" айтысы өз құнын жоғалтпай, ел тарихында, әдебиетінде ұзағынан сақталып қалып, көпке үлгі бола бермек.

  1. Ақылбай Абайұлының «Дағыстан» дастанына поэтикалық талдау жасаңыз.

Ақылбай Абайұлының «Дағыстан» дастаны


Ақылбайда бізге мәлім ондай поэмалар үшеу. Ол: «Дағыстан» (Кәрі Жүсіптің»), «Зұлыс», «Жаррах батыр».«Дағыстан» поэмасының тақырыбын ақын шәкірттеріне Абай өзі ұсынады. Бұл поэманы жазуға Ақылбай, Мағауия, тағы бірер шәкірті кіріседі. Поэманы бәрінен бұрын жазып шығып, оқыған Ақылбай болады. Ақылбай жазған «Дағыстан» Абайға және барлық ақын шәкірттерге ұнайды да бұл тақырыпты меңгерген Ақылбай деп ұйғарады.Ақылбай жас кезінде төрт-бес жыл Құнанбай ауылының молдасынан ескіше оқып хат танығаннан басқа, ұзап оқымаған. Абайдың үлгі-өнегесімен Ақылбай заманының саналы азаматы, әдебиетке шын берілген ақын болады. Абайдың әдебиет, өнер-білім жайындағы, адамгершілік, мәдениет жайындағы өсиеті Ақылбайдың дүниеге көзін ашады. Әсіресе, орыс мәдениетінен өнеге алуы, орыс әдебиетінен үлгі алып өсуі, ақындық талантына кең жол ашады. Ақылбай Абай өсиетін тыңдап қана емес, өз бетімен орыс ақындарын оқуға, терең түсініп ұғуға қолы жетеді. Пушкин мен Лермонтов Ақылбайдың сүйікті ақындары болады. Осындай ұлы ақындарды оқып, өнеге алған Ақылбай қазақ әдебиетінде тұңғыш Кавказды жырлаған ақын. Дағыстан» поэмасы адам образын көрсетуде, қызық оқиғалы тартыс түйіндерін туғызуда өте шебер қалыптанған. Бұнда Жүсіптің жас жігіт кезінен басталатын бір тартыс бар. Оның есебі қызғаныш болатын. Жүсіп қызғаныштың үстіне жазықсыз жақсы жігіт, ер, мерген Ыбырайымды қапыда өлтірген. Ыбырайымның шешесі де баласының қазасынан қиналумен өледі. Бірақ Жүсіпті қарғап өледі. Содан кейін ұзақ мезгіл өтеді. Жүсіп үйленіп, одан бес ұл туады. Және сол бес ұлдың ортасындағы жалғыз гүлі – Зайра сұлу өседі. Осылайша, Жүсіп тірлігі толықсып, бағына жеткен шағында баяғы өлген кемпірдің қарғысы енді келе бастайды.
Содан поэманың ішінде қызық әңгімеленген тартыстар арқылы Жүсіптің бес ұлы қаза болады. Ең соңында Жүсіптің қан кегін қуған қызғанышы арқылы қызы Зайра және өлімші боп жатады.
Сол ең соңғы қалған жалғыз нәсілінің өлім шағында, Жүсіп кешірім сұраған. Бірақ махаббаты үшін шерленіп, өлім халіне жеткен Зайра әкесіне кешпей жатыр. Поэманың басында қайғылы Жүсіптің өкінішпен жылап отырған себебі осы еді
3. Абайдың отыз тоғызыншы қара сөзін оқып, өз ойыңызды жазыңыз.
Отыз тоғызыншы қарасөзінде ел бірлігі, елдің ынтымағы сөз болады.
Рас, бұрынғы біздің ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан білімі, күтімі, сыпайылығы, тазалығы төмен болған. Бірақ бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен. Ендігі жұрт ата-бабаларымыздың мінді ісін бір-бірлеп тастап келеміз, әлгі екі ғана тәуір ісін біржола жоғалтып алдық. Осы күнгілер өзге мінезге осы өрмелеп ілгері бара жатқанына қарай сол аталарымыздың екі ғана тәуір мінезін жоғалтпай тұрсақ, біз де ел қатарына кірер едік. Сол екі мінез жоқ болған соң, әлгі үйренген өнеріміздің бәрі де адамшылыққа ұқсамайды, шайтандыққа тартып барады. Жұрттықтан кетіп бара жатқанымыздың бір үлкен себебі сол көрінеді.
Ол екі мінезі қайсы десең, әуелі - ол заманда ел басы, топ басы деген кісілер болады екен. Көш-қонды болса, дау-жанжалды болса, билік соларда болады екен. Өзге қара жұрт жақсы-жаман өздерінің шаруасымен жүре береді екен. Ол ел басы мен топ басылары калай қылса, калай бітірсе, халықта оны сынамақ, бірден бірге жүргізбек болмайды екен. «Қой асығын қолыңа ал, қолайыңа жақса, сақа қой», «Бас-басыңа би болса, манар тауға сыймассың, басалқаңыз бар болса, жанған отқа күймессің» деп мақал айтып, тілеу қылып, екі тізгін, бір шылбырды бердік саған, берген соң, қайтып бұзылмақ түгіл, жетпегеніңді жетілтемін деп, жамандығын жасырып, жақсылығын асырамын деп тырысады екен. Оны зор тұтып, әулие тұтып, онан соң жақсылары да көп азбайды екен. Бәрі өз бауыры, бәрі өз малы болған соң, шыныменен жетесінде жоқ болмаса, солардың қамын жемей қайтеді?
Екінші мінезі - намысқорлық екен. Ат аталып, аруақ шақырылған жерде ағайынға өкпе, араздыққа қарамайды екен, жанын салысады екен. «Өзіне ар тұтқан жаттан зар тұтады» деп, «Аз араздықты қуған көп пайдасын кетірер» деп, «Ағайынның азары болса да, безері болмайды», «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» десіп, «Жол қуған қазынаға жолығар, дау қуған пәлеге жолығар» десіп. Кәнеки, енді осы екі мінез қайда бар? Бұлар да арлылық, намыстылық, табандылықтан келеді. Бұлардан айырылдық. Ендігілердің достығы - пейіл емес, алдау, дұшпандығы - кейіс емес, не күндестік, не тыныш отыра алмағандық.
№11
1. Ақылбай Абайұлы жайлы ой қозғаңыз.
2. «Жаррах батыр» атты дастанына образдық талдау жасаңыз.
3. Ақылбай Абайұлының «Дағыстан» дастанының композициялық құрылысына талдау жасаңыз.

№12
1. Абайдың жиырма тоғызыншы қара сөзін оқып, ойтолғау жазыңыз


2. Дулат Бабатайұлының «Шаштараз» мысалына образдық талдау жасаңыз
3. Абайдың әжесі Зере жайлы ой толғаңыз.

№13
1. Исатай Махамбет жайлы ой толғаңыз


2. Майлықожаның «Толғау» өлеңіне поэтикалық талдау жасаңыз
3. Балқы Базар жыраудың «Екі талай жер болса» өлеңіне поэтикалық талдау жасаңыз.
№14
1. Ш.Қанайұлының «Қисса Шортанбайдың балалары һәм қисса қаһарман» толғауына образдық талдау жасаңыз.
2. Дулат Бабатайұлының «Еспенбет» дастанының композициялық құрылысына талдау жасаңыз .
3. Дулат Бабатайұлының «Шаштараз» мысалына болжау кестесін толтырыңыз.
Не болады деп ойлайсың?
Неліктен солай деп ойлайсың?
Шын мәнінде не болды?

№15
1. Базар жыраудың «Мақпал-Сегіз» дастанын кубизм әдісімен талдаңыз.


Зерттеңіз
Суреттеңіз.
Салыстырыңыз.
2. Базар жыраудың философиялық толғауына поэтикалық талдау жасаңыз.
3. Базар ақынның тұңғыш шығармалар жинағы жайлы ой қозғаңыз.

№16
1. Абайдың әжесі Зере жайлы ой қозғаңыз.


2. Абай мемлекеттік қорық – мұражайы жайлы ой қозғаңыз.
3. Б.Жолбарысұлының «Есімбекке» өлеңіне поэтикалық талдау жасаңыз.

№17
1. Балқы Базар жырау жайлы ой толғаңыз.


2. М.Мөңкеұлының «Мұраттың жалпыға айтқаны» толғауына образдық талдау жасаңыз.
3. Балқы Базар жыраудың «Әлі де сенде арман жоқ» өлеңіне поэтикалық талдау жасаңыз.

№18
1. Балқы Базар жырау жайлы ой қозғаңыз.


2. Шәңгерей Бөкеевтің «Өмірдің өтуі» өлеңіне поэтикалық талдау жасаңыз.
3. Балқы Базар жыраудың «Әлі де сенде арман жоқ» өлеңінің композициялық құрылымына талдау жасаңыз.

№19
1. Б.Жолбарысұлы жайлы ой толғаңыз.
2. Б.Жолбарысұлының «Есімбекке» өлеңіне поэтикалық талдау жасаңыз.
3. М.Мөңкеұлының «Мұраттың жалпыға айтқаны» толғауына образдық талдау жасаңыз.

№20
1. Шәңгерей Бөкеев жайлы ой толғаңыз.


2. Шәңгерей Бөкеевтің «Өмірдің өтуі» өлеңіне поэтикалық талдау жасаңыз.
3. 1925 жылы жарияланған «Исатай –Махамбет» атты кітап жайлы ой қозғаңыз.

№21
1. Сүйінбай Аронұлының «Сүйінбай ақын» атты тұңғыш жинағы жайлы ой қозғаңыз.
1935 жылы Қ.Жансүгіров пен Ф.Ғабитованың құрастыруымен ақынның бір топ шығармасы “Сүйінбай ақын” деген атпен тұңғыш рет жеке жинақ болып жарық көрді. Бұл жинақта ақынның таңдаулы шығармаларымен қатар, тыңнан қосылған көптеген өлең-толғаулары, айтыстары енген, шығармалары жүйеге келтіріліп, тақырыптарға бөлінген, кітапқа көлемді ғылыми алғысөз жазылып, соңынан түсіндірме сөздік берілген. Сонымен қатар жинақта қазақ халқының тарихи-қоғамдық даму сатылары мен өткен ғасырлардағы өмір шындығы жан-жақты көркем суреттелген. Сүйінбай поэзиясы терең философиясымен, ой сұлулығымен, ақын тіліндегі соны поэтикалық өрнек-айшықтарымен ерекшеленді. М.Әуезов Сүйінбайды “айтыс өнерінің алтын діңгегі” атаған. Қазақ халқы әділет үшін күресте қорғаушысы, жақтасы болған ақиық ақынның өлең, толғау, айтыстарын күні бүгінге дейін сақтап, “Сүйінбай осылай деген” деп әрдайым зерделерінде тұтқан.

2. Сүйінбайды пір тұтқан айтыскер, ақын жайлы ой қозғаңыз.

3. Дулат Бабатайұлының «Еспенбет» дастанына образдық талдау жасаңыз.
Дулат шығармасынан елеулі орын алатын «Еспембет» атты толғау. Бұл өзінің көлемі, құрылысы жағынан халық жырлары үлгісіндегі ерлік дастан тәрізді. Ақын бұл шығармасында да жетім бала тағдырын сөз қылады. Дастан халық аузында жүрген Еспембет батыр туралы аңыз сюжеті бойынша жазылған. Дастанның негізгі қаһарманы – жетім бала, Еспембет. Ол өз елінен жырақта, нағашы жұрты Қарасайдың қолында жылқы бағып жүреді. Ер жете келе Қарасай елінде, тамағы тойған жерінде жата беруді ар санап, жас жігіт өзі туған Арқаға кері оралмақ болады. Қарасай оның басына үй, алдына мал салып, қалыңдық әперіп, ырғап-жырғап аттандыруды ойлайды. Бірақ Еспембет оны қостамайды, Қарасай ұсынған дүние-мүліктің бәрін де алмай, тек жалғыз Ақбөрте деген тайды қалайды. Ақыры сол таймен елге оралады. Ел-жұрты әуелі баланы елемей, жалғыз ғана тай мінгізіп қайтарғаны не қылғаны деп Қарасай байды да кінәлай өсекке таңады. Бірақ Еспембет оның бәріне де мән бермейді. Ақбөртені баптап бағумен болады. Ақбөрте жақсы ат боп өседі. Еліндегі Сәтімқұл бидің ас берген тойында Ақбөрте бәйгеден жалғыз келеді. Бас бәйгеге келген жүз тайлақты Еспембет түгелімен бес арыс Сыбанға бөліп береді. Дулат осы Еспембет ерлігін кейінгілерге үлгі етеді. Аталмыш дастан өзінің құрылысы жағынан да ерекшеленеді. Оқиғаның желісі жинақты, мазмұны тартымды. Дастанда Еспембет бас кейіпкер ретінде, ерлік қимылдар үстінде танылады. Ол жауға аттанғанда тегін олжаға, опасыз дүние-мүлікке қызықпайды, елінің жауын жеңуді, дұшпанын мұқатуды армандайды. Сол асқақ арманына жетпей тынбайды:
Қалмақтың басы белінде,
Бақ құсы қонып басына,
Еспембет келді еліне.

№22
1. Дулат Бабатайұлының «Шаштараз» мысалына поэтикалық талдау жасаңыз.


Дулат Бабатайұлының мысал стилінде жазылған бір шығармасы – «Шаштараз». Бұл қысқаша сюжетке құрылған өнегелі, өрнекті туынды. Оның оқушыға тәлім берерлік мәні бар. Мысалдың мазмұнына халық арасына кең тараған Ескендір патша туралы бір аңыз негіз болған.Аңыз бойынша Ескендірдің басында қос мүйізі болыпты – мыс. Патша оны жасырып жүріпті. Шашын қиып, тарап, күтіп тұру үшін сыр шашпайтын, аузына берік шаштараз таптырып, одан ант алып, сұрағанын беріп, шашын алдырып жүреді. Шаштараз уәдесін біраз күн ұстап жүргенмен күндердің күнінде уәдені бұзып алады. Қанша айтпайын деп жүрсе де, ол ішін кернеген сырды жасыра алмай, ақыры далаға оңаша шығып, жерге етпеттеп жатып: «Патшаның басында мүйізі бар» — деп қалады. Аузынан құпияның шығуы мұң екен, жел естіп, желден ел естіп тарап кетеді. Бейшара шаштараз аузына ие бола алмай басынан айрылады. Ақынның бұл мысалы да адамгершілік тәлім береді. Уағдаға берік, ұстамды болуға үндейді. Бұл тұста Дулаттың аталмыш шығармасына ұқсас Мағжан Жұмабаевтың «Ескендірдің екі мүйізі» — атты мысал өлеңі бар екенін ескертеміз. Бұлардың екеуі сарындас. Сондықтан бұрынғы түсінік үстем кезінде біз аталмыш шығарма туралы аузымызды аша алмадық. Мағжанның қадірлі есімін атауға жағдай туған соң ғана біз «Шаштаразды» сөз ете бастадық. Осылайша, Дулат өзінің мысал өлеңдерімен де халықты жұғымды мінезге тәрбиелеп, ақыл-кеңестер берген. Мысал жанрының алғашқы үлгісін жазып, қазақ әдебиетінде бұл жанрдың қалыптасуына септігін тигізген.
2. Базар жыраудың туған жері жайлы ой қозғаңыз.
Базар Жырау Оңдасұлы
Балқы Базар (1842, қазіргі
Қармақшы ауданы ауыл –
1911, Өзбекстан, Тамды
ауданы Жалпақтау деген
жерде) – жырау. Руы –
шөмекей ішіндегі Балқы,
сондықтан ел арасында Балқы
Базар аталып кеткен.
3.
Болашақ жырау әкесінен ерте жетім қалып, есейгенше
нағашысы Өтемістің қолында тәрбиеленген. Тоғыз жасында
Тәспен би оны өз қолына алады. Тәспен ауылна сол кездегі
Сыр бойы, Арқа өңіріне белгілі жыраулар жиі келіп,
апталап-айлап жатады екен. Бұл Базардың жыраулық жолға
түсуіне бірден бір себеп, үлкен мектеп болады. Базар жырау
15 – 16 жасында бала жырау атанады. 1858 жылы Тәспен би
Қызылқұмдағы игі жақсыларды шақырып, ұлан-ғайыр той
жасап, Базардың астына жүйрік ат мінгізіп, үстіне шапан
жауып, жыраулық жолына сәт сапар тілейді. Базар осы
кезден бастап Ор төңірегін, Ырғыз, Сыр бойы,
Қызылқұмды, Үргеніш, Хиуа жағын жырау ретінде
аралайды.
Осы төңіректе кеңінен жайылған Ноғайлы
дәуірінің қиссаларымен танысып, оларды
жаттап, халық арасында жырлайды. Хорезм
жағында болған кездерінде Орта Азия
жұртшылығы арасында кеңінен мәлім
дастандарды («Көроғлы», «Жүсіп – Ахмет»,
т.б.) қазақ тілінде жырлап, Сыр бойына
таратады. Сонымен қатар шығыс
аңыздарының ізімен «Әминә қыз», «Айна –
тарақ» дейтін шағын дастандар да шығарады.
Жыраудың жастық шақ, табиғаттың әртүрлі маусымы,
туып-өскен жер, т.б. жайлы шығарған толғау-термелері де
көп. Сараң байларға, қиянатшыл әкімдерге, арнаған сынсықаққа толы, қазақтың ауызекі поэзиясындағы арнауэпиграмма жанрында шығарылған бірқақпайлары да
жетерлік. Базар жырау домбыраны өте жақсы тартқан, Сыр
бойында таралып жүрген, көпке ортақ әуендерді өз даусына
лайықтап, өлеңінің ырғағына орай өңдеп, өзгертіп
қолданған. Оның жырлау сазы өте әсем, қисса мен
толғауларды орындағанда неше түрлі құбылып отырады.
Бұдан жыраудың сазгерлік қабілетінің де болғанын
аңдаймыз.
3. Базар жыраудың философиялық толғауы жайлы ой қозғаңыз.
Жыраудың шығармалары ке­ңестік кезеңде «Үш ғасыр жыр­лайды», «Бес ғасыр жырлайды», «Жеті ғасыр жырлайды», «Алдаспан», «ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті» жинақтары мен «Базар жырау шығармалары» кітабына енсе, егемен ел болған тұста «Жәмиғы қазақ бір туған», «Назбедеу» жинақтары күйінде және «Сырдария кітапханасының» құрамында бір том болып жарық көрді.
Базар жыраудың әдеби мұрасы филолог мамандар даярлау барысында курстық, дипломдық жұмыс­тарға, магистрлік, кандидаттық, докторлық диссертацияларға зерттеу нысаны болып келе жатыр. Сыр сүлейлерінің шығарма­шылығы – қазақ әдебиеті делінетін үлкен өнердің құрамдас бөлігі, яки бүтіннің бөлшегі. Әдебиетіміздің басқа кезеңдерімен салыстырғанда толық хатталуға жақын қалды деп жүрген ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі кез келген мәселені, демек, Сыр сүлейлерінің шығармаларынсыз зерттеп-зерделеу дұрыс бола бермейді. Сондай-ақ Сыр сүлейлері шығармаларының әдебиет тарихындағы өзіндік орнын, ерекшеліктерін бүгінгі әдебиеттанудың талап-талғамына сәйкес айтып та отыруымыз қажет.
Базарды Базар етіп оның даңқын шы­ғар­ған толғаулары екені анық. Әдебиет зерт­теушілерінің бұрынғы-соңғы еңбек­те­рінде бұл туралы айтылып та, жазылып та жүр. Бірақ, ол айшықты, нақыл сөздерге толы өлең-толғауларынан басқа, кең ты­нысты эпикалық жырлар да шығарған ақын. Жырау шығыс сюжетін пайдалана оты­рып, назира үлгісімен «Айна-тарақ», «Әмина қыз» және «Мақпал-Сегіз» атты хи­каялы үш дастан шығарып таратқан. Бұларда да автор ізгілік пен тазалықты, адамгершілікті, өмір тетігі – өнер-білімнің пайдасын асқақ үнмен ардақ тұта жырлаған: «Айна-тарақ» дастаны шығыс тақырыбына арналған. Ағайынды үш жігіт бір қызға ғашық болады. Үшеуі де мал саудасымен Бұхара шаһарына жүрмек болып, әлгі қызға әрқайсысы жеке-жеке келіп: «Көңіліңе ұнаған нәрсеңді айт, әкеп береміз», – дейді. Қыз жігіттердің үлкеніне кілем алуды, ортаншысына айна, ең кенжесіне тарақ әкелуді тапсырған.
№23
1. Базардың ең өткір сатиралық шығармасы жайлы әңгімелеңіз.
Әйгілі жыраудың өткір сатиралық шығармасы – «Қаражан болысқа» өлеңі. «Қаражан болыс жұрт жиып, той жасап, арнайы кісі жіберіп, Базар жы­рауды шақыртады. Кілем төсеп, құр­меттеп, төрге отырғызып: «Базеке, тойға қызмет етіңіз», – дейді. Тың­нан тербеп, соныға сілтеген арқалы жыраудың толғаулары таң атқанша толас таппайды. Бірақ бай айтқан уәдесіне тұрмай ертеңіне өзі арық, жауыр, кәрі ат береді. Нысанаға алған кісісін бет-жүзіне қарамай кемшілігін тізе, жер-жебіріне жететін болған арқалы жырау Қаражан болыстың жалған сөйлеп, жалт бергенін көп алдында аямай айтып, сойып салады» [10; 12-13]. Ақын Қаражан болыстың көкірек кер­генін, арсыздығын былайша әшкере­лейді [5; 125]: «Дүниенің қызығына түсемін деп, Талайлар құр қалып жүр абыройдан. Өзі арық, өзі жауыр, алжыған көк, Қолыңа қапелімде түсті қайдан?! Май құйсаң да оңбайтын өте кәрі, Қонбайды өлетінге берген дәрі. «Болыстың берген аты осы ма?» – деп, Мазақтап күле берді жұрттың бәрі, Мен – Базар, сен – Қаражан деп айтамын Болыстың өкпелесе ықтияры. Той қылдың мақтанышпен жұртты жиып, Төбеге тұрды халық әрең сыйып, Жануар көп тұтынған малың екен, Қолыңнан не қып шықты көзің қиып. Шақыртып, әдейі арнап алып едің, Мен саған келіп пе едім өзім тиіп». Базар жырау осылай төбе толған ха­лық көзінше сараң мырзаның масқа­расын шығарып, астындағы атын түсіп беруге мәжбүр етеді.

2. Базар жыраудың «Мақпал-Сегіз» дастанына болжау кестесін толтырыңыз.

3. Базар жыраудың арнау өлеңіне поэтикалық талдау жасаңыз.
Жеке адамның басына арналған толғаулар қазақ поэзиясында аз емес. Тіпті, дәстүрге айналған көрініс десе болады. Базардың жеке адамдарға арнап айтқан өлең-толғаулары көлем жағынан мол, көркемдігі күшті. Оған мына туындылары жатады: 1. Адам баласының өмір бойы күресіп, жеңе алмай келе жатқан, ешкімді ешуақытта құтқармаған Жебірайылдың қара құрығы – өлім. Сол өлімге Базар да қатты наразы. Ол өлімнің хақ екенін мойындаса да оған күні бұрын бас игісі жоқ. Өмірді нәтижелі өкінішсіз өткізуді тілейді. Оның шоқтығы биік тұрған шығармасы – Үш жүздің басы қосылған Бе­кеттің асында Пішанның Төребайына айтқан көңілқосы. Төребайдың Ысқақ деген баласы он сегіз жасында қайтыс болған. Тірінің қуанышына, өлінің қайғысына өлең арқылы көңіл білдіру халқымызда бар дәстүр. Жыраудың Төребайға көп алдында кө­ңіл айтып, қайғы-шеріне ортақтас екенін білдіретін «Пішанның Төребайына көңіл айтуы» деген толғауы терең тебіреністен туған. Бұл – ақпа ақынның жыр күмбезін көкке көтеріп, шарықтаған кезі, мөлдіреген бал бұ­лақтан меруеттей төгілген маржан жыр [5; 82]: «Сабырдан өзге шара жоқ, Қайтыңыз, мырза, райдан. Бұл секілді нәубеттің, Ақырын сұрап Құдайдан. Көкте ұшқан көк сұңқар, Тау бөктерлеп ұшатын, Тас бөктерлеп қонатын. Жасаған жаппар кәр қылса, Өрден аққан дария, Сағасынан тынатын. Ер көтерген көк сүңгі, Күні бүтсе шарт етіп, Ұңғысынан сынатын. Қайысқан сынды болатың, Қайырылып сынды қанатың. Өлімнің қатты әсері, Өзегің өрт боп жанатын. Жағдайсыз жерден оқ тисе, Әркімдер естен танатын. Көтермеске әл нешік, Алланың салған санатын». Төребайға көңіл айтудың ақыры оны жұ­батуға жалғасады. Бұл жырда қайғыға ұшы­раған кісіні жұбатумен қатар өнегелі өсиет, ізгі сезімдер де шендесе келеді. 2. Базардың арнау жырларында сол кездегі әлеуметтік ортаның іс-әрекеті, дүние танымы шеберлікпен суреттеледі. «Маутанға», «Нарманға» деген өлеңдерінде ел билеген бай, әкімдердің әділетсіздігі әшкереленеді. Мысалы, «Маутанға» атты туындысында жырау олардың жұмыртқадан жүн қырқып, қара судан қаймақ қалқыған сараңдығын суреттейді
№24
1. Ақылбай Абайұлы жайлы ой қозғаңыз.
Ақылбай – Абайдың Ділдә деген бәйбішесінен 1861 жылы туған тұңғыш баласы. Ділдәдан Ақылбайдан басқа Әбдірахим (Әбіш), Мағауия деген балалары болған.
Құнанбайдың кіші әйелі Нұрғаным, өзінен бала болмағандықтан, Ақылбайды кішкене күнінен өз бауырына басады. Ақылбай туғанда Абайдың өзі де жас, жаңа отау иесі еді. Сөйтіп, Ақылбай жас күнінен Нұрғаным тәрбиесінде болып, Құнанбай баласы Құнанбайдың кенже тоқалының еркесі атанып өседі. Ақылбайды Нұрғаным жас басынан бетімен жіберіп, аса шолжың ерке бала етіп өсіреді. Ақылбайды тек 9-10 жас шамасында, Құнанбайдың указной молдасы атанған Ғабитханға оқуға береді. Ақылбай 4-5 жылдай молдадан оқу оқиды. Одан әрі оқымайды. Ақылбай бір жасынан бастап, Нұрғаным қолында өскендіктен және Абайдың 16 жасында туған баласы болғандықтан, өз әкесі Абайға туған баласы сияқты емес, ағайындас Ырғызбайдың бір мырзасы сияқты көрінеді.
...Құнанбай, өзі сияқты қарадан шығып «хан» болған, яғни аға сұлтан болған, өзімен теңдес Қисықтың Жұмақан деген баласының қызы Ізіқанға құда түсіп Ақылбайды үйлендірген.
Ақылбай – Абай төңірегіндегі әр жақты талантты шәкірттерінің бірі. Ақылбайдың ақындығымен бірге ән шығаратын композиторлық өнері де болған.
«Ақылбай сауықшыл әнші, скрипкашы болатын... Домбырада қазақтың ескі күйлері: «Азамат қожа», «Бұлаң жігіт», «Бес төре», «Асыр қалша» деген күйлерді тартатын. Скрипкаға Абайдың әншісі атанған Мұқадан үйренген бірнеше түрлі орыс күйлерін тартатын. Дойбы ойынынан Ақылбайды ұтатын адам бола қойған жоқ», - дейді Ақылбайдың замандасы Рақымжан Мамырқазов.
2. «Жаррах батыр» атты дастанына образдық талдау жасаңыз.
Ақылбайдың ақындық атын тарихта қалдырған оның поэмалары. Ақылбайда бізге мәлім ондай поэмалар үшеу. Ол: «Дағыстан» («Кәрі Жүсіп»), «Зұлыс», «Жаррах батыр».
«Жаррах батыр» поэмасы бізге жетпеген. «Зұлыс» поэмасының басқы бір-екі бөлімі ғана сақталған. Бұл поэманың үзіндісі 1924 жылы «Сана» журналының 2-3 санында басылған. «Дағыстанның» («Кәрі Жүсіптің») үзіндісі 1918 жылы «Абай» журналының 5 санында жарияланған. Ақылбай жас кезінде төрт-бес жыл Құнанбай аулының молдасынан ескіше оқып хат танығаннан басқа, ұзап оқымаған. Абайдың үлгі-өнегесімен Ақылбай заманының саналы азаматы, әдебиетке шын берілген ақын болады. Абайдың әдебиет, өнер-білім жайындағы, адамгершілік, мәдениет жайындағы өсиеті Ақылбайдың дүниеге көзін ашады. Әсіресе, орыс мәдениетінен өнеге алуы, орыс әдебиетінен үлгі алып өсуі, ақындық талантына кең жол ашады. Ақылбай Абай өсиетін тыңдап қана емес, өз бетімен орыс ақындарын оқуға, терең түсініп ұғуға қолы жетеді. Пушкин мен Лермонтов Ақылбайдың сүйікті ақындары болады. Осындай ұлы ақындарды оқып, өнеге алған Ақылбай – қазақ әдебиетінде тұңғыш Кавказды жырлаған ақын.
3. Ақылбай Абайұлының «Дағыстан» дастанының композициялық құрылысына талдау жасаңыз.
Бұл поэма Кавказдағы Дағыстанда болған бір тартыс әрекеттерді баян етеді. «Қисса Жүсіп» (Дағыстан) - Кавказ тауын мекендейтін елдердің бірі - дағыстандардың өткен өмірлерінен алынған, шын мәнінде романтикалық поэма. Негізгі идеясы - үстемдік етуші тап өкілдерінің нашарларға еткен зорлық-зомбылықтарын әшкерелеу. Оларға халық атынан қарғыс, лағынет айту.Поэманың бас қаһарманы кәрі Жүсіп әрі бай, әрі өркөкірек, бетіне ешкімді қаратпайтын нағыз жуан жұдырық феодал, мейлінше мейірімсіз, қатыгез адам бейнесінде суреттеледі. Жүсіп поэмада әр қырынан алынып көрсетіледі. Бірақ сол қырларының бәрі де оның тек жагымсыз жағын сипаттайды. Оқиғаның байланысы - Жүсіп пен Ибраһим атты мерген жігіттің кездесуі, оның атқыштық туралы айтқан бір ауыз сөзін Жүсіптің кек сақтауы десек, сол бірінші рет оқырмандарын бас қаһарманымен таныстырғанда-ақ ақын Жүсіп мінезінің бір қырын мегзейді. Жүсіп - қаталдығының үстіне пасық. Сөз жүзінде өзін-өзі ермін, ірімін десе де, іс жүзінде қорқақ, жауын жар астынан ататын зұлымдық иесі екендігін аңғартады. Поэманың романтикалық ерекшеліктерінің бір тамыры осы махаббат мәселесін суреттеумен байланысты. Бас қаһарманы Зәһира, оның сүйген жігіті Жәбірәһил екеуі де романтикалық образдар. Ең алдымен Зәһираны алсақ, сыртқы сұлулығы қандай әдемі болса, оның жаны да сондай сұлу. Поэмада әрі ұнамды, әрі романтикалық мінездерді басына жинастырған қаһарманның бірі - Жәбірәһил. Жәбірәһил Зәһираны бар тұрғысымен беріле сүйеді. Ол онсыз өмір сүру мүмкін деп ойламайды. Ол үшін жауға барып, бірнеше рет ерліктер де жасайды. Поэма композиция-құрылысы жағынан да айрықша көңіл аударарлық қызықты, шебер және соны. Оқырмандарға тартымды болу үшін поэма оқиғасы жұмбақ көріністен басталады, поэма қысқа-қысқа бес бөлімнен құралған. Біріншісі - экспозиция. Оқиғаның қай ел, қай жерде болғандығын баяндау. Екіншісі - жұмбақ көрініс: қайғылы кәрі Жүсіп, не себептен екені белгісіз, ауырып жатқан жалғыз қызымен тіл қатысуға зар. Неге олай, ол - белгісіз. Осы эпизодтан кейін, жалғыз қызының өлетіндігіне көзі жетіп, жанары жасқа толған, Әлі кемпірді бақытсыздыққа ұшыратып, қарғысқа кездескен шалды көреміз. Неге олай? Оған жауап жоқ. Тек ұшығы көрсетілген, өткен бір тарихты мегзеу ғана бар. Бұл поэманың шешуі де. Басқа елдер әдебиетінде шығарманың композициясын осылай жұмбақ көріністен бастау болса да, біздің қазақ поэмаларында «Қисса Жүсіпке» дейін жоқ болатын. Сондықтан ол жаңалық Ақылбай қаламынан туды.
№25
1. Балқы Базар жыраудың «Екі талай жер болса» өлеңіне поэтикалық талдау жасаңыз.

2. Балқы Базар жырау жайлы ой қозғаңыз.
Оңдасұлы Базар, Балқы Базар (1842 - 1911) - жырау. Қазіргі Қызылорда облысы Қармақшы ауданында туған. Руы — шөмекей ішіндегі Балқы, сондықтан ел арасында Балқы Базар аталып кеткен. Болашақ жырау әкесінен ерте жетім қалып, есейгенше нағашысы Өтемістің қолында тәрбиеленеді. Тоғыз жасында Тәспен би оны өз қолына алады. Тәспен бидің ауылына сол кездегі Сыр бойы, Арқа өңіріне белгілі жыраулар жиі келіп, апталап - айлап жатады екен. Бұл Базардың жыраулық жолға түсуіне бірден бір себеп, үлкен мектеп болды. Базар жырау 15 - 16 жасында бала жырау атанады. 1858 жылы Тәспен би Қызылқұмдағы игі жақсыларды шақырып, ұланғайыр той жасап, Базардың астына жүйрік ат мінгізіп, үстіне шапан жауып, жыраулық жолына сәт сапар тілейді. Базар осы кезден бастап Ор төңірегін, Ырғыз, Сыр бойы, Қызылқұмды, Үргеніш, Хиуа жағын жырау ретінде аралайды. Осы төңіректе кеңінен жайылған Ноғайлы дәуірінің қиссаларымен танысып, оларды жаттап, халық арасында жырлайды. Хорезм жағында болған кездерінде Орта Азия жұртшылығы арасында кеңінен мәлім дастандарды («Көрұғылы», «Жүсіп — Ахмет», т. б.) қазақ тілінде, өзінше жаңадан жырлап, Сыр бойына таратады. Сонымен қатар шығыс аңыздарының ізімен «Әминә қыз», «Айна — тарақ» дейтін шағын дастандар да шығарады. 1907 жылы Базар жырау Қазан қаласынан тасқа басылып шыққан «Айман — Шолпан» жырын қайтадан жаңғырта жырлайды. Кейіннен «Қыз Жібек» жырына да көп өзгеріс енгізіп, қайта жырлап ел арасына таратады.
3. Б.Жолбарысұлының «Тоғанның қазылуына» өлеңіне поэтикалық талдау жасаңыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет