Ядролық қарусыз әлем және заманауи қауіпсіздік түсінігіне қатысты Қазақстанның бастамалары туралы әлемдік бақ, Интернеттегі әлеуметтік желілердің жарияланымдарын талдау



бет1/2
Дата26.04.2022
өлшемі342.91 Kb.
#32428
  1   2

Ядролық қарусыз әлем және заманауи қауіпсіздік түсінігіне қатысты Қазақстанның бастамалары туралы әлемдік БАҚ, Интернеттегі әлеуметтік желілердің жарияланымдарын талдау

Ядролық қару аты қорқынышты. Алайда мұндай қаруы жоқ елдер бар елдерге «мықты» деп қарайтыны анық. Тағы бір айта кетерлігі, қаруы бар елдердің де көңілі тыныш отыр деп ешкім айта алмайды. Шындығына келгенде жаппай қырып-жоятын тажалды өндіріп, сақтап орасан зор шығындарға батып отырып та тыныштығыңды сатып ала алмайтының белгілі болды. Бүгінде қуатты қаруға мына елдер иелік етеді: АҚШ, Ресей (КСРО ыдырағаннан кейін ядролық қаруды өз иелігіне алды), Франция, Ұлыбритания, Қытай, Үндістан, Солтүстік Корея және Пәкістан. Сонымен қатар, бұл елдердің қатарында Израильді де қосуға болады. Бұл ресми мойындалмағанмен, әлемдік қауымдастықтар бұл мемлекеттің өзі құрастырып дайындаған қарулары бар дегенге меңзейді. Айта кетер тағы бір жайт, бұл тізімге Украина да кірген болатын. Алайда, украиндар 90-жылдары алапат қарудан бас тартып, ресми түрде бейбітшіл халық деген мәртебеге ие болған.

«Дүние жүзінде ядролық қару саны кеміп жатқанымен, ядролық қаруы бар елдер өз арсеналын модернизациялап жатыр. Сондай-ақ, алдағы уақытта бұл қару түрінен бас тартпақ емес» деп мәлімдеген болатын Стокгольмдегі (Швеция) Халықаралық бейбітшілікті зерттеу институтының (SIPRI – Stockholm International Peace Research Institute) ғалымдары.



Аталған институттың мәліметі бойынша, 2017 жылдың басында қуатты қаруы бар тоғыз мемлекетте жедел қолданысқа дайын барлығы 4 150 дана ядролық қару болған. SIPRI есебінше, бұл елдердің жалпы қорында осы жылдың басында ядролық оқтұмсықтардың саны 14 935-ке жеткені айтылады. Дегенмен, бұл өткен 2016 жылғы көрсеткіштен 15395 дана аз екені де белгілі болды. Ядролық заряды көп елдер тізімін көршілес Ресей Федерациясы бастап тұр. Ресей арсеналында бас-аяғы 1 950 ядролық заряд бар. Ал АҚШ-тың иелігінде бұл көрсеткіш 1800 ядролық заряд пен 5000 өзге де оқтұмсықтарды құрайды. Институттың дерегі бойынша көш соңындағы Солтүстік Корея елінде 10-нан 20-ға дейін ядролық заряд бар екен.

Қару соғыс құралы, ол бар жерде тыныштық болмайды дейтін қарапайым қағиданың тағы бір мысалы. Қазіргі шексіз билікке ұмтылған мемлекеттер мен олардан қалғысы келмейтіндер арасындағы негізгі дау осы қарудың айналасында. Қырғиқабақ көзқарастардың нәтижесі әлем елдері арасындағы сенімсіздікке алып келді. Қаруға кеткен қаржы экономиканың әлсіреуіне, қарапайым халық тұрмысының төмендеуіне бірден-бір баспалдақ болып отыр...

Бейресми мәліметтер бойынша дүниежүзілік соғыс басталардың алдында Еуропадағы фашистік тәртіптен қашқан ғалымдар АҚШ-та бас қосып, қуатты қаруды жасауға қызығушылық танытқан екен. Өткен ғасырдың 40-жылы Америка үкіметі Еуропадан келген ғалымдарды Ұлттық ғылыми және әскери зерттеу орталығына жинап, жеке ядролық қару жасау жобасын қолға алады.

Алдағы бір-екі жыл көлемінде ғалымдар fission-uranium-235 және плутонийдің (Пу-239) басты материалдарын дайындаумен шұғылданды. Атом бомбасы алғаш рет «ядролық бомбаның әкесі» деген атпен танылған Роберт Оппенхеймердің жетекшілігімен АҚШ-тың Нью-Мексика штатындағы Лос-Аламос деген жерде сынақтан өткізіледі.



Ал алғаш рет іс жүзінде 1945 жылдың 6 тамызында пайдаланылды. Яғни бұл Екінші дүниежүзілік соғыс кезі болатын. АҚШ-тың B-29 бомбалаушы ұшағы ең бірінші жасалған атом бомбасын Жапонияның 350 мың тұрғыны бар Хиросима қаласына тастайды. Қуатты жарылыс Хиросиманың 90 пайызына әсер етіп, 140 мыңнан астам адамды ажал құштырды. Мыңдаған тұрғын радиоактивті сәуленің кесірінен жарымжан болды. Арада үш күн өткен соң, яғни 9 тамызда B-29 ұшағы екінші қуатты қаруын Нагасаки қаласына тастады. Бұл апаттан 75 мыңға жуық адам опат болды. Бұл адамзат тарихындағы ең үлкен шығындардың бірі. Мұндай апаттан кейін Жапония императоры сол жылдың 15 тамызында қарсылықсыз жеңілгенін жариялады. Бірер сөйлеммен осылай ғана айтып отырғанымызбен, осы оқиғаның артында тұрған төгілген қан мен көз жас, қыршынынан қиылған талай ғұмыр, ортасына түскен шаңырақтың обалы кімге?!

Әріге бармай-ақ қояйық, атом бомбасынан қазақтың да көрген азабын айтып тауысу қиын. Кеңес Одағы артынша Семейде 1949 жылдың 29 тамызында 22 тонналық ядролық бомбаның алғашқы сынағын өткізді. Жергілікті уақыт бойынша 07:00-де болған қуатты жарылыстан аймақ бір мезетте радиациялық күлге оранды...

Мәліметтер бойынша Семей жерінде 40 жыл бойы сынақтан өткен ядролық зарядтардың жиынтық қуаты Хиросимаға тасталған атом бомбасынан 2,5 мың есе асып түседі екен. Яғни, бір мезетте 350 млн адамның өмірін жалмауға қауқарлы.

Осы 40 жыл уақыт аралығында бас-аяғы 470 ядролық қару сынақтан өтті. Оның 118-і жер үстінде болса, қалған 352-сі жер астында өткізіліпті.



КСРО-дағы ядролық қаруды сынаудың барлық түрі негізінен Семей полигонында өтті (500 ядролық сынақ жасалды). Бұл әлемдегі барлық сынақтардың үштен бірін құрайды. Ол негізінен еліміздің солтүстік-шығыс және орталық аудандарына экологиялық зиянын тигізді. Семей полигонында өткізілген соңғы ядролық жарылыс 1989 жылдың 19 қазанында болды. Осыдан кейін, яғни 1991 жылдың 29 тамызында Семей полигоны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен жабылды. Еліміз егемендігін алғаннан кейін полигонды жауып, өз еркімен ядролық қарудан бас тартқан алғашқы мемлекет ретінде тарихта қалды.

Одан бері ширек ғасырдан астам уақыт өтсе де, зардабын бүгінгі ұрпақ әлі де тартып келеді. Мамандар оның зияны кемінде 5-6 ұрпаққа жалғасады деген болжамдар айтады. Жалпы бұл радиациядан зардап шеккендердің саны 2 млн. адамнан асады.

Елбасының халықаралық қатынастағы  тағы да басқа  сындарлы да ойластырылған қызметінің нақты көрінісі-қазіргі күнгі ТМД, Орталық Азия мемлекеттері, осылармен қатар Еуразия аңғарындағы  кез-келген саяси, экономикалық, т.б. бағыттардағы  ауқымды мәселелердің оңды жауабын табудағы  Қазақстанның берік өзіндік үлкен орны қалыптасты.   Тәуелсіздік жылдарындағы мемлекетіміздің басшысы Н.Ә.Назарбаев тарапынан жүргізіліп келе жатқан  сыртқы  саясаттың ең бастысы ядролық қаруға қарсы Қазақстанның өзіндік көзқарасы болып табылады. Негізінен алғанда Қазақстан Президентінің тікелей басшылығы және бастамашылығы негізінде іске асырылып отырған еліміздің  ядролық қаруға қарсы қызметін бірнеше кезеңге бөлуге болады. Олар атап айтқанда: 1.  Қазақстаннан ядролық қаруды шығару, Семей ядролық сынақ  алаңының жұмысын тоқтату бағытындағы қызметі; 2. Қазақстан тарапынан әлемдегі ядролық сынақ алаңдарының жұмысын тоқтату, ядролық қаруды шығаруға бақылау қоюдағы мемлекеттер арасындағы бірлескен іс-қимылдарын іске асыру;  3. Әлемді ядролық  қарудан аластаудағы  Қазақстанның бастамашылығы мен ұсыныстары.    Ядролық қарудың жарылыстарын және де төл территориямызға орналастырылған осындай қару тиеген зымырандардың орны толмас апатын ондаған жылдар бойы  толығынан басынан кешірген Қазақстанның егемендігіне қол жеткізген күннен  бастап – ақ  сыртқы саясатының басты бағыты  өзіндегі Кеңес Одағынан қалған  ядролық қаруға деген  қатынасты айқындау  мәселесі болды. Міне сондықтан да Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның Президенті болып сайланған алғашқы күннен шарасыздыққа түсіп, өз жерінде ядролық жарылыстардан зардап шеккен  халқының тілегі мен сұранысына сай  Семей ядролық сынақ алаңын жабу, сонымен қатар республика территориясында молынан орналастырылған  аталған қару түрлерінен аластау мақсатындағы  аластау жұмыстарының бастаушысы және жетекшісіне айналды. Нәтижесінде қысқа мерзімде “Елбасының бастамасымен  дүниежүзіндегі  ең ірі Семей ядролық  полигоны  біржолата жабылып,  ядролық қарудың  әлемдегі  төртінші  арсеналы жойылды. 

  Әлемдегі жекелеген мемлекеттер тарапынан ядролық қарудан аластауға деген ұсыныстар мен шақыруларға керісінше  көзқарас  қалыптасып отырғандығы жасырын емес. Мысалы, ХХІ ғасырдың басынан  Иран, Солтүстік Корея, т.б. мемлекеттерде осы  қаруға ие болу мақсатындағы атқарылып жатқан шаралар белсенділік алып, әлемдік қауымдастыққа алаңдаушылық тудыруда. Ядролық қаруға ұмтылыс, осы арқылы жаһандық тұрғыдағы талаптарын орындатуға әрекет халықаралық ланкестік, ұлтшылдық, т.б. кез-келген мәселені қарудың күшімен шешуге мүдделі  ұйымдар тарапынан екпінділікпен іске асырылуда.  Соңғы мерзімдегі жаппай қырып жоятын  ядролық соғыс қаруларымен қатар  ядролық отынмен  жұмыс істейтін электр станцияларындағы орын алған ақаулардың  көбейе түсуі жағдайды ушықтыра түсуде. Нәтижесінде ядролық қаруды айтпағанда аталған отын түрлерін сақтау, қондырғылардың техникалық сенімділіктерін қамтамасыз ету аса маңызға ие болуда. Адамзаттың денсаулығына, бүкіл табиғатқа  орны толмас зиян әкелетін ядролық ластанудан жер шарын сақтау ХХІ ғасырдың ең келелі күн тәртібіне айналды.  Оның нақты айғағы қазіргі уақыттағы әлемнің барша бөліктеріндегі күннен –күнге өсе түсіп отырған  әлемдік және аймақтық бағыттағы мемлекеттік  ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің, қарапайым тұрғындардың  ядролық қаруға қарсы  наразылық шаралары, т.б. әрекеттері болып табылады. Алайда аталған қаруды  өндіру, сынау, тарату, қолдануға қарсы нақты да ықпалды  тосқауыл қойылмай отыр.  Осы тұрғыдағы Н.Ә.Назарбаевтың  атап көрсеткеніндей: “Біріншіден, әзірше  ядролық қаруды  таратпау  режімінің жан-жақтылығына қол жеткізілген жоқ.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет