Южно-Казахстанская область



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата06.03.2017
өлшемі0,93 Mb.
#7951
  1   2   3   4   5   6   7

 

Южно-Казахстанская область 

 

 



1.

 

Абдешова   Арайлым ...................................................................................................................... 2 



2.

 

Дәулетбек  Ділбар .......................................................................................................................... 6 



3.

 

Елікбай Салтанат ............................................................................................................................. 9 



4.

 

Жұман Айдана .............................................................................................................................. 11 



5.

 

Қалдиса Айдана ............................................................................................................................ 24 



6.

 

Құрманжан Шолпан ..................................................................................................................... 26 



7.

 

Мырзахан Елдар ........................................................................................................................... 28 



8.

 

Сапарбек   Жанерке ...................................................................................................................... 30 



9.

 

Сиязбек Айғаным .......................................................................................................................... 33 



10.

 

Түгелкелді Арайлым ..................................................................................................................... 46 



11.

 

Шүренбай Рауан ........................................................................................................................... 50 



 

 

 



 

VIII Республиканский конкурс сочинений среди учащихся 

общеобразовательных школ и средних учебных заведений на патриотическую 

темупосвященную 25-летию Независимости Республики Казахстан 

Абдешова   Арайлым   

                                             7 – сынып, Қ.Сыпатаев атындағы 

                              №7 мектеп – лицейі, 

                                      Оңтүстік Қазақстан облысы,  

                           Шымкент қаласы

               Жетекші: Бекбосынова Ләйла Мүтәнқызы 

e-mail: malika_utegenova@mail.ru 

 

Мен -  Тәуелсіз елдің ұрпағымын! 

 

«Мен сенемін жастарға: 



Алаш атын аспанға 

Шығарар олар бір таңда, 

Мен жастарға сенемін!» 

                                                                       М.Жұмабаев 

 

Тәуелсіздік!  Осы  бір  мағынасы  тереңге  еніп,  сан  ғасырлар 



шежіресінен  сыр  шертетін  киелі  ұғым  –  бүгінде  жас  мемлекетімнің  алтын  

тұғырына  орнығып,  халқыма  елдік  пен  бірліктің  шуағын  шашқандай!  Биыл 

тәуелсіздігіміздің  таңы  атқанына  25  жыл  толып  отыр.  Ширек  ғасырлық 

ғұмырында егеменді елім сан белестерді бағындырды.  

«Қазақстан»  деген  жалғыз  ауыз  сөздің  құдіреті  мен  қасиетін  осы 

жерде  туған  және  осы  өлкеде  өскен  әрбір  азаматтың    сергек  сезінуі  парыз.  

Бұл  сөз  -  біздің  қанымыз  бен  жанымыздың  ажырамас  бір  құрамды  бөлігі. 

Қазақ  жері,  қазақ  елі  -  біздің  ата-бабаларымыздың  кейінгі  ұрпақтарға 

қалдырып  кеткен  баға  жетпес  байлығы  және  асыл  мұрасы.  Біздің  ата 

шежіреміз  ғасырлар  бойы  Ресей  тарихының  құрамды  бөлігі  болып  келді, 

солай  хатталды  да.  Жаңа  Тәуелсіздік  заманда  өз  халқымыздың  тарихын  

өзіміз жазып,  жаңа егеменді ел, халық тұрғысынан жазуға мүмкіндік алдық. 

Әрине,  тәуелсіздік  бізге  оңайлықпен  келген  жоқ.  Қазақ  халқының  небір  

қайтпас  қайсар  батырларының  жасаған  ерліктерін  оқулықтардан  оқып 

білудеміз.  Елім,  жерім  деп  жаудан    ұлтарақтай  жері  үшін,  небір  қазақтың 

батырлары өз өмірлерін  қиып, қанды шайқастарда қаза болды. 

Біз  үшін  қай  замандағы    тарихымыз    болмасын  қымбат,  айтулы 

кезеңдерде  ту  ұстаған  бабаларымыздың  барлығы  да  құрметті.  Исатай, 

Махамбеттер  патшалық  Ресейдің  озбыр  саясатына  қасқайып  қарсы  тұра  

білді.  Сан  зұлматты  өткерген  еліміз  ұлт-азаттық  көтеріліске  келгенде  де 

тосылып  қарап  қалған  жоқ.  Бұл  күрестер  азаттық  үшін  өткен  сан  күрестің 

соңы  емес  еді.  Елін,  жерін  жау  аяғына  таптатпай,  сол  туған  жерінің    қарсы  

қадамы үшін басын өлімге  тіккен аталарымыздың бойындағы ерен күш, биік 

рухқа әр кез таңданамын. Аталарымыздың сол қасиеті - елге - мұра, ұрпаққа 

– ұран  болып  келе жатыр. Ұлт - азаттық көтерілістер,Ұлы Отан соғысы мен 


VIII Республиканский конкурс сочинений среди учащихся 

общеобразовательных школ и средних учебных заведений на патриотическую 

темупосвященную 25-летию Независимости Республики Казахстан 

желтоқсан  оқиғалары,  соғыстың  қатал  сынынан  өткен  жандардың 

жанқиярлық   ерлігі    арқасында, біздің   барлығымыз өмір сүру  бақытына ие 

болдық.  Желтоқсан    оқиғасы  -  біздің    жадымызда.  Біз  оны  көрмегенмен, 

үлкендер  мен  ұстаздарымыздың  айтулары,  теледидардағы  деректі 

фильмдерден  жақсы  білеміз.  Алматының  алаңында  өткен  желтоқсан  

қырғынында  «қасқалдақтай  қаны,  бозторғайдай    жаны»  бар  жанкешті  

жаужүрек  жас  Қайраттай  ағаларымыз  болды.  Қайрат,  Ләззат  сияқты  аға-

апаларымыздың  желтоқсанның ызғарында тоңып, тас қараңғы тас қамалда, 

Қайрат  ағамыздың  жазған  өлеңдерін  оқығаныңызда  өлеңдері  «Мен 

қазақпын»  деген  әрбір  жастың,  әрбір  адамның,  жанына  күш-қуат  беріп,  

патриоттық сезімін оятары сөзсіз. 

Мектеп оқушысы болсам да Қазақстанның болашағы үшін, оның одан 

әрі  дамып,  көркейіп,  гүлденіп  50  елдің  қатарына  қосылуына,  мен  де  өз 

үлесімді  қосқым  келеді.  Қандай  да  бір  жақсылық  болмасын,  қиындықпен 

келетінін  білемін.  Дегенмен  де  қиындықтарға  мойымай,  әрдайым  қарсы 

тұрып жеңе білу керек. 

Тәуелсіздік  жолы  -  азаматтық  жолы.  Тәуелсіздік  келді,  енді  бәрі 

болады,  бәрі  орнына  өзінен-өзі  толады  деп,  жігеріңді  құм  етуге  болмайды. 

Абай    айтқандай,  мал  табу  жолына  түсу  керек. Тәуелсіз  мемлекетіміздің 

құрылуы - қазақ халқының талай ғасырларға созылған ұлт-азаттық күресінің 

заңды  нәтижесі.  Қазіргі  кезде  халқымыздың  даму  тарихында  мүлдем  жаңа 

мазмұндағы саяси кезең басталды.Тәуелсіздікке жеткізген жол даңғыл болған 

жоқ,  ол  ұлы  белестерден,  қиын-қыстау  асулардан  тұрды.  Болашақ  ұлттық 

мемлекеттің іргетасы осы тарихи кезеңдерде қаланған болатын, сондықтан да 

азаттық  жолындағы  қасиетті  де  қасіретті  күресте  еңбегі  ерен 

азаматтарымыздың  артына  қалдырған  мол  мұрасы  мен  тарихын  білу  зор 

маңызға  ие  болып  отыр.  “Біз  бүгінгі  бейбіт  тірлігіміз  үшін,  Қазақстан  деп 

аталатын  Республиканың  жер  бетінде  барлығы  үшін,  тарихтың  әр  тұсында 

осы  елді,  осы  жерді  қорғаған  қайсар  жандардың  аруағының  алдында  қашан 

да қарыздармыз”, - деп Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев 

айтқандай, біздің алдымызда «бабаларының игі дәстүрін сақтайтын», «күллі 

әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары» атану міндеттері жатыр. 

Егемен елдің азаматы  - арлы, зейінді, пейілді, патриот жан. Мен  - өз 

елімнің  патриотымын!  «Патриотизм»  дегеніміз  (грек  тілінде  -  Отан,туған 

жер) - Отанға деген сүйіспеншілік. Адам бойындағы  күш-қуаты мен білімін 

Отан  игілігі  мен  мүддесіне  жұмсау  керек.  Туған    жерге  деген  ыстық  сезім, 

атамекенге  деген  құрмет  пен  қадір-қасиет  тұтуды  Ұлы  Дала  ойшылдары  

Қорқыт ата, Әл Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмуд Қашқари де айтып кеткен 

болатын.  «Ұлы  Дала»  демекші,  «Ұлы  Дала»  ұғымы  -  баяғыдан  бар  ұғым. 

Дешті Қыпшақ деген сөз - қыпшақтың даласы деген сөз. Ұлы Дала ұғымына 

мынау  Алтайдан  Қара  теңізге  дейінгі  даланы  атайтын  болған.  Оның  негізгі 

аумағы  -  біздің  қазақтың  жері.  Біздің  даламызда  кен  де  болған,  темір  де 


VIII Республиканский конкурс сочинений среди учащихся 

общеобразовательных школ и средних учебных заведений на патриотическую 

темупосвященную 25-летию Независимости Республики Казахстан 

болған, қолөнер де болған, бәрі болған», - деп атап өтті Мемлекет басшысы. 

Осы  орайда  Елбасы  мұндай  ұғымның  көптеген  елдерде  бар  екендігін  атап 

өтіп,  жапондар  күншығыс  еліміз,  қытайлықтар  аспан  асты  еліміз,  кәрістер 

таңғы  шық  еліміз  деп  санайтындығын  мысалға  келтірді.  Бізде  де  сондай 

ұғыммен  теңестіретін  болсақ,  бізге  «Ұлы  Дала  еліміз»  деп  айтқан  келеді. 

«Ұлы  Дала»  мен  «Көк  аспан»  деп  те  айтуға  болар  еді.  Кең  дала  - біздің 

жеріміз.  Осы  жерде  біз  тұрып  жатырмыз,  өсіп  жатырмыз,  өркендеп 

жатырмыз,  ұрпақ  асырап  жатырмыз.  Осы  жерде  мемлекетімізді  құрып,  оны 

шаңырағын  биік  қылып,  көк  тудың  астына  жиналып  жатырмыз.  Біздің 

байрағымыздың  өзінде  көк  аспан,  жарқыраған  күн  бейнеленген»,  -  деді  

көреген  Елбасы. 

Сондай  –  ақ,  Қазақстан  атауы  бүгінгі  күні  барша  әлем  халқына 

танылған  атау  болып  отырғандығын  баса  атап  өтті.  «Бірақ    біз  халықтың 

ішінде  ұлы  даланың  ұрпағымыз  десек,  келіп  тұрған  сияқты.  Ол  халықтық 

атау болуы керек», - деген де ой айтты. Елбасымыз ұсынған «Ұлы Дала елі» 

атауы  құлаққа  жағымды  естіледі.  Шындығында  да  біз  Алтайдан  Атырауға 

дейін Алатаудан Сарыарқаға дейінгі Ұлы Даланы еркін жайлаған елміз ғой. 

Сөзімді  Қазақстан  халқы  болып,  ұлы  дала  перзенттері  болып,  Мемлекет 

басшысы  көтерген  «Ұлы  Дала  елі»  идеясы  төңірегіне  топтасып,  оны 

халықтық атауға айналдыру керекпіз. Ендеше, тәуелсіздік  жолы - үміт жолы. 

Тәуелсіздік  жолында  жанын  құрбан еткен ата-бабалар  рухының  бостандық  

алған  елден  күтері аз емес. Біз тәуелсіздіктен ең алдымен жарқын болашақ 

күтеміз,  кейінгі  ұрпақтан  ата-баба  аңсаған  игі  мақсатының  орындалуын 

күтеміз. 

Егемен  елдің    өскелең    ұрпағы  -  біздің  мақсатымыз  айқын,  рухымыз 

биік. Сондықтан да еліміздің шежірелі тарих беттерінде ата-бабамыздың бас 

бостандығы мен ыстық қанымен жазылған ерліктерін ту етіп, алға ұмтылу  - 

қасиетті парымыз деп білемін. 

25 жылдық тарих: бұл көп пе, аз ба? Оны саралау уақыт еншісінде. Бір 

білетінім  -  Отаным  осы  аралықта  биік  белестерді  бағындырып,  өз  есімін 

әлемге  паш  ете  білді.  Ал  біздің  міндетіміз  -  өз  еліміздің  асқақ  абыройын 

қашанда биік ұстау. Өйткені Алаштың айбынды ұлы Мағжан бабамыз артып 

кеткен үміт, Алаш елінің жарқын болашағы біздің, яғни  арыстандай айбатты, 

жолбарыстай қайратты ұландардың қолында! 

Мен болашакта  мұғалімдік  мамандықты  игергім  келеді. Осылайша 

өмірімді бала оқыту ісіне арнамақпын. Бұл істе Елбасының «Ұлы Дала елі» 

идеясын    және  «Жүз  нақты    қадам»  атты    ұлт    жоспарын  басшылыққа  ала 

отырып,  егеменді  елімнің  болашағын    биік    белестерге    апаратын    азамат  

боламын деп  талпынамын. 

Ақиық  ақын Мұқағали  Мақатаевтың : 

           Сен үшін , Отан , сертім сол –  

           Неден де  болса  тайынбан !  


VIII Республиканский конкурс сочинений среди учащихся 

общеобразовательных школ и средних учебных заведений на патриотическую 

темупосвященную 25-летию Независимости Республики Казахстан 

           Киелі  менің  өрісім,  

           Барлығы - дағы сен үшін ,-  

деген  өлең  жолдарын  өзіме ұран  қып   ұстап, талабы  таудай , өнері  

жасампаз  елімді    гүлдендіруге  ,  оның    даңқын    асыруға    өзіндік    күш  – 

қуатымды арнаймын. 

 

 


VIII Республиканский конкурс сочинений среди учащихся 

общеобразовательных школ и средних учебных заведений на патриотическую 

темупосвященную 25-летию Независимости Республики Казахстан 

Дәулетбек  Ділбар  

8-сынып оқушысы 

ОҚО Қазығұрт  ауданы   

Үшбұлақ елді мекені 

Жетекші:Тойлыбаева Гүлжамила Керімбайқызы 

e-mail: k.omiraliev@mail.ru 

 

 

Менің  әулетім 



 

 

Менің  атамның  аты  –  Дәулет.  Атам    30  жыл    комбайн    айдаған,  30 

жылда    да  озат  комбайнер  атанған  екен.    Оған  куә    атамның  сандығында 

сақталып  тұрған көптеген алғыс хаттар, мақтау қағаздар мен төсбелгілер.       

Кейде мен  атамнан: 

-  Ата,  осыншама  дәу  техниканы  жүргізу  қиын  емес  пе?  –  деп  

сұраймын. 

-   Е, балам, оңай жерде нан бар ма? Біздің кездегі техника қазіргідей  

зырылдап  тұрды  дейсің  бе?  Жазда  далада  30

0

  ыстық  болса,  комбаин  ішінде  



80

0

  -  ты  көрсетіп  тұрушы  еді.  Бірақ  далада  еңбек  етудің  өзіндік  рахаты  



болушы  еді  ғой,  -  деп  атам  сонау  адырға,  сап-сары  болып  пісіп  тұрған  

бидайлы алқапқа құмарта, сағына қарайды. Атам – қазір зейнеткер.   

Атам    маған    бабам  жайлы  көп  әңгіме  айтатын.  Атамның  әкесі     

Салыбай  бабам  100-ге  таяу  өмір  сүріп,  дүниеден  озған.  Ол  кісіні  жұрт  тірі   

тарих, шежірелі қария деп құрметтейді екен. 

Бабам аулымыздың етегінен ағып өтетін Келес өзенінен бөлініп ауыл  

ішіне  ағатын  «Алтын  арық»  деп  аталатын  су  бойына  су  диірмен  орнатып,  

істеткен  екен.  Сол  диірмен  ауыл  халқын  неше  жылдар  бойы  ұнмен  

қамтамасыз етіпті. 

1932-1933  жылдардағы  қазақ  елінде  ашаршылық  бұл  өлкені  де  

айналып өтпепті. Халықта бір түйір дән жоқ, тігерге тұяқ жоқ, халық босып  

кеткен  тұс  екен.  Жұрт  сонда  көктемде  жерге  шыққан  бақ-бақ  бар  емес  пе,  

соны  нанша  жейді  екен.  Неше  түрлі  бұршақ  тұқымдас  өсімдіктерді  теріп,  

халық далада қалып жатады екен.   

Бір  күні  бабам  диірменге  қарай  бұрылған  суды  бітейін,  бәрібір  істеп  

тұрған  жоқ  қой  деп  суды  Келеске  қарай    бұрыпты.  Сөйтіп,  қарны  аш,  өзегі  

талған  бабам  ілбіп  арық  жағалап  келе  жатса,  бірдеңе  шылп-шылп  етеді  

дейді.  Байқап  қараса  суы  тоқтаған  арықтың  әр  тұсында  қалған  суда  

шыпырлаған  балық  дейді.  Бабам  ауылға  қарай  жүгіріп,  ауыл  адамдарын  

шақырып,  адамдар  лайға,  балшыққа  қарамай  балық  теріпті.  Содан  әр  күні  

арыққа суды біраз  уақыт  ағызып барып,  тоғанды  бітей  қояды  екен.  Содан  


VIII Республиканский конкурс сочинений среди учащихся 

общеобразовательных школ и средних учебных заведений на патриотическую 

темупосвященную 25-летию Независимости Республики Казахстан 

не    керек    ауылдың    аштан  түгел  қырылмауына  осы  Алтын    арықтың      да   

ықпалы болған екен. Мұның бәрін мен атамның әңгімесінен білгем. 

Біздің    әулет    -    негізінен  техника  жүргізудің  шеберлері.  Бабам  ең  

алғаш    ауылға  келген  трактор,  молотилка  деген  техникаларды  жүргізген  

екен. Соғыс басталғанда бабам тыл жұмысына алынған екен. Магнитогорск 

қаласында  еңбек  етіп,  Ұлы    Жеңіске  өз  үлесін    қосқан.  Бабам    майданда,   

әкем  жас,  диірмен  қараусыз  қалған  екен.  Кейін  ел  есін  жиып,  әкем  

ержеткенде  диірмен  тасты  іздеп,  Келестің  бір  бұралып  аққан  тұсынан  

астыңғы бетін тауып, трактормен үйіне әкеп қойған.  

Атамның ауласының бір шетінде диаметрі 1,5 метрге  жуық  келетін,  

тау тасынан қашалған  диірмен  тастың   бір  беті  тұр. «Екінші  бетін  тапсам   

әкемнің атын жазып музейге қояр ем» - дейді  атам.       

Менің  атам  –  өте  еңбекқор.  Зейнетте  болса  да  бір  тынбайды.  

Атамның  бауында  жеміс  ағашының  сан  түрі  самсап  өсіп  тұр.  Кей  ағаштың  

бір бұтағында көк алма, бір бұтағында қызыл алма піседі. 

Атамның  үлкен  ұлы – менің  әкем. Бірнеше  алып  техникасы, жеке  

шаруа қожалығы бар. Атамның екінші ұлы – Айбек  аға. Ағам –фермер. 

Ауылдан  алысырақ  жерде  үлкен  мал  қорасы  бар.  Ол жерде  негізінен  

ірі қара мал ұстайды. Сауын сиырлар  мен  бордақы   мал  ұстайды. Ол  жерде  

көп  адам  еңбек  етеді.  Ағайым  көптеген  жерге  егін  егеді:  бидай,  арпа,  

жоңышқа. 

Кеше атам екеуміз егіс даласына бардық, қайнаған еңбек. Шаршадым,  

талдым  деген  бір  адамды  көрмедім.  Тау-тау  астық  жинаған  жігіттер  

мақтанышпен,  рахаттанып  жұмыс  істеп  жүр. Бастарына  шарт  байлаған  ақ  

шыт орамалдары да, гармон сияқты етіктері де жарасымды. 

Атам  ағаларыма:  «Ешкімнің  ақысына  қиянат  етпеңдер,  Артық    

төлесең де, кем төлеме» деп қатаң ескертіп отырады. Біз қайтқанша кеш бата  

бастады. Ауылға қарай шұбаған мал.... 

Ауыл ортасында ең көрнекті жерде  Үлы  Отан  соғысы  ардагерлеріне  

арналған    ескерткіш    бар.  Атам  бұл  тұстан  өткенде  ылғи  тоқтап,  тізерлеп  

отырып құран оқиды.   

«Бұл жерде біздің әулеттен төрт адамның аты бар» - деп айтады.   

Бабамның бір ағасы Сталинград  түбегіндегі  шайқаста  қайтыс  болса,  

бір ағасы Курск түбінде  қалған екен.  

«Сіздің  еріңіз    Жүзейұлы  Ақселеу  Курск    түбегіндегі  шайқаста  Отан  

үшін ерлерше  қайтыс  болды»  деген  тілдей  қайғылы  қара  қағаз  келгенде  

Жібек әжеміз «Аһ» ұрып: 

 

 

 



   Арда бір кеткен ер едің

 

 



   Ел үшін кеттің не дермін... 

                    Жат жерде қалды-ау есіл ер, 



VIII Республиканский конкурс сочинений среди учащихся 

общеобразовательных школ и средних учебных заведений на патриотическую 

темупосвященную 25-летию Независимости Республики Казахстан 

                    Содан  да   жасым   төгемін, - деп    жоқтау  айтқан  дейді  

атам. 

Өткенде    атам    екеуміз    Қазығұртқа,    аудан  орталығына,  бардық.  



Аудан  орталығында  үлкен  ескерткіш  тұр. Биіктігі 5,6 метр келетін  алып  

ескерткіш қалай шебер құйылған... 

Есік    пен    төрдей   ат    мінген  дулығасы  басында,  үкілі  найза  ұстаған  

мынау ердің қабағы тым қату, алысқа, сонау алысқа, ел шетіне көз тігеді. 

«Елдің  шеті  аман  ба,  елімнің  тыныштығын ешкім  бұзбасын» деп   

тұрған сияқты. Ескерткішті ұзақ тамашаладым.   

Атам:  «Бұл  Райымбек    батыр  ғой,    елді  қалмақтардан  қорғаған»  деді  

иығымнан ұстап. Мен «білем, білем ғой» дегендей басымды изедім. 

Атам  әлі  де  өзінің  автокөлігін  өзі  жүргізеді.  Жақында  бітіп,   

қолдануға  берген «Ташкент – Самара» тас жолы айнадай тегіс. Ауылға  тез-

ақ келдік.  

Ауылға кіре берісте  алдымыздан  жас  жұбайлардың  той  шеруі өтті.  

Сән-салтанат  құрып  тізілген  машиналарды  көргенде  атам  өз  ренішін  

білдірді. 

-  Дәстүрдің  озығы  мен  тозығы  бар  деген  осы  екен  дә,  бұл  не  деген  

асқандық енді, - деп басын шайқады. «Сенің ойың қандай?» дегендей маған  

көз  астымен  бір  қарады.  «Бұл  тақырыпты  ойламаппын»  дегендей  бір  

иығымды  көтеріп, жымиып қойдым. 

Алдымыздан бір тележка бақшаға себетін дәрі тиеген трактор  кезікті,   

айналып оздық. Бұл кезде де атам жүзінен ренішті байқадым. Басын  шайқап-

шайқап:  -  Осы  у-ды  сатып  алғанша,    жерді  тыңайтудың  қарапайым  тәсілін  

неге қолданбайды бұл жұрт, - деп  қынжылды. 

- Әй, 2-3 жыл жоңышқа немесе кәдімгі ноқат егіп, содан соң егін сал  

жерге,  жер-ана  ақыңды    жесе,  маған  кел,  -  деп  атам  бұлқан-талқан  болып  

отыр рөлде. Мұның  бәрі  маған  ескерту екенін түсініп отырмын, әрине. 

Ия, атам – осындай, ел қамын, саулығын ойлап жүретін адам. 

Келестен  өтетін  үлкен  көпір  де  жап-жаңа.  Ауыл  көшелеріне  де  

асфальт төселген. Әр үйге тартылған  газ құбырлары да ауылға сән беріп  тұр. 

Ауылға кіре беріс күре  жолдың  оң  қапталында  жаңа  зәулім   мектеп  

тұр.  Біздің  мектеп. Мектеп алаңы қызыл гүлдермен көмкерілген. 

Жаңа  оқу  жылына    дап-дайын    мектебімнің      төбесінде    Көк  Туым   

баяу тербеледі. Тәуелсіз елімнің  Көк Туы көңілімді жадыратып-ақ  жіберді.          

 

 


VIII Республиканский конкурс сочинений среди учащихся 

общеобразовательных школ и средних учебных заведений на патриотическую 

темупосвященную 25-летию Независимости Республики Казахстан 

Елікбай Салтанат 

6 «А» сынып оқушысы  

Т.Қазақбаев атындағы жалпы орта мектеп  

мемлекеттік мекемесінің   



 

 

Тәуелсіздік – тұғырым! 

 

 Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,  

Лаула, лаула желтоқсанның мұзға жаққан алауы.  

Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің  

Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!  



      

Ана  құрсағынан  шыр  етіп  дүние  есігін  ашып,  кіндік  қаным  тамған 

жерім,  менің  елім  –  Қазақстан!  Туған  жері  әр  адамға  ыстық,  алыс  кетсең 

сағынып,  келсең  мауқыңды  басар,  жүрегіңді  елжіретер  бір  керемет  қасиеті 

бар. Тәуелсіз Қазақстанымның өз тарихы ерекше. 1991 жылы 16 желтоқсанда 

күні  көк  туымыз  желбіреп,  тәуелсіздігін  алып,  исіқазақ  көз  жастарын  ақ 

орамалмен сүртіп қуанышты күнді қарсы алды.  

Тәуелсіздік!  Осы  бір  қасиетті  сөзді  естігенде  қалайша  тебіренбейсің! 

Бодандықтың  бұғауынан,  қыспағынан  құтылған  қазақ  халқы  еркіндік, 

азаттық ауасымен тыныстауда. Қанымызда бар ұлттық қасиеттеріміз қалпына 

келуде.  

Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік, ең алдымен, қазақ 

халқының бостандыққа ұмтылған асқақ арманы мен қайсар рухының жемісі. 

Сондықтан да біз үшін тәуелсіздік күші – ең қадірлі күш.  

Еліміз  тәуелсіздігін  жариялап,  дербес  мемлекет  ретінде  әлемге 

танылды.  Бүгін  Қазақстан  әлем  назарында,  өзінің  болашағынан  үлкен  үміт 

күттіретін, жері, халқы бай ел. 

Міне содан бері 25 жыл болды, яғни ширек ғасыр өтті. Тәуелсіздіктің 

көк туы желбіреп, қазақ халқы қырандай самғап, еркіндікте өз елін, өз жерім 

деп  мақтанып  шаттануда.  Әрине  ол  рас,  бұл  біздің кемеңгер  елбасымыз 

Нұрсұлтан атамыздың  арқасы  емес  пе?  Мен  жаста  болсам  оны  әбден 

түсінемін.  Менің  елім  басқа  елдермен  терезесі   теңесіп  қалыспай  қарыштап 

дамып  келе  жатқан  жас  мемлекет.  Мен  сол  еліммен  бірге  жасап  қарыштап 

алға  баса  беремін.  Мен  еліммен  бірге  мәңгі   жасаймын.  Қазақ  елінің 

тәуелсіздігін  алуы  үшін  менің  ата-бабам  аянбай  қасық  қаны  қалғанша 

күресті, сонымен қатар желтоқсан көтерлісінің құрбандары осы қазақ елінің 

тәуелсіздігі  үшін  бар  күшін  салып   жанын  құрбан  етті  емеспе?  Сол  себепті 

қазақелі  мәңгі  жасауы тиіс. Қазақ  елінің  төрінде  Елтаңбасы  ілініп,  көгінде 

көк  туымыз  желбіреп,  кең   далада  әнұранышарықтап  ойнағанда  менің  

елімнен  басқа  бақытты  ел  барма?  -  деп   басымды  тік  көтеріп  маңғаздана 



VIII Республиканский конкурс сочинений среди учащихся 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет