Юнисеф-тің биылғы баян дамасындағы цифрлар алаңдарлықтай-ақ. Əлем бойынша бес жасқа дейінгі əрбір үшінші баланың не артық салмағы бар немесе тойып тамақ ішпейді, ал бұл 200 млн сəби деген сөз



бет1/7
Дата06.01.2022
өлшемі26,81 Kb.
#11892
  1   2   3   4   5   6   7

ЮНИСЕФ-тің биылғы баян дамасындағы цифрлар алаңдарлықтай-ақ. Əлем бойынша бес жасқа дейінгі əрбір үшінші баланың не артық салмағы бар немесе тойып тамақ ішпейді, ал бұл 200 млн сəби деген сөз. Ал алты айдан екі жасқа дейінгі шамамен əр үш баланың екеуіне олардың жедел өсетін ағзасын қолдайтын тамақ берілмейді делінген баяндамада. Осының салдарынан ми баяу дамып, оқу қабілеті төмендеп, иммунитеті нашарлап, инфекцияға төтеп бере алмай түрлі ауруларға шалдығады. Бұл көп жағдайда өлімге əкелуі де мүмкін. Жуырда аталған баяндаманың таныстырылымында мамандар тарапынан біраз жайтқа қанықтық. Өкінішке қарай, елімізде семіздік диагнозы қойылған балалар санының өсу үрдісі ұлғайып келеді екен, яғни 9 жастағы əрбір бесінші баланың артық салмағы бар, ал 5 жасқа дейінгі əрбір он баланың біреуінде артық салмақ кезігеді немесе семіздік сырқатына шалдыққан. Мамандардың пікірінше, семіздікке ұшыраудың бір себебі нəресте кезінде ана сүтін ембей, қолдан жасалған тағаммен қоректенуге байланысты болса керек. Семіздіктен ауылға қарағанда қала балалары көбірек зиян шегетіні де байқалады. Əрине ауыл тұрмысы балаларды кішкентай күнінен көбірек қимылдауға, еңбекке ерте араласып, мал жайлап, су тасып ата-анасына көмектесуге баулиды, ал қала баласы үшін ең ауыр тірлік қоқысты пəтерден шығарып, төгуден аспайтыны түсінікті. Семіздіктің бір себебі ретінде ана сүтімен қоректенбеу туралы айтылғанымен, 6 айға толмаған сəбилердің жартысынан азы ғана тек емшек сүтін емеді, ал қосымша тамақ қосылғаннан кейін 6 айлық жəне одан асқан балалардың жартысынан азы ғана емуді əрі қарай жалғастырады екен. Бұл ретте ғасырлар бойына аналарымыздың емшек сүтін қадірлеп, мейірлене жақсы көрсе «Уызына тойған» деп, ал қатты разы болмағанда «Ана сүтімді көкке сауамын» дейтінін еске түсірген абзал. Аналық махаббатпен ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жеткен мейір, шапағат, ұлағаттың «жетілдік» дейтін мына заманда үзіліп, ұрпағын емізбейтін аналар қатарының кемімей отыруы бүгінгі қоғамды ойлантуы тиіс. Сарапшыларды алаңдататын тағы бір мəселе – мектеп жасын дағы балалардың дұрыс тамақ танбауы. Оқушылар зияндылығын елеместен қант қосылған алкоголь сіз сусындарды үнемі пайдаланады. Түрлі сауалдамаларға қарағанда, балалардың жартысына жуығы аталған зиянды сусындарды апта сайын ішеді. Осылайша жас ұрпақ үлкендер қолымен жасалған қанты бар сусындардың агрессивті сатылымының құрбанына айналып отыр. Оған теледидардағы жарнамалар да өз əсерін тигізеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының зерттеуіне қарағанда, Қазақстандағы əрбір үшінші теледидардағы жарнамалық ролик тамақ өнімдері мен сусындар жайлы, оның 20%-ы ғана халықаралық стандарттарға сəйкес келеді екен. Семіздікке ұшыраудың енді бір себебі аз қимылдау десек, бала лардың көпшілігі, яғни 72,5%-ы күніне кемінде бір сағат теледидар немесе зиянды тағамдарды көрсететін электронды құрылғыларды пайдаланады. Бүгінде елімізде жеткіншектердің тамақтану мəселесі ушығып барады. Бұл өз кезегін де балаларымыздың денсаулығына, үлгерімі мен хал-жағдайына зардабын тигізеді, дейді алаңдаушылығын білдірген ЮНИСЕФ-тің денсаулық сақтау жəне тамақтану жөнін дегі үйлестірушісі Қанат Суханбердиев. Оның айтуынша, егер балалардың семіруі мен нəрлі, пайдалы тамақтарға жетіспеушілігінің өсу үрдісі осылай жалғаса беретін болса, онда 2050 жылы туған балалар бүгінгі балаларға қарағанда аз өмір сүреді жəне семіздік халық өлімінің негізгі екі себебінің біріне айналады деп болжауға болады. Балалардың дұрыс тамақтанбауы қоғамның əлеуетін шектейді. Сондықтан ерте жастан балалардың тамақтануын жақсарту денсаулық сақтау, мектепке дейінгі жəне мектептегі білім беру қызметінің басты мақсаты жəне тұтастай алғанда елдің əлеуметтікэкономикалық дамуының ажырамас бөлігі болып табылады. Ал ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Артур ван Дизен: «Соңғы онжылдықтың технологиялық, мəдени жəне əлеуметтік жетістіктеріне қарамастан, біз осы аса маңызды фактіні назарымыздан тыс қалдырдық. Егер балалар нашар тамақтанса, нашар өмір сүреді. Біз нашар тамақтану проблемасы жайлы жəне оны қалай шешу керектігі туралы түсінігімізді өзгертуіміз керек. Балаларды жеткілікті мөлшерде тамақпен қамтамасыз ету жайын сөз ету аздық етеді. Ең бастысы, балаларды дұрыс тамақтанумен қамтамасыз ету керек. Бұл – бүгінгі ортақ міндетіміз», дейді. Баяндамада ХХІ ғасыр балаларының дұрыс тамақтанбауына, оның барлық түрлеріне анағұрлым толық баға берілген. Онда дұрыс тамақтанбаудың үш түрі сипатталады: тоймау, қажетті қоректік заттардың жоқтығынан туындаған жасырын аштық жəне бес жасқа дейінгі балалар арасындағы артық салмақ. Əлемде 149 миллион бала өсуінің қалыс қалғандығы немесе өз жасы үшін өте кішкентай екендігі; 50 миллион баланың жү деу немесе өз жасы үшін өте арық екендігі, 340 миллион бала ның немесе 2 баланың 1-уі А дə румені мен темір сияқты не гізгі дəрумендер мен қоректік заттардың тапшылығынан зардап шегетіндігі, 40 миллион баланың артық салмағы барлығы немесе семіздіктен зардап тартатыны атап өтілген. Балалар есейген сайын, оларға ықпал ететін зиянды тамақтанудың əсері алаңдатады, жөнсіз маркетинг пен жарнамалардың əсері, қалалардағы, сонымен қатар қашық аудандардағы шектен тыс өңделген өнімдердің молдығы, сонымен қатар фастфуд пен өте тəтті сусындарға қолже тімділіктің кеңеюі балалар ден саулығына кері əсерін тигізіп, түптеп келгенде ел ертеңі үшін алаңдайтын мəселеге айналуда. Проблемалардың мəн-жайымен қанықтырған мамандар онымен күресуде нақты қадамдар жасауды да ұсынады. Оның қатарында тамақтану саласындағы білімді жақсарту жəне зиянды тағамдарға сұранысты қысқарту үшін қантқа салық салу, тағамдардың этикеткаларында жазбаларды дұрыс түсіну үшін жеңіл таңбалау жəне зиянды азық-түлік маркетингін анағұрлым қатаңырақ бақылау, денсаулық сақтау, сумен жабдықтау жəне санитария, білім беру мен əлеуметтік қорғау жүйелерін барлық балалардың тамақтану тиімділігін жоғарылату үшін жұмылдыру, іс-қимылға басшылық ету жəне прогресті қадағалап отыруда жоғары сапалы деректер мен дəлелдерді жинау, талдау жə не пайдалану сынд

Мысалы, қазақы сөзжасам үдерісінде біздің нені басшылыққа алатынымыз қазақ тілін үйреніп жүрген басқа ұлт өкілдеріне ғана емес, жалпы қазақы жұртқа да әлі күнге дейін белгісіз болып көрінеді. Егер бүгінгі қолданыстағы, аудармамен араласқан тілімізге бір сәт өз көзіңізбен һәм біздің тілімізді үйренуші ұлттың көзімен қарап көрсеңіз – қазақша термин тудырудың, атау берудің, балама тудырудың таратып айтып, тәмсіл ететін төл тәжірибесін тап баса қоймайсыз. Біз жаңа сөзжасамға (термин, атау, балама) орыс тілінен аудару арқылы қол жеткізіп келеміз. Аударма арқылы сөздік қорымыздың молайғанын ешбір жоққа шығаруға болмайды. «Сөздік сөздіктен жасалады» дегендей, жылма-жыл балалап жатқан сөздіктер сол аударманың арқасында қалыңдай түсуде. Бірақ бір нәрсе жетіспейді. Жетіспейтін нәрсені бірден аңғару қиын да. Кәсіби аудармашылар арасында қалыптасқан «Перевод начинается там, где кончается словарь» деген тіркес сол жетпестікті бейнелей алатын тәрізді. Мұның мағынасы мынаған саяды: сөздіктен қажетті сөзді таппаған аудармашы қалай болғанда да сол мәтінді ойдағыдай аудару үшін өзінің бүкіл кәсіби қабілетін көрсетуге ұмтылады, басқа тілдерді пайдалана отырып зерделейді, ақыры осы ізденістері арқылы түпкі нәтижеге қол жеткізеді. Бұл сөзжасамның да серті: жаңа баламаны ең әуелі өз тіліңнің қойнауынан ізде; одан таппасаң, сол жоғыңа түбі бір туған жұрттан іздеу сал; бұ жақтан да бір хабары шықпаса, онда осыдан кейін барып жаңа сөзді жарысқа қос (төмендегі ұсыныстар аталған бағыттарға сай өрбиді).





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет