З. Е. Кабылдинов тарих ғылымының докторы, профессор


пайдаланған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет4/13
Дата24.03.2017
өлшемі3,77 Mb.
#10153
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Жәнібек тархан: Деректі повесть және поэмалар мен құжаттар.-Алма-
ты:Айқап, 1994.-256 бет.
2. Валиханов Ч.Ч. Исторические предания о батырах ХҮІІІ в. // Соч. в 
5 т.-Алма-Ата, 1984.-Т.1.-432 с.
3. Шақшақ Жәнібек батыр. –Алматы: Отау, 1993.-152 бет.
4.  Моисеев  В.А.  Джунгарское  ханствои  казахи  (ХҮІІ-ХҮІІІ  вв.).-Ал-
ма-Ата: Гылым, 1991.-238 с.

– 61 –
5.  Мәшһүр  Жүсіп.  Абылай  хан  дәуірі  //  Абылай  хан/Құраст. 
С.Дәуітов.-Алматы: Жазушы, 1993.-416 бет.
6.  Мәшһүр  Жүсіп  Көпейұлы.  Шығармалары.  9том.-Павлодар:  «ЭКО» 
ҒӨФ,2006.-696 с.
7.  Қазақстан  тарихы  туралы  моңғол  деректемелері.  ІІ  том.  Лұбсан-
данзан.  Ежелгі  хандар  негізін  салған  төрелік  жосығының  туындыларын 
құрастырып, түйіндеген Алтын тобчы (Алтын түйін) демек-дүр. –Алматы: 
Дайк-Пресс, 2005.-305 б.
8. Казахский фольклор в собрании Г. Н. Потанина. (Архивные материа-
лы и публикации). –Алма-Ата:Наука, 1972.–382 с.
9. Есбергенов Х. Хошниязов Ж. Этнографические мотивы в каракалпак-
ском фольклоре.-Ташкент: Фан, 1998.-156 с.
10.  Әбсадықов  А.  А.  Ауыз  прозасының  жанр  түрлері  (Филология  фа-
культетінің студенттеріне арналған көмекші құрал). Қостанай, 1994.- 46 б.
11. Пропп В.Я. Мотив чудесного рождения // Фольклор и действитель-
ность  /  Сост.,  ред.,  предис.,  и  прмечение  Б.Н.  Путилова.  –  М.:  Наука, 
1976.-325 с.
12. Косвен М. О. Очерки истории первобытной культуры. –М.: Изд-во 
АН СССР, 1953. -216 с.
ДүКЕНБаЕВ Н. М.,
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы, 
бөлім меңгерушісі, тарих магистрі
БӘЙІМБЕТ БаТыР ҚОЖа аХМЕТ КЕСЕНЕСІНДЕ 
ЖЕРЛЕНГЕН КаЗаҚ ХаНДыҒыНыҢ
аТаҚТы ТұЛҒаСы
Елбасы  Н.  Назарбаев  Қазақстан  халқына  арналған  «Нұрлы 
жол – болашаққа бастар жол» жолдауында: «2015 жыл – ұлттық 
тарихымызды  ұлықтау  және  бүгінгі  биіктерімізді  бағалау  тұрғы-
сынан мерейлі белестер жылы. Қазақ хандығының 550 жылдығын, 
Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  мен  Конституциямыздың  20  жыл-
дығын,  Ұлы  Жеңістің  70  жылдығын  атап  өтеміз.  Осынау  тарихи 
белестер Жаңа Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде 
айрықша  рөлге  ие»  деп  ерекше  атап  көрсетті.  2015  жылы  бірне-
ше  мерейлі  даталар  бойынша  мемлекеттік  деңгейде  шаралар  өтіп 
жатыр. Сол шаралардың қатарында президент бастамасы бойынша 
«2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын дайындау 
және өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 
қабылданды. Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлаудың іс-ша-
ралар жоспары бекітілді. Бұл жоспарда түрлі бағыттағы іс-шаралар 

– 62 –
атқарылмақшы. Мемлекеттік саясаттың ұстанған бұл бастамасы, ел 
тәуелсіздігін баянды да тұғырлы ету, «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге 
асыру  мақсатын  көздейтін  бұл  мемлекеттік  шараның  маңызы  аса 
зор. Елдік сана мен ұлттық идеологиямызды қалыптастырудың ең 
тиімді де ұтымды жолы. 
Түркістан  түркі  әлемінің  көне  астаналарының  бірі.  Ол  б.д.д. 
кезеңнің  өзінде    Кангюй  немесе  Қаңлы  мемлекеттік  бірлестігінің 
рухани  да,  саяси  да  орталығы  болды.  ХVІ-ХVІІІ  ғасырларда  Түр-
кістан-Қазақ хандығының астанасы және саяси-экономикалық ор-
талығы болды. ХVІ-ХVІІІ ғасырларда Түркістанды қазақ хандығы-
ның  астанасы  етіп,  осында  билік  жүргізген  хандарымыздың  Хан 
Ордаларының  орындары  сақталған.  Түркістан  –  қазақ  халқының 
ұлттық  пантеоны,  мемлекеттілігіміздің  негізін  қалаған    хандары-
мыз бен елін-жерін жаудан қорғаған батыр, билеріміздің ұлтымы-
здың  бірлігі  үшін  мәңгілікке  бас  қосқан  мекені.  Дәстүрді  бекем 
ұстанған  еліміздің  игі  жақсылары,  хан-сұлтандары  мен  би-баты-
рлары  дүниеден  өтерінде  өздерін  Қожа  Ахмет  Ясауи  кесенесіне 
жерлеуді  ұрпақтарына  аманаттап  отырды.  Мұның  өзі  құрылғаны-
на биыл 550 жыл толатын Қазақ мемлекетінің тарихындағы киелі 
Түркістанның алатын орнын әйгілеп тұр.      
«Ұлытау тарихта үлкен орыны бар, қасиетті жер. Қазақтың да-
ласында  мұндай  қасиетті  орындар  көптеп  кездеседі.  Шығыстағы  
Берел  қорғаны,  Орталық  Қазақстанда  Аңырақай  даласы,  батыста 
Алтын  Орда  хандары  отырған  Сарайшық  қаласы,  ал  оңтүстікте 
Түркістан тұр», – деп ерекше атап көрсетуінде үлкен мән жатыр. 
Жастардың ел тарихын білу керектігін, өз тарихын құрметтемеген 
халық мемлекеттігінен айрылу қаупі зор екендігін ескерткен, Ел-
басы ойын ары қарай сабақтай келе Түркістандағы ұлттық пантеон 
жайлы тарқатып жазудың орайы келіп отыр.  
Қожа Ахмет Ясауидың өмірбаяны мен оның кесенесінің сипат-
тамасы тарихшылар мен географтардың, саяхатшылар мен шығы-
станушылардың,  археологтар  мен  сәулет  өнерін  зерттеушілердің 
еңбектерінде  жиі  баяндалады.  Ғимараттың  зәулім  сұлбасы  қалаға 
оншақты  шақырым  қашықтық  қалғанда-ақ  көріне  бастайтын, 
Түркістанның бас ескерткішінің алып және аса көрікті пішіні зи-
яратқа келген адамды да, туристі де тәнті етеді. «...Құрылыс дүние 
жүзінде салынған керемет ғимараттардың және адамзат баласының 
таңғажайып туындыларының бірі» – деп жазады ХVІ ғ. белгілі та-
рихшысы  Фазлаллах  ибн  Рузбихан  Исфахани.  Сонау  замандардан 
елдің назары түскен сәулет өнерінің дара үлгісі ретінде ескерткіш 

– 63 –
«ЮНЕСКО-ның әлемдік мұра тізіміне» алынған. Орынбордың гене-
рал-губернаторы Н.А. Крыжановскийдің аудармашысы Мир-Салих 
Бекчурин болса Түркістан қаласын келіп тамашалаған соң: «Адам 
қолымен сомдалған ғажайып дүние сол замандағы шеберлердің да-
рындылығын  көрсетумен  қатар  қазіргі  көркемдік  дүниелерге  де 
үлгі боларлық деңгейде...» – деп жазды. 
Бұл ғимаратқы Орта Азияда қай жағынан болмасын тең келетін 
құрылыс жоқ. Біздің тоқталмағымыз қайталанбас бітімді дара ғима-
рат ретінде бағаланған кесененің тағы бір қыры еліміздің игі-жақ-
сылары  жерленген  ұлттық  пантеон  ретіндегі  қызметі.  Сөзіміздің 
дәлел  боларлығы  Әзірет  Сұлтан,  Шейх-ул  машайх  атанған  Ясауи  
кесенесінде жерленген тарихи тұлғалардың тізімі жазылған тақтай-
ша. 
Ел  арасында  әділдігімен,  ақылдылығымен    құрметке  бөленген 
хандар:  ұзын  оқты  Ондан  сұлтан,    Есім  хан,  Жәңгір  хан,  Тәуке 
хан,  Болат  хан,  Сәмеке  хан,  Әбілмәмбет  хан,  Абылай  хан,  кең 
байтақ  даламызды  қасықтай  қанын  аямай  жаудан  қорғаған  ба-
тырлар:  Шақшақ  Жәнібек,  Қанжығалы  Бөгенбай,  Шекті  Тілеу, 
Адай  Шоғы,  Керей  Бәйімбет  т.б.  Ел  мен  елді  жарастырып,  ауы-
збіршілікті  нығайтып  отырған  қызыл  тілді  шешен-билерден:  Қаз 
дауысты  Қазыбек,  Шоң  би,  Қарауыл  Қанай  би,  Бағаналы  Бабыр 
билер  өздерін  Ұлы  бабаның  қасына  әкеліп  жерлеуді  ұрпақтарына 
өсиет етіп қалдырған. Мұндай ұлттық пантеондарды басқа елдерден 
көп кездестіре алмайтының тағы да ақиқат. Египеттегі фараондар 
жерленген  алқапты  ұлттық  пантеон  деуге  онша  келмейді.  Себебі 
Фараондарды  өз  тарихтарының  ажырамас  бөлігі  ретінде  қарасты-
ратын халық та қалмады. Дүние жүзіндегі ұлттық пантеондардың 
әйгілісі  Ұлыбританияда  орналасқан.  Мұндағы  пантеонның  өзіндік 
ерекшелігі бір бұрышы ел билеген патшалар мен патшайымдарға, 
енді бір бұрышы ұлы ақындарға, тағы бір бұрышы философтар мен 
ғалымдарға арналған. Сонымен қатар Францияның ұлттық панте-
онын  да  осы  санатқа  жатқызуға  болады.  Англиядағы  пантеонның 
қалыптасуы табиғи жолмен жүрсе, Францияның жағдайы басқаша 
еді.  ХVІІІ  ғасырдағы  француз  буржуазиялық  революциясы  кезін-
де  француздар  өздерінің  даңқты  ұлдарын  жерлейтін  арнайы  пан-
теонның  негізін  қалайды.  Оны  арнайы  революциялық  комитеттің 
шешімі арқылы бекітеді. 
Қожа  Ахмет  Ясауи  кесенесінің  ұлттық  пантеон  болып  қалып-
тасуы  Түркістан  қаласының  қазақ  хандығы  қол  астына  өтуімен 
тікелей  байланысты  болды.  Түркістан  қаласы  кейінгі  орта  ғасыр 

– 64 –
кезеңінде  нақтылап  айтсақ  1598  жылдан  бастап  Қазақ  хандығы-
ның  астанасына  айналды.  Осы  кезден  бастап  Түркістанда  Ясауи 
кесенесіне атақты тұлғаларды жерлеу рәсімі біржола жолға қойыл-
ды. Кесенені 1723 жылы қазақ даласына шапқыншылық жасаған 
жоңғарлардың өзі бүлдірмей аман сақтаған. Ел арасында сақталған 
аңыз бойынша жоңғар билеушісі Цеван Рабтан түсінде Ясауи баба-
мызды  көрген.  20  жыл  Түркістанға  иелік  жасаған  жоңғарлардан 
кесене осылайша бүлінбей дін аман қалған. 
Ғасырлар  елегінен  өткен  Ясауи  кесенесінде  жерленген  тарихи 
тұлғалардың  бүгінгі  күнге  аты-жөні  белгілі  болып  отырғаны  178 
тұлға. Әрине бұл толық тізім емес, ғылыми зерттеу жұмыстарының 
нәтижесінде  жыл  сайын  толығып  отырары  сөзсіз.  Кесенеде    жер-
ленген тұлғалар қатарында мемлекеттіліктің символы болып табы-
латын хандардың жерленуі ұлттық пантеонның маңызын арттыра 
түседі. Есім хан, Салқам Жәңгір, Жәнібек хан, Тәуке хан, Қайып 
хан, Тұрсын хан, Сәмеке хан, Болат хан, Әбілмәмбет хан,  Абылай 
хан,  Қасым  сұлтан  (бұл  Кенесары  ханның  әкесі),  сонымен  қатар 
ХVІІІ ғасырдың орта тұсы мен ХІХ ғасырдың екінші жартысы ара-
лығында  қазақ  руларының  басында  тұрған  сұлтандардың  біразы 
жерленген. Сұлтандардың ішінде атақтысы да беделдісі  Барақ сұл-
тан мен Әбілпейіз сұлтандар. 
Кесенеде жерленген қазақтың игі жақсыларының екінші тобына 
рухани қайраткерлерді жатқызамыз. Рухани қайраткерлердің өзін 
екіге бөлуге болатындай. Ақтан абыз, Қосдәулет Нұрби абыз, Шан-
шар абыз, Арғын Сүгірұлы Мешітбай,  жалайыр Нарынбай әулие, 
найман  Қонақай  әулиелер  таза  рухани  жетекшілер  болса,  рухани 
тұлғалардың екінші бір бөлігін аузы дуалы билер құрайды. Билердің 
қатарында  қаз  дауысты  Қазыбек  би,  Қарауыл  Қанай  би,  Шоң  би, 
Шаштығұл би, Үсен би, Күлен би, бағаналы Бабыр би, Қарамеңді 
билер Ясауи бабамыздың жанына арнайы әкеліп жерленген. Кесе-
неде жерленген тұлғалардың үшінші тобына елді жаудан қорғаған 
батырлар жатады. Матай Бөрібай батыр, Адай Шоғы батыр, Шекті 
Тілеу батыр, Тарақты Наймантай батыр, Тобықты Көкенай батыр, 
Қанжығалы Бөгембай батыр, Шақшақ Жәнібек батыр, Қоралас Жа-
уғаш  батыр,  Қойкелді  батыр,  Текей  батыр,  Шобан  батыр,  Қойлы-
бай батыр бас аяғы 40 батырымыз кесенеде мәңгілік тыныс тапқан. 
Бұл батырларымыздың барлығы да алаш баласын жаудан қорғауда 
ерлігімен көзге түскен дара тұлғалар. Есімдері қазақ тарихына ал-
тын әріппен мәңгілікке қаланып жазылған тұлғалар. Батырлардың 
барлығы бойларына үлкен қасиет қонған аруақты тұлғалар екенді-

– 65 –
гін мынадай-ақ байқаймыз. Матай руы жауға шапқанда Бөрібайлап 
ұрандайды.  Тілеу  батырдың  ұрпақтары  бүгінгі  күні  шектілерлдің 
ішінде үлкен бір қауым елді құрап Тілеу-Қабақ руына айналды. 
Бүгінгі  конференция  тақырыбына  арқау  болып  отырған  Ке-
рей  Бәйімбет  батырдың  да  қазақ  тарихында  алар  орыны  ерек-
ше. Бәйімбет батыр Төбетұлы ХVІІІ ғасырда елді жаудан қорғауда 
ерекше көзге түскен батырлардың бірі болып табылады. Батырдың 
шығу тегі Керей руының Күрсары тармағынан өрбиді. Ел арасын-
да айтылатын әңгімелерде Бәйімбет батырдың әкесі Төбетті ірі бай 
болған  делінеді.  Бәйімбет  батырдың  өміріне  қатысты  мәліметті 
орыс  құжаттары  береді.  1742  жылы  Абылай  мен  Әбілмәмбет  хан 
бастаған  орта  жүздің  рулары  Ресей  империясына  адалдықтарын 
айтып  ант  қабылдаған.  23-30  тамыз  аралығында  Елизавета  Пе-
тровнаға жазылған хатта адалдықтарын айтып, ант беріп қол қой-
ған тізімде 184 тарихи тұлғаның есімдері аталады. Керей руының 
тізімінде Асан мен Үсен батырлар аталса, 28 тамыз күні ант берген 
арғындардың арасында Бәйімбет батырдың есімі тұр [1]. Бәйімбет 
батырдың есімі арғын руларының тұлғаларымен аталуының себебі 
неде? Бұл сұраққа жауапты қазақ халқының ұлы ханы Абылай хан 
туралы  іргелі  зерттеулер  жүргізіп  жүрген  Зарқын  Тайшыбайдың 
Омбы облыстық мемлекеттік мұрағаты. 1-қор, 1-тізбе, 190-іс, 269-
пар. тапқан төмендегі құжаты Бәйімбет батыр туралы көп мағлұмат 
береді.  
1774  жылғы  8  наурыз  күні  Абылай  ханның  немере  ағасы  Сол-
танмәмет  сұлтанның  ұлы  Орыс  сұлтанның  А.Д.  Скалонға  жазған 
хатында: 
«Сіздің  Омбы  бекінісіне  келгенде  берген  нұсқауыңызға  сәйкес, 
Орта жүздің ел ағаларымен мен сұлтандарына, Абылай сұлтанның 
хатының көшірмесін қосып: «Олардың қарауындағы елдерде кімде, 
қай жерде Ресейден айдап әкетілген жылқылар мен тұтқын  азамат-
тар  бар,  басқа  мал  мүлік  болса,  қайтарсын  және  бұдан  былай  Ре-
сейге қарайтын елді мекендерге тиіспеңдер», деп хабар  жібердім.
Атап айтқанда: 1) қаракерей-найман еліне Әбілпейіз сұлтанға, 
2) матай-найманның елағасы Қусақ ханға, 3) көкжарлы елінің елаға-
сы  Барақ  батырға,  4)  керейдің  елағасы  Үмия  батырға,  5)  уақтың 
елағасы  Серкебайға,  6)  бәсентин  елағасы  Болатқа,  7)    атығай-бәй-
імбет елінің елағасы Бәйімбет
 бекке, 8) қаракесек руының елағасы 
Сырымбет  Қазыбекұлына,  9)  төртуыл  елінің  елағасы  Батырбекке, 
10)  қаржастың    елағасы  Тәуке  сұлтанға  –  осындай  хабар  жет-
кізілді». 

– 66 –
Бұл  құжатта  айтылатын  мәліметтен  қандай  қорытынды  шыға-
руға болады? Біріншіден, Бәйімбет батыр Керей руының ғана емес 
Арғын  тайпасының  ірі  руларының  бірі  Атығайлардың  да  арасын-
да  сыйлы,  беделді  болғандығын  көрсетеді.  Екіншіден  1742  жылы 
Бәйімбет  батырдың  Арғын  руының  игі-жақсыларының  арасында 
жүруінің  себебіне  нақтылы  жауап  аламыз.  Оның  есімі  Арғындар-
дың  игі-жақсыларының  арасында  жүруі  кездейсоқ  емес.  Бәйімбет 
батырды  Абылай  ханның  өзі  Керей-Бәйімбет  руларының  бегі  етіп 
тағайындаған деп тұжырым жасауға болады. 
Ойымызды Елбасы Н. Назарбаевтың «Қазақтың тарихы өте те-
рең. Біздің елдігіміз, арғы кіндігіміз Ғұндардан бастау алады. Ғұн-
дардан  кейін  Көк  Түріктер,  онан  кейін  Алтын  Орда  дәуіріне  ұла-
сады. Алтын Орданың орынында Қазақ хандығы құрылып, бүгінгі 
тәуелсіздікке қол жеткізіп отырған жайымыз бар» деген ұлағатты 
сөзімен аяқтағанды жөн көрдік. Бүгінгі тәуелсіздікке ұлттық панте-
онда мәңгілікке тыныс тапқан әруақты бабаларымыздың еңбегінің 
арқасында қол жеткізіп отырғанымызды келер ұрпаққа аманаттап 
жеткізу, бабалар аруағын ұлықтау, ұлттық пантеонның қадір-қаси-
етін жете түсіндіру біздер үшін тарих жүктеген ұлы міндет.  
пайдалаған әдебиеттер тізімі
Сборник  материалов  и  документов.  Казахско-русские  отношения  XVI-
XVIII вв. – Алматы, 1961. – 222 с.
ИСЕНОВ Ө. И.,
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының доценті,
тарих ғылымдарының кандидаты
СыРыМ ТаРХаН
Сырым  батыр  Датұлының  қоғамдық-саяси  және  қайраткерлік 
қызметтерін белгілі ғалым М. Вяткиннің кешенді зерттеген моногра-
фиясынан көруге болады [1]. Бұл Сырым тарханның қоғамдық-сая-
си қызметі туралы бірден-бір басты еңбек. Сонымен қатар, Сырым 
тарханның  тұлғалық  тарихын  тәуелсіз  елдің  тарихы  жағдайында 
зерделеп, жарияланбаған тың тарихи мұрағаттық деректермен то-
лықтырған профессор Ә. Мұқтардың докторлық монографиясы бар 
[2]. Сондай-ақ, Сырым Датұлының азаматтық, қайраткерлік тұлға-
сын ашатын отарлаушылар, жаһангездер, зерттеушілер, тарихшы-

– 67 –
лар мен қаламгерлердің әр жылдарда жазып қалдырған еңбектері,  
естеліктері,  көркем  шығармалары  және  ата-тек  шежіресі,  үрім 
бұтағы,  туралы  деректер  топтастырылған  Сырым  Датұлы  туралы 
Арыс баспасынан шыққан жинақта қалың көпшілік оқырманға та-
ныс  [3].  Сырым  батыр  Датұлының  270  жылдығына  орай,  Сырым 
батыр  туралы  белгілі  жазушы  Қажығали  Мұхамбетқалиұлының 
«Тар кезең» атты тарихи романы жарық көрді [4]. Дегенмен, Сы-
рым  Датұлының  тархандық  атағына  байланысты  қоғамдық-саяси 
қызметін қазақ қоғамындағы тархандар институты тарихына қаты-
сты басқа қырынан қарастырмақпыз. 
Патша үкіметі қазақ қоғамындағы дәстүрлі хандық билікті жо-
юдың  өздеріне  сөз  келмейтін  амалдарын  қарастырған.  Мәселен, 
1786 жылдың 3 маусымында патшайым II Екатеринаға хат жолдап, 
Нұралы ханды биліктен алыстату үшін, Ресейге шақыртып алып, 
сонда ханды мәңгіге жібермей ұстап қалу жоспарларын іске асыру-
ларына рұқсат сұрайды. Патшайым келісімін алған олар, Нұралы 
ханға Орынборға нөкерлерімен келуіне арнайы шақырту жібереді. 
Орынборға келген Нұралы хан Әбілқайырұлын нөкерлерімен Уфаға 
аттандырады. Нұралы ханды Уфада ұстау себебін, хан өмірінің қа-
уіпсіздігі үшін жасалып жатқандығына сендіреді. Патша әкімшілі-
гінің  бұл  әрекеттері  Кіші  жүзді  хансыз  қалдырудағы  өздеріне  сөз 
келмейтін амалдарын қарастырғандықтарын айғақтайды.
О. А. Игельстром халықтың еркін білдіретін Сырым батырмен-
мен ғана байланыс жасап, сұлтандарды биліктен ығыстыру арқылы 
сұлтандар мен батыр би-тархандарды бір-біріне наразы етіп айдап 
салуды көздеген.
Ералы сұлтан мен Пірәлі сұлтандар бірі – қарақалпақ ханы, екін-
шісі  –  түркімендер  ханы  болып  отырғанда,  тегі  қарадан  шыққан 
Сырым  батырдың  сұлтандардан  жоғары  тұруы,  Игельстромның 
онымен  кеңесуін  ұнатпаған  Ералы  сұлтан  Сырым  батырды  қолға 
түсіріп, бір жыл бойына (1786 жылдың тамыз айынан 1787 жыл-
дың тамыз-қыркүйек айлары аралығында) тұтқында ұстады [5, с. 
193]. 
О.А.Игельстром болса, Сырым батырды қалай да тұтқыннан бо-
сатуға  тырысты.  Өйткені,  патша  үкіметінің  шенеуніктері  Сырым 
батырдың  азаттығы  үшін  жүргізген  қозғалысын  халыққа  Сырым 
Датұлын  хандық  билікті  жоюға  күш  салған  «реформатор»  етіп 
көрсетуді көздеді. Өздерінің хандық билікті жоюдағы саясаттарын 
Сырым батыр бастаған қазақ батырларының өздері қалап отырған 
етіп көрсетпек ниетте болды. Сырым батырдың тұтқынға түскенін 

– 68 –
генерал-губернатор О.Игельстром отаршылдық саясаттарын жүзеге 
асыруға  өте  шебер  пайдалана  білді.  Есім  сұлтан  бастаған  сұлтан-
дар тобының алдын орап кетті. Батырды босатуда патша үкіметінің 
нұсқауын шебер пайдаланды. 
Оның  нәтижесі  мынадан  көрінді,  біріншіден,  Сырым  батыр 
Датұлын босату арқылы батырмен бірге халық сеніміне кіріп, сұл-
тандарға қарсы әрекет жасау арқылы сұлтандар тобын оқшаулады. 
Сұлтандардың  көздеген  мақсаттары  жүзеге  аспай  қалды.  Патша 
әкімшілігінің Нұралы ханды Уфа қаласында ұстауы елде аласапы-
ран  болып  жатқанда  Нұралы  ханның  жеке  отбасының  амандығы 
үшін жасалып отырған сақтық шарасы етіп көрсетіп сендірді. Екін-
шіден,  О.А.Игельстром  елдің  тыныштығын  бұзып  отырған  елдің 
бетке ұстарлары батырлар мен сұлтандар арасындағы келіспеушілік 
етіп көрсетуге тырысып бақты. Мұның өзі патша әкімшілігінің ен-
дігі жерде халыққа хан-сұлтандар институтының билік күні өткен-
дігі жөнінде ой тастау болатын. 
Шын  мәнінде,  генерал-губернатор  О.Игельстром  хандықты 
тезірек жоюды көздеді. Сұлтандар болса, керісінше, дәстүрлі хан-
дық  биліктің  ғұмырын  ұзартуды  көздеді.  Губернатор  О.А.Игель-
стром мен сұлтандар арасындағы хандық институт билігін жою мен 
сақтап қалу үшін күресте патша үкіметі халық өкілі Датұлы Сы-
рым батыр арқылы екі жақты мәселені шешуге күш салған. Осы-
лайша, Сырым батыр саяси ойынның шешуші тұлғасына айналады. 
Оның  себебі,  Сырым  батыр  патша  үкіметіне  бұқара  халықтың 
өкілі  ретінде  таныды.  О.А.Игельстром  19  тамызда  Есім  сұлтанға 
Нұралы  ханның  босатылуын  қалайтын  болса,  біріншіден,  Ордада 
тыныштық орнауы керек. Екіншіден, барлық ел басындағылар бірі-
гіп ханды босату туралы өтініштерін білдіруі керектігін айтса, Сы-
рым батырға қатысты мәселеде батырдың амандығы үшін кім-кімде 
жауапты  екендігін  айтқан.  Кінәлі  болған  жағдайда  жазаға  бүкіл 
рулы, елді тартатындығын айтып сұлтандар тобына сес көрсетеді. 
Нұралы ханды жібермей ұстап отырған патша үкіметінің алдында 
сұлтандардың дәрменсіз екендігін білдірді. 
Барон  Игельстром  Сырым  батырды  тұтқыннан  босату  талабын 
ашық жүргізді. Нәтижесінде Сырым Датұлы 1787 жылы тұтқыннан 
босатылды. Бұл кезде Қайып хан мен Сырым батыр тығыз байла-
ныста  болады.  Ресей  үкіметі  мойындамаған  Қайып  ханға  Сырым 
бастаған батырлар қолдау көрсетті [6, 35 п.]. 
Кіші жүзде 1787 жылдың 19 қарашасында бас старшындық қы-
зметке жеті адам бекітіледі, олар – Әлімұлы руынан: Сарытай би, 

– 69 –
Қаракөбек би Құшайбиұлы, Мұратбек Айбашұлы. Байұлы руынан: 
Сырым  батыр  Датұлы,  Қаратау  би  Ғұмырыұзақұлы.  Жеті  рудан: 
Тіленші батыр Бөкенбайұлы, Жанболат батыр Қарабанұлы. Бұлар-
дың әрқайсысына жылына 100 рубль күміс ақша мен жалақы және 
нандық астық үш шертпек тағайындады. Орда старшын сұлтанда-
рын аға старшындарға бағынуы туралы жоғарыдан бұйрық түсірді 
[7,  с.  197].  Патша  үкіметі  Сырым  Датұлы  мен  табын  Бөкенбай 
Тіленшіұлына  бас  старшындық  атағына  қоса  ұрпақтарына  мұраға 
кететін тархан атағын берді [1, с. 230]. Патша әкімшілігінің көзде-
ген  мақсаты:  Бас  старшындар  арқылы  қазақ  қоғамының  билігіне 
патша  әкімшілігінің  тікелей  араласуын  жүзеге  асыру.  Бұл  –  бір. 
Екіншіден,  саяси  билікті  бас  старшындар  қолына  беру  арқылы 
хан-сұлтандар билігін шектеуді көздеді.
Бас старшындар міндеті мынадай болды: бірінші, Ордада тәртіп 
пен тыныштықтың сақталуын қадағалау. Екінші, бас старшындар 
генерал-губернатордың, шекаралық экспедицияның және расправа-
ның жіберген барлық жарлық нұсқауларын орындап отыру. Үшін-
ші,  қарапайым  старшындардың  қызметтеріне  бақылау  жасау  мен 
расправалардың жұмысын  қадағалау [1, с. 230]. Шын мәнінде, бас 
старшындар  міндетінен  байқайтынымыз:  біріншіден,  рубасы  би-
лерімен белгілі батырларына бас старшын атағын беру арқылы қазақ 
қоғамының дәстүрлі билік өкілдерін  патша үкіметіне қызмет етуге 
тарту. Екіншіден, бас старшындарды патша әкімшілігінің арнайы 
жарлық нұсқауларының Ордада жүзеге асырылуына жауапты ету, 
Кіші жүздегі тыныштықты бас сатршындардың бақылауы арқылы 
жүзеге асыру. Үшіншіден, патша үкіметінің жарлық нұсқаулары-
на қарсылық, наразылық білдіретін белгілі батыр-билерге бас стар-
шын атағын беру арқылы олардың қарсылығын болдырмауды көз-
деді. Осы кезде Сырым Датұлы мен бірге Тіленші Бөкенбайұлына 
және Қаракөбек Қосбайұлына ұрпағына кететін тархандық атағын 
берулері  сұлтандар  беделін  түсіру  үшін,  тархандарды  сұлтандарға 
«бақталас» етіп, оларды үкімет тарапынан қолапаштап отыру сая-
сатын ұстанған.
Тархандық  грамота  мен  бас  старшындық  атақ  берген  патша 
үкіметі  жарлықтарымен  қарадан  шыққан  тархандар-старшындар-
ды  ақсүйек  сұлтандардың  әлеуметтік  статустары  мен  теңестіруді 
қолдан  жасады.  Патша  өкіметі  дәстүрлі  хандық  институттың  бе-
делін түсіруге алғашқы шараларын іс жүзінде жүзеге асыруда қа-
зақ қоғамына енгізген бірінші үзбе жүйесі болды.
Қазақ қоғамындағы старшындар институтын қолдарында рулық 

– 70 –
билік басшылығы бар, малдары көп халық алдында беделі бар дәу-
леттілер  құрады.  Ал,  ауыл  старшындары  ауылдың  көшпелі  ұжы-
мына басшылық жасады. Себебі, ауыл адамдарына старшын жақын 
болды. Олай болса, тархан старшындар қолдауына хан-сұлтандар да 
сүйенген болатын. 
ІІ  Екатеринаға  берген  хабарламасында  О.А.Игельстром  Ордада 
бодандық міндеттерін адал атқаратын күшті адамдарды өз жақта-
рына  тарту  үшін,  қаражат  беру  қажеттігін,  сондай-ақ,  бұл  қой-
ылған  старшындар  өздері  күткен  қызметтерін  көрсетіп  болғанша, 
жалования берілетінін, ал бас старшындардың қызметі қажет бол-
май қалған күні олардың қызметінен бас тартып, қаржыландыруды 
тоқтататынын жеткізді [7, с. 98-99]. 
Ел билігіндегі би батырлары туралы патша әкімшілігі толыққан-
ды мәліметтер алып отырды. Мәселен Қарабатырұлы Сыпыра биге 
1787  жылдың  5  сәуірде  Жайық  бойын  жайлау  мәселесі  бойынша 
патша әкімшілігі берген тізімде Қарабатырұлы Сыпыра бидің 3000, 
Шойтас батырдың 7000, Қаратау бидің 10000 шаңырақ жанға жау-
ап беретіндіктері көрсетілген [2, 186 б.]. Мысалы, 1787 жылдың 8 
сәуірінде Жайық бойына көшіп-қонуға рұқсат алған қазақ рулары-
ның ішінде адай Әлиқаран батыр Имантайұлына да 500 үй мен Қа-
ракөл маңын қоныстануға рұқсат беріледі [8, 52 б.]. Жайық бойына 
қоныс тепкен адай рулары Жайық бойындағы елді-мекен тұрғында-
рына қосылып, олардың құрамын көбейтіп отырған.
Тархандар  тек  өздеріне  қарасты  ауылдарға  ғана  жауапты  бол-
мады.  Мәселен,  1788  жылы  Сегізбай  тархан  Көлбекұлы,  Сыпыра 
Қарабатырұлы,  Көккөз,  Тұрымбет  билер  бастаған  ақсақалдар  ор-
дадағы  барлық  мәселеде  кеңес  беріп  отыратын  қазақ  ақсақал  би-
лерінің кеңесшілері болғандығын деректер айғақтайды [7, с. 117]. 
Көзге  түскен  тұлғаларды  патша  үкіметі  өздеріне  тарта  білген. 
Әлімұлының  биі  Төртқара  Қаракөбекке  патшайым  ІІ  Екатерина 
1789 жылы наурыз айында тархан атағын берген тархандық грамота 
мәтінінде: «Қазақтың Кіші Ордасының Әлімұлы руының старшыны 
Қаракөбек биге бізге адал қызметімен берілгендігі үшін, оның бала-
лары мен ұрпақтарына тархандық атағы берілді. Қырғыз-қазақ сұл-
тандары мен би-батырлары және барлық қырғыз-қазақ жауынгер-
лері  мен  қарапайым  халқына  Қаракөбек  биге  берілген  тархандық 
атағын танып, құрмет тұтып, сыйлауларын және барлық хаттарда 
есіміне тархан шені тіркеліп жазылуын бұйырамын. Қаракөбек би-
дің  және  оның  балалары  мен  ұрпақтарынаының  біздің  ықыласы-
мызды сезініп, бізге адал қызметімен берілгендіктерін дәлелдейтін 

– 71 –
қызметтерін және қайырымды істерін мәңгі жалғастыра беретіндік-
теріне сеніп, Қаракөбек биге осы тархандық грамотаны тарту еттік» 
делінген. Тархандық грамотаға 1789 жылы Петербор қаласында на-
урыз  айында  берілген  күні  жазылып,  Ресей  патшалығының  кіші 
мөрі соғылған [9, с. 132-133]. 
1789  жылы  Қаракөбек  Қосбайұлына  берген  тархандық  грамо-
тасымен  бірге  Жетірулықтарға  арнайы  патшайым  II  Екатерина 
Петербордан  алғыс  грамотасын  жіберген.  Грамотада:  «...Жетіру-
лықтар,  бодандық  адал  қызметтеріңіз  және  тыныштықты  сақтап 
отырғандарыңыз біздің көңіл бөліп алғысымызды білдіруімізге лай-
ықты», – деген [9, с. 132]. Мұнан мынадай қорытынды шығаруға 
болады.  Біріншіден,  тархандық  және  алғыс  грамоталары  арқылы 
патша үкіметі қазақтарды алдарқатып, отаршылдық саясаттарына 
қарсылықтарын білдіріп, бас көтермеулерінің алдын алудағы «жұм-
сақ»  қарым-қатынас  жасаудағы  саяси  айласы  Екіншіден,  патша 
өкіметінің  Нұралы  ханды  Уфадан  елге  қайтармауларын  халыққа 
елде түпкілікті тыныштық орнағанша ұстап отырғандай сыңай та-
нытудағы астарлы саясат жатыр.
Тархандық  атақты  әр  жылдарда  берулерінің  өзінде  де  патша 
үкіметінің көздеген саяси мақсаттары болды. Мысалы, 1789 жылы 
Сырым  тархан  бастаған  көтерілістің  уақытша  патша  үкіметімен 
бейбіт қарым-қатынас ала бастаған тұсында Әлімұлының төртқара 
бөлімінің белгілі биі Қаракөбекке тархандық атақ беру арқылы пат-
ша өкіметі көтеріліс кезінде белгілі тархандарды патша үкіметінің 
саясатын  қолдаушылар  қатарынан  көргісі  келді.  Бұл-бір.  Екінші-
ден, елдегі аласапыран кезеңінде қазақ мемлекеттігінің белгісі хан-
дық  институттың  әлсірегенідігі,  сонымен  қатар,  патша  өкіметінің 
қазақ қоғамындағы саяси билікті қолға алып бақылауда ұстап оты-
рғандығын  дәлелдегісі  келді.  Сондай-ақ,  Сырым  Датұлын  хандық 
билікке  қарсы  реформатор  етіп  көрсетуде  тархандар  институты-
ның  әлеуметтік  институт  ретіндегі  дамып  отрыған  болашағы  бар 
институт екендігіне ой тастау арқылы Сырым тархан бастаған кө-
терілісшілерді  патша  өкіметін  қолдаушылар  етіп  көрсету  саясаты 
да жоқ емес болатын. Негізгі мақсат тархандарды патша үкіметінің 
шенеунігіне  айналдыру  әрекеттері  деп  білген  жөн.  Сұлтандар  ин-
ституттарына «баланс» жасауда тархандар институтын дамытудағы 
патша  үкіметінің  отаршылдық  күрес  айла  амалы  да  бар  болатын. 
Міне, осындай елдегі жағдайларды пайдалана отырып, тархандық 
атақты қазақтарға әр бір жылдарда беруінің өзі де ойымызды бекіте 
түседі. Дегенмен Сырым тарханға Бұқар әмірі көмекке қалың әскер 

– 72 –
жібермеді. Сырым Датұлы шекара барымтасы мен Ресей үкіметіне 
қарсылық әрекеттерін тоқтатпады. 
Орта  жүзі  бен  Кіші  жүзі  бірігіп,  халық  жиынында  бас  қосып, 
Нұралы  ханды  елге  қайтаруды  қойған  талаптарын  патша  үкіметі 
орындамады. Қазақ мемлекеттігінің хандық билігінің дағдарысын 
қолдан  жасап  келген  патша  үкіметі  хан  Нұралы  Әбілқайырұлын 
отаршылдық  құйтырқы  саясатының  құрбаны  етіп  тынды.  Халқы 
қалап хан көтерген Нұралы Әбілқайырұлы 1790 жылғы 11 тамызда 
Уфада қайтыс болды [10, 155 п.]. Патша үкіметі өздерінің қылмы-
старын  жауып,  айлаларын  асыра  білді.  Мәселен,  1790  жылдың  2 
тамызында  Төртқара  Қаракөбек  тархан  Қосбайұлы  мен  Шұбар  би 
екеуі шет елдер жөніндегі коллегияға А.А.Безбородка атына хатты 
жолдап,  онда,  Уфа  және  Сибирск  генерал  губернаторы  А.А.Пеут-
лингті орнынан алып, Барон А.О.Игельстром мен муфти Мұхамед-
жан Хұсайновты басшылық жасауға қоюды сұрайды [9, с. 134-135]. 
Қазақ тархандары патша әкімшілігіне елдік мәселеге қатысты ұсы-
ныстарымен шықса да, патша үкіметі өздерінің шешімдерін өткізіп 
отырды.
Нұралы Әбілқайырұлының ханның қазасынан кейін 1790 жылы 
қараша  айында  қазақтардың  шағын  тобы  жиналып,  Нұралының 
үлкен ұлы Есімді хан сайлайды. Хан сайлауына Сырым тархан қа-
тыспаған  [5,  с.  186].  Осыған  қарағанда,  Сырым  тархан  бір  себеп-
термен  елде  болмаған.  Әйтпесе,  хан  сайлауына  қатысып,  өз  ойын 
білдіргені деректерге түсір еді.
Елдегі  тыныштықты  қалпына  келтіруді  ойлаған  расправ  засе-
дателі Сыпыра тархан 1791 жылдың көктемінде патша үкіметіне: 
«Елде  бүлік  ошағы  қалпына  келіп  жатыр.  Ордада  жағдай  қалай 
болмақ?»  деген  сұрақ  қойған.  Расправа  бойынша  ешқандай  істі 
талқылап  шешу  мүмкін  еместігін  айтып,  үкімет  шенеуніктеріне 
мәселенің  шешімін  табу  керектігін  айтқанымен  расправаның  ел 
ішіндегі  тыныштықты,  ел  бірлігін  сақтау  емес  екенін  іс  жүзінде 
көрсеткен [11, с. 35]. 
Сырым тархан 1791 жылы Ембі өзені бойында халық жиынын 
өткізіп, Ресейге қарсы көтерілу мәселесін қозғайды. Бұл кезде Ре-
сей  үкіметінің  хандық  билікті  қайта  қалпына  келтіретіні  туралы 
хабар  алған  сұлтандар  халықты  Сырым  тархан  үгітіне  ермеуге 
шақырып үгіттеген. 
Сырым  тархан  бастаған  топ  Елек  қалашығына  және  Қалмақ 
бекіністеріне шабуыл жасайды. Ресеймен сауда-саттық қатынасты 
тоқтатуға,  экономикалық  байланысты  үздіруге  күш  салады.  1792 

– 73 –
жылы Сырым тархан Хиуа мен Бұқарға елші жіберіп, Ресейге қар-
сы одақтасып, соғыс ашуға шақырады [5, с. 203; 206]. Бір сөзбен 
айтқанда,  Сырым  тархан  Ресейге  қарсы  соғыс  жариялайды.  Осы 
тұста  1792  жылы  Ералы  хан  жанында  тек  қана  белгілі  билерден 
тархан Сыпыра би, табындар Бармақ, Досы, Барақ, байбақты Ры-
салы,  Қойсары,  Ерсары,  сұлтан  Жантөре,  кете  Өтен  және  табын 
Жиеншөре болған. Патша әкімшілігі қазақ азаматтарын өзара араз-
дастыру үшін оларға жеке-жеке хат жазып, арнайы молда жіберіп 
үгіттеген.  Мәселен  генерал-губернатор  Тілеп  Қойбайұлы,  Бөдене 
Байтілеуұлына, Алаша Сыпыра биге, Қарабатырұлына Тіленші тар-
хан  Бөкенбайұлына,  Елекбай  Құдайбергенұлы,  Қосбайұлына  Қа-
ракөбек  тархан,  төртқара  Басықараларға  хат  жазып  патша  рақы-
мын ұсынып, арандатушылықпен айналысқан [2, 170-171 бб.]. 
Соған  қарамастан,  тархандар  патша  үкіметінің  қулық  әрекетін 
түсінген.  Табын  Тіленшіұлы  тарханның  медреседе  оқып  жатқан 
екінші ұлын қыс айларында үйінен оқытуға келіскен молда екеуін 
Орынбордан  келе  жатқан  беттерінде  Орал  атаманы  полковник 
Д.Донсков себепсіз, үш ай ұстап барып жіберген. Ауыр науқастанған 
ұлы  үйіне  жетіп  қайтыс  болған.  Мұнымен  қоймай,  атаман 
Д.Донсков жіберген әскерлер диқаншы қазақтардың ауылын тонап, 
ерлері мен әйелдері аралас 18 адамды өлтіріп, екі адамды өздерімен 
бірге алып кеткен. Мүліктерін тонап алып, малдарын айдап әкет-
кен. Екі тұтқын Уральской защитеде қайтыс болған [7, с. 150-151]. 
Осындай  келеңсіз  оқиғалардың  арты  кісі  өліміне  соқтырған.  Сы-
рым тархан қазаққа ерекше озбырлық жасап отырған атаман Данил 
Донсковты орнынан тайдыруды сұрап, Орал әскери кеңесінің мүше-
сі С.Акутин арқылы Петерборға хат жолдайды [3, 28 б.]. Әрине, бұл 
патша әкімшілігінің Сырым бастаған көтеріліске қарсы қазақтарды 
айдап салып отырған әрекеттері болатын.  
Тархандар  бастаған  батырлар  қазақ  еліне  қатысты  мәселелерді 
шешуде  өздерін  тыс  қалмауын  білдіріп  отырған.  Мәселен,  1792 
жылдың  11  қыркүйегінде  Тулыбай  батыр,  Сегізбай  тархан  ағасы 
Алмутуфя,  Қаракөбек  тархан,  Сырым  тархан,  Басықара,  Сарыал-
тай би т.б. өздерінің мөрлерін соғып А.А.Пеутлинге ашық хат жол-
даған. Онда қазақтармен санаспай хан сайлау мәселесіне келіспей-
тіндеріне, Есімді хан сайлауларына наразылықтарын білдірді [7, с. 
138-139].
Патшайым  II  Екатерина  1793  жылдың  28  ақпанында  №  17110 
бұйрық  бойынша алаша руының биі Сыпыра Қарабатырұлына тар-
хан атағын тану жөнінде грамота берді [11, 11 п.]. Алаша руының 

– 74 –
рубасы  Сыпыраға  тархандық  беруінде  де  патша  өкіметінің  көзде-
ген  ішкі  есебі  болды.  Байбақты  руымен  бірге  көшіп  қонып  жүр-
ген алаша руының белгілі биі Сыпыраға тархандық беруіндегі са-
ясаты мынадай: алаша руының бұл кезде Сырым тархан бастаған 
көтерілісшілер  мен  патша  өкіметі  арасындағы  шиеленіс  күшейіп, 
Сырым  бастаған  батыр-билермен  сұлтан-төрелер  арасында  өза-
ра  тартыс  болып  тұрған  кезі  болатын.  Біріншіден,  патша  үкіметі 
Сырым тарханды серіктерінен айыру үшін, оларға тархандық шен 
беру  арқылы  ықпал  жасауда  көздеді.  Екіншіден,  тархандық  атақ 
алған Сырымнан іргесін аулақ салып, өзіне қарасты алаша руының 
билігін күшейтіп өз алдына бір партия бола ма дегенде үміті жоқ 
емес  еді.  Осындай  ойлардың  түбінде  Сырым  тарханды  қолдаушы 
жорықтас  серіктерінен  айыру  үшін  жасаған  қадам  деп  бағалауға 
болады.  Үшіншіден,  көтерілістің  жүріп  жатқан  тұсында  Сыпыра 
Қарабатрұлына  тархандық  шен  беруінің  тағы  бір  себебі,  патша 
үкіметінің көтерілісшілерге Сырым тарханнан басқасына кешірім-
мен қарайтындықтарын көздерін жеткізу ұстанымдары да жоқ емес 
еді. Осылайша, қазақтың белгілі ру басыларына тархандық шен бе-
руде өздерінің отаршылдық саясаттарын жүзеге асыруды көздеген 
болатын.
Ресей  патшайымына  1794  жылдың  4  қаңтарында  бас  старшын 
Тіленші тархан Бөкенбайұлы, Шерғазы сұлтанға ашық хат жазды-
рып  шағым  түсіреді.  Онда  орыс-казактар  мен  башқұрт  старшын-
дары  тарапынан  жасалған  жүгенсіздік  пен  озбыр  барымталарын 
баяндай  отырып,  ұрлық  пен  шекара  барымтасын  тоқтатуда  пат-
ша  әкімшілігі  өзіне  бағынышты  халыққа  тәртіп  берулерін  және 
Әбілқайыр ұрпақтарын хандық билікке жақындатпауын сұрап, 184 
адам қол қойған [7, с. 168]. 
Қазақ  тархандары  мен  би-батырлары  елде  тыныштық  сақтауда 
бейбіт тұрмысты қалайтындарын баяндап жеткізіп, үкіметтен әділ-
дік күтеді. Мұнан халық санасында әлі де әділ патшаға деген сенім-
дерінің  болғандығын  көрміз.  Ал,  шын  мәнінде,  патша  үкіметінің 
хандық дәстүрлі билікті жоюдағы жасап жатқан әрекеттері екенді-
гін біле алмаған. 
Ел ішіндегі Сырым тархан бастаған отарлыққа қарсы көтеріліс-
шілер мен сұлтандарды өзара қырқыстырып, Ресей жағына бірігіп 
аттанбас  үшін  уақыт  оздырып,  қазақ  елінің  бірлігін  бұза  білген, 
патша шенеуніктері хандықты жоймақшы болып, Нұралыны Уфада 
ұстағанымен,  кейін  хандықты  жою  ерте  екенін  және  іс-шаралары 
қате екендеріне көздері жетті. Патша үкіметі Ералыны хан сайлау 

– 75 –
арқылы өздерінің қателіктерін түзеді. Осындай толқулар кезінде 10 
маусымда 1794 жылы хан Ералы қайтыс болғандығы жөнінде Гене-
рал А.А.Пеутлинг хабар алады [12, 4-5 пп.]. Хан сайлағанша, Кіші 
жүзді  басқару  құқығын  Хан  кеңесі  билігімен  бақылауды  шекара 
экспедициясына тапсырады. Хан кеңесінің мүшелері ханға лайық 
сұлтандар  жөнінде  патша  әкімшілігіне  мәліметтік  мінездеме  бер-
гілері келмеген. Генерал-губернаторға берген мәлімдемесінде шека-
ра комиссиясы Айшуақ сұлтан мен немере інісі Досалы сұлтандар 
хан болуға жастары ұлғайғандығынан лайықты еместігін мәлімде-
се, Бірәлі сұлтан түркімендерге хан болып отырған. Қазақ даласын-
дағы қазақ істерінен беймәлім Нұралы ханның ұлы Есім сұлтанды 
хандыққа лайық көрген. Бір жағынан Есім сұлтан да, өзін жақсы 
жағынан көрсетіп, Ордадағы мәселелер жөнінен Ресей үкіметін ха-
бардар етіп отырған. 
Елдегі  қалыптасқан  саяси  жағдайда  ел  бірлігі  мен  тәуелсіздік 
жолындағы  ойларын  жүзеге  асыра  алмаған  Сырым  тархан,  Ха-
санғали сұлтан, Есенғали сұлтан, табын Тіленші тархан, төртқара 
Қаракөбек тархан, барлығы 10 белгілі ел азаматтары Орынбор экс-
педициясына  1794  жылы  қарашада  ашық  хат  жолдап,  Д.Донсков 
пен  Есім  сұлтанның  ішкі  бетке  мал  өткізудегі  кінәсіз  қазақтарға 
озбырлығын баса көрсетіп, шекарадағы шиеленіске Ералы хан ұл-
дары  мен  Есім  сұлтан  кінәлі  екендіктерін  баса  көрсетеді.  Ал,  қа-
зақ-башқұрт  арасындағы  1794  жылғы  көктемдегі  талас-тартысты 
өздері  елшілер  жіберу  арқылы  шешетіндерін,  оларға  жауап  қай-
тарған  вице-губернатор  И.М.Баратаев  28  қарашада  старшындарға 
мұндай мәселемен Орынбор экспедициясы емес, патша құрған Хан 
кеңесі  айналысатындығын  алға  тартып,  мәселенің  шешімін  аяқ-
сыз қалдырады. Үкімет қазақ елбасшыларының бірлігін қаламай, 
«бөліп ал да, билей бер» саясатының үстемдік ала бастағанын та-
нытты. Өйткені, Орынбор экспедициясы мен Хан кеңесін екі басқа 
жүйе етіп көрсеткен болатын [2, 177 б.]. Ал, қазақ тархандары мен 
сұлтандары болса ел бірлігіне нұқсан келтірмей мәселенің шешімін 
табу да нақты ұсыныстарымен шыққанымен, патша әкімшілігі өз-
дерінің көздеген саясаттарын жүргізіп отырған.
Есім хандығы патша үкіметі тарапынан 20 қазанда 1796 жылы 
рәсімделді [5, с. 210]. 1797 жылдың 27 сәуіріне қараған таң алдын-
да Краснояр форпостысынан 5 шақырым қашықтықтағы дала бетін 
қоныстанған Есім хан ауылына Сырым Датұлы көпшілігі шектілер 
құрайтын жүз шақты адамдарымен келіп, Есім ханды өлтіріп дүние 
мүлкін тонағандығы туралы хабар жеткізіледі [12, с. 210]. Ханды 

– 76 –
өлтірген кінәлі адамның кім екенін анықтамай-ақ, О.А.Игельстром 
Сырым тарханды Есім ханды өлтірген қанішер етіп көрсету мақса-
тына жетіп тынады [13, 76 п.]. 
1797  жылғы  наурыз  айының  аяғындағы  қақтығыста  Есім  хан 
қаза табады. Хан қазасынан кейін ел іші бүлінді. Оған дәлел: экс-
педициядан О.А.Игельстромға 4 сәуірде есентемір, байбақты, шер-
кеш, алаша, таз рулары бар, Мыңбай, Арғынбай; Ерсары, Қойсары 
бастаған 1000 адам, 6 сәуірде Орта жүзден шамамен 7000 адам жи-
налып, шекараға қарсы шыққандығы жөнінде хабар жетеді. Сәуір 
айының басында патша әкімшілігі орыс шебінен не бәрі 70 шақы-
рым  жерде  Қаракөлдегі  Жалғыз  Ағаш  жайлауына  7  сәуірде  Сы-
рым тархан бастаған ханды өлтірушілерді қолға түсіріп, жазалауға 
әскер аттандырады. Оған Бөкей Нұралыұлы мен оның қарамағын-
дағы  байбақты,  алаша,  беріш,  тана,  шеркеш,  ысық  т.б.  рулардан 
800 адам жинап, Сырым тархан қонысына барғанда әскер алдында 
кеткен барлаушылар 14 сәуірде Сырым тарханның Ойыл өзенінен 
өтіп, Бұхар бағытын бетке алып кеткендігі туралы хабар түседі [2, 
183 б.]. Мұнан кейін патша үкіметі Сырым тархан басын әкелетін 
жендеттерге  3000  алтын  соммен  ақшалай  сыйақы  тіккен  болатын 
[14,  с.171].  Патша  үкіметінің  шенеуніктерінің  айлаларын  асырға-
нын білген Сырым тарханның бой тасалап елден кетуден басқа ама-
лы қалмйды. 
Сырым  тарханның  адамдарын  ұстауға  Орал  казактарынан  жа-
сақталған шағын отряд бір зеңбірекпен шығады. Бірақ Есім ауылын 
шапқан Сырым тархан адамдарын қолға түсіре алмай кері қайтқан. 
Айшуақ  пен  Қаратай  сұлтандар  хан  әулетін  Сырым  тархан  жігіт-
терінің шапқыншылығынан қорғау үшін шекара экспедициясынан 
әскери күзет сұраған [13, 76 п.]. Патша әкімшілігі көздеген саяса-
тына  жетті,  хан  әулеті  ақсүйек  сұлтандар  мен  қара  халық  арасы 
ашыла бастады. 
Есім хан өлімінен кейін Нұралы ханның қалмақ қызынан алған 
әйелінен  туған  Қаратайды  хан  сайлауды  ниеттерін  білдіреді.  Ба-
рон Игельстром қазақ даласын хансыз басқару ниетін қайта қолы-
на  алып  император  І  Павелден  Кіші  жүз  қазақтарын  хан  кеңесі 
арқылы уақытша басқаруға рұқсат сұрайды. 1797 жылы 6 шілдеде 
өлке бастығы хан кеңесі құрамына: төрағалыққа – Айшуақ сұлтан-
ды, кеңес мүшелігіне – Әлімұлынан Сарышұнқай, Боранбай билер, 
Бай ұлдары руынан Сұлтанбек және Шақшақ билер, жетірулықтар-
дың  биі  Күшікбай,  Бітік  Қабыла  Мырзинді  тағайындайды.  Хан 
кеңесі мүшелері Қобда өзенінің бойында Ресей шекарасына жақын 

– 77 –
жерде  тұрулары  бұйырылды  Хан  кеңесінің  жұмысын  бастап,  бір 
жолға қойып беруге іссапарға мүфти М.Хұсайнов жіберілді [12, с. 
211]. Бұл жолы бірде-бір тарханның Хан кеңесіне мүшелікке алын-
бағанын көруге болады. 
1798  жылы  император  Павлов  М.Хұсайновке  бұлғын  терісінен 
тігілген тон, ақшалай жалақы тағайындау, оған қоса Орынбордан 
жеке  өзіне  үй  сатып  алуына  4000  рубль  күміс  ақша  беру  туралы 
Барон Игельстромға бұйрық түсіреді [15, с. 60]. Мұсылман дін қы-
зметкерлерінің  басшысы  мүфтиді  патша  үкіметінің  саясатын  қол-
дайтын сенімді адамдарына айналдыруды көздеді. 1797 жылдың 21 
шілдесінде Басқарушы Сенат №164 құпия жарлық бойынша сауда-
герлердің қазақтарға, оқ дәрі (порох) кремней және қорғасын, жа-
санды түрінде де сатуға тыйым салды [16, с. 238]. Үкімет қазақтар-
дың қарулануларына жол бермеуді бақылауға алды. 
Хан  кеңесі  1797  жылдың  8  тамызында  Кіші  Қобда  өзенінің 
бойында  өз  жұмысын  бастаған.  1797  жылы  29  тамызда  Сырым 
тархан  бастаған  мың  қазақ  жігіттері  хан  кеңесіне  келіп,  мүфти 
М.Хұсайновке талап-шағымдарын жеткізді. Онда: біріншіден, жеті 
жыл бойы елде тыныштық бұзылып, шекара барымтасы титықтаттып 
халықты қайыршылыққа ұшыратуға айналған жағдайды тоқтатуды 
ұсынады.  Екіншіден,  орыс  шекарасынан  барымта  жасаушыларды 
тыюға  Хан  кеңесін  ашып  отырған  патша  үкіметінің  әкімшілігі 
(шекараларын  ескере  отырып),  жиналыстағылар  бір  ауыздан  ше 
шімге келіп, Әлімұлынан Қаракөбек тархан және Сырым тарханды 
өз араларынан сайлап, өз руларындағы даулы мәселелердің шешімін 
табуды тапсырған [5, с. 211-213]. 
Хан кеңесіне қатысты зерттеуші А.Нусупбеков, 1797 жылы Сы-
рым тархан мың адамымен хан кеңесіне келіп, халықтың ауыр тұр-
мыс жағдайына және Хан кеңесінің құрылуына байланысты күресті 
тоқтататынын мәлімдеді. Сырым тарханды хан кеңесіне мүшелікке 
алды. Сырым тархан ендігі жерде хан кеңесі арқылы қазақ халқы-
ның жағдайының шешілетініне үміт артты [11, с. 40]. 
О.А.Игельстром  өзінің  хансыз  басқару  ойынан  бас  тартуға 
мәжбүр болып, Кіші жүз ханы етіп алғыр, пысық, ержүрек Қаратай 
сұлтанды хан сайлаудан тартынған, хандық Әбілқайырұлы Айшуақ 
сұлтанға түседі. 
Айшуақ  сұлтан  1798  жылы  16  қазанда  хан  сайланды.  Өйткені 
патша  үкіметі  әкімшілігіне  қуыршақ  хан  керек  болатын.  31  қа-
занда І Павел жарлық грамотасымен хандығы рәсімделеді. Халық 
Қаратайды  хан  көтергісі  келгенімен,  О.А.Игельстром  өзінің  ішкі 

– 78 –
есебін өткізді. Қазақ даласындағы саяси жағдай Айшуақ хан тұсын-
да да аласапыран күй кешті. 1798 жылдың қыркүйегінде Орынбор 
әскери-губернаторы болып Генерал майор Н.Н.Бахметов тағайында-
лады [12, 4-5 пп.]. 
Хан  кеңесі  мүшелері  мен  Сырым  тархан  Датұлы  1798  жылғы 
25 шілдеде Шерғазы Қайып ұлының елге оралуына қол жеткізеді. 
1803  жылға  дейін  елде  болған  сұлтан  Шерғазы  Әлімұлы  бірлесті-
гінің бас старшыны Қаракөбек тарханның қызына үйленеді [17, 9 
п.]. Қаракөбек пен Сырым тархандардың Шерғазы сұлтанмен жол-
дастық қатынастары туыстыққа ұласқан. 
Император І Павелге шекаралық сотты жоюды сұрап, 1799 жылы 
2 қаңтарда шекаралық сотты жабудың себептерін тізіп император-
дың  көзін  жеткізеді.  Оның  орнына  шекаралық  комиссия  құруды 
ұсынды. 1799 жылы 19 наурызда шекаралық комиссия құрылып, 
штаттық  құрамы  да  бекітіледі.  Шекаралық  комиссия  1799  жыл-
дың 22 қарашасында ашылады. Оның құзырына шекара барымтасы 
арыз-шағымдарды қарап шешу т.б. берілді [5, с. 215]. Бұл да патша 
үкіметінің қазақ қоғамындағы дәстүрлі хандық биліктің дағдары-
сын қолдан жасаудағы кезекті ізденістерін алға тарқан болатын.
Тіленші  тархан  Бөкенбайұлы  (1500  сарбазымен  Ресей  патша 
отаршыларына  қарсы  соғысқан  Сырым  тархан  Датұлының  жо-
рықтас  жолдасы)  1800  жылы  Ресей  отаршыларына  қарсы  қанды 
қақтығыста  қайтыс  болды  [18].  Көтеріліс  басшысы  Сырым  тар-
хан азаттық үшін күрескен серігінен айрылды. Бұл жағдайлар кө-
терілістің бәсеңдеуіне септігін тигізбей қоймады. Ал Сырым тархан 
Датұлы 1802 жылы қайтыс болды [2, 190 б.]. Сырым Датұлы мен 
Табын Тіленші тархандардың саналы ғұмырлары ұлт-азаттығы мен 
елінің тәуелсіздігі жолындағы күреспен өтті.
Қорыта келгенде, Сырым тархан хандықты жойып, халық басқа-
ратын мемлекет құруға әрекет жасады. Сырым Датұлы өз заманын-
да ұлы реформатор бола алды. Бұған дәлел «Халық кеңесі» атала-
тын ел билеудің жаңа формасын дүниеге әкелгендігі және бұл билік 
формасы – қазақ халқының тарихында ғана емес, жаңа тарих за-
манындағы өркениетті елдерінің өзінде жүзеге аса қоймаған демо-
кратиялық ел басқару идеясының өмірге келуі болатын [19, 15 б.]. 
Қазақстандағы  ұлт-азаттық  қозғалыстардың  барлық  кезеңдерінде 
мемлекеттілік басты орын алды. Егер де азаттық қозғалыстардың 
алғашқы  кезеңдерінде  мемлекет  басына  әділетті  хан  қою  мәселе-
сі тұрса, Сырым бастаған ұлт-азаттық қозғалысында хандық билік 
жүйесін жою мен орталықтанған қазақ мемлекеттігін сақтап қалу 

– 79 –
мәселесі  тұрды  [20,  с.  42-43].  Профессор  Х.Әбжановтың:  «Сырым 
Датұлы  объективті  қажеттіліктен  дүниеге  келген  хандық  билікті 
құлату  үшін  қол  жиған  жоқ,  отарлаушылардың  сойылын  соғып, 
ақсүйектік,  ұлтжандылық  тарихи-табиғи  болмысынан  ажыраған 
Нұралы  ханды  нысанға  алып,  биліктен  тайдырды»  [21,  160  б.], 
деген  пікірлері  Сырым  тарханның  хандыққа  қатысты  күрестегі 
көзқарасын анықтай түседі. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет