З. Е. Кабылдинов тарих ғылымының докторы, профессор


пайдалаған әдебиеттер тізімі



жүктеу 3.77 Mb.
Pdf просмотр
бет5/13
Дата24.03.2017
өлшемі3.77 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

пайдалаған әдебиеттер тізімі
1. Вяткин М. Батыр Сырым. – Алматы: Санат, 2002. – 344 с.
2.  Мұқтар  Ә.Қ.  Азаттық  таңы  жолында  (Қазақстанның  батыс  өңірі: 
ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы және ХІХ ғасырдың бірінші ширегі ара-
лығындағы тарихи жағдайлар). – Алматы: Ғылым, 2001, – 257 б.
3. Сырым Датұлы / Жинақ. – Алматы: Арыс баспасы, 2004. –320 б. 
4.«Азаттық туын көтерген ардақты тұлға» Сырым Датұлының 270 жыл-
дығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы ма-
териалдарының жинағы. Астана қ., Беркут-Принт ЖШС, 2012. – 109 б.; 
Мұхамбетқалиұлы Қ. Тар кезең: Тарихи роман / Қажығали Мұхамбетқа-
лиұлы.  –  Алматы:  Мерекенің  баспалар  үйі  ЖШС,  Mereke  baspasy,  2012. 
– 584 б.; Исенов Ө.И. Тіленші тархан ұлт-азаттығы жолындағы күрескер. 
// «Азаттық туын көтерген ардақты тұлға» Сырым Датұлының 270 жыл-
дығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы ма-
териалдарының  жинағы.  Астана  қ.,  Беркут-Принт  ЖШС,  2012.  –  109  б. 
– (43-50 бб.).
5. Добросмыслов А.И. Торгайская область Исторический очерк. – Тверь. 
Типо-Литография Н.М. Радионова 1902, Т.1. – 427 с.
6. РФ ОрОММ. 3 - қор, 1- тізбе, 30 - іс.
7. Материалы по истории Казахской ССР. Т.ІV. (1785-1828 гг.) – М.-Л.: 
Изд-во АН СССР, 1940. – 543 с.
8. Маңғыстау энциклопедиясы – Алматы: Атамұра, 1997. – 384 б.
9. Казахско-русские отношения в ХVІ-ХVІІІ веках (Сборник документов 
и материалов). – Алма-Ата: АН Каз ССР, 1961. – 744 с.
10. РФ ОрОММ. 5 - қор, 1- тізбе, 34 - іс.
11. ҚР ОММ. 4 - қор, 1 - тізбе, 1617 - іс.
12. РФ ОрОММ. 6 - қор, 10 - тізбе, 205 - іс.
13. РФ ОрОММ. 6 - қор, 10 - тізбе, 1 - іс.
14. Абдакимов А. История казахстана (с древнейших времен до наших 
дней): Учебное пособие. Издание третье, переработаное и дополненое. Кни-
га издается в авторской редакции. – Алматы: Казахстан, 2002. – 488 с.
15.  Отепова  Г.  Политика  царского  самодержавия  в  отношении  казах-
ской знати // Алаш. тарихи этнологиялық журнал – №3. – (18), 2008, – С. 
59-65.
16.  Прошлое  Казахстана  в  источниках  и  в  материалах.  Сборник  (V  в. 

– 80 –
до  н.э.  -  ХVІІІ  в.  н.э.)  под  редакцией  профессора  С.  Д.  Асфендиярова  и 
профессора  П.  А.  Кунте.  –  Алма-Ата:  Казахское  краевое  Изд-во,  1835  г, 
М., – 299 с. 
17. РФ ОрОММ. 6 - қор, 10 - тізбе, 278 - іс.
18.  Исенов  Ө.И.  Тіленші  тархан  ұлт-азаттығы  жолындағы  күрескер. 
// «Азаттық туын көтерген ардақты тұлға» Сырым Датұлының 270 жыл-
дығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы ма-
териалдарының  жинағы.  Астана  қ.,  Беркут-Принт  ЖШС,  2012.  –  109  б. 
– (43-50 бб.). 
19.  Мәшімбаев  С.М.  Сырым  Датұлы  –  саясаткер,  әрі  көсем  XVIII  ға-
сырдың  70  –  90  жылдарындағы  Кіші  жүз  даласындағы  саяси  дағдарыс 
//  «Отан  және  әлем  тарихы  ХХІ  ғасырда:  ғылыми  парадигмалардың  ор-
тақтығы мен ерекшеліктері» атты Халықаралық Бекмаханов оқуларының 
ғылыми конференция материалдары. 2007 жыл 22 – 23 қараша. – Алматы: 
Қазақ университеті, 2007. – 388 б. (14-17 б.)
20. Мажитов С.Ф. Проблема казахской государственности в народно – 
освободительном движении XVIII-начала ХХ вв. // Отан тарихы. – 2008. 
– №2 (42), – (С. 40-52)
21. Әбжанов Х. Қазақстан: тарих, тіл, ұлт. – Астана: Ана тіл-Ата тарих, 
2007. – 272 б.
НаЙМаНОВ Ғ. Ж.,
«Бәйімбет» қоғамдық бірлестігінің Президенті
ұЛы аБыЛаЙ ХаННыҢ
СЕНІМДІ БаТыРЛаРыНыҢ БІРІ БӘЙІМБЕТ БаТыРДыҢ
ЕРЛІК ІСТЕРІ МЕН ӨМІР ТаРИХы
Осыдан  550  жыл  бұрын  Керей  және  Жәнібек  хандар  бөлініп 
жеке  Қазақ  хандығын  құрды.  Олар  Түркістан  қаласын  бағынды-
руға  тырысты,  өйткені  ол  жерде  Қожа  Ахмед  Яссауидің  кесенесі 
болғандықтан  бүкіл  түрік  халықтарының  діни  орталығы  санала-
тын. Тәуеккел ханның (1586-1598 ж.ж.) кезінде қазақ хандарының 
Орта Азиядағы шибанидермен күресінің нәтижесінде Түркістан қа-
ласы Қазақ елінің меншігіне өтеді, бүкіл түрік халықтарының діни 
орталығы болып қалыптасқан кезі. 
Нұрсултан  Әбішұлы  2013  жылы  қазан  айында  болған  кездесу-
де: «Абылай хан Керей мен Жәнібек хандар тіккен қазақ ордасына 
еңселі ел ету ісіне саналы ғұмырын арнады. Қазақ хандығы деген 
ұлан-ғасыр жерімізді жаудан аза етіп, еліміздің етек-жеңін бүтін-
деді» – деп айтқан еді.

– 81 –
Алаш болсаң Абылайды таны! Қазақ болсаң, өз тарихыңды, ба-
тырларыңды біл! 
Абылай  хан  аса  күрделі  заманда  өмір  сүрді.  Орыс  үкіметі  қа-
зақты  бағындыруды  мақсат  қылды,  ал  қазақ  хандары  өзара  жау-
ласты,  араздасты,  өштесіп  әрқайсысы  кез  келген  жұрттан  көмек 
іздеді.  Сол  бақталастық  қазақ  хандығының  шаңырағын  неше  рет 
шайқалтқаны  да  әмбеге  аян.  Ресей  қазақ  даласын  уысына  кіргізе 
бастады. Осындай аласапыран дәуірде қазақ халқының жалғыз ғана 
үміті Абылай хан болатын. 
Абылай  хан  қазақ  үшін  тәуелсіздік  туы,  бостандық  нышаны, 
ұраны  болды,  аз  ғана  ғұмырын  осыған  сарп  етті.    Ол  өзінше  са-
ясат  құрып,  төңіректегі  елдермен  ойдағы  Орыс,  қырда  Қытаймен 
дипломптиялық орынды қарым-қатынас жүргүзуі арқасында қазақ 
халқының басын құрап, елдігін қайта орнатты. 
Абылай ханды терең тани түсу үшін ол өмір сүрген тарихи дәуір-
мен қоса, ханмен бірге халқын қиын-қыстау кезде қолдап-қорғаған 
батырларды да түгендей түсуге тиіспіз.  «Абылай кезеңі – батыр-
лардың заманы» деген сөз текке айтылмаған. Бірақ та ұлы ханы-
мыздың заманына қатысты сөз болатын еңбектерде айналасы 40-50 
шақты ғана батырдың есімі аталады.
Абылай хан соңғы 15 жылдық күресін Еділ қалмағының ентігін 
басуға, Орта Азияның мұсылман хандықтарымен тіл табысуға ар-
нады. Бұқар, Қоқанды бейбіт келісімге шақырып, көнбегеніне күш 
те  көрсетіп,  Түркістан,  Сайрам,  Ташкентті  қайтарып  алған.  1763 
жылы  қоқан  лоқы  көрсеткен  қырғыздар  мен  Қоқан  бегінің  бетін 
қайтарды.  [1,  215-216  б.].    Абылай  хан  Көкшетаудан  Оңтүстікке 
істеген  жорықтарына  өзінің  1000-2000  шақты  сенімді  әскерімен, 
батырларымен қатынаған.
Абылай ханның, үзеңгілес серіктерінің, жүрегі түкті батырлары-
ның ерлігін, отаншылдығын жас ұрпақтың санасына сіңіру керек. 
Біз осы Абылай хан мен батыр бабаларымыздың армандап кеткен 
Қазақ елінің тәуелсіздігіне жетіп отырмыз, бүгінгі буын осыған тәу-
бе айтамыз. Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын ағайын! 
Алматылық  Кенесбай  Табылдиев  зейнетке  шыққасын  2007 
жылы «Қазақ батырлары» атты кітәп шығарды. Кітәпта 410 қазақ 
батырларының саны көрсетілген. Осының ішінде 68-і Орта жүздің 
шыққан батырлары. Келтірілген мәліметтер жоқтың қасы деуге бо-
лады, өйткені өмірлерінен толық мағлумат жоқ. Әрине, «Ормандай 
көп Орта жүзде» 68 ғана батыр емес, әлдеқайда көп мыңдаған ба-
тырлар болған. 

– 82 –
  Бәйімбет  батыр  көктен  түскен  жоқ  Оны  батыр  қылған  өзінің 
өмір  сүрген  кезеңі  –  қазақ  елін  Абылай  хан  басқарған  уақыт.  Ол 
өзінің  ерлігі  мен  ақыл-парасатының,  сарабдал  саясаткерлігінің 
арқасында, қазақ халқын бір тудың астына біріктіріп, қазақ елін, 
халқын жойылып кетуден сақтап қалды. 
Тәуелсіздік  алып  дербес  мемлекет  атануымыздың  арғы  арқауы 
осындай жау жүрек ұлы бабаларымыз Абылай хан басқарған Қожа-
берген  Толыбайсыншыұлы,  Жанатай  Ақанұлы,  Тұрсынбай  батыр 
Ертісбайұлы,  Байболат  батыр  Шегірекұлы,  Жәнібек  Қошқарұлы, 
Қошқарбай батыр Сағалайұлы, Баян батыр Қасаболатұлы, Сары ба-
тыр Қасаболатұлы, Төбет ұлдары: Өтебай, Бәйімбет, Асан, Үсен ба-
тырлар сияқты азаматтардың есімімен тығыз байланысты. 
Бұл батырлардың тұрған мекендері қазыргі Солтүстік Қазақстан 
өңірлері мен Ресейдің Омбы облысының жерлерінде болған. Мыса-
лы: 
1. Қожаберген Толыбайсыншыұлы (1663-1763) – Ашамайлы Ке-
рейдiң  руынан шыққан ақын-жырау, атақты қолбасшы батыр, ел 
басқарған әйгiлi данагөй, шежiрешi.
2.  Қошқарбай  батыр  Сағалайұлы  (1710-1758)  –  Қыпшақ  тай-
пасының  Құлан  руынан,  Омбы  облысы  Қаразюк  ауылында  дүни-
еге  келген.  Батыр  туралы  мәліметтер  Омбы  мұрағатындағы  Г.  Н. 
Потанин  мен  П.П.  Семенов-Тянь-Шаньскийлер  1860  ж.    жинаған 
мәліметтерде кездеседі [3, 4.].  
3. Байболат батыр Шегірекұлы (1694-1782) ж., руы Күрсары Ке-
рей,  Омбы  облысы  Тәбіршан  ауданы  Байдалы  (Байтұяқ)  ауылын-
да жерленген. Күрсары Керейден Есбол, одан Сары, одан Шегірек, 
одан  Байболат  тарайды.  Ол  Абылай  ханның  орда  сарбаздарының 
қатарында 1726, 1730 жылдары Абылай ханның жоңғармен болған 
шешуші шайқастарына қатысып, сенімді серігі болады [9].  
Байболат батыр Шегірекұлына 21 маусымда 2014 жылы ұрпақта-
ры Байдалыда ескерткіш қойып ас берді. Бұл шараны ұйымдасты-
рған Байболат батырдың ұрпағы Қабульдинов Зыябек Ермұханұлы 
– тарих докторы, профессор, Астанадағы «Түркіслав» Академиясы-
ның вице – президенті.
4.  Жәнібек  батыр  Бердәулетұлы  (1714-1798)  –  Керей  тайпасы-
ның Абақ руынан шыққан батыр, шешен.
5.  Баян  батыр  Қасаболатұлы  (1710-1759)  –  Уақ  тайпасынан. 
Уақ-Керей жасақтарын бастап қалмақтарға қарсы соғысқан. Өмірін 
елінің тәуелсіздік жолындағы күреске арнаған, сондықтан «Батыр 
Баян» атанған. 

– 83 –
6.  Сары  батыр  Қасаболатұлы  (1690-1771)  –  Уақ  тайпасынан, 
атақты батыр, Баян батырдың ағасы.  
Өткен  жылы  Бәйімбет  батырдың  замандастары,  серіктестері 
Жәнібек  пен  Баян  батырдың  мерекелі  тойларын  Абақ  Керей  мен 
Уақ ағайындарымыз  қор ашып, ұрпақтары миллиондап ақша қо-
сып үлкен деңгейде өткізді:
– маусымның 21-22-де 2014 жылы Семейден 150 шақырым Қал-
батауда (бұрынғы Георгиевка) Жәнібек Бердәулетұлының 300 жыл-
дық мереке тойы мемлекет деңгейінде өтті;
–  шілденің  20-21  2014  жылы  Павлодар  қаласында  Торайғыров 
пен  Кутузов  көшелерінің  қиылысында  Баян  батырға  ескерткіш 
орнатылды,  айтыс  ұйымдастырылды,  ас  берілді,  театрландырған 
көріністер қойылды;
– Сары батыр Қасаболатұлына 2014 жылы ескерткіш орнатыл-
ды.
7.  Бәйімбет  батыр  Төбетұлы  (1708-1790  ж.)  –  жоңғар  басқын-
шылығына  қарсы  азаттық  жорығын  ұйымдастырушылардың  бірі, 
атақты батыр, ұлы қолбасшы болған. 
БӘЙІМБЕТ БаТыР ТӨБЕТұЛы
Бәйімбет  батыр  –  қазақтың  жоңғар  шапқыншылығына  қарсы 
азаттық күресінде елінің панасы болған шоқтығы биік бірегей ба-
тыр, талай шайқастарда қазақ қолын басқарған әскери қолбасшы. 
Шыққан  тегі  –  Орта  Жүздің  Күрсары  Керей  руынан,  мекендеген 
жері Көкшетау өңірі. 
Жуырда  шыққан  «Бәйімбет  батыр  ізімен»  атты  кітәбімда  әкем 
Жүсіп қажы жазған  шежірені толықтырып бабамыздың шежіресін 
толық  келтірдім.  Бәйімбет  1708  жылы  Көкшетау  өңіріндегі  Төбет 
байдың  жанұясында  өмірге  келеді,  4  ұлының  екіншісі.  «Тегіне 
тартып  туған  ұл»  деген  сөз  осындай  тұлғаларға  қатысты  айтылса 
керек.  Арғы  аталары  Ашамайлы  Керейден  (Ғали)  бастап  сардар, 
би, тархан болған екен: Бағдат батыр, Төбей би, Тұрсынхан сардар, 
Қанай, Жанай батырлар, Бағлан би, Фархад батыр, Танаш би Фар-
хатұлы [10].   
Танаш  би  Фархатұлы  1308-1348  жылдары  ордабасы  болып  қол 
басқарумен,  қазы,  шора,  уәзір  боп  ел  басқарып,  Тоқты,  Өзбек, 
Жәнібек хандардың кездерінде мемлекет қайраткері дәрежесіне кө-
теріліпті.  Танаш  тарханның  он  тоғыз  баласы  болған  екен:  Балға, 
Балта,  Едіге,  Емен,  Есен,  Ақпан,  Алпан,  Аман,  Қырым,  Қаңтар, 
Орақ,  Орал,  Орман,  Сапар,  Самархан,  Мамырхан,  Алтай,  Көшебе 
(Айша анадан), Тарышы (Сәлиманнан).

– 84 –
Кенжесі  Тарышыдан  бір  бала  Шимойын,  одан  үш  бала:  Ести-
яр,  Достияр,  Есжияр.  Достиярдан  Смайыл,  Смағұл.  Смайылдан 
үш бала: Ақсары, Күрсары, Тезағай. Күрсарыдан: Есеналы, Еспол. 
Есполдан алты бала: Сақал, Сары, Бұрас, Құрман, Дуадақ, Төбет. 
Төбет байдан төрт ұл: Өтебай, Бәйімбет, Асан, Үсен тарайды. Төр-
теуі де батыр болғандықтан Төбеттің «төрт арысы» деп атаған екен. 
Бәйімбет батырдың 7 баласы болған: Қарақожа, Биқожа, Байқожа, 
Қожагул, Көлбай, Елшібай, Тайкелтір. Олардан ерекше көзге түсіп 
батыр болғандары: Қарақожа, Биқожа, Байқожа.
Бағлан  би  –  Фархад  –  Танаш  би  –  Тарышы  –  шимойын  – 
Достияр – Есжияр – Смайыл
Бәйімбеттің  әкесі  Төбет  байдың  малының  көптігі  сонша,  мал-
шы-жалшыларының  өздері  ауыл-ауыл  болып,  қиыр-қиырда 
көшіп-қонып  жүреді  екен.  Олардың  бәрінің  басын  қосып,  былай-
ғы  ел,  тіпті  өздері  де  «орда»  атайды  екен.  Осыншама  байлықты 
қорғау үшін де қаншама сенімді атарман-шабарман керек қой. Сон-
дықтан Төбеттің төрт ұлы да батыр болған: Өтебай, Бәйімбет, Асан, 
Үсен. Ал әкесі Төбет балаларының ішіндегі Бәйімбетті жастайынан 

– 85 –
ауыл-аймағына  cөзі  өткен  ақылгөй,  алысса  білегін  батыра  білген 
балуан,  сөзге  салса  шалдырмаған  сегіз  қырлы,  бip  сырлы  осы  ор-
даның  басшысы  ретінде  тәрбиелеген.  Бәйімбет  атамыз  ерекше  ба-
тырлығымен ел көзіне түскен, Абылай ханның қолбасшыларының 
бірі  болған  екен.  Бәйімбет  батырдың  даңқты  есімі  кешелі-бүгінгі 
Ресейдің Омбы, Солтүстік Қазақстан облыстарында қалың қазақ да-
ласын аралап, батырлық пен ерліктің рәмізіндей ел аузында сақта-
лып қалған.
Бәйімбет  атамыз  16-18  жасында  атқа  қонып,  ағасы  Өтебаймен 
және серіктерімен ел еркіндігі жолында Абылай ханның орда сар-
баздарының қатарына қосылады. Бәйімбет батыр да, ағасы Өтебай, 
інілері Асан, Үсен батырлар да 1732 жылы тамыз айындағы, 1741 
жылы  ақпан  айындағы,  1752  жылы  қыркүйек  айындағы  қалмақ 
әскерлерімен Орта жүз жеріндегі соғысы, 1751-1775 жылдары Абы-
лай ханның бірнеше шешуші шайқастарына қатысып, сенімді серік-
терінің біріне айналады. Ата бабаларымыз кіндік қаны тамған ки-
елі жерін бүтін ел болып өре тұрып, жат табанға таптатпай қорғап, 
сақтап қалды.
Омбы  архивінен  табылған  деректер  мен  құжаттардан  бабамыз 
Бәйімбетті батыр ғана емес, Атығай – Бәйімбет елін басқарып, жү-
гін  арқалай  білген  «Бәйімбет  бек»  аталған  және  патша  ағзамның 
сарайына барған «елші» ретінде білеміз.
Ұлы бабаларымыздың арманына біз жеттік: тәуелсіздігіміз өз қо-
лымызда. 
1790 жылы Бәйімбет батырды Ханның үкімі бойынша балалары 
Қарақожа, Биқожа, алыс-жақын ағайындары Түркістандағы Қожа 
Ахмет  Яссауи  кесенесінде  жерледі.  Ол  жерде  тек  хандар,  сұлтан-
дар, атақты батырлар, билер ғана жерленген. Бұл үрдісті жалғасты-
ру үшін Үкімет Астанада «Пантеон» салуға жоспарлап отыр. 
Бәйімбет  батыр  бабаның  рухы  риза  болып,  өмірінің  жалғасы 
icпеттi  –  ғұмырының  басталуына  үлкен  үлес  қосқан  ұжым  бар. 
Ол,  Түркістан  қаласындағы  «Әзірет  Сұлтан»  тарихи-мәдени  қо-
рық  –  мұражайының  қызметкерлері:  жауапты  редакторы  –  Мау-
лен Садықбек және редактор Нұрлан Дүкенбай. Қожа Ахмет Ясауи 
кесенесінде  жерленген  180-нен  артық  тарихи  тұлғаларды  зерттеп 
кітапшалар шығарылды, кесенеге келгендерге танысуға ұсынылды.  
Әрине, мұндай тірлік ол кісілердің міндеті, күнделікті қызметі. Де-
генмен өз қызметіне адал болу, алдына келген азаматтың жұмысы-
на кеңпейіл, шексіз туыстықпен қарау, оның мақсат-мүддесін терең 
түсіну адамгершіліктің биік шыңы болса керек.

– 86 –
ІЗДЕСТІРУ ЖұМыСТаРы
Мен Омбы облысы, Называевск ауданы, Бәйімбет ауылында 1951 
жылы  дүниеге келгенмін.  Біздің елді  «шуылдақ  Бәйімбет» деп  те 
атайды. Ауыл ақсақалдары қысқы соғым басында, не көктемгі қы-
мыз  мұрындықта  жиналғанда  өзара  қауқылдасып,  өткеннің  өне-
гесін өзек ететін небәрі келелі әңгімеге оп-оңай арна тартып әкетер 
шеберліктерін айтсаңызшы! Қайран ақсақалдар-ай, сол өткен ғасы-
рдың 50-70 жылдарындағы қариялар бір-бірімен қанаттаса демеп, 
қапталдаса  сілтейтін  әңгімесі  қандай  жарасымды  еді.  Кемсітері 
жоқ, көкіректерінде сөз көмбесі жатқан шежіре-тарих еді шетінен. 
Жастайымнан  аталарымыздан  естігеніміз:  «Сенің  бабаң  Бәйімбет 
батыр, ағасы Өтебай және егіз інілері Асан-Үсен төртеуі де батыр, 
балуан болған. Балалары Қарақожа, Биғожада батыр болған. Бәйім-
бет батыр ел билеген, ақылгөй бек атағын алған, Қожа-Ахмет кесе-
несінде жерленген». Біз балалар батырларға елтіп қылыш, шоқпар, 
садақ жасап тайларымызды мініп ойнайтынбыз бір-бірімізбен күре-
сетінбіз. 
Бала  кезімізден  есімізде  қалғаны,  біздің  Бәйімбет  елі  Наурыз, 
айт  мерекелерін  қатты  құрметтеп,  дәріптейтін.  Бір  ай  бұрын  дай-
ындалып, балаларға жақсы киім-кешек әперәп, үйдің жасауларын 
жаңартып, дәмді тамақтар дайындайтын. Жаз айларында ел екіге 
бөлініп, бірін бірі күтіп үлкен тойға – мейрамға айналдыратын. Ат 
шаптыру, қыз қуу, күрес ойындары қызықты өтетін. Күрес болған-
да  балуандар  өздерінің  арғы  батыр  аталарының  аруақтарын  атай-
ды:  «Бәйімбет,  Қарақожа,  Биқожа,  Байқожа  атамның  аруақтары 
қолдай көр» – деп.  Қазақтың көнеден келе жатқан діни түсініктері 
бойынша әр адамның айқаста, жорықта, түрлі қиын жағдайларда 
қолдап, жебейтін аруақтары болған. Аруақ – адамның ата-бабала-
рының  қасиеті,  киелі  рухтары,  ал  кие  –  аруақтың  өсиеті,  басқа-
ларға тигізген кесапаты, зияны немесе жақсылығы.
Орыс  мектебінде  СССР  тарихын  оқитынбыз.  Қазақтарда  мем-
лекет  болмаған,  өйткені  тарихтарың  жоқ,  сендер  «барансыңдар» 
бұрын «барандарды» бағып көшіп, қонып жүргесіңдер, Ресейге қо-
сылып дұрысталдыңдар деп айтатын бірге оқитындар. Кейде шыда-
май төбелесетінбіз де. Ресей патшасына қарсы шыққан батырларды 
«бандиттер», «конокрадтар» (Исатай, Махамбет батырлар, Кенеса-
ры хан т.б.) деп атады.
Біз Омбылық қазақтар ерекше жаралғандықтан мақтауға, құр-
меттеуге лайық халықпыз. Сондықтан болар (9-10)-шы атада тұрған 
Бәйімбет батырдың ұрпақтары Ресейдің ортасында отырып ұлт на-

– 87 –
мысын,  қазақтың  салт-дәстүрін,  әдеп-ғұрпын,  әсіресе  қонақжай-
лығын сақтап қалды. Біз бүгін Бәйімбет елімен, бабамыз Бәйімбет 
батырмен, елдің азаматтарымен мақтанамыз, өйткені:
– Біздің бұрынғы бабаларымыз бай болған. Төбет байдың, оның 
балаларының, кейінгі ұрпақтарының бірнеше мыңдаған жылқыла-
ры болған. Төбет-бай мыңдаған жылқысын жоңғармен болған соғы-
ста бәрін сарбаздарға таратқан екен. Совет заманы орнала бастаған 
кезінде Тәшім байдың ұрпағында 500 –ден артық жылқысы болып-
ты.
–  Бізде  елін,  туған  жерін  қорғаған  батырлар  көп  болған:  Бай-
болат  батыр  Шегірекұлы,  Қошқарбай  батыр  Сағалайұлы,  Өтебай 
батыр Төбетұлы, Бәйімбет батыр Төбетұлы, Асан батыр Төбетұлы, 
Усен батыр Төбетұлы, Қарақожа, Биқожа батырлар.
– Біздің бабамыз Бәйімбет батыр Атығай – Бәйімбет елін басқарған 
Абылайханның бегі болған, ал ағасы Өтебай батыр «князь» атағын 
алған болатын.
– Бізде дін жолымен, хақ жолымен жүргізетін қажы-молдалар, 
көкірегі  даңғыл,  көсем  сөйлейтін  көнекөз  қариялар  көп  болған. 
Олар: Әльжапар қажы, Жапар қажы, Кенжетай қажы, Қабыл қажы, 
Сатыбалды  молла,  Әбілмәжін  молла,  Хұсайын  молла,  Темірғали 
молла, Мәнтау, Кәрім, Абылхайыр, Кенжебай, Нүрке, Әту, Асқап, 
Ахметжан, Исақ, Дюсенбай, Сарсенбай......т.б.
– Біздің есімізде Кеңес үкіметі 1918-1928 жылдары зиялы аза-
маттарды «бай, құлақ» деп бір құртты, қала берді 1937 жылы «ха-
лық жауы» деп екі құртты, одан кейінгі бір толқынын 1941-1945 
жылғы  соғыс  жалмады.  Тұрмыстың  қиыншылығына,  соғыстың 
әуре азабына қарамай аталарымыз Бәйімбет ұрпағын Ресей жерінде 
аман алып қалды, ұрпағын жалғастырды. 
– Біздің есімізде Ұлы Отан соғысына қатынасқан Бәйімбеттің 60 
азаматының және ол жақтан келмей шейіт болған 40-тан аса баты-
рларымыздың есімі мен ерлігі мәңгі сақталған.
–  Біз  текті  атадан  тәлім  алып,  қаумалаған  орыстың  ортасында 
отырсақ-та, арпаласып жүріп баламызды ана тілінде сөйлетіп, ба-
уырмалдыққа баулып, дінімізге берік болған Бәйімбет еліміз. Осы 
жақсы  қасиеттің  барлығы  біздің  елдің  азаматтарына  Бәйімбет  ба-
тырдың қанымен келген. Сондықтан Бәйімбет елімен танысу үшін 
әуелі бабамыз Бәйімбет батырды біліуіміз керек [6, 108-136 бет.]. 
Ресейдегі Бәйімбет елінің мектеп директоры Шәмсиден Сәрсен-
байұлының атсалысуымен  1990 жылы РСФСР-дің Жоғарғы Советі 
Президиумы Указымен (№ 433-1 от 18.12.90 г.) Омбы облысы, На-

– 88 –
зываевск  ауданындағы  №6  аул  «Бәйімбет  батыр»  ауылы  деп  өз-
гертілді. Ал 1995 жылы елдегі орта мектепке Бәйімбет атамыздың 
аты беріледі [6, 127 бет].
Елден  бірінші  болып  2004  жылы  Мұхаммед  Мезгілбайтегі 
«Бәйімбет»  атты  кітап  шығарды.  Бұл  кітапта    Ресей  жеріндегі 
Бәйімбет  елінің  тарихы,  ел  азаматтары  көркем  суреттелген  және 
Бәйімбет батырдан тараған ұрпақтың шежіресі жазылған [8].
Сонау бала күнімнен «менің аталарым осындай болған» деп қай-
да жүрсем де ішімнен мақтанатынмын. Мақтанып қана қойғамын 
жоқ. Аталарымның істеген ісін өзіме үлгі еттім. Қазақта «Жақсы-
ның жақсылығын айт, нұры тасысын» деген сөз бар емес пе?! Жақ-
сының  жақсылығын  айтуды  өзіме  парыз  санадым.  Кейінгі  ұрпақ 
олардың да өнегелі өмір жолдарын біліп жүрсін деп Бәйімбет ба-
тырдан бастап, ел азаматтары мен Сатыбалды атамның басынан өт-
кен оқиғаларды бейнелеу арқылы, өз бабаларымыздың өзгелерден 
еш кем болмағанын паш етіп, өскелең ұрпақ санасына сіңіріп, жет-
кізуге  ниеттеніп «Бәйімбет батыр» және «Бәйімбет батыр ізімен» 
атты кітаптар жаздым. 
«Отан» – деген ұғымды ес кіріп, ер жеткен соң ұғындық. Әрине, 
ол  туып  өскен  жермен  байланысты.  Өскесін  ойлайсың:  «Осы  біз 
кімнен  туып,  қалай  өсіп  өндік?  Неге  Ресейде  жүрміз?  Келешек-
те  қалай  өмір  сүреміз?  Ұрпағымыздың  тағдыры  қалай  болады?». 
Соны ойлап мен ағаларым сыяқты 1975 жылы Омбының политех-
никалық институтын бітіріп ата-бабам жеріне Қазақстанға қызмет 
жасауға тарттым.
1991 жылы Қазақстан егеменді тәуелсіз мемлекет болды, ел бо-
лып, көк байрағымыз желбіреп, әлемге танылып, қудаланудан қо-
рықпай тарихи тұлғаларымызды зерттей бастадық. 
Бәйімбет  елінің  тарихы,  Бәйімбет  батыр  Төбетұлы,  ел  азамат-
тары  туралы  бір  уақыты  келген  кезде  бір  ұрпағы  іздеп  жазатын 
еді. Ата бабаларымыз туралы мәліметтер ұрпақтан-ұрпаққа ауызша 
таралғандықтан  және  сол  тарихты  білетін  үлкендер  өмірден  өтіп 
жатқандықтан  бұл  естеліктерді  бізден  кейінгілерге  жеткізу  жібі 
үзіліп қалу қаупы мүмкін және мол болатын. Бұл үлкен жауапкер-
шілікті мен өз еркіммен қабылдап алдым.
Іздестіру жұмыстары 2008 жылдың тамыз айында басталды. 2010 
жылы қоғамдық «БӘЙІМБЕТ» бірлестігі құрылды. 2010 жылы 17 
қыркүйекте 55-60 ел азаматтары Түркістан қаласындағы Қожа Ах-
мет Яссауи кесенесінде жерленген  Бәйімбет бабамызға арнап дұға 
оқытып,  ас  бердік.  Бәйімбет  батыр  ұрпақтары  2011  жылдың  1-2 

– 89 –
шілдесінде  Ресейдің  Омбы  облысы  Называй  ауданының  Бәйімбет 
ауылында Бәйімбет батырға арналған той өткізілді. Осы тойға ар-
налып «Бәйімбет батыр Төбетұлы» деген кітәп, күнтізбе, Бәйімбет 
батырдың суреті жасалды. Осы тойға аудан әкімшілігі қатынасып, 
халықты құттықтады. Бәйімбет батыр туралы Ресейдің телеарнасы 
сұбхат алып, хабар берді [6].   
Тағы да қайталаймын: Ұлттық рухтың оянуы мен аруақты баба-
мыздың алдындағы парызымызды өтеу үшін Бәйімбет батырды Ре-
сейде емес, өзі туған, өмір сүрген және қанын төккен Қазақ жерінде 
қастерлеу қажет.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаменті
2015 -> Jaguar 11 / jaguar 24 Котлы для отопления и горячего водоснабжения
2015 -> Профессия моей мечты
2015 -> Сочинение «Профессия моей мечты»
2015 -> Программа по русскому языку для IX класса составлена на основе
2015 -> БАҒдарламасы астана 2016 2 Жоба Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі балалық шақ»


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет