З. Е. Кабылдинов тарих ғылымының докторы, профессор



жүктеу 3.77 Mb.
Pdf просмотр
бет7/13
Дата24.03.2017
өлшемі3.77 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13

ҚаМЗаБЕКұЛы Д.,
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ проректоры, ф.ғ.д., профессор
аЛаш аРМаНы ЖӘНЕ ҚаҺаРМаНДыҚ
ТаҒыЛыМы
Азаттық. Тәуелсіздік. Дербестік. Егемендік. Бостандық. Бұл ата-
улар кеше арман еді.
Кез болған соң кер заман біздің баққа,
Жау жарағын асынып, міндік атқа.
Ел бастайтын ерлерге бұл бір зор сын,
Жаңа талап, жас ұлан, қарап жатпа! –
деп еді-ау Алаш зиялылары. Олар көтерілгенде бір жылт еткен сәу-
ле бар болатын: патша тақтан түскен, империя шеңгеліндегі ұлттар 
аз-кем  серпілген,  “құриет!”  (азаттық)  ұраны  ашық  жарияланған. 
Бірақ ол – жасын тағдырлы шақ-тын. Кейін... кеңес тұсында  “Ер 
қазақ ежелден еркіндік аңсағын” деп айтуға ғана тіліміз келді. Сон-
да да бұл  “аңсағанның” астары терең-тін.

– 99 –
Алаш  құрбандығынан  кейінгі  тәуелсіздік  туралы  сырлы  да 
мұңлы әуен құлақ оты жерден естілмеді. Әр тұстан, кейде тым жы-
рақтан естілді. Эмиграцияға кетіп уақытша аман қалған Мұстафа 
Шоқайдың  “Жас  Түркістаны”,  Түркістан  легионындағы  Мәжит 
Айтбаевтың  Абылайхан  суреті,  Бейсембай  Кенжебаевтың  ғылы-
ми-зерттеушілік  еңбегі  (оның  соғыс  тұсында  Абылайды  жазғаны 
да бар), 40-жылдардағы “Қазақ халқын құтқарушылар одағы” (бас-
шысы  студент 
Ғұбайдолла  Әнесов),  Ермұхан  Бекмахановтың  та-
рихшылығы,  Бауыржан  Момышұлының  бұла  мінезі,  50-жылдар-
дағы “ЕСЕП” (елін сүйген ерлер партиясы), 60-жылдары Мәскеуде 
құрылған  “Жас  тұлпар”,  Ілияс  Есенберлин  бастаған  жазушылар-
дың тарихи романы, Мұхтар Мағауиннің  “Қобыз сарыны”, “Алдас-
паны” ... 1986 жылғы Қайрат Рысқұлбектің  “еркек тоқты - құр-
бандығы”. Тәуелсіздік жыры осылар еді.  “Әттеген-ай” көп еді: ула 
– уладан, ура – урадан құлақ тұнатын.
“Қайран да, менің өз елім!”. Ақ ниеттіге-ақ жол. Көрер жарығы 
бар екен. “Ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен” келген дер-
бестік бізді ойлантуы керек.
Тәуелсіздік үшін күрескен тұлғаларды тұтас айтып тауысу мүм-
кін  емес.  Біз  бұл  жолы  олардың  рухын  асқақтата  отырып,  соның 
ішіндегі алты тұлғаның тарихи орнын аз-кем сипаттап өтпекпіз.
АБЫЛАЙ  ХАН  (1711-1781).  Шыңғыс  ханның  ұрпағы,  төре. 
Арыстан ақын оны “48 жыл хан болған” дейді. Мұны, әрине, сон-
ша уақыт хандық ғұрып ұстады деп түсіну керек. Ол бар мақсатты 
пайдаланап анталаған аждаһа мен сұңқылдаған самұрықтың орта-
сындағы  халқын  аман  сақтау  үшін  күресті.  Ол  ел  басын  қосып, 
жоңғарға қарсы жұмылдыра алды. 1771-1781 жыл аралығындағы 
оның  ұлт  басшысы  ретіндегі  стратегиясы  –  халықтың  сан  ғасыр-
лық  арманымен  тоқайласып  жатты.  Абылай  өзіне  дейінгі  хандық 
жоралғыларды жаңа заманның сұранымымен дамытты. Мемлекетті 
тұтастандыру,  «бастыны идіру, тізеліні бүктіру» мәселесінде Абы-
лай  кейінгіге  мол  мұра  қалдырды.  Жорық  жырауы  оны  «Алтын-
нан қылыш будырған» деп сипаттады. Сөйтіп Абылай есімі ұлттық 
ұранға айналды.
БӨГЕМБАЙ  БАТЫР  (1680-1776).  Ұлтымыздың  даңқты  қаһар-
маны.  ХVІІІ  ғасырда  қазақ  халқының  тағдыры  шешілетін  Отан 
қорғау  майдандарында  айрықша  қолбасшылық  қызмет  еткен,  топ 
бастаған  даңқты  қайраткер.  Батыр  қиан-кескі  соғыста  ғана  емес, 
елді дамыту мен ұлтты ұйыстыруда айрықша жол көрсеткен, әрқа-
шан  Абылайдай  хандардың  қабырғалы  серігі  болған.  1710  жылы 

– 100 –
Қарақұмда өткен Үш жүздің жиынында орда бұзар шағындағы Бө-
гембай Қазақтың бас сардары болып сайланған. Ұлт үшін өмір мен 
өлім талқыға түскен Аңырақай шайқасы мен Талқы соғысында хас 
батырдың  әскери  стратегиясы  мен  тактикасы  Алаш  батырлығына 
олжа салды. Үмбетей жыраудың «Батырың өтті Бөгембай» деп ке-
летін атақты Абылай ханға естіртуінде баһадүрдің сардарлық пор-
треті айшықтала көрсетілген. Жорықты жылдары қарт Бөгембай-
дың  ерлік  істері  үлгі-өнегеге  болып,  көзі  тірісінде-ақ  есімі  күрес 
ұранына  айналған.  Батыр  жасы  ұлғайып  қайтқанда,  сүйегі  Түр-
кістандағы  Әзірет  Сұлтан  кесенесіне  жерленген.  Қанжығалы  қарт 
Бөгембай есімі Алаш баласын әрқашан Отанға адалдыққа, серт пен 
сенімге беріктікке шақырып отырады.
(Осы жинаққа арқау болып отырған Қазақ елі солтүстік өңірінің 
айтулы батыры 
Бәйімбет Төбетұлының (1708-1790) Бөгембай за-
манында  жаудан  ел  қорғап,  қаһарман  қолбасшы  атанғаны,  сүйе-
гінің «Әзірет Сұлтан» ұлттық пантеонына қойылуы – елеулі факт).
КЕНЕСАРЫ (1802-1847). Ол – хандық билікте қасқа жол салған 
Қасымның  өр  ұлы,  қазақтың  соңғы  ханы  еді.  Ресей  1822  жылы 
қазақ  хандығын  ресми  жойғанын  терістеген  алаш  қауымы  1841 
жылы Кенесарыны хан көтерді. Соңғы хан, әрине, «соңғымын» деп 
ойлаған жоқ, қазақтың ертеңіне сенді. Сондықтан отарлаушы жүй-
енің  аймақтағы  басшыларына  «Бұл  –  қазақ  жері.  Мен  құдай  ал-
дында  оған  жауаптымын.  Аяқтарыңды  тартыңдар,  адамшылыққа 
келіңдер»,  –  деді.  Кенесары  ондаған  жылдар  ат  үстінде  өтіп,  қа-
зақтың, Кіндік Азия халықтарының тәуелсіздігін қайта әперу үшін 
қайсарлықпен күресті. Осы жолда Хиуаға да, Бұхараға да, Қырғы-
зға да, Қытайға да елші жіберіп отырды. Оның орыс әскеріне қарсы 
жойқын  соғысы  империяны  түнгі  ұйқысынан  шошындырды.  Ке-
несары сарбаздарының рухы, өжет хан мен даңқты әскері туралы 
жырлар  қазақ  халқын  тәуелсіздікке  жетеледі.  Соңғы  хан  өлімі  – 
дербестік туралы үмітті жойған жоқ, – күрескерлікке шақырды.
СЫРЫМ  ДАТҰЛЫ  (1712-1902)  –  қазақтың  Батыс  аймағында 
отаршылдық жүйеге қасқайып қарсы тұрған ер. Ол ХVІІІ ғасырдың 
80-90 жылдары қырға қырғын үшін шыққан империя жасақтарын 
ерлікпен жойып отырды. 1783 жылы қазаққа қоқан-лоқы көрсет-
кен атаман Чагановты ұстап алып, Хиуаның құл базарына өткізіп 
жіберуі - әділетке қарсы тұрған әділет күші еді. Сондай-ақ, Сырым 
империя жандайшабы болып кеткен қандастарын да тәубесіне кел-
тіріп отырды. Батырдың тарихтағы орнын – елін хан көтергендігі, 
сыртқы-ішкі  жаудан  тайсалмағандығы,  отарлаушы  жүйеге  ресми 

– 101 –
әшкерелейтін хат жазғандығы және халқының жарқын болашағы-
на сенгені анықтайды.
МАХАМБЕТ ӨТЕМІСҰЛЫ (1804-1846) - азаттықты аңсаған, азат-
тық жолында қасық қаны қалғанша күрескен қазақтың өр тұлғалы 
батыр  ақыны.  Ол  әйгілі  Исатай  Тайманұлы  бастаған  көтерілістің 
жуан  ортасында  жүрді.  Махамбет  жыры  –  қазақ  хандығы  тұсын-
дағы жыраулардың жаңғырығы еді. Ақын өлеңімен, өнерімен, ұлт 
жолындағы  сертке  адалдығымен  замандастарын  баурады.  Олар-
ды  рухтандырды.  Исатай-Махамбет  пен  Жәңгір  хан  арасындағы 
келіспеушіліктің  сыры  –  отаршылдық  жүйенің  сан-салалы  айла-
сында  жатыр.  Сондықтан  қай  тұрғыдан  алсақ  та  Махамбет  –  ұлт 
бостандығы жолындағы қазақ поэзиясының рәмізі.
ӘЛИХАН  БӨКЕЙХАН  (1870-1937)  –  ХХ  ғасыр  басында  жаңа 
сипатта  түлеген  Алаш  идеясының  серкесі,  ұлт  зиялылығының 
айнасы.  Қайраткер  Ресей  империясындағы  елеулі  оқиғалардың 
ешқайсысынан  шет  қалмады.  Бәріне  өз  көзқарасын  білдіріп  оты-
рды.  Мемлекеттік  Думаға  депутат  болып  сайланып,  биік  мінбер-
ден халқына теңдік сұрады. Ол – Абай құбылысын алғаш танушы, 
Ахмет  пен  Міржақыпты  жұмылдырып  ұлт  трибунасы  –  “Қазақ” 
газетін ұйымдастырушы, Алаш партиясы мен үкіметінің жобасын 
әзірлеуші. Әлиханның ұлт тәуелсіздігі үшін күресі – Кенесары бағы-
тының  жалғасы.  Айырмасы  зайырлылықта  ғана.  Ол  қаламымен, 
ақыл-ойымен күресті. Ә.Бөкейхан – елшіл ғалым. Оның орыс, қа-
зақ тілдеріндегі бар зерттеулерінде қазақ халқының мүддесі бірінші 
орында тұрады. Әлиханның ұлы ісі жолындағы табанды ерлігі деп 
– оқығандар басын бір идеяға біріктіруін айтуға болады.
Алаштың  даңқты  перзенті  Әлихан  Бөкейхан  соңында  қалған 
тағлымды  бір  сөз  бар:  «Біздің  кемшілігіміз  әр  ұрпақ  өзіне  тиісті 
жүкті  белгілі  бір  орынға  апарып  қоймайтындығында»  деген.  Бұл 
әрине, Абайдың сынындай өткір сын. Біз тұлғаларға кенде емеспіз. 
Олардың  саны,  іріктеп  қарағанда,  бестен  бес  жүзге  дейін  жетуі 
мүмкін. Әлбетте, олар - өзіне тиесілі жүкті белгілі орынға апарып 
қойғандар. Біз олардың рухы алдында тағы да басымызды иеміз!
Енді осы біз өзімізге тиесілі жүкті белгілі орнына көтеріп апа-
рып  қоя  алдық  па?  Бұл  –  тұлғалардың  сұрағы...  Осы  тағылымды 
сұрақ ойымызда жүрсін.

– 102 –
КЕМЕҢГЕР Қ.,
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ қазақ әдебиеті кафедрасының
доценті, филология ғылымдарының кандидаты
аБыЛаЙ ХаН ТУРаЛы пОЭМаЛаРДаҒы
ТаРИХИ шыНДыҚ ЖӘНЕ КӨРКЕМДІК ТаНыМ
(Көкбай Жанатайұлы мен Олжабай Нұралыұлы мұрасы бойынша)
Кез келген ақынның шығармашылығында шоқтығы биік туын-
дысы болады. Сан салалы мұрасының ішінен жеке бір шығармасы 
дараланып  тұрады.  Ақын  Олжабай  Нұралыұлы  (1881-1935)  мұра-
сының ішінде де жаратылысы бөлек поэмасы бар. Ақынның баласы 
Қазбектің  көрсетуі  бойынша,  Олжабайдың  мұрасы  қазір  сексенге 
жуық  өлең,  он  жеті  толғау,  жеті  дастан,  бірнеше  аудармаларды 
құраса [1, 62], олардың ішінен тумысы бөлек туындысы – «Сабалақ 
– Абылай хан» поэмасы дер едік.
Шығарманың  жанрлық  сипаты  туралы  қалыптасқан  тұрақты 
пікір  жоқ.  О.Нұралыұлының  1995  жылғы  жинағында  «Сабалақ 
–  Абылай  хан»  «поэма»  [2,  191]  деп  көрсетілген.  Әдебиеттанушы 
М.Шындалиева құрастырған «Хрестоматия (Омбы өңірі қазақтары-
ның ХVIII–ХХ ғасырлардағы әдеби шығармашылығы)» атты кітап-
та бұл шығарманың жанры «тарихи дастан» [3, 119] деп берілген. 
1995 жылы шыққан Абылай хан туралы тарихи жырлар жинағын-
да аталған туынды «жыр» [4, 286] деп жазылған. 
Өлеңмен  жазылған  шығарманы  жыр  деп  тану  үшін  оның  тар-
мағы, негізінен, жеті-сегіз буыннан құрылу керек. Жырда тұрақты 
бір ұйқас сақталмайды. Бұл ерекшелікті ескергенде, Олжабайдың 
туындысын жыр деп тани алмаймыз. Олжабайдың шығармасы он 
бір  буынды  қара  өлең  ұйқасымен  жазылған.  «Сабалақ  –  Абылай 
ханды» дастан деп тану да қате. Дастанның сюжетіне байырғы за-
маннан белгілі тегі шығыстық уақиғалар арқау болады. Олжабай-
дың жырлаған «Сабалақ – Абылай ханына» сюжет шығыс халқынан 
емес,  өзіміздің  тарихтан  алынған.  Сондықтан  «Сабалақ  –  Абылай 
хан» шығармасының жанры поэма дегенге тоқталамыз. 
Қазақ халқының тарихындағы ұлы тұлғалардың бірі – Абылай 
хан  туралы  аңыз-әңгімелер  ел  ішінде  жақсы  сақталған.  Олардың 
біразы  1995  жылы  «Тарихи  жырлар.  Абылай  хан»  [4]  атты  жи-
нақта жарық көрді. Осы кітаптың ішінде О.Нұралыұлының Абылай 
ханды жырлаған поэмасы да бар [4, 129-144].

– 103 –
«Сабалақ – Абылай хан» поэмасы баспа бетін бірнеше рет көрді. 
Ақынның баласы Қазбек Олжабайұлының ұсынуы бойынша поэма 
1992  жылы  «Сарыарқа»  журналының  екінші  санында  [1,  61-67], 
«Жұлдыз» журналының жетінші санында [5], 1995 жылы жарық 
көрген О.Нұралыұлының «Шығармалары» жинағында [2, 191-207] 
жарияланды.  Сондай-ақ,  туынды  2001  жылы  шыққан  «Хресто-
матия  (Омбы  өңірі  қазақтарының  ХVIII–ХХ  ғасырлардағы  әдеби 
шығармашылығы)» [3, 119-134] деген кітапта  басылды. 
О.Нұралыұлының авторлығымен жарық көрген Абылай хан ту-
ралы поэманың бірнеше нұсқалары бар. Алдымен шығарманың ата-
луына тоқталайық. Ұлттық Ғылым академиясы Орталық Ғылыми 
кітапханасының  қолжазбалар  қорында  сақталған  нұсқада  поэма-
ның  аты  «Сабалақ»  [6,  103]  деп  көрсетілген.  М.Шындалиеваның 
құрастырған «Хрестоматия Омбы өңірі қазақтарының ХVIII–ХХ ға-
сырлардағы әдеби шығармашылығы» атты жинақта бұл туындыға 
«Абылай  қалай  хан  болған?»  [3,  119]  деген  ат  қойылған.  Жоға-
рыда  көрсетілген  республикалық  «Жұлдыз»  [7]  және  «Сарыарқа» 
[1]  журналдарында,  «Тарихи  жырлар»  [4]  жинағында,  сондай-ақ, 
О.Нұралыұлының  1995  жылғы  «Шығармаларында»  [2]  поэманың 
аты  «Сабалақ  –  Абылай  хан»  деп  жазылған.  Біздіңше,  ғылымда 
соңғы  атау-нұсқа  сақталғаны  дұрыс.  Себебі  поэмада  Әбілмансұр-
дың Сабалақ атанып жүрген кезі мен қатар үш жүзге Абылай хан 
болған  дәуірі  де  баяндалады.  Шығармада  жетім  қалған  жас  жігіт 
Әбілмансұрдың басынан өткен қиын күндері, оның Үйсін Төле би-
дің елінде малшы болып жүргені, кейін Қанжығалы Бөгенбай баты-
рдың қолдауымен қалмаққа қарсы шауып зор абыройға ие болуы, 
хан сайлануы секілді уақиғалар көркем тілмен баяндалады. 
«Сабалақ – Абылай хан» поэмасының Омбыдан табылған нұсқа-
сының көлемі шығарманың өзге үлгілерінен аз. Омбылық нұсқа 122 
шумақ, немесе 488 жол. Оны М.Шындалиева 1993 жылы Омбы об-
лысы Табыршан ауданының тұрғыны Ғалымжан Нығметовтан жа-
зып алады. Шығарма хатқа 1991 жылы түсіпті [3, 169]. Поэманың 
өзге  нұсқаларын  баспаға  Олжабайдың  баласы  Қазыбек  ұсынған. 
Сондықтан олардың көлемінде үлкен айырмашылық жоқ. Тексто-
логиялық  жағынан  салыстырғанда  поэманың  ҰҒА  қолжазба  қо-
рында жатқан үлгісі түпнұсқаға жақын [6]. О.Нұралыұлының 1995 
жылғы  «Шығармаларында»  «Сабалақ  –  Абылай  ханның»  көлемі 
146 шумақ, немесе 584 жол [2, 191-207]. Абылай хан туралы тари-
хи жырлардың жинағында поэманың көлемі 160 шумақ, немесе 640 
жол [4, 129-144]. Екі нұсқада да Абылай ханның әйгілі замандасы, 

– 104 –
Бөгенбай батырдың үзеңгілес досы әрі жорықшыл жырауы Үмбетей 
толғауынан он бір жол үзінді берілген:
Кекіл жалы суылдап,
Қызыл арғымақ астында,
Бөгенбай талқыдан аса шапқанда, 
Құлжадан Жантай асқанда.
Құдиған үйрек мойынды
Құлан тұяқ Көкше атпен
Мәмбеттің ұлы ер Атан
Қол сауырсын басқанда.
Өз қолын өзі жау деп,
Хан баба төре қашқанда,
Қалмақты шаптың, Бөгенбай! [2, 196].
Үмбетей жыраудың сөзін «Сабалақ – Абылай ханның» құрамын-
да есептесек, Олжабай  ақынның 1995 жылғы жинағында поэманың 
көлемі  595  жол,  Абылай  хан  туралы  тарихи  жырлар  жинағында 
651 жол болады.
Абылай  хан  туралы  жинақтағы  нұсқада  поэманың  алдынан 
ақынның  тарих  туралы  жиырма  төрт  жол  ой  толғанысы  берілген  
[4,  129].  Он  бір  буынды  қара  өлең  ұйқасымен  жазылған  ол  алты 
шумақты Олжабайдың жеке туындысы деп қарауға болады. Ақын 
жинағында бұл үзінді поэмаларға жалпы кіріспе ретінде берілген: 
«Ақын поэмаларына кіріспе ретінде «Тарих» деген өлеңін келтіреді. 
Мұнда ақын поэмаларын нендей мақсатта жазғанын, олардың оқы-
рмандарына қандай пайда келтіретінін білдіреді» [2, 227]. 
Олжабайдың тарих туралы өлеңінде Абылай хан жайында оның 
заманына  қатысты  ештеңе  айтылмайды.  Онда  ақын  тарих  секілді 
философиялық ұғымға жауап іздейді. О.Нұралыұлының «Кесілген 
бас», «Мұңсыз хан», «Зәйнәгүл», «Ғабдолла», «Сабалақ – Абылай 
хан» секілді поэма, дастан, поэмалары бар. Бұлардың барлығы та-
рихи тақырыптағы туындылар емес. «Кесілген бас», «Мұңсыз хан» 
поэмалары дидактикалық, философиялық шығармалар болса, «Зәй-
нәгүл» – араб әдебиетінің сюжетімен жазылған туынды. Сондықтан 
ақынның  «Тарих»  туындысын  «Сабалақ  –  Абылай  хан»  поэмасы-
ның құрамында қарастырмаймыз, жеке өлең есебінде танимыз. 
Абылай  хан  туралы  тарихи  жырлар  жинағында  Олжабай  поэ-
масының  соңында  Қанжығалы  Абыз-Шомақтың  мырзалығын  су-
реттейтін жеті шумақ және қорытынды бір шумақ үзінділер ақын-
ның 1995 жылғы «Шығармаларына» енбеген. Абыз-Шомақ туралы 
үзіндінің  қысқаша  мазмұны  төмендегідей.  Хижра  бойынша  1146 

– 105 –
жылы (Григориян жыл санауымен 1734 жыл) шаруа-мүлкі өте ірі 
Қанжығалы  Абыз-Шомақ үш жүздің игі жақсысын  жинап оларға 
зор қошемет көрсетеді. Шет-шеттен келген қонаққа той иесі тоқсан 
бие сойып кең мырзалық танытады. Үш жүздің баласына Шомақ: 
«Сый-құрметті ерте алған едім, сый алудың маған тіпті қажеті жоқ, 
бос қалды деп ойлама, жақсыларым, сол алғаным да маған мәңгілік 
жетеді», – дейді. Сонда жұрт: «Ол не?» – деп сұрақ қояды.
Шомақ айтты: Қазақ халқы басын қосқан,
Үш жүз боп жиналысып әрбір тұстан.
Хан сайлапты Абылайды қаулы қылып,
Танысып не маңғаздар жолығысқан.
Сондағы ауыл – Шомақтың ауылы еді,
Қанша мал сойып, бие сауып еді.
Деген атақ – мәңгілік алған сыйым,
Бай бопты деген атақ қалар еді. [4, 142].
Ал поэманың негізгі идеясын ашып тұрған шығарманың соңғы 
шумағы төмендегідей:
Қазаққа кәміл толған ол да бір кез,
Толған нәрсе төгілер деген бар сөз.
Еркін өскен, ерке өскен, ерлік ескен
Болар ма енді бізге де сондай бір кез! [4, 143].
Көрсетілген шумақтар поэманың құрамында сақталу керек. Со-
нымен, Олжабай Нұралыұлы жазған «Сабалақ – Абылай хан» поэ-
масының көлемі 627 жол өлеңді құрайды. Бұл он бір буынды қара 
өлең ұйқасымен жазылған 154 шумақ және жыр үлгісінде келетін 
Үмбетей толғауынан 11 жол үзінді.
Абайдың шәкірт інісі, ақын Көкбай Жанатайұлының жырлаған  
«Сабалақ»  деген  поэмасы  сақталған.  Көкбайдың  «Сабалақ»  атты 
шығармасының  жанры  туралы  да  ғылымда  бірізді  пікір  қалып-
таспаған.  Аталған  туындыны  да  жыр,  дастан,  поэма  деп  көрсету 
үрдіске айналған. Алайда ақын Көкбайдың әйгілі шығармасын біз 
поэма  дегенге  қосыламыз.  Бұл  пікірді  белгілі  әдебиеттанушы  ға-
лымдар да растайды. Филология ғылымдарының докторы Ш.Елеу-
кенов: «Абай поэма саласында атқарылуға тиісті қыруар шаруаға өз 
басы  үлгере  алмайтынына  көзі  жетіп,  айналасындағы  шәкірттері, 
заты  өзінің  ақындық  сойынан  шыққан  Шәкәрім,  Көкбай,  Әріп, 
Ақылбай, Мағауияларға осы жанрда қалам тербеуге қосып, әрқай-
сысына құнды, ойлы шығарма туғызуға мұрындық боларлық әдемі 
тақырыптар сыйлады» [8, 250], – деп жазады.

– 106 –
1927 жылы қайтыс болған Көкпай ақын «Сабалақ» поэмасын Ол-
жабайдан ерте шығарған. Олжабайдың поэмасы 1928-1930 жылдар 
аралығында жазылды ма деген пікірдеміз. Қазыбек Нұралин: «1928 
жылы басталған «Абылай хан» поэмасы кәмпеске болып, жер ауып 
Ақтөбе қаласына барғанда аяқталады» [7, 145], – дейді.
Көкбай  Жанатайұлының  поэмасы  алғаш  рет  баспа  бетін  1992 
жылы «Абай» журналында жарық көрді [9]. Одан кейін шығарма 
«Абайдың ақын шәкірттері. Екінші кітап» деген жинақта басылды 
[10,  100-132].  Екі  жолы  да  поэманы  баспаға  әзірлеп,  оның  авто-
ры,  жазылу  тарихы  туралы  көлемді  мақала  дайындаған  көрнекті 
әдебиеттанушы  ғалым,  абайтанушы  Қайым  Мұхаметханұлы.  1995 
жылы «Білім» баспасынан жарық көрген «Қазақ халық әдебиеті» 
деген  көп  томдық  серияның  «Тарихи  жырлар.  Абылай  хан»  атты 
бірінші  томында  бұл  шығарма  «Абылай  хан  әңгімесі»  [4,  63]  деп 
берілді. Кітаптың «Түсініктерінде» аталмыш поэма туралы төмен-
дегідей дерек бар: «Бұрын жарияланбаған. Қолжазба Қазақстан Ре-
спубликасы Ұлттық Ғылым академиясы Орталық Ғылыми кітапха-
насының қолжазба қорында сақтаулы: 1337 шифр, 7 дәптер, араб 
әріпінде. Қағазға 1925 ж. түскен. 1940 ж. жинап қорға тапсырған 
Сәубин Бекташ. Жыр «Жәмиғат қол көтеріп бір дұға қыл, Көкбай-
дың айтуынша аяғы осы» деген жолдармен аяқталады. Құнанбай-
ұлы Абайдың айтуымен Көкбай ақын осы тақырыпқа кезінде жыр 
шығарған  деген  қауесет  бар.  Осы,  оқырман  назарына  ұсынылып 
отырған жыр Абайдың шәкірті Көкбай ақынның жыры деген пікір-
деміз» [4, 285]. 
Аталған  кітапты  құрастырушылар  Көкбай  поэмасының  атын 
«Абылай  хан  әңгімесі»  деп  өзгертіп,  1995  жылға  дейін  шығарма 
жарияланбады деп қателеседі. Егер олар туындының шын авторы 
Көкбай  екеніне  күдіктенсе,  «Абай»  энциклопедиясы  өзгеше  дерек 
ұсынады: «Көкпайдың өлеңімен жазған «Араб тілінің грамматика-
сы» еңбегі, «Сабалақ», «Құлынды», «Ғаділ патша», «Арұнрашит» 
дастандары, Әріп, Кемпірбай, Жүнісхан, Жидебай, Саржандармен 
айтыс т.б. шығармалары көпке мәлім» [11, 281].
Абайдың  талантты  шәкірт  інілерінің  бірі  Көкбай  Жанатайұлы 
«Сабалақ»  атты  поэма  жазғаны  даусыз  ақиқат.  Өз  сөзін  дәлелдеу 
үшін ғалым Қ.Мұхаметханұлы академик Мұхтар Әуезовке сілтеме 
жасайды:  «Көкбай  поэмасы  туралы,  поэманың  құрылысы  туралы 
Мұхтардың пікірі: «Көкбай бұл жайдан ұзақ шығарма жазды. Әң-
гімелі поэмасының айқын жіктелетін екі бөлімі бар. Мезгілі, мазмұ-
ны, кейіпкерлерінің қалыптану айырмасына қарай бұл ұзақ шығар-

– 107 –
маны  айқын  екі  дәуірдің  адамдары  турасында,  екі  ұдай  бағытта 
жазылған шығарма деп жіктей аламыз. Сонда поэманың алғашқы 
бөлімін – Абылайға арналған «Сабалақ» поэмасы деп атауға бола-
ды.  Екінші  бөлімі  Абылайдың  бір  топ  нәсілдеріне  арналады»  [12, 
60], – деген. 
Көкбай Жанатайұлы «Сабалақ» поэмасын қалай, кімнің тапсыр-
масы бойынша жазғанын абайтанушы Қ.Мұхаметханұлы тиянақты 
жазады. «Сабалақ» поэмасының дүниеге келуіне Абай себеп бола-
ды. Ғалым Қ.Мұхаметханов шығарманың жазылу тарихына қаты-
сты Көкбайдың Абай туралы өз сөзін мысалға келтіреді: «Бір жылы 
менің өзіме: «Абылай хан мен Кенесарының қазаққа істеген еңбек-
терін ұзақ әңгіме қылып айтып беріп, осыны өлең қыл деді» [9, 60]. 
Көлемі  жағынан  Көкбайдың  туындысы  Олжабайдікінен  үлкен. 
Ол  259  шумақтан  тұрады.  Поэма,  негізінен,  он  бір  буынды  қара 
өлең  ұйқасымен  жазылған.  Шумақтар  көбінесе  төрт  тармақтан 
тұрады. Алайда арасында бес, алты, жеті, сегіз тармақтан құралған 
шумақтар  да  кездеседі.  Келтірілген  деректер  келешекте  өзгеруі 
мүмкін.  Себебі  Көкбай  поэмасының  да  зерттелген,  текстология-
сы қаралған нұсқасы жоқ. «Сабалақ» поэмасының Көкбай жазған 
түпнұсқасы сақталмаған. Тегінде Көкбай қолжазбасы кезінде қол-
дан-қолға ауысып жатталып және көшіріліп жазылып халық ара-
сына кең тарап кеткен. «Сабалақ» дастанының жыршылардың ау-
зынан  жазылып  алынған  бірнеше  көшірме-жазба  нұсқалары  бар. 
Сол  нұсқаларды  салыстырып  зерттеп,  Көкбай  жазған  түпнұсқаны 
қалпына келтіру, алдағы уақытта істелетін күрделі жұмыс болмақ» 
[9, 60]. Яғни, біз қараған «Сабалақты» әлі түпнұсқа деп тануға бол-
майды.
Қ.Мұхаметханұлы  көрсеткендей,  Көкбай  жазған  «Сабалақ»  по-
эмасының  көшірмелері  болған  секілді.  Олардың  бірі  Абай  елінен 
іргесі  алыс  емес  Ерейментаудағы  Олжабайдың  қолына  тиюі  әбден 
мүмкін  еді.  Қалай  болған  күнде  де,  Бөгенбай  батыр,  Бапан  би, 
Саққұлақ  шешендерден  қалған  өсиет  әңгімені  құлағына  құйып 
өскен  зерек  Олжабай  ата-бабаларының  ерлік  істері  туралы  мағлұ-
матты жақсы білді. Ақын поэмасында Абылай ханның қабырғалы 
жырауларының  бірі  –  Үмбетейден  үзінді  келтіргені  өзіне  дейінгі 
әдебиетті,  ел  аузындағы  аңыз-әпсаналарды  керемет  меңгергенді-
гінің бір белгісі. 
Көкбай  Жанатайұлының  шығармасына  төрелік  айтудан  ау-
лақпыз. Дегенмен ақын поэмасының аталуы («Сабалақ») шығарма 
мазмұнына сай емес. Бұл атауды кейінгі құрастырушылар, немесе 

– 108 –
жинаушылар  қоюы  мүмкін  екенін  жоққа  шығармаймыз.  Көлемі 
1150 жолдық ұзақ шығармада Сабалақтың басынан өткен уақиға-
лар ғана баяндалмайды. Онда Абылай ханның Төле би еліндегі жі-
гіт кезеңі, жорыққа аттануы, хан тағына отыруы секілді өз басынан 
өткен өмір өткелдерімен бірге оның ұрпақтары: Қасым, Кенесары, 
Наурызбай, Саржан, Есенгелділер туралы да кең жырланады.
Абылай ханның өмір кезеңдері Көкбайдың «Сабалақ» поэмасын-
да  былай  суреттеледі:  Абылайдың  тегі,  және  жетім  қалуының  се-
бебі;  жас  баланың  Үйсін  Төле  бидің  еліне  жетуі;  Төле  бидің  жас 
балаға Сабалақ деген ат қоюы және оны сынауы; Төле бидің еліне 
Бөгенбай батырдың келуі және оған Сабалақтың өз қолыңа қос де-
ген  өтініш  білдіруі;  жолда  Сабалақ  ерлік  жасап  төрт  түйе  жүкті 
олжалауы және оны Бөгенбай батырға сыйға тартуы; Бөгенбай ба-
тырдың Сабалаққа Нарқызыл тұлпарын мінгізіп бата беруі; келесі 
жылғы қазақ-қалмақ шайқасында қалмақ батырына қарсы ешкім 
батпағанда  Сабалақтың  шығуы;  Бөгенбай  батырдың  қатты  сасуы; 
Сабалақ Әбілмәмбет ханнан бата алып, «Абылайлап» шабуы; Саба-
лақтың қалмақ батырымен жекпе-жекте жеңіске жетуі; қазақ қо-
лының қалмақты қырғынға ұшыратуы; Әбілмәмбет хан Сабалақтан 
«Абылайлап» шапқанының мәнін сұрауы және Сабалақтың өз тегін 
білдіруі; Әбілмәнсұр хандық тәжін Сабалаққа кигізуі; Абылай хан-
ның Шақшақ Жәнібектен бата алуы; Шақшақ Жәнібектің үш түрлі 
ақыл айтуы (өткенге өкінбеу, еңбек қылып елді билеу, жұртты ала 
қылмай әділетті болу); Абылайдың салтанатты хандық құруы; Абы-
лайдың Үйсін елінде сырқаттанып төсек тартып қалуы; Бұқар жы-
раудың  ханмен  қоштасуы;  Абылайдың  дүниеден  озуы  және  оның 
тағына баласы Ғұбайдолланың отыруы. 
Келтірілген уақиғалар тізбегі поэманың алғашқы 106 шумағын-
да баяндалады. Шығарманың қалған бөліміне Абылай хан ұрпақта-
рының  ерлік  істері  арқау  болады.  Қ.Мұхаметханұлы  Көкбайдың 
«Сабалақ» поэмасының құрылысы, мазмұндық сипатын жаза келе, 
Мұхтар Әуезовтің пікірін тілге тиек етеді. 
Олжабай  ақын  өз  поэмасында  Абылай  ханның  өмір  өткелдерін 
ғана суреттейді. Оның жырлаған «Сабалақ – Абылай ханның» сю-
жетінде  негізгі  уақиғалар  тізбегі  төмендегідей:  Абылайдың  асыл 
тегін Шыңғыс ханнан таратуы; жетім қалған Әбілмансұрдың Түр-
кістаннан  Төле  бидің  еліне  жетуі;  Төле  бидің  Сабалақты  сынауы; 
Төле  бидің  еліне  Бөгенбай  батырдың  келуі;  Сабалақтың  Бөген-
бай  қолына  қосылып,  шайқаста  ерлік  көрсетуі;  Бөгенбай  батыр-
дың  Нарқызыл  атын  Сабалаққа  мінгізіп  бата  беруі;  келесі  жылы 

– 109 –
шайқаста  Сабалақтың  қалмақ  батырларын  жекпе-жекте  жеңуі; 
Талқы-Құлжа  маңындағы  айқаста  Сабалақтың  «Абылайлап»  қа-
мал бұзуы; Абылай өзінің шын ата тегін айтуы; Баянауладағы Са-
бындыкөлде Абылайдың үш жүзге хан сайлануы; үш жүздің басын 
қосқан жиын Қанжығалы Абыз-Шомақ ауылында өтуі.
Біздің  пікірімізше,  Олжабай  ақын  Абылай  хан  туралы  ел  іші-
не  тараған  аңыз  әңгімелерді  және  жыраулар  мұрасын  жақсы  біл-
ген. Ғылымда Абылай  ханның замандасы, ХVІІІ ғасырда жасаған 
әйгілі жырау Үмбетейдің «Бөгенбай өлімін Абылай ханға естірту» 
деп аталатын толғауы белгілі. Үмбетей жырау осы толғауында Бө-
генбайдың өлгенін айтпас бұрын, алдымен Абылайдың өмірбаянын 
жырлайды. Сонда жырау:
Жас күніңде, Абылай...
Үргеніштен мұнда кеп,
Сарыарқаны жерім деп,
Қалың қазақ елім деп,
Келмеп пе едің жаяулай.
Төле биді тапқанда,
Күндіз түйе баққанда,
Жалғызбын деп шошымай,
Еш малшыға қосылмай,
Қара жерге отырмай,
Күпіңді салып астыңа,
Жең жастанып басыңа,
Қол-аяғың төрт жақта
Жатушы едің сол шақта.
Ұмыттың ба соны, Абылай! [13, 76-77], – 
деп жырлайды. Осы үзіндіде көрсетілген Абылай ханның белгі, қа-
сиеттерін О.Нұралыұлы өз поэмасында суреттейді. «Сабалақ – Абы-
лай хандағы»:
Жөнелді бетін түзеп Балқаш жаққа,
Ұлы жүз  – Үйсін деген бір халыққа.
Бірнеше ай арып, талып елсіз жермен
Жетіпті қалың ауыл көп қазаққа [2, 232], –
деген жерден Абылайдың Төле би еліне босып келгенін түсінеміз. 
Ал жетім баланың тегін адам емес екендігін Олжабай ақын былай 
сипаттайды:
Бәйбішесі биге айтты: Байқайсыз ба?
Тегін адам емес қой осы бала.

– 110 –
Бір күн ояу отырса, жантаймайды,
Қалғымас екі көзі жайнап жана.
Шаңырқап ыстық күні малдан келсе,
Аяқты тауыспайды аз-көп берсе.
Астына нәрсе салмай отырмайды,
Қыдырмайды еш жаққа үйде жүрсе [2, 232].
Түні бойы ояу отырып, жантаймау – төзімділіктің белгісі болса, 
берген асты түбіне дейін ішпеу, астына нәрсе салмай тақыр жерге 
отырмау – жас жігіттің бойындағы тектілікті көрсетеді. Ел ішінде 
таралған  аңыз  әңгімелердің  негізінде  жазылған  О.Нұралыұлының 
«Сабалақ – Абылай хан» поэмасында жоғарыда көрсетілген Үмбе-
тей  жыраудың  толғауымен  мазмұндас  келетін  тұстар  бар.  Көкбай 
Жанатайұлының нұсқасында Сабалақтың осынау белгі, қасиеттері 
жазылмаған. Ал Сабалақтың екі қолы мен екі аяғын төрт тарапқа 
созып  ұйықтайтыны  туралы  Үмбетей  жырауда  кездесетін  мәлімет 
Көкбайда да, Олжабайда да айтылады. 
Абылай ханның өмір тарихын баян ететін Көкбай мен Олжабай 
ақындардың поэмалары – ел арасына кең тараған аңыз әңгімелердің 
желісімен жазылған көркем туындылар. Жазба әдебиетте эпикалық 
туындылардың аңызға сүйеніп жазылуы қалыптасқан дәстүр. Бұл 
мәселе  арнайы  зерттеулерде  де  қарастырылды  [14].  «Аңыз  –  қа-
зақ фольклорлық прозасының жанры, елдің, тайпа, рудың шыққан 
тегі, кешкен жолы хақындағы немесе тарихта болған әйгілі адамдар 
– хан, батырлар, би, шешендер жайындағы, сондай-ақ нақтылы бір 
жер-су сол жерде өткен уақиғалар турасындағы тарихи шындыққа 
негізделген, халықтың тарихи жадында сақталған, әйтсе де уақыт 
өте көркемдік сипат алған әңгіме» [15, 30]. 
Аңызда  тарихтың  көрінісі  ғана  сақталады.  Егер  ертегіде  оқиға 
ойдан  шығарылса,  оған  формасы  жағынан  жақын  аңызда  белгілі 
бір мөлшерде тарихи шындық бар. Аңызды тарихтың көшірмесі деп 
қарай  алмаймыз. Ал аңыздың негізінде жазылған  көркем шығар-
мада сол тарихи шындық қаламгердің көздеген идеялық мақсаты-
на орай бұрмалануы мүмкін. Көрнекті ақын Мағжан Жұмабайұлы 
өзінің  «Батыр  Баян»  поэмасында  шығарманың  бас  кейіпкерлері 
Баян мен Ноянды бір туған етіп көрсетеді. Ғалым Шоқан Уәлиха-
новтың жазбаларында Баян батырдың тағдыры жазылса да, оларда 
Ноян туралы айтылмайды [16, 217-218]. 
Жоғарыда  сөз  етілген  Көкбай  мен  Олжабай  ақындардың  Абы-
лай  хан  туралы  поэмалары  тарихи  аңыздардың  желісімен  жа-
зылған.  «Аңыздар  шартты  түрде,  тақырыптық  сипатына  қарай, 

– 111 –
тарихи және топонимикалық аңыздар деп жіктеледі» [15, 30]. Көк-
бай  мен  Олжабай  шығармаларында  тарихи  шындық  қаншалықты 
сақталған? Жалпы Абылай хан туралы ел ішіне кең тараған жыр-
лар мен поэмалардың тарихилылығы жайында не айтуға болады? 
«Адамзаттың тарихы – тап тартысының тарихы» (К.Маркс) деген 
көзқарас қоғамда үстемдік еткен заманда Абылай ханның бейнесі-
не және оның дәуіріне біржақты баға берілді. Кеңес өкіметінің ір-
гесі сөгіліп шаңырағы құлай бастаған кезеңнен бері тарихтағы ұлы 
бабамыздың  тұлғасы  жылдар  өте  даралана  түсуде.  Бұрмаланған 
тарихи шындықты түзетіп, қоғам көзқарасын өзгертуге әдебиетта-
нушы  ғалымдар  едәуір  үлес  қосты.  Қазақстан  Республикасы  Ұлт-
тық  Ғылым  академиясы  М.О.Әуезов  атындағы  Әдебиет  және  өнер 
институты  1993  жылы  «Жазушы»  баспасынан  «Абылай  хан.  Та-
рихи жырлар. Бірінші том» [17] деген кітап шығарды. 1995 жылы 
осы ғылыми мекеме ғалымдары «Білім» баспасынан «Қазақ халық 
әдебиеті» сериясымен «Тарихи жырлар. Бірінші том. Абылай хан» 
[4] деген кітапты жариялағанын атадық. Академиялық жинақтарда 
ұлы  хан  туралы  жазылған  ғалымдар  мақалалары,  ел  арасындағы 
аңыз әңгімелер, халық ақындарының жыр, дастан, поэмалары жа-
рық көрді. Көрсетілген кітаптарға Көкбай мен Олжабай шығарма-
лары да енді. 
Ұлттық рухты асқақтататын тақырыпқа қалам сілтеген Көкбай 
Жанатайұлы  және  Олжабай  Нұралыұлы  поэмаларында  қазақ  та-
рихындағы  батырлық,  қаһармандық  дәуірді  жырлады.  Көркемдік 
қуаты биік шығармаларда тарихи шындық мейлінше сақталды. Се-
бебі  О.Нұралыұлы  кезеңінің  ақындары  тарихты  кейінгіге  көркем 
сөзбен  жеткізуді  мақсат  тұтты.  Олардың  көбі  өзін  әдебиет  жасап 
жатырмын деп есептемеді, тарихты жеткізуге қолғабыс тигізіп жа-
тырмыз деп ойлады.   
«Сабалақ  –  Абылай  хан»  поэмасын  Олжабай  Нұралыұлы  туған 
жерінен жырақта айдауда жүргенде, қазақ халқының өткен өмірін 
жаппай мансұқтап, тарихта өткен хандарымыз бен батырларымыз-
ды «халық жауы» ретінде көрсеткен заманда жазды. Бұл шығармада 
автор  қазақтың  өткен  өміріне  көз  жүгіртіп,  тарихи  тұлғаларға 
объективті әділ бағасын берді. Шығармада Олжабай ақын Абылай 
хан  тұлғасына  деген  өзінің  үлкен  ілтипатын  білдірді  және  сол 
арқылы оның заманына деген сағынышын байқатты. 
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет