З. Е. Кабылдинов тарих ғылымының докторы, профессор


пайдаланған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет9/13
Дата24.03.2017
өлшемі3,77 Mb.
#10153
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Абрамов Н. Сибирские татары // Тобольские губернские ведомости, 
1861, № 35.
2. Миллер Г.Ф История Сибири. Т.1. –М.,-Л.: Изд-во АН СССР, 1937. 
–С.189-190.
3. Сонда, - С. 190.
4 Сонда.
5.  Сафаргалиев  М.  Г.  Распад  Золотой  Орды  //  На  стыке  континентов 
и цивили-заций... Из Трепавлов В.В. Общественный строй в Монгольской 
империи XIII в. -М, 1993, - С. 221.
6. Файзрахманов Г.Л. История сибирских татар (с древнейших времён 
до начла XX в.). - Казань, 2002.
7. 
Вәлиди Туган Ә.-З. Башкорттарзыә тарихы. Тšрек һәм татар тарихы. 
– Өфө, 1994. – С. 25. 
8. Усманов М. А., Шайхиев Р. А. Образцы татарских народно-краевед-
ческих  сочинений  по  истории  Западной  и  Южной  Сибири  //  Сибирская 
археография и источниковедение. – Новосибирск, 1979. – С. 91. 
9. Миллер Г.Ф История Сибири. Т.1. –М.,-Л.: Изд-во АН СССР, 1937. 
–С.194. 
10. Левшин А.И. Описание киргиз-кайсацких или киргиз-казачьих орд 
и степей. – Алматы: Санат, 1996. – 156 б.
11. Катанов Н.Ф. Предания тобольских татар о прибытии в 1572 году 
мухаммеданских проповедников в г. 12 Сонда, -58-59 б.
13 Бартольд В.В. Гирей // Сочинения. - М.: Наука, 1968. - Т.Ч.- 522 б.
14. Красинский Г. Покорение Сибири и Иван Грозный // Вопросы исто-
рии, № 3. 1947.
15.  Скрынников  Р.Г.  Сибирская  экспедиция  Ермака.  –  Новосибирск, 
1982. – С.115.
16. Миллер Г.Ф История Сибири. Т.1. –М.,-Л.: Изд-во АН СССР, 1937. 
–С.339-340.
17. Сонда, -С. 230-231.
18. Трепавлов В.В. История Ногайской Орды. – М., 2002. – С.325.
19. Миллер Г.Ф История Сибири. Т.1. –М.,-Л.: Изд-во АН СССР, 1937. 
–С.220.
20. Козыбаев М.К. История и современность. – Алма-Ата, 1991. – 158 б.
21. Миллер Г.Ф История Сибири. Т.1. –М.,-Л.: Изд-во АН СССР, 1937. 
–276 б.
22. Трепавлов В.В. История Ногайской Орды. – М., 2002. – 53 б.
23. Миллер Г.Ф История Сибири. Т.1. –М.,-Л.: Изд-во АН СССР, 1937, 
-169 б.
24. Сонда 165 б.
26. Миллер Г.Ф История Сибири. Т.1. –М.,-Л.: Изд-во АН СССР, 1937.- 
166 б.
28. Сонда, -179 б.

– 132 –
31. Сонда, -190 б.
33. Сонда, - 204 б.
34. Сонда, -197 б.
35. Сонда, -199-200 б.
37. Миллер Г.Ф История Сибири. Т.1. –М.,-Л.: Изд-во АН СССР, 1937. 
– 208 б.
38. Миллер Г.Ф История Сибири. Т.1. –М.,-Л.: Изд-во АН СССР, 1937. 
–С.235.
39. Сонда, – 293 б.
40. Сонда, – 300 б.
41. Сонда, – 301 б.
42.  История  калмыцких  ханов  //  Лунный  свет:  Калмыцкие  истори-
ко-литературные памятники. – Элиста, 2003, - С.56.
43.  Сонда, - 57 б.
44.  Викторин  В.М.  Этнокофессиональные  связи  тюркских  народов  с 
калмыками в Нижнем Поволжье и Предкавказье //turkolog.narod.ru/info/
turk-13.htm
45.  Викторин  В.М.  Этнокофессиональные  связи  тюркских  народов  с 
калмыками  в  Нижнем  Поволжье  и  Предкавказье    //  turkolog.narod.ru/
info/turk-13.htm 341 б.
46. Сонда, –411 б.
47 Сонда, –.413 б.
48. Сонда, –278-279 б.
49.  Абусеитова  М.Х.  Взаимоотношения  Казахстана  со  странами  и  на-
родами Центральной Азии  //  История Казахстана и Центральной Азии. 
– Алматы. 
НаЙМаНОВ Ғ. Ж.,
«Бәйімбет» қоғамдық бірлестігінің Президенті
БӘЙІМБЕТ БаТыР – ҚаЗаҚ  ХаНДыҒыНыҢ
КӨРНЕКТІ ҚаҺаРМаНы
Биыл  Қазақстанда  аталынып  өтетін  мерейтойларымыз  бар:  Қа-
зақстан Халқы Ассамблеясының мен Конституциямыздың 20 жыл-
дығы,  Ұлы  Отан  соғысындағы  Жеңістің  70  жылдығы,  Қазақ  хан-
дығының  550  жылдығы,  еліміздің  тәуелсіздігінің  24  жылдығы. 
Бүгін  Петропавлда  «М.Қозыбаев»  атындағы  Солтүстік  Қазақстан  
Мемлекеттік университетінде «Қазақ хандығының 550 жылдығы» 
атты конференция жүргізіліп жатыр.
Осы  жылдар  ішінде  ғасырларға  созылған  отаршылдықтан 
есімізді  жиып,  жан-жағымызға  қарай  бастадық.  Жоғалтқанымы-
зды тауып, жоғымызды түгендеудеміз. Ісіміздің табысты болуы ең 

– 133 –
алдымен патриоттық тәрбие беруге келіп тіреледі. Әрбір адам біздің 
мемлекетімізге,  оның  бай  да,  даңқты  тарихына,  оның  болашағы-
на өзінің қатысты екенін мақтанышпен сезіне алатындай іс-қимыл 
жүйесіне талдау жасауы қажет. Біз жас ұрпақты еліміздің шынайы 
тарихымен  таныстырып,  ата-бабамыздың  ерлік-даңқын  асқақта-
туымыз керек. 
Елбасы  Н.Ә.  Назарбаевтың:  «Ұлы  тұлғаларды  білмейінше,  бір-
де-бір  дәуірді  дұрыстап  тану  мүмкін  емес.  Адам  тарихының  ай-
насынан  біз  тарих  көшінің  жүрісін  ғана  аңдап  қоймаймыз,  оның 
рухын,  тынысын  сеземіз.  Сондықтан  да  халқы  мен  елінің  алдын-
дағы өздерінің перзенттік парызын айқын да анық түсінген, қандай 
қиын-қыстау жағдайда оны адал орындаудан жалтармаған адамдар 
қай өмірде өмір сүрсе де, дүйім жұртының нағыз азаматы бола бер-
мек. Тарихтың қай кезеңінде болсын олар өз ұлтының бетке ұстар 
мақтанышы болып келген»[1].
Қазақ  хандығының  550  жылдығы  –  төл  мерекеміз  тұңғыш  рет 
мемлекеттік деңгейде аталып өтеді. Ұлттық қадір-қасиетіміз бен ақ 
жолымызды ұлықтау – Алты Алаштың рухын көтереді деп сенеміз!  
Мемлекеттілімігіздің  қалыптасуы  кезеңіндегі  хандарымыздың 
дәуірін,  сол  тұстағы  жыраулар  мен  абыздарды,  билер  мен  батыр-
ларды бар болмысымен ұрпақ санасына сіңіру керек.
Нұрсултан  Әбішұлы  2013  жылы  қазан  айында  болған  кездесу-
де: «Абылай хан Керей мен Жәнібек хандар тіккен қазақ ордасына 
еңселі ел ету ісіне саналы ғұмырын арнады. Қазақ хандығы деген 
ұлан-ғасыр жерімізді жаудан аза етіп, еліміздің етек-жеңін бүтін-
деді» – деп айтқан еді [1].
Абылай  хан  аса  күрделі  заманда  өмір  сүрді.  Орыс  үкіметі  қа-
зақты  бағындыруды  мақсат  қылды,  ал  қазақ  хандары  өзара  жау-
ласты,  араздасты,  өштесіп  әрқайсысы  кез  келген  жұрттан  көмек 
іздеді.  Сол  бақталастық  қазақ  хандығының  шаңырағын  неше  рет 
шайқалтқаны  да  әмбеге  аян.  Ресей  қазақ  даласын  уысына  кіргізе 
бастады. Осындай аласапыран дәуірде қазақ халқының жалғыз ғана 
үміті Абылай хан болатын. 
Абылай  хан  қазақ  үшін  тәуелсіздік  туы,  бостандық  нышаны, 
ұраны  болды,  аз  ғана  ғұмырын  осыған  сарп  етті.    Ол  өзінше  са-
ясат  құрып,  төңіректегі  елдермен  ойдағы  Орыс,  қырда  Қытаймен 
дипломптиялық орынды қарым-қатынас жүргүзуі арқасында қазақ 
халқының басын құрап, елдігін қайта орнатты. 
Тәуелсіздік  алып  дербес  мемлекет  атануымыздың  арғы  арқауы 
осындай жау жүрек ұлы бабаларымыз Абылай хан басқарған Қожа-

– 134 –
берген  Толыбайсыншыұлы,  Жанатай  Ақанұлы,  Тұрсынбай  батыр 
Ертісбайұлы,  Байболат  батыр  Шегірекұлы,  Жәнібек  Қошқарұлы, 
Қошқарбай батыр Сағалайұлы, Баян батыр Қасаболатұлы, Сары ба-
тыр Қасаболатұлы, Төбет ұлдары: Өтебай, Бәйімбет, Асан, Үсен ба-
тырлар сияқты азаматтардың есімімен тығыз байланысты. 
Есімдері аталған аталарымыздың дүниеде болғаны туралы дерек-
тер бар:
1. 1742 жылы 23-30 августа орыс ханшасы Елизавета Петровнаға 
Орта жүздің билері мен батырларының ант беріп қол қойған № 93 
хатында 184 ант беріп қол қойған билер мен батырлардың арасында 
Орта жүздің Керей руынан Асан, Үсен, Бәйімбет, Өтебай батырлар-
дың қолдары бар [2, 220-222 беттер].    
2.  Шоқан  Уәлихановтың  «Исторические  предания  о  батырах 
ХVIII  в.»  (Қасенов  Е.  Б.  –  Век  казахско-джунгарского  противо-
стояния. Павлодарский ГУ.) деген еңбекте ғалым 12 әңгімеде орта 
жүздің  ХVІІІ  ғасырдың  бетке  ұстар  ұлдарының  көпшілігін  қазақ 
аңыздарына  сүйене  отырып  атап  кетеді.  Олардың  ішінде  Үсен  ба-
тыр Төбетұлы туралы мәліметтер бар. Қауіпті кездерде Орта жүздің 
ханы  Абылай  шағын  қолмен,  сенімді  батырларымен  оңтүстіктегі  
шекарада қарсыласқан қоқандықтарды, қалмақтарды және қырғыз 
манаптарын басып отырады екен.
Бұл батырлардың тұрған мекендері қазыргі Солтүстік Қазақстан 
өңірлері мен Ресейдің Омбы облысының жерлерінде болған. Мыса-
лы: 
1.  Байболат  батыр  шегірекұлы  (1694-1782)  ж.,  руы  Күрсары 
Керей Сарыдан тарайды, Омбы облысы Тәбіршан ауданы Байдалы 
(Байтұяқ) ауылында жерленген. Байболат батыр Шегірекұлына 21 
маусымда  2014  жылы  ұрпақтары  Байдалыда  ескерткіш  қойып  ас 
берді. Бұл шараны ұйымдастырған Байболат батырдың ұрпағы Қа-
былдинов Зыябек Ермұханұлы – тарих докторы, профессор, Аста-
надағы «Түркіслав» Академиясының вице – президенті [3].   
2. Жәнібек Бердәулетұлы (1714-1798) – Керей тайпасының Абақ 
руынан шыққан батыр, шешен.
Өткен  жылы  Бәйімбет  батырдың  замандастары,  серіктестері 
Жәнібек  пен  Баян  батырдың  мерекелі  тойларын  Абақ  Керей  мен 
Уақ ағайындарымыз  қор ашып, ұрпақтары миллиондап ақша қо-
сып  үлкен  деңгейде  өткізді.  Маусымның  21-22-де  2014  жылы  Се-
мейден  150  шақырым  Қалбатауда  (бұрынғы  Георгиевка)  Жәнібек 
Бердәулетұлының  300  жылдық  мереке  тойы  мемлекет  деңгейінде 
өтті [4].   

– 135 –
3.  Баян  батыр  Қасаболатұлы  (1710-1759)  –  Уақ  тайпасынан. 
Уақ-Керей жасақтарын бастап қалмақтарға қарсы соғысқан. Өмірін 
елінің тәуелсіздік жолындағы күреске арнаған, сондықтан «Батыр 
Баян»  атанған.  Шілденің  20-21  2014  жылы  Павлодар  қаласында 
Торайғыров  пен  Кутузов  көшелерінің  қиылысында  Баян  батырға 
ескерткіш  орнатылды,  айтыс  ұйымдастырылды,  ас  берілді,  театр-
ландырған көріністер қойылды.
4.  Сары  батыр  Қасаболатұлы  (1690-1771)  –  Уақ  тайпасынан. 
Баян  батырдың  ағасы.    Сары  батыр  Қасаболатұлына  2014  жылы 
ескерткіш орнатылды.
5. Бәйімбет Төбетұлы (1708-1790 ж.) – жоңғар басқыншылығы-
на  қарсы  азаттық  жорығын  ұйымдастырушылардың  бірі,  атақты 
батыр, ұлы қолбасшы болған. Шыққан тегі – Орта Жүздің Күрсары 
Керей руынан, мекендеген жері Көкшетау өңірі [5].  
Деректерге сүйенсек, қазақ-жоңғар қарым-қатынастарының ши-
еленесуі XVII-XVIII ғасырда болған екен. XVIII ғасырдың басында 
Күрсары Керейден шыққан Төбет байдың балалары Өтебай,  Бәйім-
бет, Асан, Үсен батырлар дүниеге келеді. 
Бәйімбеттің  әкесі  Төбет  байдың  малының  көптігі  сонша,  мал-
шы-жалшыларының  өздері  ауыл-ауыл  болып,  қиыр-қиырда 
көшіп-қонып  жүреді  екен.  Олардың  бәрінің  басын  қосып,  былай-
ғы  ел,  тіпті  өздері  де  «орда»  атайды  екен.  Осыншама  байлықты 
қорғау үшін де қаншама сенімді атарман-шабарман керек қой. Сон-
дықтан Төбеттің төрт ұлы да батыр болған: Өтебай, Бәйімбет, Асан, 
Үсен. Ал әкесі Төбет балаларының ішіндегі Бәйімбетті жастайынан 
ауыл-аймағына  cөзі  өткен  ақылгөй,  алысса  білегін  батыра  білген 
балуан,  сөзге  салса  шалдырмаған  сегіз  қырлы,  бip  сырлы  осы  ор-
даның  басшысы  ретінде  тәрбиелеген.  Бәйімбет  атамыз  ерекше  ба-
тырлығымен ел көзіне түскен, Абылай ханның қолбасшыларының 
бірі  болған  екен.  Бәйімбет  батырдың  даңқты  есімі  кешелі-бүгінгі 
Ресейдің Омбы, Солтүстік Қазақстан облыстарында қалың қазақ да-
ласын аралап, батырлық пен ерліктің рәмізіндей ел аузында сақта-
лып қалған.
Бәйімбет  атамыз  16-18  жасында  атқа  қонып,  ағасы  Өтебаймен 
және серіктерімен ел еркіндігі жолында Абылай ханның орда сар-
баздарының қатарына қосылады. Бәйімбет батыр да, ағасы Өтебай, 
інілері Асан, Үсен батырлар да 1732 жылы тамыз айындағы, 1741 
жылы  ақпан  айындағы,  1752  жылы  қыркүйек  айындағы  қалмақ 
әскерлерімен Орта жүз жеріндегі соғысы, 1751-1775 жылдары Абы-
лай ханның бірнеше шешуші шайқастарына қатысып, сенімді серік-

– 136 –
терінің біріне айналады. Ата бабаларымыз кіндік қаны тамған ки-
елі жерін бүтін ел болып өре тұрып, жат табанға таптатпай қорғап, 
сақтап қалды.
Омбы  архивінен  табылған  деректер  мен  құжаттардан  бабамыз 
Бәйімбетті батыр ғана емес, Атығай- Бәйімбет елін басқарып, жүгін 
арқалай білген «Бәйімбет бек» аталған және патша ағзамның сарай-
ына барған «елші» ретінде білеміз.
1790 жылы Бәйімбет батырды Ханның үкімі бойынша балалары 
Қарақожа, Биқожа, алыс-жақын ағайындары Түркістандағы Қожа 
Ахмет  Яссауи  кесенесінде  жерледі.  Ол  жерде  тек  хандар,  сұлтан-
дар, атақты батырлар, билер ғана жерленген. 
Осылай бола тұра Бәйімбет батыр есімі өз ұрпағынан басқа ха-
лыққа кеңінен таныс емес. Біздіңше, оның бірнеше себебі бар.
Бірінші  себеп.  Қазақтың  ескі  шежіресінде  болғанымен,  өткен 
ғасырда    Бәйімбет  батыр  туралы  не  бір  зерттеу  еңбек,  не  басқа 
бір  кітап  шыққан  емес.  Шынайы  тарихты  дәріптеу  кешегі  Кеңес 
үкіметі тұсында үлкен қателік деп есептелінді. Сол заманда Бәйім-
бет батыр туралы жұмған ауызды ашуға болмады, өйткені ол отан-
шыл еді,  оның есімін дәріптеу «ұлтшылдыққа» ұрындырар еді. Сол 
себептен, Шоқан айтқандай, «ол өзі бай, өзі батыр, өзі ақылды, өзі 
Атығай-Бәйімбет елінің бегі (билеушісі)» - шаң басқан архивте қала 
берді.  
Екінші себеп. Советтік қуғын-сүргіннен аман қалғандар біржола 
үрейге беріліп, үн шығармай бұғып қалды. Тарихты жақсы білетін 
қариялар қаншама деректерді өзімен қоса қара жердің қойнауына 
ала кетті.
Үшінші  себеп.  Отаршылар  қазақтың  көзге  түсетін  ер-азаматта-
рының,  батырлары  мен  серілерінің  әртүрлі  себеп  тауып  көздерін 
жойып,  бодан  елді  жасытып  отырды.  Бұл  саясат  бірнеше  ғасыр 
бойы жүргізіліп, Ертіс бойындағы елдің жуасуына, тарихи жады-
ның жұтап, қиындық көріп, күнкөріс қамымен тіршіліктен бас кө-
тере алмай қалуына әкеп соқты. Сөйтіп, ел санасынан Бәйімбет ба-
тырмен қоса оның серіктері, олардың ерлік істері ұмытылды.
Алматылық  Кенесбай  Табылдиев  зейнетке  шыққасын  2007 
жылы «Қазақ батырлары» атты кітәп шығарды. Кітәпта 410 қазақ 
батырларының саны көрсетілген. Осының ішінде 68-і Орта жүздің 
шыққан батырлары. Келтірілген мәліметтер жоқтың қасы деуге бо-
лады, өйткені өмірлерінен толық мағлумат жоқ. Әрине, «Ормандай 
көп Орта жүзде» 68 ғана батыр емес, әлдеқайда көп мыңдаған ба-
тырлар болған [6].     

– 137 –
Бүгінгі Бәйімбет батырдың ұрпақтары
1925-1933  жылдары  Қазақстанды  басқарған  Голощекин  қазақ 
даласында үш миллион қазақты  жойып құртып жіберді. Бәйімбет 
атамыздың  тұқымы  Ресейге  қоныс  аударуымен  ғана  аман  қалды. 
Бәйімбет елінің діншіл ақсақалдары ақылдасып Омбы облысының 
Назыбай ауданына көшуге шешім қабылдайды. 1929-33 жылдары 
Назыбай  ауданына  Бәйімбеттің  «Алтыншы  ауылы»  және  Бостан-
дық ауылы қоныстанады да колхоз құруға кіріседі [5].   
Шолақ  белсенділерден  өлдім-талдым  деп  ес  жия  бастағанда 
соғыс  басталады.  Бір  ғана  Бәйімбет  ауылынан  1941  жылы  60  жі-
гіт аттанған еді, көбі қайтпады. Сұрапыл соғыс аш-жалаңаш елдің 
берекесін әбден-ақ кетірді. Халқын аштықтан аман-есен алып қалу 
үшін  ел  азаматтары  ерен  еңбек  жасады.  Аталарымыз  осылай  ұр-
пағын аман алып қалды. Аман-есен елге оралған  Бәйімбет батыр-
дың батыр ұрпақтары (60-тың  20 шақтасы) Ұлы Отан  соғысында 
елін қорғағаны үшін орден және медальдармен марапатталды. Ел-
дің жағдайы жақсарып балаларына білім беруге талпынды. 
Қарулы  күрестің  заманы  өтті.  «Білекті  бірді  жығар,  білімді 
мыңды жығар» дегендей Бәйімбет батырдың білім алған, сонымен 
қатар  қазақтың  тәрбиесін  сіңірген,  ұлтқа  қызмет  етуге  асыққан 
жаңа ұрпақ өсіп шықты. Елдің қамы Бәйімбет азаматтарын ерте ер 
жеткізді. 1958-1960 жылдары бірінші лек оқуға Қазақ еліне, Ата 
бабасының қонысына тартты. Бәйімбет елінен бірінші болып 1959-
1960 жылдары қазақ астанасы Алматыға білім алуға Мұхамед Мез-
гілбайтегі,  соңынан  Қайролла  Сатыбалдыұлы  келді.  Біреуі  Қазақ 
ТВ-сын,  ал  екіншісі  Алматы  саудасын  басқарды.  Өз  еңбектерінің 
арқасында Алматының төрінен ойып орындарын алып, елден отыз 
шақты жанұя келуіне жағдай тудырды.
Қалайда «Ер есімі – ел есінде» демекші, игілікті іс бірінші бо-
лып көрші Ресейде басталды. Өңірге танымал білім басшысы, Бәй-
імбет  елінің  мектеп  директоры  Шәмсиден  Сәрсенбайұлының  атса-
лысуымен,    1990  жылы  РСФСР-дің  Жоғарғы  Советі  Президиумы 
Указымен (№ 433-1 от 18.12.90 г.) Омбы облысы, Называевск ауда-
нындағы №6 аул «Бәйімбет батыр» ауылы деп өзгертілді. Ал 1995 
жылы елдегі орта мектепке Бәйімбет атамыздың аты беріледі.
Мен  Омбы  обл.  Называевск  ауданы,  Бәйімбет  ауылында  1951 
жылы дүниеге келгемін. Жастайымнан аталарымыздан естігеніміз: 
«Сенің бабаң Бәйімбет батыр, ағасы Өтебай және егіз інілері Асан-
Үсен  төртеуі  де  батыр,  балуан  болған.  Балалары  Қарақожа,  Биғо-

– 138 –
жада батыр болған. Бәйімбет батыр ел билеген, ақылгөй бек атағын 
алған,  Қожа-Ахмет  кесенесінде  жерленген».  Батырларға  елтіп 
қылыш,  шоқпар,  садақ  жасап  тайларымызды  мініп  ойнайтынбыз 
бір-бірімізбен  күресетінбіз.  Орыс  мектебінде  СССР  тарихын  оқи-
тынбыз. Қазақтарда мемлекет болмаған, өйткені тарихтарың жоқ, 
сендер  «барансыңдар»  бұрын  «барандарды»  бағып  көшіп,  қонып 
жүргесіңдер. Ресейге қосылып дұрысталдыңдар деп айтатын. Кейде 
шыдамай төбелесетінбіз де. 
«Отан» – деген ұғымды ес кіріп, ер жеткен соң ұғындық. Әрине, 
ол  туып  өскен  жермен  байланысты.  Өскесін  ойлайсың:  «Осы  біз 
кімнен  туып,  қалай  өсіп  өндік?  Неге  Ресейде  жүрміз?  Келешек-
те  қалай  өмір  сүреміз?  Ұрпағымыздың  тағдыры  қалай  болады?». 
Соны ойлап мен ағаларым сыяқты 1975 жылы Омбының политех-
никалық институтын бітіріп ата-бабам жеріне Қазақстанға қызмет 
жасауға тарттым.
1991 жылы Қазақстан егеменді тәуелсіз мемлекет болды, ел бо-
лып, көк байрағымыз желбіреп, әлемге танылып, қудаланудан қо-
рықпай тарихи тұлғаларымызды зерттей бастадық. Іздестіру жұмы-
стары 2008 жылдың тамыз айында басталды. 2010 жылы қоғамдық 
«БӘЙІМБЕТ»  бірлестігі  құрылды.  2010  жылы  17  қыркүйекте  55-
60 ел азаматтары Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи ке-
сенесінде  жерленген    Бәйімбет  бабамызға  арнап  дұға  оқытып,  ас 
бердік. Бәйімбет батыр ұрпақтары 2011 жылдың 1-2 шілдесінде Ре-
сейдің Омбы облысы Называй ауданының Бәйімбет ауылында Бәй-
імбет батырға арналған той өткізілді. Осы тойға арналып «Бәйімбет 
батыр  Төбетұлы»  деген  кітәп,  күнтізбе,  Бәйімбет  батырдың  суреті 
жасалды. Осы той туралы Ресейдің телеарнасы сұбхат алып, хабар 
берді. 
Бәйімбет батырдың есімі Ресейдің Омбы облысының Называевск 
ауданында батырдың ұрпақтары тұратын ауылға және орта мектеп-
ке  берілген.  Ұлттық  рухтың  оянуы  мен  аруақты  бабамыздың  ал-
дындағы парызымызды өтеу үшін Бәйімбет батырды Ресейде емес, 
өзі туған, өмір сүрген және қанын төккен Қазақ жерінде қастерлеу 
қажет. 
Қоғамдық    «Бәйімбет»  бірлестігі  Бәйімбет  батыр  Төбетұлының 
есімін Көкшетау және Қызылжар қалаларының бір көшесіне беру 
жөнінде мәселе көтеріп, облыстың және қаланың әкімдеріне 3 рет 
хат жолдады (біріншісі 20.05.2011 ж., екіншісі 07.11.2012ж., үшін-
шісі 16.01.2013 ж.). 
Елден  келе  жатып  мен  СКО  әкімшілігіне  қабылдауға  кіріп 

– 139 –
әкімнің орынбасары Қуанғанов Фархадпен кездестім. Қазақстан Ре-
спубликасының Президентінің 2010 жылғы 12 қарашадағы № 5759 
тапсырмасына сәйкес белгілі объектілерге, елді мекендерге, көше-
лерге  ат  беруге  мораторий  жарияланғанын  айтқан  болатын.  2014 
жылы «Ономастика» заңы жаңа өзгерістермен қабылданғандықтан, 
Петропавл қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі біздің 
өтінішімізді қарастырып хат жіберді: «Қаладағы аудандарға, қала-
ның  құрамдас  бөліктеріне  атау  беру,  оларды  қайта  атау  бойынша 
ұсыныстарды зерделеу жөніндегі жұмыс тобының отырысында қа-
ланың жаңа салынып жатқан шағын аудандардың көшелерін ғана 
қайта атау туралы шешім қабылданды». 
Міне тәуелсіздігімізге 24 жыл болады. Біздің елбасымыз Нұрсул-
тан  Әбішұлы  «Мәңгілік  ел»  бағдарламасы  бойынша  істеп  жатқан 
шаралары  дұрыс:  тарихты  жаңалап  жазыңдар  дегеніне  2  жылдан 
асты және биылғы жылы қазан айында Қазақ елінің 550 жылдығы 
тойланады.  Осыған  орай  әр  өлкелерде,  жоғарғы  оқу  орындарында 
Ғылыми конференциялар, жиналыстар жүргізіліп жатыр. 
Қазыргі біз батырларға кенде емеспіз. Кең байтақ Қазақстанның 
әсіресе оңтүстік облысы, әр ауданына бара қалсаңыз, алдыңыздан 
ат мініп, садақ асынып, найза ұстаған батырлардың ескерткіштері 
шыға келеді. Кейбірі тарихи деректерден танымал тұлға болса, кей-
біреуі  мүлдем  естімегендер.  Солтүстік  облыстарда  әлі  күнге  дейін 
осы жерді жаудан қорғаған, өмірін жаугершілікпен өткізген баты-
рлар әлі ескерусіз қалып отыр. Өзгертілген «Ономастика» заңында 
нақты жазылған: қандай тұлғаларға көшенің, елді мекендердің ат-
тары беріледі, қандай құжаттар керек екені. Бірақ әкімшілік, оно-
мастикалық комиссиялардың шешім қабылдауға қауқарлары жет-
пейтін сыяқты. Тағыда айтарым Қазақ елінің 550 жылдығы келесі 
жылы  болмайды,  сондықтан  құзырлы  ұйымдардың  қимылдағаны 
жөн болар.
пайдаланған әдебиеттер тізімі
1.  «Мәңгілік  ел»  журналы  №  1-2,  2015  ж.,  Астана  қаласы,  Л.Н.  Гу-
милев  атындағы  Евразия  ұлттық  университеті,  бас  редакторы  Ерлан  Сы-
дықов.
2.  Сборник материалов и документов. Казахско-русские отношения 16-
18 в.в. – Алматы, 1961 г. 
3.  Кабульдинов З.Е. – Ауыл Байтұяқ (Байдалин) Прошлое и настоящее, 
Астана, ТОО «ISD. KZ», 2014 ж.
4.  Сұлтан Тәукейұлы – «Ақыр Жәнібек», Алматы, Абзал-Ай баспасы, 
2014 ж.
5.  Ғ. Жүсіпұлы. Бәйімбет батыр Төбетұлы. Алматы, 2011 ж. 
6.  Кенесбай Табылдиев – «Қазақ батырлары», «Фолиант», 2007 ж. 

– 140 –
КаБУЛьДИНОВ З. Е.,
директор НИЦ ГИ «Евразия» Евразийского национального
университета им. Л.Н. Гумилева, д.и.н.
МаСССОВОЕ НашЕСТВИЕ ДЖУНГаР
На ТЕРРИТОРИЮ КаЗаХСТаНа И ЕГО пОСЛЕДСТВИЯ
На протяжении более 100 лет казахи вели кровопролитные вой-
ны с джунгарами. Но самые трудные для нас  были годы «Актабан 
шубурунды и алкакол сулама» (Годы великого бедствия), имевшие 
место с 1723 года.  
В  1635  году  было  создано  централизованное  Джунгарское  хан-
ство во главе с Батуром-хонтайши. Оно располагалось к юго-востоку 
от Казахстана. 
В  1640  году  в  ставке  Батура  на  реке  Или  джунгары  приняли 
новый  свод  военных  и  гражданских  законов  по  названием  «Степ-
ное уложение».  Заметно укрепилось единство джунгар, усилилась 
их военная мощь. В военное время каждое родовое подразделение  
джунгар в кратчайшие сроки превращалось в боевую единицу.  Они 
могли  выставить  мощную  конную  армию  общей  численностью  до 
100 тысяч человек. Более того, они имели до 60 тысяч постоянного 
войска. 
Ведение  боевых  действий  было  основным  занятием  населения 
Джунгарии.  Среди    них  заметно  возросла    воинская  дисциплина. 
Прекратились внутренние распри. В целом Джунгария представля-
ла собой военизированное государство, нацеленное на захват  терри-
тории соседних государств.  Заметную роль в обеспечении духовного 
их единства сыграли тибетские ламы. 
У  джунгар  была  выработана    особая  тактика  ведения  военных  
действий.  Они предпочитали  вести  бой в открытой  степной мест-
ности. Джунгары сами производили порох из селитры и серы, из-
готавливали  сабли,  панцири,  латы,  шлемы  и  другое  вооружение. 
В  конце  XVII  века  они    уже  имели    огневое  оружие  с  фитилем. 
Они  сумели  даже    наладить  производство  пушек.  Эту  работу  воз-
главил швед Иоган Густав Ренат, попавший в плен к джунгарам. В 
Джунгарии работали заводы  по выплавке железной руды и цвет-
ных металлов. Им удалось создать разветвленную сеть шпионов-ос-
ведомителей, которые занимались сбором секретной информации на 
территории сопредельных государств.   
Жители  Джунгарии,  так  же  как  и  казахи,  занимались  коче-
вым и полукочевым скотоводством. Население этой страны состав-

– 141 –
ляло  около  1  миллиона  человек.  Около  полумиллиона  составляли  
представители покоренных народов. За короткое время джунгарам 
удалось подчинить многочисленные народы Алтая и киргизов. По-
следние  исправно платили подати, обеспечивали пополнение армии 
воинами. 
О  том,  насколько  Джунгария  представляла  опасность  для  сосе-
дей,  свидетельствует  тот  факт,  что  в  первой  половине  XVIII  века 
борьба с этим государством  была одной из основных внешнеполи-
тических задач Китая.   
Казахстан    издавна  привлекал  к  себе  внимание  джунгарских  
правителей и занимал  особое место  во внешней политике Джунгар-
ского ханства. Во-первых,  завоевав Семиречье и присырдарьинский 
регион,  их правители могли контролировать  один из важных пере-
крестков торговых  путей, связывавших Джунгарию с Российской 
государством, Сибирью, государствами Средней Азии. Им открыва-
лась прямая дорога в Афганистан, Иран и Закавказье.  Во-вторых,  
захват Казахстана позволял им заметно укрепить северные границы  
ханства и  получать  дополнительные  подати  с  покоренного населе-
ния. В-третьих, кочевых завоевателей привлекали  также огромные 
пастбищные угодья и торгово-ремесленные  центры юга Казахстана.   
В-четвертых, завоевание территории Казахстана сулило джунгарам 
и беспрепятственный проход к своим соплеменникам, кочевавшим в 
междуречье Яика и Волги. Наконец, это государство рассматривало 
население Казахстана как потенциальных рабов. 
Этими причинами объясняется  усиление агрессии джунгар про-
тив  Казахского государства.   
В начале 20-х годов XVIII века сложилась благоприятная ситу-
ация для очередного крупного похода джунгар на территорию  Ка-
захстана. В 1722 году умер китайский император (богдыхан) Кан-
си,  который  долгое  время    воевал  с  воинственными  кочевниками.  
Им  удалось  заключить    мир  с  Китаем.  Восточные    границы  для 
Джунгарского ханства стали безопасными. К правителю волжских 
калмыков  хану  Аюке  джунгары  отправили  послов  с  целью  веде-
ния  совместных  военных  действий  против  казахов.  Но  отсутствие 
достаточного количества  войск остановила калмыков от участия в  
военной компании против своих соседей - казахов.
 Россия была занята укреплением недавно возведенной Иртыш-
ской  военной  линий  (1716-1720  гг.)  и  не  представляла  серьезной 
опасности для Джунгарского государства. Более того, Россия во вза-
имоотношениях двух кочевых государств старалась придерживать-

– 142 –
ся нейтральной позиции. Ей  было выгодно ослабление как Казах-
ского государства, так и Джунгарского ханства. 
Весной 1723 года, основательно подготовившись к предстоящей  
войне и воспользовавшись  разобщенностью  казахских  ханств, Це-
ван-Рабдан двинул свое  70-тысячное войско в Казахстан. Джунгар-
ское войско действовало в семи направлениях. Первый удар наше-
ствия джунгар приняли  на себя казахи Семиречья  и Прииртышья.  
Враги  жгли аулы, угоняли скот и  убивали мирных жителей.
«Основательно подготовившись к предстоявшим военным опера-
циям, джунгарский хонтайджи Цеван Рабдан во главе многочислен-
ного войска, отлично вооруженного (винтовки, пушки и т.д.) напал 
на казаков. Начало вторжения в занимаемую казаками территорию 
падает на весну 1723 года.  
Казаки были застигнуты врасплох, ни о каких мерах защиты не 
могло  быть  и  речи;  нужно  было  бежать,  бросая  скот,  имущество, 
стариков,  детей  и  т.д.  Немало  народу  было  перебито  калмыками, 
немало погибло его при переправах через бушевавшие реки Таласа, 
Боролдай,  Арыс,  Сырдарью.  Охваченной  паникой  казаки  бежали 
к  реке  Сыр-Дарье,  только  за  ней  можно  было  чувствовать  себя  в 
безопасности. Старшая Орда и часть Средней переправились через 
Сырдарью выше впадения р. Чирчик в р. Сырдарью.
Громадная  толпа  переправилась  у  теперешнего  Конногвардей-
ского поселка, у исторического озера Алка-коль, о котором помнят 
казаки  Старшей  и  Средней  орды  («Алка-коль  сулама»).  Младшая 
орда, обогнув г. Сауран («Сауран айналган»), переправилась ст. Чи-
или или Кзыл-Орды (Ак мечети) и ушла в Хиву.
Это  историческое  бедствие  называется  «Актабан  шубурынды». 
Нищета  и  голод  достигли  крайних  пределов;  питались  нечистою 
тварью и корнями разных растений (джау-джумур –нечто вроде по-
левого  картофеля;  алгыр-похожий  на  лук,  корень  очень  горького 
растения; козы-куйрык-грибы; мия-кору березы и проч.)»[1].
Нашествие захватчиков было внезапным, поэтому казахам при-
шлось отступать, бросая скот, жилище и все свое имущество.
Несмотря  на  численное  превосходство  врага,  казахи  оказывали  
ожесточенное сопротивление. Никто не хотел сдаваться врагу. Каж-
дый казах защищал свою землю от захватчиков. Джунгары  полу-
чали отпор в горных местностях, в отдаленных степных районах, а 
также  городах. Казахские воины отступали, но  при этом давали 
оборонительные бои. Они давали возможность оторваться от пресле-
дования врага женщинам, детям и старикам. Так, жители Ташкен-

– 143 –
та во главе с казахским ополчением почти месяц  держали оборону 
города. Вслед за падением Ташкента  были взяты Сайрам, Турке-
стан и другие города. В  результате военных акций  была захвачена 
практически вся территория Казахстана, кроме пустынных и гор-
ных  местностей. Относительно неуязвимыми оказались отдаленные 
районы Западного Казахстана. 
Этот  период  (1723-1727  гг.)  в  истории  казахов  получил  назва-
ние  «Актабан шубырынды, Алка-кол сулама» (Годы великого бед-
ствия).  Он  принес  казахскому  народу  многочисленные  страдания,  
голод и нищету.  Тысячи  людей  были убиты, взяты в плен.  Были  
разорены сотни и тысячи аулов, отобран скот, захвачены и разру-
шены некогда цветущие города.
В поисках спасения казахи двинулись в западные регионы стра-
ны, вплотную приблизившись к Яику.  Массовые передвижения ка-
захов  вызвали некоторую обеспокоенность России и ее подданных: 
башкир  и родственных джунгарам калмыков. Российская империя 
предприняла  комплекс  мер,  направленных  на  защиту  своих  под-
данных. Была укреплена пограничная стража. Принимались меры 
к началу строительства новых военных укреплений в уральском ре-
гионе [2] . 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет