З. Г. Жокушева Адамның шығу тегі



Pdf көрінісі
Дата22.12.2016
өлшемі330,02 Kb.
#231

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі 

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті 

Экология кафедрасы 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

З.Г. Жокушева 



 

Адамның шығу тегі  

бӛлімі бойынша оқу-әдістемелік құрал 

5В060800-Экология 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Қостанай, 2015ж 



 

 

ББК 



 

Автор: 

Жокушева Зайда Габбасовна экология кафедрасының аға оқытушысы 

 

Сын пікірші: 

Блисов Тилеубай Матайулы,экология кафедрасының  а/ш.ғ.к, доцент 

Конысбаева  Д.Т  б.ғ.к,  доцент,  жаратылыстану  кафедрасының  менгерушісі, 

ҚМПИ  


Биосфераның эволюциясы жіне тегі: Бӛлімі бойынша оқу-әдістемелік құрал. 

– Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемелекеттік университеті. 

Бұл  бӛлімдер  бойынша  оқу-әдістемелік  кешенде  5В060800-Экология 

мамандығы  бойынша  оқитын  студенттерге  арналған  дәріс,  бақылау 

сұрақтары, пайдаланған әдебиеттер енгізілген.  

 

 



 

 

 



 

 

                                                                             ББК   



Аграрлық-биологиялық  факультетінің    оқу-әдістемелік  кеңесінде  бекітілді      №    

хаттамасы         «  »    

 2015  

 

 



 

 

 



© А. Байтұрсынов атындағы Қостанай 

                                                                                          мемелекеттік университеті,2015 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


 



 



Тақырыбы:  Адамның шығу тегі 

Мақсаты: Адамның шығу тегінің эволюциясын қарастыру 

Жоспар: 

1. Адам эволюциясы, немесе антропогенез 

2. Антропогенезге ескі кӛзқарастар 

3. Адамның жануарлардан пайда болғаны туралы тұжырымдар 

4. Антропогенездің кезеңдері 

5.Бастама болғандардың кезеңдері 



 

1. Адам эволюциясы, немесе антропогенез 

 

        Адам эволюциясы, немесе антропогенез (грек сӛзі  — адам,  даму) - бұл 



адам  эволюциясының  тарихи  қалыптасу  кезеңі.  ХҮШ-ХІХ  ғасырларда 

адамның шығу тегін зерттейтін ғылымды антропология деп атады. 

Адам  эволюциясының  басқа  түрлердің  эволюциясынан  сапалық  жағынан 

үлкен  айырмашылығы  бар,  ӛйткені  бұл  арада  тек  биологиялық  факторлар 

ғана  емес,  сонымени  қатар  элемеуттік  факторлар  да  әсер  етеді. 

Антропогенездің  мәселелерінің  күрделі  болуына,  адамның  ӛзі  екі  түрлі 

қасиетке  ие  болуымен  байланысты.  Бір  жағынан  ол  ӛзі  пайда  болған 

жануарлар  дүниесіне  жатады  және  ол  анатомиялық  және  физиологиялық 

тұрғыдан  жануарлар  дүниесімен  байланысты,  екінші  жағынан  —  ол 

ұжымдық еңбек арқылы жасалған ғылым мен техниканың, мәдениетгің және 

т.б.  жетістіктерінің  нәтижесінде  пайда  болған  тіршілік  ортасында  ӛмір 

сүреді.  Адам  бір  жағынан,  биологиялық  тіршілік  иесі,  екінші  жағынан, 

әлеуметтік тіршілік иесі болып саналады. 

XX  ғасырдың  басында  И.  И.  Мечников  айтқандай,  «...адамдардың  пайда 

болуы туралы теория ӛте маңызды ғылыми негізі бар теориялардың қатарына 

жатуы мүмкін».Адам жануарлар дүниесімен жан-тәнімен тығыз байланысты 

болуына  сәйкес,  оның  да  биологиялық  тарихы  бар.  Бірақ,  адамның 

жануарлардан  сапа жағынан  үлкен айырмашылығы  бар. Бұл айырмашылық, 

адам  қоғамының  даму  тарихында  әлеуметтік  факторлардың  әсерінен  пайда 

болатын үрдіс болып саналады. 

Адамның  тұқымқуалаушылық  қасиеті  эволюцияның  біртіндеп  және  ұзақ 

уақыт аралығындағы дамуының нэтижесінде қалыптасқан. Адамның тікелей 

арғы  тегі  эволюцияның  негізі  генетикалық  бағдарламаға  сәйкес 

морфофизиологиялық  құрылымы  мен  «еңбек  түйсігі»  арасындағы  қарама-

қайшылықтарға  толы  болды.  Бұл  қайшылықтар  табиғи  сұрыптаудың 

нәтижесінде  шешімін  тауып  алгашқы  кезде  олардың  алдыңғы  аяқтары 

ӛзгерді,  одан  кейін  мидың  үлкен  ми  сыңарларының  қыртыстары  дамыды 

және,  ең  соңында  сана-сезімі  жетілді.  Бұл  атап  айтқанда,  бірінші  әрі 

гендердің құрамындағы арнайы гендердің және реттегіш-гендердің жіктеліп 

мамандала  түсуі  әрі  алғашқы  әрі  шешуші  қадам  болды,  ӛйткені  сана-сезім 

адамның пайда болуын және қалыптасуын қамтамасыз етті. 

Одан  кейінгі  кезеңдерде  адамның  биологиялық  дамуы  бәсеңдей  түсті. 



 

Ӛйткені  сана-сезімнің  пайда  болуы  қоршаған  ортаға  бейімделуінде  жаңа 



жолдар  мен  мүмкіндіктерге  ие  болды,  ол  табиғи  сұрып-талудан  ауытқуына 

мүмкіндік  берді,  қорытындысында  биологиялық  даму  әлеуметтік  дамуға 

және  жетілуге  әкеп,  К.  А.  Тимирязев  ӛз  кезінде  байқағандай,  адамның 

биологиялық эволюциясы оның тарих беттерінің жойыла бастауына әсер етті. 

Қорыта  айтқанда, қазіргі  адам ӛзінің  геніне және ортаның  ӛніміне  айналды. 

Адам табиғаттан бӛліне бастағанмен онымен және барлық тіршілікпен тығыз 

байланыста болып қалды. 

Антропогонез  туралы  ілім  ғылыми  тұрғы  да  нәсілдердің  шығу  туралы 

ілімімен  (нәсілдікті  зерттейді)  тығыз  байланысты.  Нәсілтанудың  ғылыми 

маңыздылығымен  бірге  нәсілдердің  шығу  туралы  ғылыми  кӛзқарастарды 

бұрмалап, оның негізінде жоғарғы және тӛменгі нәсілдер деген кертартпалық 

кӛзқарастардың бар екендігі байқалады. 



2.  Антропогенезге ескі көзқарастар 

Антропогенез деген тарихи кӛзқарас антропологиядан да ерте пайда болған, 

тіпті,  ежелгі  кездің  ғалымдары  адамның  табиғаттағы  орны  мен  адамның 

пайда  болуы  туралы  мәселелерді  талқылағандығын  байқауға  болады. 

Мысалы,  Анаксимандр  (біздің  дәуірімізге  дейінгі  610-546  жылдар)  және 

Аристотель (біздің дәуірімізге дейінгі 384-322 жылдар) адамның табиғаттағы 

орнын  анықтай  келе,  адамның  аргы  тегі  жануарлар  екендігін  мойындады. 

Аристотель жануарларды «қаны бар» және «қаны жоқ» деп бӛліп, адам мен 

жануарлардың  қаны  бар  тобына  маймылды  гана  жатқызды.  К.  Гален 

(шамамен,  130-200  бұрын)  тӛменгі  сатыдағы  маймылды  сойып,  зерттеуі 

арқылы адамның анатомиясы туралы қорытынды жасауына тура келді. 

К. Линней (1707-1778) ӛзінің алдындағы зерттеулерімен салыстырғанда озық 

кӛзқарастарымен ерекшеленді. Ол жеке маймылдар отрядын жеке бӛліп, оған 

шала  маймылдарды,  маймылдарды  және  адамдар  туысын  және  бір  адам 

туысына - саналы Адам түрін (Ното заріепз) жатқызды, сонымен қатар  адам 

мен  маймылдардың  ұқсастығын  атап  кӛрсетгі.  Бірақ,  К.  Линней  приматтар 

отрядының шекарасын 

нақты  кӛрсете  алмады.  Бұл  отрядқа  жалқау  аңды  да,  жарқанаттарды  да 

жатқызды. К. Линнейдің кейбір замандастары оның жүйесін   мойындамады, 

себебі  олар  адамның  маймылдар  отрядына  жаткызуына  қарсы  болды. 

Сонымен бірге, басқада жүйелердің нұсқалары болды, ол бойынша адамның 

дәрежесін  ӛте  жоғары  бағалап,  адамды  табиғаттың  жеке  патшалығы  деп 

есептеді. Мұндай кӛзқарастар, адамды жануарлардан мүлде бӛліп тастады. 

XVIII  ғасырларда  адам  мен  маймылдардың  туыс  екендігін  И.  Кант  (1724-

1804),  Д.  Дидро  (1713-1784),  Ж.  Ламеттри  (1709-1751),  А.  А.  Каверзнев 

(1748-?),  А.  Н.  Радищев  (1749-1802),  Ж.  Ламарк  (1744-1829)  қолдады.  Тіпті, 

Ж.  Ламеттри  таксономиялық  адам  мен  жануарларды  бір  жүйеге  біріктіру, 

адам  дәрежесіне  нұқсан  келтірмейді,  ӛйткені  түйсіну  мен  ойлау  қасиеттері 

барлық  жануарларда  да  бар  және  ол  олардың  құрылымының  деңгейлеріне 

байланысты деп есептеді. 

Ертедегі 

философтар 

адам 

мен 


жануарлардың 

туыс 


екендігін 

мойындағанымен  адамның  қалай  пайда  болғандығы  туралы  мәселеге  жауап 



 

бере алмады. Антропогенездің алғашқы гылыми гипотезасын Ж. -Б. Ламарк 



жасаған  деп  есептелінеді.  Ол  алғаш  рет  адамның  арғы  тегі  маймылтектес 

екендігін, яғни ағаш басындағы тӛртаяқтылардың жер бетінде тіршілік етуіне 

бейімделіп  әрі  екі  аяқпен  қозғалуы  эволюцияның  басты  жетістіктерінің  бірі 

екендігін  ерекше  атап  ӛтті.  Ламарк  адамның  арғы  тегінің  тік  жүруіне 

байланысты  бұлшық  еттерімен  қаңқасындагы  ӛзгерістерді  жазып  келтірді. 

Бірақ, ол қоршаған ортаның рӛлін жоғары бағалады, басқа организмдер үшін 

адам эволюциясының қозғаушы күшін дұрыс түсіндіре алмады. 

Н. Г. Чернышевский (1828-1889) антропогенез табиғаттың тарихи дамуының 

бір  кӛрінісі  деп  есептеді.  А.  Уоллестің  (1823-1913)  жорамалы  бойынша, 

адамның  эволюциясында  ең  басты  маңыздысы  екі  аяқпен  қозғалу  және  тік 

жүрудің  нәтижелері  мидың  үлкейе  бастауына  әсер  еткен  деді.  Ол  адамның 

пайда  болуы  тарихи  уақыт  ӛлшемі  бойынша,  ӛте  ұзаққа  созылған  деп 

шамалады. Осы және осыған үқсас кӛзқарастар адамның пайда болуы туралы 

ілімді  әрі  қарай  дамытты,  бірақ  олардың  барлығы  адамның  пайда  болуы 

туралы  толық  тұжырым  жасай  алмады.  Ч.  Дарвиннің  эволюция  туралы 

ілімінің  негізінде  адамның  пайда  болуы  туралы  нақты  ғылыми  тұжырым 

қалыптасты. 

Адамның  пайда  болуы  туралы  түрлі  кӛзқарастар  бұрын  да  болған  және 

қазіргі  кезде  де  бар  екендігін  атап  ӛткен  жӛн.  Материалистік  философияға 

қарсы пікірлер адамның шығу тегін табиғаттан тыс 

күштермен  байланыстырады.  Денеден  сананы  бӛліп  қарап  және  сананы 

бірінші деп есептеп, ол дене және жан бір-біріне тәуелсіз жеке-жеке дамиды 

деп әрі жан дене ӛлген соң одан бӛлінеді деп есептейді. Адамның табиғаттан 

тыс  күштерден  пайда  болғаны  туралы  кӛзқарастар  баяғыдан-ақ  библияның 

тұжырымдарымен жымдасып кеткен, ол бойынша 10 000 жыл бұрын адамды 

Жаратушының  жетінші  күні  жаратқан  деп  түсіндіреді.  Қазіргі  кезде  бұл 

тұжырымды «ғылыми» креационистер қолдайды. 

«Ғылыми»  креационизмнің  дамуына  қарсы  XX-ғасырдың  соңғы  тӛрттігінде 

Рим Папасы Иоанн Павел ІІ-нің 1986 жылы кӛптеген ғылыми мәліметтердің 

әсерінен адамның денесінің пайда болуы эволюция тұжырымына сәйкестігін 

мойындауы,  осы  ағымның  кеңінен  ӛріс  алуына  тосқауыл  болды,  бірақ  ол 

адамның жаны туралы кӛзқарасынан тайған жоқ. 1996 жылдың қазан айында 

адам  эволюциясы  туралы  бұрынғы  айтқандарын  қайталады.  Беделі  жоғары 

Рим-католиктік  шіркеуінің  басшысының  адам  табиғаты жӛніндегі  эволюция 

туралы  кӛзқарасы  зволюцияга  қарсы  кӛзқарастың  тоқтағаны  туралы 

қортынды жасауға болады. 



3.  Адамның жануарлардан пайда болғаны туралы тұжырымдар 

Қазіргі  кездегі  адамның  пайда  болуы  туралы  кӛзқарастар  адам  жануарлар 

дүниесінен  шықты  деген  тұжырымға  негізделген,  оны  Ч.  Дарвин  ғылыми 

түрде  дәлелдеп  1871  жылы  жазылған  «Адамның  шығу  тегі  жэне  жыныстық 

сұрыпталу»  атты  еңбегінде  атап  кӛрсеткен.  Одан  әрі  қарай  анатомия  және 

эмбриологияның  дәлелдемелеріне  сүйене  отырып,  адам  мен  жануарлардың 

анатомиялық 

және 


эмбриондық 

дамуларының 

ұқсастығы 

туралы 


деректермен  толықтырылды.  Қазіргі  кезде  адамның  жануарлардан 

 

шыққандығын  толықтыра  түсетін  дәлелдер  кӛп,  солардың  ең  бастылары 



мыналар: 

1. Адамда Хордалылар типіне тән барлық белгілер бар, атап айтқанда: 

а) адам денесінің де билатеральды (екі жақты) симметриялы 

болуы; 


ә)  хорданың  ұрықтық  дамуы  кезінде  хорданың  (желінің)  және 

жұтқыншақтың екі бүйірінде желбезек саңылауларының болуы

б)жүйке жүйесінің арқатұсында түтік пішінді болып орналасуы; 

2. Адамда Омыртқалылар (Бассүйектілер)  тип тармағына  барлық белгілілер 

бар, атап айтқанда: 

а)ішкі біліктік қаңқасының болуы, оның басты негізі омыртқа жотасы, оның 

алдыңғы шетінде бассүйектің орналасуы, сонымен екі жұп екі аяқтың болуы; 

ә)  Түтік  пішінді  орталық  жүйке  жүйесінің  алдыңғы  шетінің  5  бӛлімнен 

тұратын миға айналуы; 

б) жүректің дененің құрсақ тұсынан дамуы; 

3.  Адамда  Сүтқоректілер  класынатән  барлық  белгілердің  болуы,  атап 

айтқанда: 

а) тірі тууы және сүтпен қоректендіруі, сүт бездерінің, түкті жамылғысының 

болуы; 


ә)  жылықандылық  және  осы  дене  температурасын  реттейтін  кӛптеген  тер 

бездерінің болуы; 

б) дене қуысының кӛкет (диафрагма) аркылы құрсақ және кеуде бӛлімдеріне 

бӛлінуі; 

в)    жүрегінің  4-қуысты  болуы,  сол  жақ  қолқа  доғасының  сақталуы,  ертерек 

түзілген эритроциттерінде ядроның болмауы; 

г)  тыныстық  жүйесінің  ӛкпеден,  кеңірдектен,  бронхылардан  және 

альвеолардан тұратындыгы; 

ғ)  сүтқоректілерге  тән  барлық  сүйектердің  болуы.  Адамда  ешқандай  артық 

сүйек кездеспейді, олардың барлығы да сүтқоректілерде де бар. Қаңқасында 

сүтқоректілерге  тән  7  мойын  омыртқасының,  шүйде  сүйегінің  2 

айдаршығының және 3 есту сүйектерінің болуы; 

д)тістердің үш тобына жататын сүт және тұрақты тістерінің болуы

е)  атавистік  белгілердің  қайталануы  және  рудиментті  (қалдық)  мүшелердін, 

(қүлақ  калқанын  қозғалтатын  бұлшық  еттердің,  соқыр  ішек  ӛскінің,  кӛздің 

үшінші қабағы және т.б.) пайда болуы; 

4.Адамдарда  Қағанақтылар  класс  тармағына  тән  белгілердің  болуы,  атап 

айтқанда: 

а) ұрық жолдасының болуы; 

ә)  аналықтың  жатырында  шарананың  дамуы  және  оның  ұрық  жолдасы 

арқылы қоректенуі; 

5.  Адамдар  Маймылдар  (приматтар)  отрядынына  тән  барлық  белгілер 

кездеседі, атап айтқанда: 

а) бір жұп кеуде сүт бездерінің болуы; 

ә)  саусақтарының  (фаланганың  ұшы)  ұшында  тырнақтарының  және 

алақанында бедерлерінің болуы; 



 

б)    алдыңғы  аяқтарындағы  бас  бармақтың  басқа  саусақтарға  қарама-қарсы 



орналасуы арқылы ұстауға икемді болуы; 

в) етек кірінің келуі жэне буаздық мерзімінің 9 айға созылуы; 

г)  адамның  және  адамтектес  маймылдардың  антигендік  АВО-қан 

топтарындаіы антигендік жүйелердің ұқсас болуы; Қанның А (II) және В (III) 

топтары  адамтэріздес  маймылдардың  барлығында  кездеседі,  О  (1)  тобы  тек 

шимпанзеден  табылған.  Шын  мәнінде,  шимпанзе  мен  горилланың  қанын 

адамдарға құя беруге болады

ғ)  хромосомаларының  саны  мен  құрылысы  ұқсас.  Адамдарға  23 

хромосоманың  жұбы  тән,  ал  адамтектес  маймылдарда  -  24  жұп,  13  жүбы 

құрылысы екеуінде де бірдей болады; 

д)    адам  мен  маймылдардың  ДНҚ-ры  ұқсас  болады.  Мысалы,  адам  мен 

шимпанзенің  ДНҚ-ры  91-92%  ұқсас,  адам  және  гибонның  ДНҚ-ры  -  76% 

ұқсас, адам жэне маккак-резустің ДНҚ-ры - 66% ұқсас; 

е)    адам  мен  адамтектес  маймылдардың  әрбір  ауру  түрлерінің 

қоздырғыштарына  сезімталдығы  бірдей  жэне  аурудың  клиникалық 

кӛріністері де бірдей болады; 

ж) маймылдармен белоктарды түзілуін бақылайтын гендеріде ұқсас. 

Бұл  ұқсастық  тендер  арқылы  реттелетін  белоктардың  құрылысы  арқылы 

жүзеге  асады.  Мысалы,  оттекпен  тыныс  алатын  •  организмдердің 

жасушаларында  С  цитохромасы  (митрохониялардағы  тасымалдаушы  белок 

электрондары түзіледі). Бұл белок шамамен, 100 амин қышқылынан түзілген 

күрделі  молекулалар  тізбегінен  тұрады,  38-кестеде  кӛрсетілгендей, 

маймылдардың  анатомиялық,  физиоло-гиялық  жэне  филогенетикалық 

ұқсастықтары  қайталанып,  С  цито-хромасында  құрылысының  ұқсастығы 

байқалады.  Адам  барлық  маймылдардан  тек  бір  амин  қышқылының  орын 

алмасуы арқылы ерекшеленеді. 

Адам  мен  горилланың  а-гемоглобиннінде  амин  қышқылдарының  қатарында 

бір  ғана  айырмашылық  болса,  адам  мен  жылкының  арасында  -  18 

айырмашылық,  адам  мен    балығында  -  71  айырмашылық  бар.  Адам  мен 

шимпанзе  белоктарының  құрылысы  да  (белоктың  44  қызметінің  1%-нда 

айырмашылық бар) ұқсас. 

Адамның  жануарлар  дүниесіндегі  орны  мынадай,  ол  Хорда-лылар  типіне, 

Омыртқалылар тип тармағына, Сүтқоректілер класына, ¥рықжолдастар класс 

тармағына, Маймылдар (Приматтар) отрядының Гоминидтер тұқымдасының 

Ното  туысына  жатады.  Ч.  Дарвин  атап  айтқандай,  «...  Жануарлар  -  біздің 

аурурларымыз  бен  ауру-  сырқауларымыз,  ӛліміміз,  қайғы-қасіретіміз  және 

аштығымыз жӛнінен біздің бауырларымыз, біздің ең ауыр еңбегіміздің құлы 

әрі  біздің  қуанышымызды  бӛлісетін  достарымыз  міне,  осылардың  барлығы 

да,  мүмкін,  біздің  дәлел  болар,  сондықтанда  біздің  барлығымызды 

біртұтастығымыз  ортақ  бір  арғы-тектен  пайда  болғанымыздың  дәлелі  болса 

керек».  Бірақта,  адамның  жануарлардан  айтарлықтай  айырмашылықтары  да 

бар.  Оған  сонау  ежелгі  заманның  ӛзінде  де  кӛңіл  аударылған.  Мысалы, 

Анаксагор  (біздің  ғасырымыздан  500-428  жыл  бұрын)  және  Сократ  (біздің 

ғасырымыздан  469-399  жыл  бұрын)  адамның  ӛзіне  тән  ең  басты 



 

айырмашылығы,  олардың  қолдары.  Сол  арқылы  барлық  дүниеден  бӛлініп 



тұрады  деп  атап  кӛрсеткен.  Аристотель  адамды  «қоғамдық  жануар»  деп, 

оның  екі  аяғымен  жүруін,  миының  үлкендігін,  сӛйлеу  және  ойлау 

қасиеттерінің  болуын  айырмашық  белгілері  деп  есептеген.  Кейінірек  К. 

Линней  адамның  ӛзіне  тән  маймылдардан  ерекшілігі  ретінде  сӛйлей 

алатынындығын, сонымен бірге тэжірибелерін жинақтап келесі ұрпаққа бере 

алатындығын,  жаза  алатындығын,  мӛр  баса  алатын  қабілеттерін  қоса  атап 

кӛрсетті.  Осыған  байланысты  ол,  адамды  ӛте  саналы  тіршілік  иесі  деп 

есептеді. А. Н. Радищев адамның тік жүруіне, қолының ерекшелігіне, сӛйлей 

және ойлай алатын қасиеттеріне басты назар аударды. 

Қазіргі  кездегі  адамның  жануарлардан  айырмашылығы  жӛніндегі 

кӛзқарастар  адам  миының  дамуындағы  айырмашылық  мәліметтерге  және 

адамның  жан-жақты  ойлау  қабілеттеріне  негізделген.  Адамның  миының 

орташа салмағы 1350-1500 г, ал горилла мен шимпанзенің миының салмағы 

бар  болғаны  —  460  г  адам  миының  орташа  алғандағы  салмағы  шамамен. 

жалпы  дене  салмағының  У

40

-  тең,  маймылдікі  -  7



60

-  '/


2СЮ

.  Адам  миының 

сыртқы беті шамамен, 1200 см

2

болса, шимпанзенікі - 400 см



2

Адамның  басқа  да  ерекшілік  белгілері  ретінде  жақ  сүйектерінің  құрылыс 



ерекшілігі  және  тістерінің  қүрылысы  мен  орналасуында,  олар  басқа 

жануарлармен  салыстырғанда  ӛзгеше  болып  саналады.  Ең  басты 

айырмашылығы  алдыңғы  қолдары  мен  артқы  аяқтарының  маманданып 

жіктелуі,  омыртқа  жотасының  иілімдері,  жамбас  ойысының  кеңейіп  келуін 

айтуға  болады.  Адам  ғана  екі  аяғын  тең  ұстап  (екі  аяқпен  қозғалу)  жүре 

алады.  Адамның  сүйектері  ӛте  мықты,  оның  ішіндегі  ең  мықтысы  ортан 

жілік, ол 1650 кг салмақты кӛтере алады. Ең күшті дамыған саусақтары ӛте 

икемді, ол арқылы затгы ұстай алады, олардың ішінде басбармағы әрі үлкен 

әрі  қозғалғыш.  Адамның  кӛзі  бастың  алдынғы  орналасуына  байланысты 

бинокулярлы  кӛру  мүмкіндігіне  ие  болып,  заттарды  үш  ӛлшем  бойынша 

анық кӛре алады. 

Адамның  тағы  бір  басты  айырмашылық  белгісі,  ол  ӛзінің  әрекеттерін  басқа 

жануарларға  ұқсас  ойлап  істеуі,  бірақ  адамда  бұл  қасиет  ең  жоғарғы  даму 

деңгейінде  болады,  яғни  сана-сезімінің  жетілуі,  кеңінен  ойлай  алу  қасиеті, 

сӛз  арқылы  бір-бірімен  қарым-қатынас  жасауы  (2сигналдық  мүше)  және 

абстракты  әріптер  (хат)  арқылы,  сонымен  бірге  ақпаратты  қабылдауы  мен 

оны бере алу 

қабілетін атауға болады. 

Адам жеке парасаттылығының жоғары деңгейде дамуына сәйкес мәдениетті 

қатынастарды,  табиғатқа  әсер  ететін  еңбек  құралдарын  жасады, 

технологияны  дамытты,  қалалар  салды,  әдебиеттер,  музыкалар  жэне  т.б. 

дамытты.  Адам  әлеуметтік  тіршілік  иесі  ретінде,  ӛткенді  ойлауға  және 

талдауға,  келешегін  жоспарлауға  қабілетті.  Мұндай  қасиеттер  жануарларда 

болмайды. 



4. Антропогенездің кезеңдері 

Дарвиннің  пікірі  бойынша  адамның  филогенезі,  адамның  арғы  тегі  маймыл 

тәріздес жануарлар болған.  Адам мен  адамтектес маймылдар дамуы бірінен 


 

кейін бірі болатын ретпен дамымай эволюциялық тұрғыдан бір-бірімен қатар 



әрі  қарама-қайшылық  сипатта  әрі  бір-бірінен  айырмашылық  жасайтын 

қарама-қайшылық  сипатта  дамыған.  Ч.  Дарвин  қазіргі  кездегі  адамтектес 

маймылдарды адамның немерелес 

Тупайя 

 

ағалары  мен  әпкелері  деп  атады.  Бірақ  бұл  салыстыру  мүлде  дұрыс  емес, 



қазіргі  кезде  гоминидтер  мен  понгидтер  бір-бірінен  алыс  туысқандар  деп 

есептелінеді, бұлардың арасында арапық тармақтар, олардың бір тармағынан 

қазіргі  жоғарғы  сатыдағы  маймылдар  пайда  болса,  екінші  тармағынан  адам 

пайда  болған  арғы  тегі  бір  жануар  болған  деп  есептейді.  Адам 

эволюциясының алғашқы кезеңін түсіну үшін, приматтар отрядына жататын 

понгид  және  гоминид  тұқымдастарының  эволюциясынан  бастау  керек. 

Палеонтологтар  тапқан  қазба  деректер  арқылы  жануарлардың  тарихи 

дамуына кӛз жүгіртуге болады, яғни алғашқы приматтар мезозой заманында, 

нақтылап  айтқанда,  триас  кезеңінде  (бұдан  230  млн  жыл  бұрын),  сол 

кезеңдердегі 

бауыры-мен 

жоргалаушылардың 

түрлерінен 

алғашқы 


сүтқоректілер пайда  болған    деп аталады.  Осы  қарапайым  сүтқоректілерден 

кейіннен біршама жетілген сүт- 

қоректілер  яғни  жәндік  қоректілер  пайда  болды.  Ол  ӛз  кезегінде  қазіргі 

тӛменгі  сатыдағы  приматтардың  ӛкілдері  -  тұпайлар  (170-сурет)  шықты, 

олардан  бор  кезеңінде  алғашқы  рет  эволюцияның  әртүрлі  тармақтарына 

жататын  аралық  түрлерден  приматтар  (171-сурет)  пайда  болды  деген 

жорамалдар бар. 

Приматтар отряды шаламаймылдар (Рrоsіmіі) және маймылдар (Аntropoidеа) 

деп екі отряд тармағына жіктеледі. Аntropoidеа отряд тармағындағы алғашқы 

приматтардың  түр  саны  палеоценде  (бұдан  65  млн  жыл  бұрын)  ӛте  коп 

болды.  Ал  олигоценде  (бүдан  40  млн  жыл  бұрын)  осы  приматтардың  отряд 

тармағы эволюция нәтижесінде үлкен 3 топқа (тұқымдас үсті) бӛлінеді, атап 

айтқанда: 

1.                                                  Сеbоidеа  тұқымдас  үсті.  Бұл  тұқымдас  үсті  эволюция 

барысында  Жаңа  дүниенің  (кең  танаулар)  деп  аталатын  маймылдардың 

ойыншыл  маймылдар  жэне  капуциндердің  ӛкілдері  шықты.  Осы  тұқымдас 

үстіне  жататын  маймылдардың  адамның  эволюциясына  ешқандай  қатысы 

жоқ. 


2.                                   Сегсорitһесоіdеа тұқымдас үсті. Бұл  түқымдас үстінен  Ескі 

дүниенің  (тартанаулар)  маймылдарынан  макактар  мен  павиандар  пайда 

болды. Бұл тұқымдас үстінің де адам эволюциясына қатысы жоқ. 


 

10 


 

     Приматтардыц генеаяогиялыц шежіресі 

1  –  жәндік  қоректілер,  2  -  африкалық  дриопитек,  3  -  рамалитек,  4  -  африка 

австралопитек,  5  -  боисей  австралопнтегі,  6,7  -  Н.  егесtus,  8  -  неаидерталь, 

9,10 - Н. sаріеns, 11 - Ескі дүниенің тартанаулы маймылы, 12 - Жаңа дүниенің 

кеңтанаулы маймылы, 13 - лемур, 14 - лори, 15 - ұзын ӛкшем, 16 - орангутан, 

17 • гиббон, 18 - горилла, 19 - шимпанзе 

3.  Ноmіnоidеа  (гоминоидтар)  тұқымдас  үсті.  Бұл  тұқымдас  үстінен  тармағы 

жоғары  плиоценде  шықты  және  олардан  адамтектес  маймылдар  және  адам 

пайда болды.  Гоминоидтардың  эволюциясы  бір-бірінен  тәуелсіз  жүрді.  Осы 

тұқымдас  үстінен  ішінен  РІіорtесidеа  тұқымдасының  ӛкілдері  уақтысында 

біржола  жойылып  кеткен.  Огеоріthесіdеа  тұқымдастарының  ӛкілдері  де 

толығымен  жойылып  кеткен.    (адам  тектес  маймылдар)  тұқымдастарының 

ӛкілдерінің  біразы  жойылып  кеткен  және    (адамдар)  тұқымдастарының  да 

біраз  ӛкілдері  жойылған.  Понгидтар  тұқымдасы  гиббондар    тұқымдас 

тармағына,  ал  адамтектес  маймылдар  тұқымдас  тармағына  (Ропgіdеа) 

орангутандар, гориллалар және шимпанзелер жатады. 

Понгидтер мен гоминидтер  тұқымдарының эволюциясының басталу уақыты 

эволюцияның бір  тармағынан дриопитектердің  (ағаш басындағы  адамтектес 

маймылдар),  сүйек  қалдықтары  горилланың,  шимпанзенің  және  адам 

сүйектеріне  ұқсайды.  Дриопитектердің  қазба  қаңқа  қалдықтары  кӛбіне, 

Шығыс  Африкадан,  сонымен  бірге  Еуропадан  жэне  Азиядан,  Германия, 

Франция,  Ресей,  ҚХР,  Түркия  аумақтарынан  табылған.  Дриопитектердщ 

жасы  шамамен,  25  млн  жыл.  Дриопитектер  приматтардың  3  тармағының 

ӛкілдері,  яғни  орангутандар,  адамтектес  маймылдар  және  адамдар  пайда 

болды. 


    Понгидтер  мен  гоминидтер  эволюциясының  даму  жолының  бастапқы 

кезінде дриопитектердің бір тобы, үнділіктердің құдайы Раманың құрметіне 

аталған рамапитектерден тұрады. Оның жақ сүйегінің қалдығын 1934 жылы 

Д. Льюис Үндістаннан тапқан. Кейіннен рамапитектердің қаңқа қалдықтары 

Кениядан, 

Венгриядан, 

Түркиядан, 

ҚХР 


аумақтарынан 

табылды. 

Рамапитектердің  жасы  14  млн  жыл  деп  есептелінеді.  Антропологтар 

гоминидтердің  басты  белгісі  эволюция  даму  кезінде,  олардың  сойдақ 



 

11 


тістерінің  кішіреюі  деп  есептейді.  Адамдардың,  адамтектес  маймылдардың 

және  рама-питектердің  тістерін  салыстырып  қарағанда,  адамтектес 

маймылдардың  сойдақ  тістері  үлкен  әрі  олардың  күрек  және  сойдақ 

тістерінің  арасында  ашық  кеңістік  бар,  ал  маймылмен  салыстырғанда 

адамның  сойдақ  тістері  кішкентай,  тіс  аралық  ашық  кеңістік  болмайды,  тіс 

орналасқан  жақ  сүйектері  едеуір  дӛңгеленіп  келген  (172-сурет). 

Рамапитектердің  де  тістерінде  алшақ  кеңістік  болмайды,  сойдақ  тістері  де 

шағын,  ал  тіс  орналасқан  жақ  сүйектері  дӛңгелектенген,  бір  қараганда, 

адамның  тістеріне үқсас.  Приматтар  сойдақ  тістерінен жаңғақтарды шағуга, 

жемістерді шайнауға немесе қару есебінде пайланады, ал Катарисиз туысына 

жататын  ӛкілдері  сойдақ  тістерін  қару  есебінде  пайдаланбайды.  Олар  қару 

ретінде  орнына  ағаштарды,  тастарды  пайдаланды.  Бірақ  рамапитектер 

адаммен  салыстырғанда  маймылдарға  кӛбірек  ұқсас  болды.  Бойының 

ұзындығы  шамамен  1  м,  жерде  тіршілік  еткен,  астықтар  мен  тамырларды 

қорек  еткен,  кейде  артқы  аяқтарымен  қозғалған,  кӛп  уақытын  ағаштың 

басында (шимпанзе сияқты) ӛткізген. 

Рампатиктердің  санасы  бар  деген  сұрақ  даулы.  Бірақ,  6-7  млн  жыл  бұрын 

гоминидтер мен понгидтердің эволюциялық жолдары бір-бірінен ажырағаны 

белгілі.  Ӛйткені  адамда  23  жұп  хромосома  болса,  маймылдарда  24  жұп, 

адамда  жетіспейтін  маймылдың  бір  жұп,  адамның  2  жұбының 

хромосомасында  шоғырланғандығы  анықталған,  яғни  эволюциялық  даму 

жолдарының ажырауы кезінде үлкен хромосомалар транслокациясы арқылы 

анықталып, соның әсерінен маймылдың хромосомалары адамның екінші жұп 

хромосомасымен қосыла кетеді деп жорамалданады. 

   Қазіргі  антропология  ғылымы  рамапитектен  кейін  ешқандай  қаңқа  қазба 

қалдықтары  табылған  емес,  соның  салдарынан  қазіргі  кезде  адамның 

эволюциясының  қатарын  толық  анықтауға  мүмкіндік  болмай  тұр.  Бірақ 

Эфиопия  аумағында  ең  ежелгі  гоминид    табылды, оның жасы  шамамен,  4,4 

млн жылға жуық. Сонда да шартты түрде бірінен кейін бірі алмасып отырған 

адам  филогенезін  ойша  жасауға  болады.  Атап  айтқанда  мұндай  бірнеше 

кезеңдерді ажыратады: 

1.  Бастама  болғандар  -  Ноmо  туысының  арғы  тегі  болып  саналатын  қазба 

қаңқа қалдықтары табылған маймыл адамдар (австралопитектер). 

2.  Архантроптар - қазба қаңқа қалдықтары ғана сақталған ежелгі 

адамдар. 

3  Палеантроптар  —тікелей  арғы  тегі  болып  саналатын,  қазба  қаңқа 

қалдықтары гана сақталған ертедегі адамдар. 

4.  Неоантроптар  -  қазба  қаңқа  қалдықтары  ғана  сақталған,  жоғары 

палеолиттің  мәдениетімен  байланысты    және  қазіргі  ӛмір  сүріп  жатқан  

адамдар. 

Адамның  арғы  эволюциясы  әртүрлі  дәуірлерде  біртіндеп  және  әртүрлі 

жылдамдықпен жүріп отырган деген пікірлер бар. 



5.Бастама  болғандардың  кезеңдері.  1924  жылы  Иоган  университетінің 

профессоры Р.А. Дарт Оңтүстік Африкадан гоми-нидтің бас сүйегінің қазба 

калдығын тапты. Оның бет бӛлімінің және тістерінің құрылысы бойынша ол 


 

12 


маймылға  да  және  адамға  да  ұқсас  аралық  тіршілік  иесі  еді.  Р.  Дарт  бұл 

тіршілік  иесін  австралопитек  немесе  оңтүстік  маймылы  (латын  сӛзі   

оңтүстік,-маймыл) деп атады. Бүл Оңтүстік-Африка австралопитегінің жасы 

шамамен, 3,0-2,3 млн жылға жуық. Бірнеше жылдан кейін  Р. Дарт  Оңтүстік 

Африкадан  қайтадан  осыған  ұқсас  тіршілік  иесінің  қаңқа  қалдығын  тапты, 

оны    деп  атады.  Бүл  тіршілік  иесінің  қаңқа  қалдығын  зерттеу  барысында 

оның  салмағы  35-55  кг,  тістері  адамның  тістеріне  ӛте  ұқсас,  ал  миының 

кӛлемі  500  мл-дей  екендігі  анықталды.  Миының  кӛлемі  адам  миының 

кӛлемінің  жартысына  жетпесе  де,  бәрібір  жоғары  сатыдағы  маймылдардың 

миының  кӛлемінен  үлкен  болған.  Автралопитектер  тік  жүруге  қабілетті 

болды.  

1978  жылы  Шығыс  Африкада  (Танзания  және  Эфиопия)  табылған 

гоминидтің  қазба  қаңқа  қалдығының  сойдақ  тістері  кішірейгендігімен, 

миының үлкендігімен және тік жүруге қабілеттілігімен ерекшеленген. Оның 

жасы шамамен, 3,9-3,4 млн жылдай. Бұл қаңқа қалдық Люси деп аталды және 

ол А. аіагепзіз түріне жатқызылды. 

1994  жылы  Эфиопияда  табылған  қаңқа  қалдық  А.    деп  аталды.  Бұл  қаңқа 

қалдықтың  жасы  шамамен,  4,4  млн жыл,  ал  оның  тісі  А.пен  салыстырғанда 

едеуір  қарапайым.  Бұл  тіршілік  иесі  гоминидтер  мен  понгидтердің 

эволюциялық тармақтарының бір-бірінен ажыраған, яғни А.-тің пайда болған 

уақытында тіршілік еткен. 

1938  жылы  Оңтүстік  Африкада  «мықты»  (астыңғы  жақ  сүйегі  бойынша) 

австралопитектің  қазба  қаңқа  қалдықтардан  табылды,  қазір  оны  А  деп 

атайды. Оның бойының биіктігі 150-155 см, салмағы 70 кг-дай, жасы 1,9-1,6 

млн жылдай деп есептелінеді. 

1959 жылы ағылшын антропологы Л. Лики (1903-1972) Олдовай қойнауынан 

(Танзанияның) миының кӛлемі 650. мл (австралопитек сияқты) болып келетін 

қазба  қаңқа  қалдығын  тапты.  Оның  салмағы  49  кг-дай  және  малта  тас 

қаруларының,  калий-аргон  әдісімен  анықталған  жасы  2  млн  жыл  екендігі 

анықталды. Бұл тіршілік иесі алға ұсынды. Біріншісі бойынша, еуропеоидтық 

пен  африкаль  негроид-тық  нәсілдердің  пайда  болған  орталығы  -  Алдыңғы 

Азия,  ал  моңғолоидтық  және  аустролоидтық  нәсілдердің  пайда  болған 

орталығы  Шығыс  жэне  Оңтүстік-Шығыс  Азия  деп  есептелінеді. 

Еуропеоидтық  нәсіл  Еуропа  материгінде  және  соған  іргелес  Алдыңғы 

Азияның  аумағында  таралды.  Керісінше,  негроидтық  нәсіл  тропикалық 

белдеу  бойында  таралды.  Моңғолоидтык  нәсіл  алғашында  Оңтүстік-Шығыс 

Азия  аумағында,  одан  кейін  Америка  құрлығына  қоныс  аударды.  Басқа 

пікірлер 

бойынша, 

еуропеоидтық, 

африкалық 

негроидтық 

және 

аустролоидтық  нэсілдер  бастапқы  бір  тармақ  болса,  ал  азиялық 



моңғолоидтық  және  американдық  нәсілдер  бір  тармақтан  пайда  болған  деп 

есептелінеді.  Дицентризм  кӛзқарасын  қолдаушылар  ӛздерінің  ғылыми 

болжамының  дәлелі  үшін  моңғолоидтар  мен  аустралоидтардың  тістерінің 

үқсастығына  сүйенеді.  Бірақ  бұл  ғылыми  болжамның  да  полицентризмнің 

ғылыми болжамдары сияқты 

қарсыластары бар. 



 

13 


        Моноцентризм  немесе  монофилии  (Я.  Я.  Рогин,  1949)  ғылыми 

болжамдарына сәйкес, нәсілдердің пайда болуы бастапқы бір ата-тектен, бір 

орталықтан  пайда  болған  деп  түсіндіреді.  Ӛйткені  барлық  нәсілдердің 

психологиялық  жеке  жетілуі  мен  ой  ӛрістерінің  дамуы  бірдей  болған. 

Нәсілдер пайда болған аумақ ӛте ауқымды мындаған шақырымды қамтыған. 

Бұлардың  болжамы  бойынша,  нәсілдердің  пайда  болған  жерлері  Шығыс 

Жерорта теңізінің маңы, Алдыңғы  Азия  және Оңтүстік  Азия болуы  мүмкін. 

Осындай  ғылыми  болжамдарға  сәйкес,  бастапқы  палеантроптардың  бір 

тармағынан  бірнеше  сатылық  даму  барысында  моңғолоидтық  нәсілі  пайда 

болған. Бастапқы палеантроптар Шығыс Азияға қоныс аударған кезде ондағы 

архантроптарды  жойып  жіберді  немесе  олармен  араласып  кеткен  және 

олардың  қалақ  пішінді  күрек  тістерінің  тұқым  қуалаушылық  қасиетін 

ӛздеріне  сіңіріп  алды.  Содан  кейін,  Азияға  қазіргі  адам  типтес  қасиетпен 

қайта  оралды.  Қанның  араласу  нәтижесінде  алғашқы  моңғолоидтар  пайда 

болды.  Олардың  біраз  бӛлігі  бұдан  25-30  мың  жыл  бұрын  Шығыс  Азиядан 

Беринг  арқылы  Америкаға  қоныс  аударып,  америкалық  үндістердің  негізін 

қалады. Олар ӛздерінің бет-әлпет пішінін сақтап, жаңадан басқа қасиеттерге 

не  болды.  Азия  қүрлығында  қалып  қалған  біраз  алғашқы  моңғолоидтардан 

біршама  уақыт  ӛткенен  кейін  нағыз  моңғолоидтар  пайда  болды.  Бастапқы 

палеоантроптардың  бір  тармағынан  еуропеоидтық  және  аустралоид-

негроидтық  топтарының  негізі  қаланды.  Еуропеоидтар  мен  негроидтардың 

арғы  тектері  Шығыс  Жерорта  теңізі  жэне  Оңтүстік  Еуропаның  Испаниядан 

Воронеж қаласына дейінгі аумақтарды қоныстанды. Кейінірек оқшаланудың, 

кӛшіп-қонудың  және  таралуының  нәтижесінде  шағын  бірнеше  нәсілдік 

топтарға бӛлініп кетті. 

          В.  П.  Алексеев  (1985)  нәсілдердің  пайда  болуының  тӛрт  сатысын 

бӛледі.  Нәсілдердің  пайда  болуының  бірінші  сатысында  бастапқы 

нәсілдердің  пайда болу  орталықтарында  (осы үрдістер  жүріп  жатқан  аумақ) 

және  нәсілдердің  батыс  (еуропеоидтық,  негроидтық  және  аустралоидтық) 

және шығыс (азиялық моңғолоидтық және американдық) негізгі тармақтары 

пайда  болды.  Бұл  кезең  шамамен,  бүдан  200  мың  жыл  бүрынғы  уақытқа 

сәйкес  келеді.  Ол  қазіргі  адам  типтерінің  қалыптасу  кезеңімен  де  сәйкес 

келеді.  Сонымен,  Ескі  Дүниенің  батыс  және  шығыс  аудандарында 

нэсілдердің  қалыптасуы  қазіргі  типті  адамдардың  қалыптасу  уақытымен 

қатар  жүрді,  сонымен  бірге,  адамдардың  біраз  бӛлігі  Жаңа  Дүниеге  қоныс 

аударуына мәжбүр болды. Екінші кезеңі кезінде нәсілдердің пайда болуының 

екінші  деңгейдегі  орталықтары  қалыптасты  және  бастапқы  нәсіл 

тармақтарынан жаңа  эволюциялық  бірнеше ұсақ  тармақшалар  пайда  болды. 

Бұл  кезең  шамамен,  бұдан  15-20  мың  жыл  бұрынғы  уақытқа  сәйкес  келеді. 

Үшінші  кезең  де  нәсілдердің  пайда  болган  ошақтарының  үшінші  деңгейі 

қалыптасты, осы кезең де жергілікті нэсілдер орнықты. Бұл кезең бұдан 10-12 

мың  жыл  бұрынғы  уақытқа  сәйкес  келеді.  Тӛртінші  кезеңде  нәсілдердің 

пайда  болу  ошақтарының  тӛртінші  деңгейі  қалыптасты.  Бүл  кезенде 

нәсілдердің едеуір жетілген қазіргі адамдарға ұқсас популяциялары орнықты. 

Бұл кезең қола және алғашқы темір дәуіріне (біздің заманымызға дейінгі ІҮ-


 

14 


ІІІ мыңжыл-дықтар) сәйкес келеді. 

        Нәсілдердің  пайда  болуының  факторларына  табиғи  сұрыпталу, 

гендердің  араласуы  (дрейфі),  оқшаулану  және  популяциялардың  араласуы 

жатады,  әсіресе,  табиғи  сұрыпталу  нәсілдердің  пайда  болуының  бастапқы 

кезеңінде басты маңызды рӛл атқарды. 

Табиғи сұрыпталу әртүрлі бағыттар бойынша кӛрініс беріп отырады, ал оның 

дұрыс  жүруі  белгілердің  қаншалықты  қажеттілігіне  байланысты  болады. 

Мысалы,  терінің  түсіне  меланині  бар  тері  жасушалары  жауап  береді,  олар 

генетикалық  синтез  кезінде  анықталады.  Пигменттің  болуы  тирозиназаны 

бақылайтын  геннің  болуымен  анықталады,  ол  тирозиннің  меланинге 

ӛзгергенін қадағалайды. Тек, терінің түсін анықтауға осы ген ғана әсер етеді 

деп  айтуға  болмайды.  Терінің  түсін  анықтайтын  тағы  бір  ген  бар,  ол  басқа 

фермент  арқылы  анықталады,  ол  терісінің  түсі  ақ  адамдардың 

жасушаларында  болады  да,  меланиннің  санына  әсер  етеді.  Осы  ферменттің 

синтез!  кезінде  меланиннің  мӛлшері  аз  болып  терінің  түсі  ақ  болады.  Егер, 

керісінше  бұл  фермент  болмайтын  болса  (синтезделмейді)  меланин  кӛп 

мӛлшер-де  болып,  тері  қара  түсті  болады.  Терінің  түсін  анықтауға  меланин 

түзуші  гормонның  да  қатысатыны  туралы  нақты  мәліметтер  бар.Қорыта 

айтқанда, терінің түсін қадағалайтын ең кем деген де үш ген бар. 

Нәсілдік белгілердің бірі тері түсінің ӛзгеруінде табиғи сұрыпталудың әсерін 

күн  сәулесі  мен  мешел  ауруына  қарсы  Д  витаминнің  арасындағы 

байланыстың  болуымен  де  түсіндіруге  болады,  себебі-олар  организмдегі 

кальций  мӛлшерін  реттеуге  қатысады.  Организмде  осы  витаминнің  артық 

жиналуы кальцийдің сүйекте жиналуына алып келіп, сүйек әлсіз болып морт 

сынады,  егер  кальций  аз  болса,  мешел  ауруына  ұшырайды.  Адам 

организмінде  қалыпты  жағдайда  Д  витаминің  мӛлшері  күн  сәулесінің  әсері 

арқылы  реттеледі. Күн  сәулелері  терең  кабаттағы  жасушаларына  әсер етеді. 

Теріде меланин кӛп болса, соғұрлым күн сэулелері меланині бар жасушаға аз 

сіңеді.  Сондықтан  адамдар  Д  витамині  күн  сәулесінің  нәтижесінде 

түзілетіндіктен,  күннің  жарығына  тәуелді  болады.  Терісі  ақ  түсті  адамдар 

организмдерінде  кальций  мӛлшерін  қалыпты  жағдайда  ұстау  үшін, 

экватордан қашық аймақтарда тұрғаны дұрыс. Керісінше,- терісінің түсі қара 

адамдар  экваторға  жақын  ӛңірлерде  тұруы  керек.  Сонымен,  тері  түсінің 

әртүрлі  болуына  байланысты  әртүрлі  аумақтарда  таралуы  географиялық 

ендіктерге  байланысты.  Еуропеоидтықтардың  терісінің  ақ  болуы,  олардың 

тері  ұлпаларына  күн  сәулелерінің  ӛтуіне  қолайлы  жағдай  жасайды,  сӛйтіп 

мешел ауруына қарсы Д витаминін синтезделуін жылдамдатады, кӛбіне, олар 

күн  сәулесі  аз  жерлерде  баяу  синтезделеді.  Терісі  пигменттерге  бай 

адамдардың  күн  сәулесі  молтүсетін  аймақтардан  алыс  аумақтарға,  ал 

терісінде  пигменттері  аз  адамдардың  тропикалық  белдеулерге  жақын 

қоныстануы  дұрыс,  біріншілерінде  Д  витаминінің  жетіспеушілігіне  әкеп 

соқса,  екіншілерінде  Д  витамині  артық  болып,  оларда  қолайсыз  жағдайлар 

туындайды. Сондықтан тері түсінің сұрыпталуы маңызды болса, бір шетінен 

терінің  түсі  нәсілдердің  таралуын  анықтайтын  фактор  да  болып  саналады. 

Табиғи  сұрыпталу  терінің  түсіне  байланысты  жүріп отырады,  ӛйткені  ол  да 


 

15 


қоршаған  географиялық  жағдайларына  ортаға  бейімделушігінің  бір  белгісі 

ретінде пайда болады. 

Сұрыпталу  кезінде  нәсілдердің  тағы  бір  белгілерін  олардың  жалпы  дене 

тұрпатына  қарап  анықтауға  болады.  Мысалы,  эскимостар  зулустарға 

қарағанда  мығым  денелі  және  қысқа  бойлы.  Эскимостардың  денесінің 

аумағы салмағымен салыстырғанда кіші болып келеді. Зулустарда керісінше, 

денесі  ашаң  келген,  қолдары  ұзын,  денесінің  аумағы  салмағына  қарағанда 

үлкен.  Сондықтан,  зулустардың  денесі  жылуды  кӛп  бӛледі,  бұл  жерде  ауа 

райы ыстық олар үшін ӛте маңызды. Ӛйткені экваторға жақын тұратын жеке 

тұлғалардың  салмағымен  салыстырғанда  аяқ-қолдары  ұзын  болып  келеді. 

Бұл ауа райы ыстық аймақтарда тұратындар үшін қолайлы жағдай туғызады. 

¥зын  аяқ-қолдар  қосымша  денесінің  аумағын  үлкейтуге  себеп  болып, 

денедегі жылуды бӛлуге кӛмектеседі. Сонымен, бұл қасиеттер ыстық жерде 

тұратындарға  тиімді.  Керісінше,  мұндай  арақатынас  салқын  жерлерде 

тұратындар үшін қажеті жоқ, ӛйткені аумағы кіші денеден аз жылу бӛлініп, 

жылу  жақсы  реттеледі.  Қорыта  айтқанда,  терінің  түсі  сияқты  жалпы  дене 

тұрпаты  да  географиялық  ендіктер  бойынша  ӛзгереді,  себебі  олардың 

таралуы  белгілі  бір  сұрыпталудың  жемісі,  яғни  сұрыпталу  дененің 

тұрпатына,  яғни  аяқ-қолдардың  ұзындығы  мен  дене  салмағының 

арақатынасына сэйкес жүріп отырған. 

   Жеке  топтардағы  және  популяциялардағы  аяқ-қолдарының  ұзындығы  мен 

денесінің салмағының арақатынасының ӛзгеруі 

Популяциялар  Саналган 

жеке 


тұлғалардын 

саны 


Аяк-колдын 

үзыіідыгы 

мен 

дене  салмагынын 



орташа 

ара 


катнасы 

Географиялык 

ендік (шамамен) 

Париж 


жұмысшылары  73 

4,88 


50° сол. Ендік 

Француз 


сарбаздары 

60 


4,91 

50° сол. Ендік 

Француз 

студенттері 

4,94 


50° сол. Ендік 

Финндар 


47 

4,89 


60° сол. Ендік 

Британ 


сарбаздары 

300 


5,0 

55° сол. Ендік 

Украиндыктар  504 

5,08 


50° сол. ендік 

Сицилийлер 

120 

5,09 


40° сол. ендік 

Арабтар 


(йемендіктер)  31 

5,63 


20° сол. ендік 

Нунгустар 

(Мозамбик) 

119 


5,66 

15" оң. ендік 

Дародтар 

(Сомали) 

123 

5,74 


5' сол. ендік 

 

16 


Гобавиндер 

(Сомали) 

51 

6,90 


5 сол. кең. 

Антумбдар 

(Мозамбик) 

26 


6,06 

15° оң. кең. 

Корандар  (О. 

Африка) 


18 

8,21 


25° оң. кең. 

Үнділер 


(Мадрас) 

35 


6,41 

! 0" он, кең. 

Ака 

Пигмеилері 



(Конго) 

95 


6,98 

5° оң. кен. 

Васуала 

Пигмеилері  { 

Конго) 

115 


7,03 

5° оң. кең. 

 

Тағы да, еуропеоидтықтардың шығыңқы қысыңқы мұрыны танау-жұтқыншақ 



жолын  ұзартып,  салқын  ауаны  жылытады  және  сол  арқылы  кӛмекейден 

ӛкпені  суықтан  сақтайды.  Керісінше,  негроид-тықтардың  кең  әрі  жалпақ 

мұрындары (шырыштары мол) жылудың кӛп бӛлінуіне кӛмектеседі. Олардың 

сопакша  келген  ұзын  басы  күнге  аз  қызады,  бұйра  шаштары  басты  қызып 

кетуден  сақтайды,  себебі  шаштары  ауаның  мол  болуына  жағдай  жасайды. 

Табиғи сұрыпталуда осы белгілері бойынша географиялық орта жағдайлары 

бойынша  жүріп  отырады,  яғни  бұл  белгі  ортаға  бейімдеушілік  болып 

саналады. 

Гендердің  ауысуы  (дрейфі)  популяциялардың  генетикалық  қүрылымын 

ӛзгерте алады. Гендердің ауысуы арқылы популяциялардың сыртқы кӛрінісі 

50 ұрпақ бойы озгерісте болады, ол дегеніміз 1250 жыл уақытқа тең екендігі 

есептелінген. Сондықтан гендердің ауысуы нәсілдердің пайда болуында жеке 

фактор есебінде ӛте баяу әсер етеді. 

Оқшаулану  әртүрлі  жагдайды  және  әртүрлі  аумақты  қамтиды.  Мысалы, 

алғашқы  қауымдық  ұжымдардың  палеолит  дэуірінде  географиялық 

оқшаулануы  олардың  генетикалық  құрамының  басқа  ұжымдардан 

оқшауланып  сұрыпталуына  әсер  етті.  Басқа  ұжымдармен  байланысын 

болдырмайтын  қолдан  арнайы  кедіргілер  арқылы  жасалған  оқшаулану 

кезінде  популяциялардың  генетикалық  қүрамының  жіктеле  ӛзгеруіне  әсер 

етеді. Бірақ бұл жағдайда жекелеген мәдени әдет-ғұрыптардың пайда болуын 

туғызды,  АҚШ  үндістері  ақ  адамдардан,  ал  ирландық  пен  еврейлерді 

американның  басқа  ұлт  ӛкілдерінен  оқшаулау  нәсілдердің  жекеленген 

қасиеттерінің пайда  болуына  әсер етті және әсер етуде. АҚШ-тың оңтүстік-

батысындағы  хопи  үндістері  популяциясында  еркек  альбиносты  ер 

адамдарды  дала  жұмыстарына  қатыстырмай  оқшаулап,  үйге  тастап  кетіп 

отырған.  Соның  салдарынан,  ол  әйелдермен  жыныстық  қатынасқа  түсуге 

уақыты коп болғандықтан, тайпа ішінде  альбинос балалардың саны кӛбейіп 

кетіп,  тайпаның  генетикалық  құрамы  ӛзгерген,  ӛйткені  қара  түсті  еркектің 



 

17 


барлығы  далалық  жұмыста  болған.  Бұған  альбинизм  гені  бар  адамдарды 

оқшаулауы басты себеп болған. 

Популяциялар  мүшелерінің  араласып    кетуінен  олардың  генотиптері  де 

араласып  кетіп,  соның  әсерінен  жаңа  нәсілдер  пайда  болды.  Мысалы, 

солтүстік-американдық  түсті  нәсілі  (АҚШ-дағы  негр  тұрғындары)  орман 

негроидты нәсілі мен банту нәсілінің араласуынан, сонымен бірге солтүстік-

батыс  еуропалық,  альпийлік,  жерортатеңіздік  және  мүмкін,  т.б.  нәсілдердің 

араласуынан  пайда  болған.  Оңтүстік  африкалық  түсті  нәсіл  банту, 

бушмендер  және  готтентоттардың  араласуынан  пайда  болды.  Қазіргі  кезде 

Гавай 


аралдарындагы 

еуропеоидтық, 

моңғолоидтық 

және 


полинезийліктердің қандарыньщ араласуынан жаңа нәсіл тобы қалыптасуда. 

Нәсілдердің  келешегін  қазіргі  кездегі  факторлардың  әсерлері  анықтайды. 

Жер  шарында  жылдан  жылға  халық  саны  ӛсуде,  қоныс  аударушылар  да 

кӛбеюде, 

нәсіл 

аралық 


некелердің 

саны 


артып 

келеді. 


Адам 

популяцияларының  қоныс  аударып  араласуының  және  нәсіл  аралық 

некелердің кӛбеюіне байланысты, келешекте адамзаттың бірғана нәсілі пайда 

болуы  мүмкін  деген  пікірлер  бар.  Сонымен  қатар  нәсіл  аралық  некелерден 

келешекте  ӛздеріне  тән  ерекшелік  гендері  бар  жаңа  популяциялар 

қалыптасуы да мүмкін деген болжамдар бар. 

Нәсілдердің  пайда  болу  жӛніндегі  кӛкейкесті  мәселелерінің  бірі  - 

нәсілшілдікке ерекше кеңіл бӛлген жӛн. Ерте кездерде және қазіргі кезде де 

нәсілшілдіктің  негізін  адам  табиғатындағы  биологиялық  факторлардың 

маңыздылығын асыра сілтеп кӛрсетіп, оның  жеке дара және тарихы дамуын 

дұрыс кӛрсетпеуінде болып отыр. 

Нәсілшілдік  ертедегі  құлиеленушілік  дәуірінен  бастау  алады,  бірақ  оның 

нәсілшілдік  теориясының  қазіргі  анықтамасы  ӛткен  ғасырда  жасалды.  Бұл 

тұжырымдарда  еуропалық  нэсілдің  басқа  нэсілдерден  артықшылығын, 

немесе  ақ  нәсілдің  қара  нәсілден  артықшылығын  немесе  сионизмді  асыра 

насихаттады.  Ғылымның  ешқандай  дэлелінсіз,  нәсілшілдер,  нәсілдің  ӛзін 

әртүрлі  маймыл  тектес  арғы  тегі  бар  жеке  түр  есебінде  қабылдады  немесе 

нәсілдердің  шығу  тегі  бір  екенін  мойындап,  бірақ  нәсілдер  даму 

жылдамдығына  және  даму  деңгейіне  бӛлінеді  деп  есептеді.  Нәсілшілдер 

нәсілді  «тӛменгі»  және  «жоғарғы»  деп  бӛледі,  сӛйтіп  дамыған  ӛркениетті 

«жоғарғы» нәсілдер жасады деп түсіндірді. 

XIX  ғасырда  Еуропада  арийлік  нәсілге  табынушылық  пайда  болды,  олар 

негізінен  сонау  санкристік  аңыздарда  айтылатын  қара  терілі  индустар  мен 

парсыларға ақ түстілер қамқоршылық жасаған деген пікірлерге сүйенді.1854 

жылы  француз  әлеуметтанушысы  Ж.  Гобино  ең  «жоғарғы»  нәсіл  деп 

«германдық» нәсілдер деп мадақтап, «жоғарғы» және «тӛменгі» нәсілдердің 

бір-бірімен некелесуіне қарсы болды. 

Кейінгі  нәсілшілдік  евгеника  және  социал-дарвинизмдік  кӛзқарастармен 

байланысты  болды.  Евгениканың  кейбір  қағидаларын  нәсілшілдер 

нәсілшілдік  «артықшылығын»  жақсарту  үшін  пайдалана  білді.  Социал-

дарвинизмді  нәсілшілдер  қоғамдагы  қүбылыстарды  биологиялық  тұрғыдан 

түсіндіруге ұмтылды. Біздің ғасырдың басында нәсілдердің артықшылдығын 



 

18 


дәлелдеу  үшін  генетиканың  мәліметтерін  пайдалана  бастады.  Нәсілшілдер 

АҚШ-да  ақ  нәсілдердің  қаралардан  артықшылығын  жэне  негрлердің 

биологиялық  түргыдан  толық  жетілмегенін,  нәсіл  аралық  некелердің  зияны 

туралы  айтылды.  XXғасырдың  20  жылдары  нәсілшілдікте  автономды 

генетикалық факторларды іздеп табуға ұмтылушылық байқалып, «жоғарғы» 

сатыдағы  нәсілдердің  белгілерін  анықтады,  сонымен  бірге  нәсілшілдікті 

геноцидпен  байланыстыру  қажеттілігі  байқалды.  Бүл  ұмтылыс  кейіннен 

нәсілшілдік  пен  фашизмнің  бірігуіне  алып  келді.  Фашистік  Германияда 

«нәсілтануды»  мемлекеттік  саясат  деп  есептеп,  басып  алған  аумақтарда 

геноцидтік жағдай ӛршіді. 

Қазіргі  нәсілшілдік  -  ол  ескі  нәсілшілдік  пен  евгениялық  кӛзқарастардың 

тоқайласуы, 

сонымен 

бірге 


оны 

адамның 


қазіргі 

биологиялық 

тұжырымдарымен  «дәлелдеу»  деп  атауға  болады.  Қазіргі  нәсілшілдікке  тән 

нәрсе,  нәсілдік  сӛздіктерден  бұрынғы  «тӛменгі»  нәсілдердің  ауруларға  ӛте 

сезімтал  деген  сӛз  тіркестері  мүлдем  алынып  тасталды.  Керісінше, 

«жоғарғы» 

нәсілдердің 

ақыл-ой 


қабілеттерінің 

артықшылықтарын 

аңғартатын пікірлер пайда болды. 

Нәсілшілдік  ғылыми  тұрғыдан  ешқандай  сын  кӛтермейді.  Олардың 

«жоғарғы»  және  ӛте  «таза»  нәсілдер  бар  деген  түсініктері,  яғни  бұлардың 

ӛкілдері  барлық  локустар  (эрбір  генетикалық  локуста  бірдей  аллельдер 

болады) бойынша гомозиготалы деген түсініктері нағыз нәсілшілдік кӛзқарас 

болып саналады. Генетикалық ұқсастық нәсіл түгіл, тіпті, жеке отбасында да 

болмайды.  Нақты  гомозиготалық  тек  бір  жұмыртқадан  пайда  болған 

егіздерде ғана болады. Сонымен бірге, ерте кездерде таза нәсіл болған деген 

пікірлерге ешқандай дәлелдемелер жоқ. Керісінше, адамзаттың эволюциялық 

тарихы  -нәсілдердің  тұрақты  түрде  қан  араласуы  жүріп  отырады.  Қорыта 

айтқанда,  нәсіл  дегеніміз  таза  жіктелген  генетикалық  топтар  деген  ұғым 

мүлде дұрыс емес. 

        Нәсілшілдер  «таза»  нәсілдердің  (олар  мүлдем  жоқ)  гендері  «жақсы», 

олардың психикалық қасиеттері де «жақсы» деп түсіндірді. Ғылым да белгілі 

бір  белгілерге  және  жеке  бастың  психикалық  қасиеттеріне  қарап  қандай  да 

бір  нәсілдерді  анықтауға  болатыны  туралы  ешқандай  ғылыми  мәліметтер 

жоқ.  Бірде-бір  нәсілдің  ӛзіне  ғана  тән  тек  «жақсы»  гендері  болады,  яғни 

«жаман»  гендері  мүлде  болмайды  деп  айту  дұрыс  емес.  Белгілі  бір 

географиялық жэне мәдениетті ортада керек емес тендер, керісінше, басқа бір 

жерлерде  ол  керек  болуы  мүмкін.  Атап  айтқанда,  кӛптеген  «артықшылығы 

бар»  немесе  «артта  қалған»  сипаттағы,  кейбір  белгілі  бір  нәсіл  топтары 

негізінен  қоршаған  ортаның  әсерінен  қалыптасуы  мүмкін.  Адамдардың 

психиялық мінез-құлқын реттейтін, белгілі бір нәсілге тән ерекше гендердің 

болатынын  ешкім  де  және  ешқашан  да  кӛрсетіп  берген емес.  Қандай  да бір 

парасаттылық  ойдың  қалыптасуына  кӛптеген  факторлар  әсер  етеді.  Әрбір 

жеке  түлғаның  ӛзіне  тән  қасиеттері  болады,  ол  тұлғаның  қандай  нәсілге 

жататындығына  ешбір  қатысы  жоқ.  XIXғасырдың  аяғында  орыс  ғалымы  Н. 

Н.  Миклухо-Маклай  (1846-1888)  Жаңа  Гвинея,  Микронезия,  Меланезия, 

Филиппин  жэне  баска  да  Жер  шары  түғындарын  зерттеу  нәтижесінде, 


 

19 


әртүрлі 

нәсілдерге 

жататын 

жергілікті 

тұрғындар 

ой-ӛрісі 

еуропеоидтықтардан  ешкандай  айырмашылығы  жоқ  екенін  дэлелдеді. 

Сондықтан,  нәсілдердің  арасында ой-ӛрісіне  байланысты  тең  жэне  тең  емес 

және 

әртүрлі 


деген 

түсініктер 

тіршілік 

етіп 


отырған 

ортаны 


бағаламағандықтан  айтылады.  Тең  және  тең  емес  деген  әлеуметтік  жэне 

әдептілік  түсініктер  ретінде  колданылады,  ал  және  әр  түрлі  -бұл  түсініктер 

адамдардың  генотипіне  сипатама  ретінде  айтылады.  Кез  келген  жеке  тұлға 

туылғаннан  кейін  белгілі  бір  ортада  ӛмір  сүреді.  Тендер  бір  ортада  пайда 

болып, екінші ортада пайда болмайды, бұл қалыпты реакция, себебі адамның 

барлық  қасиеттерін  реттейтін  тендер  бір  ортада  реттесе,  екінші  бір  ортада 

реттей  алмауы  мүмкін  және  ұқсас  тендер  әртүрлі  ортада  әсер  етеді. 

Жануарлардың  тіршілік  ортасынан  адамның  тіршілік  ортасы  әлеуметтік 

сипатпен  ерекшеленеді.  Сана  сезім  арқасында  ол  материяның  қозгалысы 

жалпы  қоғамдық  тұрғыда  корініс  береді,  ол  ӛзіне  ортаны  бағындырады  да 

сол  арқылы  биологиялық  санадан  жоғары  орта  жасайды.  Парасаттылық 

тендер!, егер ондай тендер бар болса, жеке тұлганың, сонымен бірге жек бір 

топтардың,  нәсілдердің  жоғарғы  және  тӛменгі  рухани  бейнесінің 

ерекшеліктерін  кӛрсете  алмайды.  Нәсілдердің  әр  түрлі  ерекшеліктері  және 

рухани  байлығы  генетикалық  жетіспеушілікпен  анықталмайды,  ол 

генетикалық алуан түрлілікпен, ягни ол генетикалық механизмдердің негізгі 

жиынтығынан және әлеуметтік ортаның әртүрлігіне байланысты анықталады. 

Кез  келген  жеке  тұлға  қандай  нәсілге  жатқанына  қарамастан  генетикалық 

бағдарлама  мен  әлеуметтік  ортаның  қарым-қатынасы  арқылы  дамиды. 

Сонымен,  адамның  онтогенезінде  кез  келген  нәсілдің  жеке  тұлгасы  ӛзінің 

тұқымқуалаушылығы  мен  әлеуметтік  ортасының  жемісі,  ал  филогенез 

кезінде  адам  қоғамның  дамуының  жемісі,  ал  нәсіл  адамның  полиморфизм 

(терісінің  түсі.  қан  тобы,  құлағының  сыртқы  пішіні,  мұрынының  сұлбасы, 

шашының  ерекшелігі  және  т.б.)  негізінде  генетикалық  механизмдердің 

әсерінен  пайда  болады.  Сондықтан  нәсілдік  айырмашылық  тек  сыртқы 

белгілеріне қарап ажыратылады, оған адамға тән белгілерінің ешбір қатысы 

жоқ, яғни нәсіл адам бойындағы  белгілерге қарап бӛлінбейді. Әрбір нәсілге 

генетикалық  алуан  түрлілік  тән  қасиет,  олар  нәсілдің  белгілерін  аңғартады. 

Нәсілдер  арасындағы  айырмашылық,  тек  қоғамның  экономикалық  дамуына 

байланысты,  бірақ  осы  айырмашылық  биологияның  заңдылықтарына 

бағынбайды. Ол тарихи дамудың жемісі екендігін Н. Н. Миклухо-Маклайдың 

(1846-1888)  Жаңа  Гвинея,  Микронезия,  Меланезия,  Филиппин  және  басқа 

Жер  шарының  байырғы  жергілікті  тұрғындарын  зерттеу  барысында 

анықталған. 

 

 

 



 

 

 



 

 

20 


Бақылау сұрақтары: 

1. Адам эволюциясы, немесе антропогенез 

2. Антропогенезге ескі кӛзқарастар 

3. Адамның жануарлардан пайда болғаны туралы тұжырымдар 

4. Антропогенездің кезеңдері 

5.Бастама болғандардың кезеңдері 

 

Қолданған әдебиеттер: 

Алексеев В. П. Человек (эволюция и таксономия). М: Наука. 1985.285стр. 

Дубинин Н. П. Что такое человек. М.: Мысль. 1983. 319 стр. 

Елинек Я. Большой иллюстрированный атлас первобытного человека. Прага: 

Артия. 1985. 569 стр. 

Рогинский Я. Я. Проблемы антропогенеза. М.: Высшая школа. 1977. 261 стр. 

Чебоксаров  Н.  Н.,  Чебоксарова  М.А.  Народы,  расы,  культуры.  М.:  Наука. 

1985. 


 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет