Ұзақ мерзімді стратегиялық маңызы бар алдағы кезең сипатындағы міндеттер. Мақсаты



Дата09.05.2022
өлшемі19,63 Kb.
#33263
түріҚұрамы

Ұзақ мерзімді стратегиялық маңызы бар алдағы кезең сипатындағы міндеттер.
Мақсаты: Ұзақ мерзімді стратегиялық маңызы бар алдағы кезең сипатындағы міндеттерді толық ашып көрсету.

2016 жылғы желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтті. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан өзінің егемендігін жариялады және осылайша, КСРО‑ның ыдырап жоқ болғанын Алма-Ата декларациясы бекіткенге дейін 5 күн қалғанда Кеңес Одағы құрамынан шыққан соңғы ел болды. Тәуелсіздікті «кешеуілдетіп» жариялау себебі жүйеге деген адалдықтан емес, қазақстандық экономиканың ресейлік экономикамен тығыз байланысып жатқандығында еді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары үлкен экономикалық және әлеуметтік қиындықтармен ерекшеленді, өйткені Ресей 90-жылдардағы бастапқы нарықтық жағдайында жүйесіз дамыды және Қазақстан экономикасын алға тартатындай күші де болмады. Халықтың бойында сенімсіздік күшейе түсті. Осы уақытта көптеген адамдар елден кетіп қалды. Орыстардың көпшілігі бұрынғы кеңестік республикадан Ресейге тұрақты тұруға көшіп кетті. 1991 жылы Қазақстанда тұратын миллионға жететін немістердің шамамен 800 мыңы Германияның Негізгі Заңының 116-бабының ережесін пайдаланып, өздерінің тарихи отанына кетіп қалды. Бұл шешімді қабылдауға көбінесе экономикалық себептер түрткі болды.



Бастапқы кезең жан-жақты экономикалық реформалар емес, шикізатты сату нәтижесінде түскен «тез ақшаға көңіл толып масайрау» және көптен күткен тұтынушылық мүмкіндіктерді қанағаттандыру жылдары болды. Бұл жағдай Гётенің «Фаустындағы» «Тоқта, мезет! Сен тамашасың!» деген сөзіндегідей реформалауға деген құлшынысты бәсеңдетті. Реформалар жоспарланған болатын, бірақ олар көбінесе жүйелі жүзеге аспады немесе мүдделердің қарама-қайшылығына байланысты іске асырылмады. Барлығы «осы да жарай береді!» қағидаты бойынша жасалды. 2014 жылғы әлемдік шикізат нарықтарындағы бағалардың күрт құлдырауы сияқты күрделі үдерістер, реформаларға қайта кірісуге алып келді.

Бірақ Қазақстандағы реформаларға деген ұмтылыс туралы не деуге болады? Бертельсман қорының жарияланған Трансформация индексіне (Transformation Index) BTI 2018 сәйкес, Қазақстан қарастырылған елдердің экономикасы арасында орташа орынды алады (129 орыннан 64-орын), сонымен қатар саяси реформалар саласында 93 және мемлекеттік басқару тұрғысынан 81-орынды алады 2 . Нақты саяси өзгертулер бөлігінде мемлекет қатаң автократиялы елдер қатарына жатқызылған. Молдова мен Украинадағы 3 сияқты Еуропалық Одақпен қауымдасу туралы келісім, Қазақстанға қатысты тіпті қол қойылғаннан кейін екі жылдан соң да күтілмейді. Дегенмен, 2015 жылғы 21 желтоқсанда Астанада Еуропалық Одақ пен Қазақстан Республикасы арасындағы серіктестік және кооперация туралы келісімге қол қойылды. ЕО және Қазақстан арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі кеңесі 2018 жылғы 26 ақпанда Келісімді табысты іске асыруды құптады. Ол сауда және кеден ісі, қоршаған орта және климаттың өзгеруі, энергетика және «жасыл экономика» (экологиялық экономика), сондай-ақ заң үстемдігі мен сот органдарының ынтымақтастығы сияқты салаларды қамтиды. Ынтымақтастық жөніндегі кеңес қарым-қатынас пен ынтымақтастықты нығайту, соның ішінде аймақты тұрақтандыру мен дамытуда ЕО және Қазақстанның ортақ мүдделерін растады 4. Қазақстан көптеген жылдар бойы ЕО‑ның Орталық Азиядағы стратегиясын жүзеге асыруға сындарлы түрде қатысып келе жатқан жалғыз ел болғаны туралы еш жерде айтылмаған. Бұл факт қазірдің өзінде шет елдерді бағалау схемалары арқылы «бақылау» шектерінің өзіндік шекарасына ие екенін және көбінесе саралауға келмейтінін айқын көрсетеді. Бұл құбылыс Орталық Азия елдеріне қатысты жиі кездеседі. Баяндамада, шын мәнінде EXPO – 2017 нәтижелерін көрсетпеген; атап айтқанда, жаңартылатын энергия көздерін енгізу жөніндегі көптеген бастамалар туралы айтылмаған. Экономикалық өзгертулер жүргізу бөлігінде 5 Қазақстанның реформаларды жүзеге асыру бойынша индексі Орталық Азияның барлық елдерінен әлдеқайда асып түсті, алайда екі жылдан кейін экономиканың көптеген салаларында тоқырау байқалады 6 . Бұл мұнай бағасының шешуші әсерімен және оның бүгінгі күнге дейін төмендеуімен, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ тарапынан бір құрылымды меншік жүйесімен байланысты экономиканың басқа да жақтарын бұғаттау механизмдерімен түсіндіріледі. Сонымен қатар, атқарушы билікке тәуелді сот әділдігіне байланысты туындаған сыбайлас жемқорлық пен проблемалар экономиканы жайлаған 7 . Индекс бойынша 2050 жылға қарай Қазақстанды әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына енуіне алып келуі тиіс өршіл реформаторлық стратегиялар осылайша сәтсіздікке ұшырауы мүмкін. Трансформация индексі BTI 2016 Қазақстан Республикасына қатысты ағымдағы экономикалық жағдайды қатаң түрде айқындап жатыр дейтін болсақ та, мынадай бір қызықты сұрақ туындайды, яғни: саяси өмірде жеткілікті трансформациясыз, экономикадағы өзгертулер бойынша шаралар қаншалықты табысты болуы мүмкін? Сыртқы көзқараспен Қазақстандағы өзгерістерге деген ұмтылысты дәлірек анықтау және оларды бағалау үшін басқа да статистикалық деректерге жүгіну керек. 2000 жылдардың басынан мұнай бағасының күрт төмендеуіне байланысты экономикалық дағдарыс (2014) басталғанға дейін барлық негізгі экономикалық көрсеткіштерде елеулі өсім байқалады. Осылайша, жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) 14 жылда 18 млрд АҚШ долларынан 216 млрд АҚШ долларына дейін өсті 8. Жан басына шаққандағы табыс 1 230 АҚШ долларынан 12 400 долларға дейін өсті, бұл – Ресейді қоса алғанда, бұрынғы Кеңес елдерінің арасында ең жоғары көрсеткіш. 2017 жылдан бастап мұнай бағасының қайтадан өсуіне орай, жан басына шаққандағы табыс 2016 жылы дағдарыстың ең төменгі нүктесінде 7 500 долларға дейін, ал 2017 жылға дейін 8 841 АҚШ долларына дейін өсті 9 . Сондай-ақ осы кезеңде тікелей шетелдік инвестициялар 10,1 млрд АҚШ долларынан 129,2 млрд АҚШ долларына 10 дейін он есе артып, тіпті дағдарыс кезінде де тұрақты болып қалды 11. Әрине, бұл керемет өсім негізінен пайдалы қазба шикізатын барлау мен сату және соның төңірегіндегі көрсетілетін қызметтер инфрақұрылымына негізделген. 2014 жылы дағдарыстың басталуына дейінгі кезеңде ЖІӨ‑дегі әлсіз өнеркәсіптік сектордың үлесі – 40,5%-дан 36%-ға дейін төмендеді, ал ЖІӨ‑дегі ауыл шаруашылығының үлесі (ЖІӨ‑дегі 8,7%-дан 4,7%-ға дейін) тіпті екі есе қысқарды 12. Экономикалық өсім дағдарыс кезінде 1%-ға дейін төмендегеннен кейін, 2017 жылы тұрақты 4,0%-ға қол жеткізілді, ал ағымдағы жылы шамамен 3,8% өсім болжанады 13. Өтпелі кезеңдегі ел үшін олар қомақты болғанымен, бірақ та жоғары көрсеткіштер емес. Бұл жаңа өсу мүмкіндіктерін ашу үшін біржақты, ресурстарға тәуелді экономикадан – басқа экономикалық өзгертулер қажет екендігін тағы да айқындайды. Халық санының өсуі, яғни 1990 жылдардың соңында 14,9 миллионға дейін қысқарғаннан кейін қазірдің өзінде айтарлықтай өсіп 17,8 миллион адамды құрауы, тек он бес жылда халықтың 20%-ға артуы болашаққа үміт арттырады. Атап айтқанда, Қазақстан халқының 26 процентінен астамы 15 жасқа толмағандықтан, болашақтағы әлеуеті зор.

Қазақстанның жалпы экономикалық дамуы мұнай-газ саласы жағынан әсіресе жақсы болуы мүмкін. 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан бері ол Қазақстанның барлық әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесу үшін бүкіл мемлекеттік органдарда орталық рөлді атқарды. Сондай-ақ, шикізат саласы Қазақстанның экономикасында маңызды рөл атқаратыны болжанады. Сонымен бірге, осы ұлттық экономиканың негізгі секторы екінші сектордың (өнеркәсіптің) жағымды дамуының жолында айқын көрінді. OPEC пен басқа елдердің (соның ішінде Ресей мен Қазақстан) ынтымақтастығының арқасында мұнайдың бағасы бір барреліне 55 долларға дейін, барреліне 30 долларға дейін төмендеген. Алдағы уақытта мұнай бағасы бір баррель үшін 85 долларды құрайтын болады деп күтілуде, ал орташа және ұзақ мерзімді перспективада бағалардың төмендеуі күтілуде. OPEC баға деңгейін жасанды қамтамасыз ету (өндірісті төмендету есебінен) көптеген елдердің декарбонизация бойынша күш-жігері мұнайға деген сұранысты төмендететініне байланысты болғандығы жөнінде айтылмайды. Бұдан басқа, мұнай бағасының күрт артуы Қазақстанның экономикасын бұрынғы деңгейге дейін қалпына келтіруге, сондай-ақ теңгенің қайта бағалануына алып келмеді (жоғарыда көрсетілген). Осы тұрғыдан алғанда, қазба байлықтары шексіз емес екендігін ескере отырып, жаңартылатын энергия көздері Қазақстан экономикасы үшін қажетті трансформациямен қандай үлес қосуға болатыны туралы мәселе көтерілуі керек.



Пайдалынылған әдебиеттер тізімі:

  1. Басқару есебі. Оқу құралы. Иманбаева З.О. Алматы, 2016.

  2. Виткалова А.П. Внутрифирменное бюджетирование [Электронный ресурс]: учебное пособие для бакалавров/ Виткалова А.П.— Электрон. текстовые данные.— Москва: Дашков и К, Ай Пи Эр Медиа, 2019.— 128 c.— Режим доступа: http://www.iprbookshop.ru/83131.html.— ЭБС «IPRbooks»

  3. Друри К. Управленческий и производственный учет : Книга / Друри К. — Москва : ЮНИТИ-ДАНА, 2018 — 1423 c. — ISBN 9785238010601. // Электронно-библиотечная система TURAN : [сайт]. — URL: http://e-lib.turan-edu.kz/book/94649


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет