Заман талабына сай оқыту үрдісінің жаңа әдіс-тәсілдерін әр мұғалім сабақ барысында қолдануы қажет. Күнделікті сабаққа дайындалу барысында мұғалімнің өз білімін жетілдіріп отыру өте маңызды үдеріс



Дата07.01.2022
өлшемі36 Kb.
#20561
түріСабақ

Заман талабына сай оқыту үрдісінің жаңа әдіс-тәсілдерін әр мұғалім сабақ барысында қолдануы қажет. Күнделікті сабаққа дайындалу барысында мұғалімнің өз білімін жетілдіріп отыру өте маңызды үдеріс . «Назарбаев Зияткерлік мектептер» дербес білім беру ұйымы мен Кембридж университетінің білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген деңгейлік бағдарлама бойынша педогог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының ұсынған модульдерінің ішіндегі мен үшін ең маңызды модулі сын тұрғысынан ойлауға үйрету. «Сын тұрғысынан ойлау бақылау, тәжірибе, толғану және синтездеуде қолданылатын әдіс болып табылады, сонымен қатар ол әрекет жасауға негіз, түрткі болуы да мүмкін»

Іс-әрекетті зерттеу жүргізу барысында мектептегі зерттеуге алған нысаным - 5 - сынып оқушылары. Сыныптағы оқушыларды зерттеудегі басты мақсатым - белсенділіктері төмен оқушылардың ойлау, талдау, іздену қабілеттерін арттыру. Сыныптың жалпы үлгерімі жаман емес. Бірақ берілген тапсырмалар мен сұрақтарға жалаң жауап береді, шығармашылық тұрғыдан ойлау деңгейі төмен. Сондықтан заман талабына сай креативті ойлай алатын. Зияткерлік пайымдауы жоғары тұлға қалыптастыруды алдыма қойған басты мақсат . Сыныпты зерттеу барысында бұл оқушыларға тапсырмаларды басқаша берсем олардың ойлау әрекеттерінде өзгеріс енгізем бе деген ой мазалады. Осы мәселені шешуде мен сын тұрғысынан ойлау модулін әдебиеті оқыту барысында қолдану өте тиімді. Сабақ барысында белсенділігі төмен оқушылар белгілі тапсырмаларды орындау шығармашылыққа бағыттау арқылы өз ойларын еркін жеткізуге, бірлесіп топпен, жұппен ынтымақтастықта жұмыс жасауға, әңгімелерге араласуға, сонымен қатар механикалық жаттандылықтан арылтып, өз бетінше іздену жұмыстарын жұмыс жүргізуіне жағдай жасадым. Глейзердің айтуы бойынша сын тұрғысынан ойлау «оған белгілі бір қорытындындыларды қалыптастыруға мүмкіндік беретін дәлелдер тұрғысынан кез келген ұстанымды немесе болжанатын білім нысанын зерделеу үшін табанды күш жұмсау» (мұғалімге арналған нұсқаулық 43-бет Біздің мақсат – оқушылар өздерінің қалай оқу керектігіне назар аудара отырып, олардың өз ойлары мен дәлелдемелерін нақты жеткізе алатын, яғни ойға жүйрік, тілге шешен, әрі жазбаша түрде еркін, көркем бейнелеп жазуға төселген, бірнеше тілді қатар меңгерген бәсекеге қабілетті жан-жақты жетілген жеке тұлға қалыптастыру болып табылады. Ондай «тұлға» болашаққа сенімді, ынталы, сыни пікір көзқарастары жүйелі дамыған, қазіргі сандық технологияларды, өмірде өз білімін қалыптан тыс жағдайда да еркін әрі терең пайдалана білетін тұлға болуы тиіс. Бұл оқытудың басты бағыты – ойлауды дамыту болып табылады. Яғни, оқушы өзінде бар білімді түрлі дереккөздері арқылы, мұғалімнен, оқулықтан, достарынан алған білімдермен біріктіре отырып іске асырады. Осыған дейін біз дәстүрлі оқыту үрдісін іске асырып келгенбіз. Өткен ғасырдың басында-ақ американ педагог-психологі Джон Дьюи жоғарыдағы «дәстүрлі» білім беруді енжарлықпен білім алу үдерісі ретінде сипаттады және өзара әрекеттің немесе сыни қатысудың төмен деңгейін ғана қажет ететін жаттап алу әдісі деп сынаған. Осыған байланысты мен оқушының пәнді терең түсінудегі қабілетін дамытуды, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары арқылы жүзеге асыруды көздедім.Конструктивті оқыту барысында сын тұрғысынан ойлау арқылы басымдылық мұғалімнен гөрі оқушыға тән құбылыс. Мұғалім сабақ барысында оқушының идеясының дамуына ықпал ететін тұлға болып табылады. Сонымен қатар сын тұрғысынан ойлау модулінің әдіс-тәсілдері бойынша мұғалім қызметіндегі маңыздысы - оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған тапсырмаларды бірлесіп орындау барысында өздерінің қалай ойлау арқылы білім алу керектігіне назар аудара, олардың өз ойлары мен дәлелдемелер арқылы көздеген мақсаттарына жетуге ұмтылады.. Мектептегі тәжірибе кезінде мен не туралы айтуды, нені көрсетуді олардың оқу туралы ой-пікірлеріне қалай әсер етуі туралы көп ойландым. «Сын тұрғысынан ойлау» модулінің әдіс-тәсілдерін сабақта қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығы білім сапасын арттыра алауға бола ма? Осыған байланысты мектептегі қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестік отырысында Кембридж университеті мен «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ бірлесе әзірлеген бағдарламада негізделген жеті модульді жүзеге асыру ерекшелігі туралы жалпы қысқаша таныстырылым жасадым, осы жеті модуль жайлы алған білімімді қайта қарап зерделеп шықтым. Мектептегі әріптестеріммен талқылау, білген нәрсені қайтадан ой елегінен өткізу- мені сын тұрғысынан ойлау модулін таңдауға итермеледі. Сондай-ақ мен қызмет атқаратын мектептің ауқымды мәселенің бірі мектеп оқушыларының пәндік олимпиадаларда, ғылыми жобаларда, т.б. жарыстарда өздерін көрсете алмауы. Бұл мәселе мені ғана емес әріптестерімді де қатты толғандырады. Сондықтан да оқушының қызығушылығын арттыратын, өз бетінше шығармашылықпен айналысуға итермелейтін - сын тұрғысынан ойлауға үйрету модулі менің тәжірибем мен оқушыларымның білім сапасын арттыруға ең тиімді және қолайлы деген қорытындыға келдім. Осы мәселелерге байланысты мен өз іс тәжірибеме өзгеріс енгізе отырып мен сабақ барысында «сын тұрғысынан ойлау» модулін пайдалану ең оңтайлы тәсіл- балалардың жеке басының тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беруге ынталандыру» («Мұғалімге арналған нұсқаулық» 45 бет) сын тұрғысынан ойлау модулі арқылы оқушыларды шығармашылық, яғни шағын эссе жазуға үйренді, өз ойларын еркін жеткізуге жетелеу балалар шығармашылығын шыңдауға еркіндік берді. Сабақтың соңында рефлексия ретінде сабақ барысындағы тапсырмалардың қиындығы туралы жазбаша жазып өткізді. Оқушылардың жауаптары мынандай болды «берілген тапсырмалар қиын, бірақ біз жауабын бірлесе, ақылдаса отырып іздедік» немесе «жаңа сабақты өзіміз оқып, бір-бірімізге түсіндірдік» мен өз жұмысымның шағын болса да нәтижесін осыдан байқадым. Болашақта сын тұрғысынан ойлау модулі арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу басты міндетім

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет