Заманауи жоғары мектеп педагогикасының әдіснамалық негіздері


Акмеологиялық тұғыр (тәсілдеме)



бет3/4
Дата19.11.2022
өлшемі0,73 Mb.
#51277
1   2   3   4
Акмеологиялық тұғыр (тәсілдеме). Акмеология (ежелгі грекорыс сөздігі бойынша «акме» - жоғары нүкте, өткір, гүлдену, кемелдік, ең жақсы кезең) – адам туралы ғылым жүйесіндегі жаңа пәнаралық білім саласы. «Акме» жеке тұлғаға қатысты – адамда оның тиісті ақпаратты (ақпараттық қаруландыру) игерудегі ұстанымы, нақты саладағы шығармашылық өзін-өзі танытудағы ұстанымы (шығармашылық өзіне-өзі есеп беру), өзін-өзі бағалаудағы ұстанымы (өз-өзіне жоғары қатынасы), басқа адамдармен қарым-қатынастағы және ынтымақтастықтағы ұстанымы (сәйкестендірудің сыртқы сипаты), «кемелдену шыңдары», белгілі бір қасиеттердің аса белсенді көріністері, жеке қарқынмен даму нүктелері.
Гуманистік тәсілдеме жаңа білім беру парадигмасының дүниетанымдық негізі болып табылады. Білім берудің гуманистік бағдарлық философиясы - бұл білім беру үдерісін оның барлық сатыларында сапалы жаңартудың стратегиялық бағдарламасы.
Технологиялық тұрғыдан келесі тәсілдемелерді бөліп көрсетуге болады:
Экопсихологиялық тәсілдеме оқу үрдісінде қолайлы әлеуметтік-психологиялық микроклимат құруды, қойылған міндеттерді шешуде өзіндік маңызы мен жауапкершілігін сезінуді қамтамасыз етеді.
Психодидактикалық тәсілдеме дидактикалық құралдарды іріктеуді студенттердің жеке және әлеуметтік-психологиялық негіздерін ескере отырып, олардың тұлғалық дамуын ынталандыратындай етіп жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Жеке-шығармашылық тәсілдеме әрбір студенттің шығармашылық әлеуетін өзектендіруге мүмкіндік беретін әртүрлі деңгейлі, сараланған тапсырмаларды (репродуктивтішығармашылық, шығармашылық) әзірлеуді талап етеді.
Көпсубъектілік тәсілдеме, ең алдымен, оқытушылар мен студенттердің бірлескен іс-әрекетінің, ынтымақтастығының әртүрлі нысандарын пайдаланумен байланысты. Сабақ барысында әртүрлі топтық және жеке формаларды пайдалану тек ынтымақтастыққа ғана емес, сонымен қатар шығармашылыққа да алып келеді.
Креативтік тәсілдеме шығармашылық даралықты қалыптастыруға, қызметтің шығармашылық стилін әзірлеуге, сондайақ бірлескен шығармашылық қызметті ұйымдастыра білуге бағыттайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет