Заманхаттар



Pdf көрінісі
Дата07.01.2022
өлшемі35,5 Kb.
#18913


Заманхат - əдебиеттануға А.Байтұрсынов енгізген термин. “Заманхат” термині жеке

адамның тарихи оқиғалар барысындағы қызметі сарапталынып, іс-тəжірибелері

замандастары мен келер ұрпаққа аманатталынатын, негізінен, өмірбаяндық оқиғалар

қамтылатын əдеби шығармалар жанрын білдіреді.

Мен Дінмұхамед Қонаевың " Өтті дəурен осылай " атты заманхатын оқыдым. Орысша "

О моём времени". Осы еңбектің "Риддер-Лениногорск"атты бөлімін қызығып оқыдым.

Өзім шығыс Қазақстанда дүниеге келіп өскеннен кейін бұл бөлім мен үшін аса қызық

болды.


1939ж. 23қазан күні Дінмұхамед ағамыз əйелі Зухра Шариповнамен Өскеменге жолға

шықаны туралы айтады. Риддер қаласындағы кеніште 9 қарашадан бастап жұмыс

атқарады. Риддер кенішініғ тарихы туралы, оны ашқан офицер Ф.Риддер туралы, сол

кезда ашылған басқа да кен орындары туралы( Зыряновск, Белрусовка) айтып кетеді.

Жұмыстың алғашқы жылдары кеніштегі жағдайдын өте нашар болғанын айтады,

алайда уақыт өте келе жұмыс тəртібін, жоспарын түзей алғандарын, жұмыстын

қаншалықты ауыр болғанын сипаттайды. Риддерде Мұхтар Əуезовпен кездескені

туралы айтады. 1940жылы Риддер поликомбинатының қайта құру түгел аяқталып,

Қонаев кен басқармасының директоры болып тағайындалды. Бұрынғы жұмысымен

қоштасқысы келмегенін, алайда оған сеніп тапсырылған жұмыс болғандықтан басқа

амалы болмағанын айтады.  1941ж. 6 ақпан күні Риддер атауы Лениногорск болып

ауыстырылды. Соғыс басталар алдында үш күн бұрын ғана Дінмұхамед ағамыз

инженер Д.Вербицкиймен бірігіп "Перевести бурильщиков на новые стахановские

методы труда" атты үлкен мақала шығарады. Бұл мақалада жұмысшылардын

жағдайын жақсарту үшін жаңа еңгізулер ұсынылған болатын. Көптеген жұмысшылар

бұл ойды құптады дейді. Алайда 22 маусым күні соғыс басталады. Бұл оқиғаларды

еске алу əліде ауыр дейді. "Бір ғана біздің басқармадан 3652жұмысшы соғысқа

аттанды. Басшылықта отырғандардың көбісі өз еркімен соғысқа аттануға сұранған, тіпті

талап еткен екен. Алайд "сіздер осы жерде керексіздер " деген жауап алған. Соғыс

жылдарындағы жағдайдын бар ауыртпалығын айтып сипаттап береді. Жұмысшы

əйелдердің , ер адамдардың орнына келіп, қаншалықты ауыр жұмыс атқарғанын

айтады. Кез келген еркектің қолынан келе бермейтін жұмысты орындап, бір жағынан

бала тəрбиелеп отырған əйелдердің ерлігі туралы айтып алғысын білдіреді. Соғыс

кезінде жауға атылған əрбір 10 оқтын ішіндегі тоғызының ішінде Қазақстанда өндірілген

қорғасын болды , Лениногорск қорғасыны болды деп мақтанышпен айтады.

Жұмысшылардың жұмысты 200-300% ға орындап сол жылдары рекорд орнатқан

жұмысшылардың əрқайсысын есімін атап атқарған жұмысының көлемін жазып кеткен.

Бөлімнің соңында бірге жұмыс атқарған адамдардың есімдерін атап өтіп əрқайсысына



алғысын білдірелі.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет