Зертханалық жұмыс №1



Дата06.01.2022
өлшемі153,69 Kb.
#16782
түріПрограма

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Қарағанды техникалық университеті


АТҚ кафедрасы

Зертханалық жұмыс №1

Тақырыбы: Microsoft Visual С# програмалау ортасында жұмыс істеу негіздері. Алғашқы программа құру

Орындаған: Ибраева А.С.

Тобы: ПС-18-1

Қабылдаған: Аймагамбетова Р.Ж.

Қарағанды 2021

1 Зертханалық жұмыс

Microsoft Visual С# програмалау ортасында жұмыс істеу негіздері. Алғашқы программа құру
Жалпы мәліметтер

С# тілін («Си-шарп» деп айтылады, мұнда Бетховеннің «Ай сонатасындағы» музыкалық нотация — до-диез таңбасы (#) пайдаланылған; ағылшындар оны «си-шарп» деп оқиды) Microsoft компаниясының маманы Андерс Хейлзберг (Anders Hejlsberg) жаңа объектіге бағытталға программалау тілі ретінде С, C++, Java және BASIC тілдерінің негізінде жасап шығарған. Бұл пәнде осы тілдің негізгі элемент-тері қарастырылады.

С # тілі Microsoft фирмасының .NET (дот-нет) архитектурасы үшін программалар жазуға арналған тілі. .NET – программалау технологиясындағы жаңа платформа, ол желіге қосыл-ған компьютерлерге арналып жасалған.

.NET көмегімен шағын мобильді компьютер-лерде орындалатын программалар жазу ыңғай-лы деп есептеледі. Бұл технология Visual Studio.NET деп аталады да, бұл ортада Visual Basic, басқарылатын С++ және С # тілдерінде программалар жасау қарастырылған, бірақ ол осылармен ғана шектеліп қалмайды.

С # тілінің мүмкіндігі Java тілімен қатарлас, осы екі тіл қазіргі алдыңғы қатарлы технологияларға жатады. С# тілін сүйемелдейтін .NET платформасының программа жасау ортасы бастапқы программаны бірден машиналық кодқа емес, MicroSoft Intermediate Language (MSIL не IL) атты аралық тілге аударады. Ол ОЖ-дан, ком-пьютер типінен тәуелсіз командалардан тұра-ды да, бірден орындалмайтілдің жалпы орындалу ортасы Common Language Runtime – CLR деп аталатын жүйе арқылы атқары-лады. CLR ортасы кез келген ОЖ-да орында-ла береді. Программаны орындау кезінде, CLR JIT-компиляторын (just in time – дер кезінде) шақырады. Компилятор программаны бөліктерге бөле отырып, оның тек осы сәтте керек бөлігін ғана орындайды.
Жұмыстың барысы

1. Microsoft Visual С# бағдарламасын жазып алып, іске қосамыз

2. Создание пректа батырмасын басамыз

3. Консольное приложение С++ таңдап

4. Ат құрамыз

5. Өзімізге қажет сөздерді жазып (1 сурет)



1 сурет
6. Локальный отладчик Windows батырмасы арқылы консоль отладкасын аламыз (2 сурет)

2 сурет
7. Жұмысымызды сақтаймыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет