Зертханалық жұмыс №17 Жарықтың интерференциясын, дифракциясын және поляризациясын бақылау Құрал-жабдықтар



Дата04.12.2022
өлшемі316,29 Kb.
#54800

Зертханалық жұмыс №17


Жарықтың интерференциясын, дифракциясын және поляризациясын бақылау


Құрал-жабдықтар: 1) шыны пластиналар – 2; 2) қыздыру қылы түзу шам (сыныпқа біреу); 3) жарықтандырылған фотопленка; 4) ұстараның жүзі.
Жұмыстың мақсаты:11.6.1.7 – жарық интерференциясы, дифракциясы және поляризациясы құбылыстарын бақылау арқылы жарықтың электромагниттік табиғатын тәжірибемен дәлелдеу.
Жұмыстың барысы
Жарықтың интерференциясын бақылау. 1. Екі шыны пластинаны мұқият сүртіңдер, екеуін қосып, оларды бір-біріне саусақпен қысыңдар.
2. Пластиналарды күңгірт реңде шағылған жарықта қараңдар. Осы кезде пластиналарды олардан жарқырап шағылған жарық болмайтындай етіп ұстаңдар.
3. Пластиналардың жанасатын жерлерінде пайда болатын айқын түрлі-түсті тұйық сызықтарды бақылаңдар.
4. Алынған интерференциялық көріністің ақ қабатының қалыңдығына сай физикалық және орналасуының өзгерістерін бақылаңдар.
5. Интерференцияны өтетін сәуледе бақылап көріңдер.
Жарықтың дифракциясын бақылау. 1. Фотопленкада ені 0,5 мм саңылау жасаңдар.
2. Саңылауды вертикаль етіп, көзге тақап ұстаңдар.
3. Саңылау арқылы вертикаль орналасқан шамның қылына қарап отырып, оның екі жағындағы түрлі-түсті жолақтарды бақылаңдар (дифракциялық спектр).
4. Саңылаудың енін 0,5 мм-ден 0,8 мм-ге өзгерте отырып, дифракциялық спектрдің қалай өзгеретінін байқаңдар.
Бақылау сұрақтары
1. Жарықтың интерференциясы кез-келген жағдайда бола ма? Оны барлық кездерде де бақылауға бола ма?
2. Гюйгенс – Френель принципін пайдаланып, жарықтың дифракциясыи түсіндіріңдер.
3. Дифракциялық спектрдің дисперсиялық спектрден айырмашылығы неде?


Жарықтың поляризациясын бақылау.
Құрал-жабдықтар: 1) поляроидтар
Теория. Жарықтың ұзындығы 400 – 700 нм болатын электромагниттік толқындар екені бізге мәлім. Әрбір сәулені сәуле шығарғыш электрлік және магниттік кернеулері мен өрістері бар векторлық бағыттағы электромагниттік толқындар шығарады. Бірақ затта атомдар көп және олар ретсіз орналасқан. Сондықтан жарық олардан әр түрлі бағыттарға таралады да, барлық бағыттағы тербелістердің амплитудалары бірдей болады.
Тербеліс амплитудасы барлық жазықтықтарда бірдей болатын жарықты табиғи жарық деп атайды. Ал әр түрлі жазықтықтарда энергиялары әр түрлі болатын жарықты жартылай поляризацияланған жарық деп атайды. Егер жарықтың барлық энергиясы бір жазықтықта жинақталса, онда ондай жарықты толық поляризацияланған жарық деп атайды. Тербеліс болатын жазықтықты тербеліс жазықтығы деп, ал оған перпендикуляр жазықтықты поляризация жазықтығы деп атайды.
Табиғи жарықтың тербелісінен белгілі бір тербелістегі жарықты бөліп алу жарықтың поляризациялануы деп аталады. Поляризацияланған жарықты алу үшін қолданылатын аспаптарды поляризациялағыштар деп, ал жарықтың поляризацияланған, поляризацияланбағанын, яғни табиғи екенін анықтайтын аспаптарды талдағыштар деп атайды. Поляризациялағыштар мен талдағыштардың құрылымы бірдей. Жарық шағылғанда да, сынғанда да поляризацияланады.



2-сурет
Поляроидтар. Поляризацияланған сәулелердің біреуін кешіктіріп жіберетін кристалдар да болады. Олардың қалыңдықтары 0,1 мм немесе одан да кіші болуы мүмкін. Осындай қабыршақты целлулоидқа жапсырып, шамасы бірнеше квадрат дециметр пластина болатын поляризациялағыш алынады. Бұл қабыршақтар поляроидтар деп аталады. Олар қолдануға өте қолайлы. Анализаторды айналдырған кезде одан өтетін жарық интенсивтілігін өзгертеді (2-сурет). 2 -сурет

Бақылау сұрақтары


1. Турмалин кристалында болатын жарықтың поляризация құбылысын сипаттап түсіндіріңдер.
2. Қандай жарық табиғи, ал қандай жарық поляризацияланған деп аталады?
3. Поляризациялағыштың талдағыштан айырмашылығы неде?
4. Поляризациялағышты айналдыра талдағышты бұрғанда байқалатын құбылысты түсіндіріңдер.
5. Қандай заттар поляроидтар деп аталады?

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет