Зертханалық зерттеу әдістері. Аспаптық зерттеу әдістері



бет1/3
Дата31.08.2022
өлшемі28,84 Kb.
#38334
  1   2   3

Зертханалық зерттеу әдістері. Аспаптық зерттеу әдістері.
Емдеу-алдын алу мекемелері – бұл, халыққа білікті және мамандандырылған медициналық көмек көрсететін және алдын алу шараларын жүзеге асыратын медициналық мекемелер жүйесі.Атапайтқанда, оларға науқастарды стационарлық емдеуге арналған әр түрлі саладағы аурухана мекемелері, амбулаторлық-емханалық мекемелер мен диспансерлер (туберкулезге қарсы, тері- венерологиялық, психо-неврологиялық, т.б.). перзентханалар, балалар және әйелдер консультациялары, жедел жәрдем беретін емдеу мекемелері, шипажай-курорттық мекемелер және т.б. жатады.
Емдеу және алдын алу мекемелері 2-ге бөлінеді:
1) амбулаториялық 2) стационарлық
1. емхана; 2. амбулатория; 3. медециналық-санитарлық бөлімі; 4. емдеу пункттері; 5. ФАП; 6. диспансерлер; 7. әйелдер кеңесі; 8. жедел жәрдем станциясы 1. аурухана; 2. клиника; 3. госпиталь; 4. санаторий мен курорттар; 5. медициналық- санитарлық
Медициналық ғылыми-зерттеу
Медициналық ғылыми-зерттеу негізгі екі топқа бөлуге болады - зертханалық және аспаптық. Осы екі қатысты негізгі әдістері топтар диаграммада ұсынылған. Аспаптық әдістері Сонымен қатар хирургиялық әдістер деп аталады әдістерін арнайы топ болып табылады. Жеке Осы топтың қарау Осы әдістердің ерекшеліктеріне байланысты болып табылады аспаптық әдістері хирургиялық оларды біріктіру екенін араласу.
Зертханалық зерттеулер:
1. Жалпы қан анализі
2. Жалпы зәр анализі
3. Қаның биохимиялық анализін зерттеу.
Аспаптық зерттеулер:
1. Іш қуысының УДЗ
2. ЭКГ
3. ФГДС
Зертханалық зерттеулерге зәрді алу Зәрді зерттеуге алу: - жалпы зерттеуге жинау; - Нечипоренко бойынша ; - Зимницкий бойынша зәр анализі; - Ацетон және кетонға анализ; - Диастазаға зәр; - Зәрді қантқа тексеру; - Амбюрже бойынша зәр анализі; - Аддис-Каковский бойынша; - Уробилин және өт пигментіне
Зәрді зерттеу зәрдің физикалық қасиеттерін, химиялық құрамын, тұңба микроскопиясын анықтауға көмек береді және бүйректердің жағдайын және олардың қызметін анықтайды, сонымен қатар басқа мүшелер мен жүйелердің зақымдануын көрсетеді. Сондықтан зәрді зерттеу науқасты жалпы тексерудің негізгі бөлігі болып саналады. Зәр жиналғаннан кейін 1 сағат ішінде зертханаға жіберу керек. Зәрге арналған ыдыс мұқият жуылған болуы керек. Егер зерттеуді дереу өткізу керек болса жолдамаға « cito!» деп жазу қажет. Несепті жалпы зерттеуге жинау Жалпы анализга түсін, мөлдірлігін, несептің тығыздығын, меншікті cал- мағын, оның реакциясы мен патологиялық элементтері барын анықтау жатады. Керекті заттар: таза шыны ыдыс, антисептикалық ерітінді немесе қайнаған жылы су, заттаңба.
Зертханалық зерттеулерге нәжісті алу Нәжісті лабораториялық зерттеу: - копрологиялық зерттеу; - нәжісті глист жұмыртқаларына тексеру; - нәжісті жасырын қанға тексеру; - нәжісті қарапайым құрттарға тексеру; - нәжісті бактериологиялық зерттеу; - нәжісті диз топқа тексеру;
Зертханалық зерттеулерге қанды алу. Қанды зерттеудің бірнеше түрлері бар: жалпы клиникалық, биохимиялық және иммунологиялық. Қанды жалпы клиникалық зерттеудің мақсаты - қандағы пішінді элементтердің (эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер) сапасын және мөлшерін анықтау, гемоглобин (Нв) мөлшерін, эритроциттердің тұну жылдамдығын (ЭТЖ) анықтау. Қанды биохимиялық және иммунологиялық зерттеуге мейіргер егу бөлмесінде таңертең ашқарынға қөк тамырдан 5-7 мл мөлшерде таза құрғақ пробиркаға алады, жолдамамен клиникалық лабораторияға жіберіледі. Қанның клиникалық анализі –мейіргер кешке қарай науқасқа жалпы қан анализін аш қарынға алатындығын түсіндіруі қажет.
Бүйрек ауруларын диагностикалауда аспаптық зерттеу әдістері кең ауқымда қолданылады. Оларға келесі визуализациялық зерттеу әдістері жатады:
1.Ультрадыбыстық зерттеулер;
2.Рентгенологиялық әдістер (көктамырлы немесе экскреторлы урография, ретроградты пиелоуретерография, компьютерлік томография, ангиография, цистография); 3.Радионуклидті зерттеулер (радиоизотопты ренография, динамикалық және статикалық нефросцинтиграфия, радиоизотопты урофлоуметрия);
4.Магниттік-резонансты зерттеулер.Компьютерлік томография, ретроградты пиелография және бүйрек ангиографиясы көрсетімдерге байланысты өткізіледі (бүйрек ісіктері, туберкулезі, тамыр ақаулары т.б.). Визуалды зерттеу әдісін таңдағанда ақпараттылығын, жанама әсерлері мен бағасын салыстыру қажет. Әлемде радионуклидті зерттеу әдістері кең ауқымда қолданылады. 99Тс DMSA арқылы нефросцинтиграфия өткізгенде қабыну ошақтарын (жедел пиелонефрит, сурет 9) және қуық-несепағар рефлюксі (рефлюкс- нефропатия) бар балаларда бүйрек паренхимасының әжімделуін (тыртық) анықтауға болады.
Эхоэнцефалография – эхолокация феноменіне негізделген, миды ультрадыбыс көмегімен зерттеу әдісі. Мидың орталық құрылымынан шығатын ультрадыбысты сигнал ұсталады: мидың алдынғы бөлімінде мөлдір аралықтан, ортаңғы бөлімінде - III қарыншадан, артқы бөлімінде - эпифизден ұсталады. Зерттеу екі жақтан бір мезгілде жүргізіледі. Ісіктерде, қан құйылуда, іріңдікте, мидың медиальды бөлігі жарты шардың сау жағына қарай ығысады, ал ми атрофиясында жарты шардың зақымдалған жағына қарай ығысады. Бірінші жағдайда ультрадыбыс жолы зақымдалған жағында көбірек ұсталады және осцилоскоппен бейнеленген сигналдын тіркелу уақыты да өседі, ал екінші жағдайда ультрадыбыс зақымдалмаған жақпен салыстырғанда аздау болады. Аралық құрылымның ығысу шамасы ультрадыбыс сигналының арақашықтығымен анықталады, қалыпты жағдайда ығысу 1 – 2 мм – ден аспауы керек. Бұл әдіс мидың органикалық ауруларын зерттеу және диагностикасы үшін қажет.
Миды рентгенографиялық зерттеу әдісіне краниография, пневмоэнцефалография, ангиография және компьютерлі томография кіреді. Краниографияда бастың рентген суретін контрасты заттарды жібермей – ақ алуға болады. Рентген суретінде бас сүйегі, ондағы өзгерістер мен қалыңдаулар және жарақаттан кейінгі ми қабығындағы әктенуді, бөгде денелерді көруге болады. Бас сүйегінің өсіп келе жатқан ісікпен жанасуының нәтижесінде бас қысымының өсуіне байланысты ісік жіңішкеріп, ми иіріміне басылған саусақ белгісін түсіреді.
Ішкі мүшелерді рентгенологиялық зерттеу әдістері және науқастарды бақылау Рентгенологиялық зерттеу әдістері туралы тусінік.
Зертгеуді өткізуге көрсеткіштер және кері көрсеткіштері. Зерттеу әдістері: ренттеноскопия мен рентген контрастты заттарды (бронхография, коронарография, ангиография, холицистография, урография жэне ирригография, асқазанды жэне ішекгі зерттеу) қолдану арқылы ауқымды рентгенография. Науқасты зерттеуге дайьшдау. Зертгеуді өткізу кезінде мейіргердің қатысуы. Компьютерлі және магашті-резонансты томография туралы түсінік. Зертгеуді еткізуге көрсеткіштер және кері көрсеткіштері. Науқасты зертгеуге дайывдау.
Эндоскопиялык зерттеу әдістері
Эндоскопиялық зерттеу әдістері туралы түсінік. Зерттеуді еткізуге көрсеткіштер жэне кері көрсеткіштері. Зерттеу әдістері: эзофагогастро-дуоденоскопия, бронхоскопия, колоноскоішя, ректороманоскопия, цистоскопия, торокоскопия, лапароскопия жэне хромоцистоскопия. Науқасты зерттеуге дайындау.

Функциональды және ультрадыбысты зерттеу әдісі. Ультрадыбысты зерттеу әдісі. Зерттеуді өткізуге керсеткіштер және науқасты зерттеуге дайьшдау. Іпші мүшелерді ультрадыбысты зерттеу. Өткізу принциптері және науқасты зерттеуге дайьшдау. Зерттеуді еткізу кезінде мейірбикенің қатысуы. Электрокардиография. Өткізу әдісі мен техникасы. Көрсеткіпггер. Науқастың қауіпсіздігі. Фонокардиография туралы түсінік. Спирография. Өткізу эдісі мен техникасы. Керсеткіштер. Науқастың қауіпсіздігі.


Зертханалық-нақтамалық бөлімше дүниежүзілік өндірушілердің қазіргі заманға сай жабдықтарымен, заманауи зертханалық құралдармен: биохимиялық, гематологиялық, иммуноферменттік және тағы да басқа талдағыштармен жарақтандырылған. Бөлімшеде сәулелі және функционалды нақтамалық: рентгенологиялық, ультрадыбыстық және функционалды зерттеулер жүргізіледі. Білікті мамандармен қамтамасыз етілгендіктен және нақтамалық жабдықтарының кең жинақталымы болғандықтан бөлімше жүрек-тамырдың, орталық пен перифериялық жүйке жүйелерінің, тыныс органдарының, т.б. зерттеулерін жүргізеді.
Задание: выбрать один верный ответ.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет