Зерттеу және шығаруды ұйымдастыру



бет1/2
Дата19.04.2022
өлшемі10,48 Kb.
#31508
  1   2

Зерттеу және шығаруды ұйымдастыру.

Қазақ астық және оның өнімдерін өңдеу ғылыми-зерттеу институты агроөнеркәсіп кешені және нан өнімдері жүйесі салаларында ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуге бағытталған зерттеулерді жүргізетін мекеме.[1]. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі қарамағында. Бүкілодақтық астық және оның өнімдерін өңдеу ғылыми-зерттеу инститтының Қазақ бөлімшесі болып 1958 жылыЦелиноград (қазіргі Астана) қаласында құрылған. 2002 жылдан Астық шаруашылығын механикаландыру ғылыми-өндірістік орталығына қарасты мемлекеттік еншілес кәсіпорын. Құрамында: элеватор кәсіпорнының техникасы мен технологиясы, астық кептіру техникасы мен технологиясы, астық өңдеу өнеркәсібінің техникасы мен технологиясы, астық және астық өнімдерінің сапасы, астық және астық өнімдерінің микробиологиясы лабораториялары; өндіріске енгізу, маркетинг және патенттік іздеу секторы; жобалау-тәжірибелік базасы болды (2003). Институттың негізгі мақсаты – агроөнеркәсіп кешені және нан өнімдері жүйесінде ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуге бағытталған іргелі және қолданбалы зерттеулерді жетілдіру. Негізгі ғылыми бағыттары: жиналған астықты өңдеу, ұқсату техникасы мен технологиясын және астық сапасын бағалауды жетілдіру, астық өңдеуге қажетті арнаулы жабдықтардың жаңа түрлерін жасау, қолданылып жүрген жабдықтарды жетілдіру; шағын қуатты диірмендер жасау; Қазақстанда өсірілетін астықтың сапасын зерттеу, оның технол. және тағамдық қасиеттерін бағалау; өсімдік шаруашылығының диверсификациясына (өзгеруіне) орай, республика аймақтарының нақты жағдайларына бейімдеп, астық дақылдарын қайта өңдеу технологиясын жасаудың теориялық негіздерін әзірлеу; астық және оның өнімдерін микроорганизмдермен (олардың метаболиттерімен) араласуын (контаминация) анықтау бойынша экспресс тәсілдерді жасау және негізгі дақылдардың дәндері мен оның өнімдерін микробиологиялық ластанудан сақтандыру және микротоксиндерді залалсыздандыру; биотехнология үшін маңызды микроорганизмдер штаммдарының бірегей коллекциясын жиыстырып, оларды сақтау тәсілдерін әзірлеу.

А.И.Бараев атындағы Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты – республиканың астық өндіретін аудандарында дәнді дақылдар егу жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіріп отыратын мекеме.Ол егістіктердегі топырақ қорғау жүйесін жасау ісіне басшылық етеді. Қазақстан Республикасы Астық шаруашылығының министрлігінің қарамағында. Целиноград (қазіргі Ақмола) облысындағы Шортанды астық шаруашылығы тәжірибе станциясы негізінде 1956 жылы құрылған. 1961–92 жылдары Бүкілодақтық астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, 1992–2002 жылдары Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты болып қайта құрылды. 1998 жылдан институттың құрамына Көкшетау бөлімшесі (бұрынғы Көкшетау астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты) беріліп, 2002 жылдан Астық шаруашылығын механикаландыру ғылыми-өндірістік орталығының құрамына енді. Институт құрамына: егіншілік (ауыспалы егіс, танапты дақылдар агротехникасы және өсімдік өсіру диверсификациясы, топырақ өңдеу, дақылдарды өсіру технологиясын модельдеу, өсімдік қорғаудың химиялық және агротехникалық әдістері лабораторияларын біріктіреді), агрохимия; топырақ құнарлылығы және топырақты химиялық талдау (топырақ химиясы, топырақ құнарлылығы лабораториялары), жемшөп өндіру (шалғындық жемшөп және мал азығын егістікте өндіру лабораториялары), механикаландыру (топырақ өңдеу және тұқым себу машиналары, жиналған астықты өңдеу, тұқым өсіру және сұрыптауды механикаландыру лабораториялары) және агроландшафттық технология бөлімдері бар. Институттың селекциялық орталық құрамына жұмсақ бидай, қатты бидай мен жемдік дақылдар селекциялары, тұқым шаруашылығы бөлімдері кіреді.

Қазақ ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру ғылыми-зерттеу институты – ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін бас мекеме. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығының министрлігінің қарамағында. 1948 жылы Алматы қаласында құрылған. 1978 жылы қарамағына Аймақтық конструкторлық бюро мен тәжірибелік з-т беріліп, Қазақ ауыл шаруашылығын жарақтандыру ғылыми-өндірістік бірлестігі болып құрылды. 2002 жылдан Ауыл шаруашылығын механикаландыру ғылыми-өндірістік орталықтарының құрамындағы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын. Институт құрамында: ауыл шаруашылығы дақылдарын егу және жинауды механикаландыру, қой шаруашылығы жұмыстарын механикаландыру, мал фермаларын жобалау, жемшөп дайындау жұмыстарын механикаландыру, ауыл шаруашылғында электр қуатын пайдалану, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуді механикаландыру, табиғи қуат көздерін (жел, су, күн сәулесі) пайдалану, ауыл шаруашылығы нормативтерін жасау және машина-трактор станцияларын құруды ғылыми-зерттеулермен негіздеу, ауыл шаруашылғы машиналарын сынақтан өткізу лабораториялары және тәжірибелік машиналарды жобалап жасайтын цех, сынақтан өткен машиналарды шығаратын тәжірибелік з-т, Ақмола облысы Ақкөл қалаларында бөлімшесі бар.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет