Зерттеу нәтижелерімен олaрды тaлқылaу



Дата06.01.2022
өлшемі27,22 Kb.
#11813

Зерттеу нәтижелерімен олaрды тaлқылaу

Зерттелген Түркістан облысы Қазақстан Республикасының оңтүстігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік. 1932 жылы 10 наурызда құрылған. 1962 – 1992 жылы Шымкент облысы деп аталды. Аумағы 117,3 мың км². Тұрғыны 2000000 адам (2018ж). Түркістан облысы орталығы – Түркістан қаласы. Солтүстігінде Қарағанды, шығысында Жамбыл, батысында Қызылорда облыстарымен, оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен шектеседі.



Аграрлық тұрғысынан қарағанда Түркістан облысының жері (басым көпшілігі) тасты-сазды жер бедерімен төселген. Ауыр өнеркәсіптің таптырмас мекені. Түркістан облысының жер бедері жазық (орташа биіктігі 200 – 500 м). Солтүстігінде тасты-сазды Бетпақдала шөлінің оңтүстік-батысы, Ащыкөл ойысы, Тоғызкентау жоны, Шу өзенінің төменгі ағысы және Мойынқұм құмды алқабының батыс бөлігі орналасқан. Облыстың орталық бөлігін Қаратау жотасы солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай екіге бөліп жатыр. Оның ең биік жері – Бессаз (Мыңжылқы) тауы (2176 м). Қаратаудың оңтүстік-шығысында Боралдай (1400 – 1600 м) жотасы орналасқан.

Түркістан облысының климаты континенттік. Қысы қысқа, жұмсақ, қар жамылғысы жұқа, тұрақсыз. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы солтүстігінде –7 – 9°С, оңтүстігінде –2 – 4°С. Жазы ұзақ, ыстық, қуаң және аңызақты. Шілде айының жылдық орташа температурасы 25 – 29°С. Шөлді аймағында жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 100 – 150 мм, тау алдында 300 – 500 мм, биік таулы бөлігінде 800 мм.

№ 22 формаға сәйкес 2018 жылғы 1 қарашада жылдық статистикалық есеп (жердің болуы туралы есеп және оларды категориялар бойынша бөлу 2010-2014‒ 2017 ж.) бойынша Түркістан облысының жалпы ауданы 11609,5 мың га, оның ішінде 4114,3 мың га ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер, елдi мекендердiң (қалалардың, кенттер мен ауылдық елдi мекендердiң) жерi 785,6 мың га, өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер 99,7 мың га, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер 430,9 мың га, орман қорының жерi 3010,3 мың га , су қорының жерi 133,4 мың га, босалқы жер 3035, 3 мың га. (1 кесте)

Жер санаттары атауы

Мың,га

1991

2005

2014

2015

2017

2018

Ауыл шаруашылық жерлер

1153,0

4400,2

3958,0

4000,4


4 131,0


4 114,3



Елді- мекендегі жерлер

659,3

756,2

807,9

809,7


814,8


785,6


Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс

78,9

82,5

84,1

86,1


104,4


99,7


Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері

431,1


431,1


431,0

431,0


431,1


430,9


Мемлекеттік орман қорының жерлері;


79,0

590,8

3012,4

3012,7


3 014,6


3 010,3


Мемлекеттік су қорының жерлері

134,9

134,9

134,9

134,9


134,9


133,4


Босалқы жерлер

49,4

3292,9

3297,5

3251,0



3 095,0


3 035,3


Барлығы

11725,8

11725,8

11725,8

11725,8

11 725,8

11 609,5


Түркістан облысында әкімшілік-аумақтық құрылымның өзгеруіне байланысты Шымкент қаласының аумағы (-37,6 мың га) облыстық жерді тіркеуден шығарылды (ол республикалық маңызы бар қала болып есептеледі). Сондай-ақ, есепті кезеңде басқа санаттардан көшу және аудиттің жүргізілуіне байланысты елді мекендер жерінің 8,4 мың гектарға ұлғаюы байқалды. Облыста осы санаттағы жер көлемінің жалпы төмендеуі 29,2 мың га құрады.

Түркістан облысында орман алқаптарының ауданы 4,3 мың гектарға азайды. Өзгерістер Шымкент қаласының құрылуына байланысты болды. Қаламен шектесетін ауданы 4,3 мың га орман алқаптары елді мекендер жерінің санатына жатады.



-Сурет. 2018 жылғы 1 қарашада Түркістан облысының жер санаттары бойынша жер қорын бөлу,%

2018 жылғы 1 қарашадағы жердің жай-күйі туралы (жердің болуы туралы есеп және оларды категориялар бойынша бөлу) мәліметтерге сәйкес 1991 жылы ауылшаруашылық жерлері 11,5 млн га болса, 2018 жылы 41,14 млн га болып, 2941,3 мың га жерге артқан.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет