Зерттеу пәнін анықтау Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтау Зерттеу тақырыбын айқындау Географиялық мониторинг әдістері


Ғаламдық экологиялық мәселелерді шешудегі әлемдік тәжірибе



бет17/63
Дата17.01.2023
өлшемі1,55 Mb.
#61591
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   63
Ғаламдық экологиялық мәселелерді шешудегі әлемдік тәжірибе
Жоғары дамыған елдердің XX ғасырдың 70-жылдарынан бастап ресурс сақтаушы технологияларга көшуі шикізат бағасының артуына және экологиялық талаптардың күшейтілуіне алып келді.
Тұрақты даму концепциясы.
БҰҰ-ның 1992 жылы Рио де Жанейро қаласында Дүниежүзілік конференциясында тұрақты даму концепциясы қабылданған. Концепцияның тұжырымдары:

  1. Адамдар табиғатпен үйлесімді түрде, салауатты және жемісті өмір сүру құқығына ие болуы керек;

  2. Қоршаған ортаны қорғау қоғамның даму үдерісінің ажырамас бөлігіне айналуы қажет, сондықтан оны жеке дара қарастыру мүмкін емес;

  3. Қоршаған ортаны жақсарту мен сақтау қажеттілігін қазіргі ғана емес, болашақ ұрпақ та қамтамасыз етуі керек;

  4. Елдердің даму деңгейлері арасындағы алшақтықты азайту және кедейлік пен қайыршылықты жою;

  5. Елдер тұрақты дамуға қол жеткізу үшін өндіріс пен тұтынудың осы мақсатқа кедергі келтіретін үлгілерін мүлде пайдаланбауы немесе шектеуі қажет.

Тұрақты даму концепциясы өзара тығыз байланысқан үш құрамдас бөліктің экожүйелерді пайдалану, тиімді экономика, әділетті қоғамның басын біріктіреді. Ал тұрақтылық принциптері табиғат, экономика және әлеуметтік элементтерді біртұтас жүйе ретінде қарастырады. Географияның тұрақты даму концепциясына қатысты аталған бөліктердің кеністіктік таралу заңдылықтарын зерттеуімен анықталады.
Экологиялық мәселелерді шешудегі инновациялық технологиялар
Экологиялық инновациялық технологиялар деп коршаған ортаға тигізетін кері әсерді мейлінше азайтуға бағытталған іс-шаралар жиынтығын айтуға болады. Бұл шаралар табиғат ресурстарын барынша тиімді пайдалана отырып, қоршаған ортаға шығарылатын зиянды заттардың үлесін неғұрлым азайтуға бағытталған жаңа тауарлар. жүйелер, үдерістер мен бағдарламалар қолдануға негізделген.
Экологиялық инновация түрлерін белсенді пайдалана алатын тазатехнологиялар секторына:
- құрылысқа баламалы материалдарды пайдалану;
- қалпына қайта келе алатын энергетика;
-баламалы көлік түрлері;
- су ресурстары мен қалдықтарды қайта өңдеуді басқару сияктысалаларды жатқызуға болады.
«Жасыл» экономика тұжырымдарын. сондай-ақ экологиялық инновашияларды жаппай қолданысқа енгізуде БҰҰ-ның тұрақты даму мәселесі бойынша конференциясын өткізушісі ретінде Бразилия көшбасшы ел болып отыр. Бразилияда қалдықтарды қайта өңдеу шаралары да жақсы жолға қойылған. Қалдықтарды екінші рет пайдалану барысында жылына 2 млрд. АҚШ доллары көлеміндегі бағалы өнімдер жасалынып, атмосфераға шығарылатын 10 млн т дейінгі знянды газдарға шектеу қойылып отыр.
«Жасыл» экономика ұстанымдарына көшудегі тағы бір озық ел - Жапония Жапонияның жасыл өнеркәсібі құрал-жабдықтар мен экологиялық таза өнімдер шығарудан әлемдегі көшбасшы ел. Оның ішінде атом, жылу және баламалы энергетика, теміржол көліктері. автокөлік, құрылыс материалдарын өндіруден ерекше орынды иленеді. Сондай-ақ тұрғын үй коммуналдық жүйелерінен шыққан қалдық сулар мен тұрмыстық қалдықтарды қайта өндеу және екінші рет пайдалану Жапония экономикасының ең маманданған бағыттарының бірі саналады. Осы бағыттағы жұмыстардың нәтижесінде 2017 жылы елдегі барлық қалдықтардың 50%-ынан астамы өте мұқият қайта өңдеуден өткізген.
Швеция қалдықсыз технология негізінде тұрмыстық қалдықтардың 96%-ға дейінгі бөлігінің қайта өңделуден өткізген, бұл әлемдегі ең жоғары көрсеткіш.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет