Зерттеу пәнін анықтау Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтау Зерттеу тақырыбын айқындау Географиялық мониторинг әдістері


Қазақстанның экологиялық мәселелері



бет18/63
Дата17.01.2023
өлшемі1,55 Mb.
#61591
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   63
Қазақстанның экологиялық мәселелері
Қазақстанды геоэкологиялық аудандастыру негізіне Б.А. Федорович. Н.А. Гвоздецкий менA.В. Николаев ұсынып, А.В.Чигаркин толықтырған табиғи аудандардың сызбасы алынды. Экологиялық жағдай алдымен 1994 жылы А.В.Чигаркин жасаған Қазақстанның геоэкологиялық картасы негізінде жасалды. Экологиялық бұзылуды бағалау критерийлері бойынша Қазақстандағы қазіргі экологиялық жағдайды сипаттайтын 5 деңгей белгіленген.
Қазақстанның экологиялық мәселелері мен оны шешудің жолдары.
1. Атмосфераны тазарту, ен алдымен, өнеркәсіп өндірісінің ауаға шығаратын зиянды заттарын азайтудан басталады.
2. Су ресурстарын тазарту және тиімді пайдалану.
3. Жер ресурстарын жаңғырту және тиімді пайдалану. Осындай басым бағыттардың бірі - жасыл экономика.
Аумаққа геоэкологиялық баға беру. Кез келген экологиялық жағдайын анықтау мен деңгейін ажырату бағалау критерийлері негізінде жүзеге асырылуы тиіс.
Алайда әлі күнге дейін экожүйелердің жағдайын анықтаудың бірыңғай көрсеткіші нақтыланған жоқ.
Жер қабықтары мен экожүйелерді жіктеу және олардың жағдайын бағалаудың бірнеше бағыттары қолданылады. Экожүйедегі биотикалық құрамды бағалаудың үш салалы критерийі: тақырыптық, кеңістіктік және динамикалық түрлері енгізілген.



Геоэкологиялық аудандастырудың бағылау критерийлері

Критерийлер құрамы

Тақырыптық

Су, топырақ, ботаникалық, зоологиялық және т.б.

Кеңістіктік

Салыстырмалы түрде шағын, өте ауқымды аумақтар

Динамикалық

Қалыпты, динамикалық, орташа динамикалық, күшті динамикалық

Геосфера құрамы мен экожүйелердің қазіргі жағдайын бағалау кезінде тікелей , жанама және индикаторлық критерийлер де қолданылады. Тікелей әсері бар критерийлер топтамасы геохимиялык, геодинамикалық. медициналық-санитарлық және ресурстық критерийлерден құралады. Геохимиялық топтама геосфераның химиялык, ал медициналық-санитарлык топтама бактериологиялык ластану дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді. Геодинамикалық топтама биосфераның табиғи және антропогендік геологиялық үдерістер әсерінен ластануы мүмкін ауданның аумағын анықтауға, ал ресурстық критерийлер топтамасы адам қоғамы мен тіршілік дүннесінің қалыпты өмір сүруіне қолайлы ортаның болуын анықтауға көмектеседі.


Жанама критерийлер биосфераның қазіргі жағдайын оны құрайтын қосымша компоненттердің өзара әрекетін бағалау негізінде қарастырады. Топырақ қабаты оған жанасып жатқан ауа құрамындағы заттармен ластанса, ол заттар ауаның құрамына емін-еркін өте алады. Осындай байланысты су мен оның түбіндегі шөгінді жыныстардың арасынан да байқауға болады.
Индикаторлық бағалау критерийі геосфераның және оны құрайтын табиғат компоненттері туралы қосымша ақпараттар алуға, олардың жай-күйін анықтауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет