Зерттеу пәнін анықтау Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтау Зерттеу тақырыбын айқындау Географиялық мониторинг әдістері


Дүниежүзі елдерін экономикалық даму деңгейі бойынша жіктеу. Дамыған елдер



бет28/63
Дата17.01.2023
өлшемі1,55 Mb.
#61591
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   63
Дүниежүзі елдерін экономикалық даму деңгейі бойынша жіктеу. Дамыған елдер
Ресей географтары дүниежүзі елдерін экономикалық даму деңгейіне, әлемдік экономикадағы орнына қарай экономикасы дамыған елдер, өтпелі экономика тән елдер және дамушы елдер деп үлкен үш топқа бөледі.
Дамыған елдердің жалпы сипаттамасы Дамыған елдер әлемдік нарық пен халықаралық еңбек бөлінісінде жетекші рөл атқарады. Барлық халықаралық ұйымдар нарықтық экономикасы дамыған елдер қатарына 40 шақты елді жатқызады. Олардың 35-і әлемдік тауар өндірісі мен қызметтің 60%-ы тиесілі болатын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше болып табылады.
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдер, 2017 ж.
Қазіргі кезде дамыған елдер экономикасының басты қозғаушы күші - ғылыми-техникалық прогресс. Көптеген дамыған елдерде арнайы ғылым қалалары (технополистер) пайда болған.
Дүниежүзі бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға бөлінетін қаржының 90%-дан астамы дамыған елдерге тиесілі.
Ғылыми-техникалық ілгерілеудің басты көрсеткішінің бірі ғылымға негізделген өндірістің дамуы Қазіргі дүниеде осындай өндіріс АҚШ, Жапония мен Германияда шоғырланған. Бұл елдерде ғылымға негізделген өндіріс өнімдерінің үлесі ЖІӨ кұрылымында 30-40%-ға жетеді.
Экономикалық өрлеуге қазіргі заманғы білім беру жүйесі де ықпал етеді. Мысалы, Жапонияда алдынғы қатарлы технологиялармен айналысатын 450 университет бар. Дамыған елдердің экономикасы кәсіби біліктілігі жоғары мамандар мен ғалымдарды ұдайы қажет етеді. Сол себепті бұл елдерге дамушы елдерден «ақылдың ағылуы» жүріп жатыр.
Дамыған елдер шаруашылығының ерекшеліктері.
Дамыған елдерде шикізат пен еңбек ресурстарын аз қажетететін және ғылыми-зерттеу мен тәжірибелік-конструкторлық шығындар көлемі көп болатын жоғары салалар («хай-тек») мен технологиялық қызмет көрсететін салалар күшті дамыған. Дамыған елдерде қаржының ғаламдық ағындары тоғысады. Осының нәтижесінде әлемдік экономикаға тікелей ықпал ететін ірі каржы орталыктары (Лондон, Нью-Йорк, Чикаго, Токио) қалыптаскан. Қаржы нарығының негізгі қатысушылары - ірі қаржы-несие ұйымдары, ұлтаралық бірлестіктер мен ұлтаралық банктер. Әлемдегі ең ірі 20 ұлтаралық құрылымдар арасында 13-і дамыған елдердін компаниялары болып табылады. Халықаралық нарықтағы несиелік қаржының 90%-ы дамыған елдердің өз ішінде айналымға түседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет