Зерттеу пәнін анықтау Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтау Зерттеу тақырыбын айқындау Географиялық мониторинг әдістері



бет29/63
Дата17.01.2023
өлшемі1,55 Mb.
#61591
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   63
Дамыған елдердің топтары
Дамыған елдерде әлемдік жиынтық өнімнің 3/4 бөлігі әндіріледі, бұл елдер ресурстардың басымбөлігін пайда ланады. Мысалы, дамыған елдерде жылына 50 млн дана автокөлік шығарылады. Дамыған елдерді әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері негізінде мынадай топтарға жіктейді:

  • Жоғары дамыған елдер;

  • Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдері;

  • «Қоныс аударған капитализм» елдері;

  • Азиядағы жаңа индустриялық елдер;

Жоғары дамыған елдер. «Үлкен Жетілік» деп аталатын жоғары деңгейде дамыған басты капиталистік елдерді «өркениет локомотивтері» деп те атайды. Бұл топқа АҚШ, Канада, Германия, Ұлыбритания, Франция, Италия, Жапония енеді. Әлемдегі «500-дің клубы» аталған аса ірі 500 ұлтаралық бірлестіктің 400-ден астамы осы елдерде орналаскан. Олардың үлесіне жалпы жылдық сату көлемінің 90%-ы тиесілі болады.
Соңғы 100 жыл бойы әлемдік экономикада жетекші орын алған АҚШ қазіргі кезде ЖІӨ көлемі жөнінен Қытайдан кейінгі екінші орынды алады. Халықаралық валюта қорының деректері бойынша 2017 жылы елдің ЖІӨ мынадай құрылыммен сипатталды: қызмет көрсету саласы - 80,0%, өнеркәсіп - 19,1%, ауылшаруашылығы 0,9%. Жоғары дамыған елдерде ірі қаржы орталықтары (Нью-Йорк. Токио, Лондон, Торонто, Франкфурт, Милан) орналаскан. Жоғары дамыған елдер халықаралық туризм орталықтары болып есептеледі: шетелдік туристерді қабылдау жөнінен Франция (2017 жылы 86,9 млн адам), АҚШ (2017 жыл 76,9 млн адам) және Италия (2017 жылы 58.2 млн адам) әлемдегі жетекші елдер қатарына жатады.
Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдері. Бұл топқа Бельгия, Дания, Норвегия, Нидерланд. Исландия, Испания, Португалия, Швеция, Аустрия. Швейцария, Грекия, Ирландия мен Финляндия, сонымен қатар шағын елдер (Монако, Люксембург, Лихтенштейн, Сан-Марино, Андорра, Мальта) жатады. Бұл аталған елдердің айрықша маманданған салаларының болуымен түсіндіріледі. Халықаралық географиялық еңбек бөлінісінде Бельгия мен Нидерланд: порт шаруашылығымен (Роттердам, Антверпен порттары); электр техникасы өндірісімен; Норвегия ҳалықаралық теңіз тасымалына мамандануымен; Швейцария (Цюрихте) қаржы орталықтарымен және станок, сағат өндірісімен; Финляндия целлюлоза-қағаз өндірісімен; Швеция машина жасау және металлургия өнеркәсібімен ерекшеленеді.
Нидерланд елінің гүл өсірушілері әлемдік гүл нарығының жартысынан астамын жаулап алған. Брюссель каласында НАТО мен Еуропалық Одақтың, ал Венада АЭХА (Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік) және ОПЕК (мұнайды сыртқа шығарушы елдер ұйымы) сияқты ұйымдардың штаб-пәтерлері орналасқан. Бейтарап саясат ұстанатын Швейцарияда Біріккен Ұлттар Ұйымының құрамына енетін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының. Халықаралық еңбек ұйымының, Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның және Халықаралық пошта одағының штаб-пәтерлері шоғырланған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет