Зерттеу пәнін анықтау Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтау Зерттеу тақырыбын айқындау Географиялық мониторинг әдістері



бет48/63
Дата17.01.2023
өлшемі1.55 Mb.
#61591
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   63
Өз еркімен қосылу шағын мемлекеттің ірі мемлекет құрамына қосылуы. Мысалы, 1944 жылы Тува (қазіргі Тыва Республикасы) өз еркімен көршілес жатқан КСРО құрамына қосылды.
Өз еркімен бөліну - белгілі бір аумақтың әскери күштерді қолданбай, өзара келісім негізінде мемлекет құрамынан бейбіт жолмен бөлініп шығуы. Мысалы, 1917 жылы Финляндия Ұлы Князьдігі Ресей құрамынан бөлініп шығып, дербес мемлекет құру мүмкіндігін алды.
Өз еркімен бірігу - екі немесе бірнеше мемлекеттің, кей жағдайда аумақтардың өз еркімен бірігуі негізінде бір жаңа мемлекеттің қалыптасуы. Мысалы, 1964 жылы Танганьика және Занзибар бірігіп, Танзания мемлекеті қалыптасты. оның атауының өзі осы біріккен аумақтардың атауларынан құрылды. Ал 1971 жылы бұрынғы Келісімдік Омандағы бытыраңқы араб әмірліктерінің өзара бірігуінен Біріккен Араб Әмірліктері деп аталатын жаңа мемлекет пайда болды.


Қазақстан Республикасының мемлекеттік шегараларының қалыптасу үдерісі, басты көрсеткіштері мен динамикасы
Қазақстанның мемлекеттік шегараларының басты көрсеткіштері. ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректері бойынша еліміздің құрлыктағы мемлекеттік шегарасының ұзындығы 13394 км. Каспий теңізі арқылы өтетін теңіздік шегаралардың ұзындығы 2000 км.
Бұрын КСРО құрамында болған мемлекеттердің шегараларын анықтайтын құжаттар
1993 жылдың 13 каңтарындағы «Казакстан Республикасынын мемлекеттік шегарасы туралы» заңда мемлекеттік шегара тек қана ҚР халықаралық келісімшарттарымен анықталатыны жарияланды.
Қытай Халықтық Республикасымен шегара. Екі ел арасындағы шегараларды делимитациялау туралы келіссөздер 1992-1998 жылдары өтіп, демаркация толығымен 2002 жылы аяқталды. 2002 жылғы 10 мамырда Пекин қаласында ҚР Сыртқы істер Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Сыртқы істер министрі Тан Цзясюань Қазақстан-Қытай мемлекеттік шегарасының сызығын демаркациялау туралы Хаттамаға қол қойды.
Қазақстан-Ресей мемлекеттік шегарасы Қазақстан-Ресей мемлекеттік шегарасын делимитациялау туралы келіссөздер 1999 жылдың қыркүйегінен 2005 жылдың қаңтарына дейін жалғасты.
ҚР Тұңғыш Президенті H. Назарбаевтың Ресей Федерациясына ресми сапары барысында 2005 жылдың 18 қаңтарда мемлекет басшылары Мәскеу қаласында Қазақстан мен Ресей арасындағы мемлекеттік шегара туралы шартқа қол қойды. Шарт 2006 жылғы 12 қаңтарда күшіне енді. 2009 жылдың мамырда тараптар Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы шегара белгілерін орнатуды бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   63




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет