Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Көп нәрсенің зиянын біле тұра, күнделікті тұрмыста қолданамыз. Бұл адам табиғатына мәңгілік енгізілген өзгермейтін компьютерлік бағдарлама іспетті



бет1/11
Дата07.01.2022
өлшемі0,98 Mb.
#20048
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11



  1. Кіріспе.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Көп нәрсенің зиянын біле тұра, күнделікті тұрмыста қолданамыз. Бұл адам табиғатына мәңгілік енгізілген өзгермейтін компьютерлік бағдарлама іспетті. Бүгінде адам ағзасына, денсаулығына пайдалы заттарды кездестіру мүмкін емес. Күнделікті қолданатын  тағамдардан бастап,  астымызға мінген көлік те адамзат үшін зиянды дейді мамандар. Тіпті әр түрлі экологиялық құбылыстар нәтижесінде ластанудың өте биік деңгейіне жеткен қарапайым ауаның өзімен демалу қауіпті.Жалпы, қай жұрттың болмасын әдет-ғұрпы, салтсанасы, тәрбиесі негізінен ішіп-жейтін ас-суына байланысты болса керек.Пейіл, ұрпақтың мінез-құлқы да соған сай болмақ. Мәселен, жат жұрт сүйсініп жейтін, мұсылмандар иісінен жиренетін шошқа балшықты-батпақты жерде өсіп-өніп, өңешінен өткеннің бәрін талғамсыз жей береді. Қатты ашыққанда өз торайын өзі жеп қоятын хайуан да осы мақұлық. Ал «ішсең - қымыз, жесең – ет, мінсең - көлік» дейтін Қамбар ата тұқымына қараңыз. Жылқы - кешіп жүріп, судың тұнығын ішеді, таңдап жүріп, шөптің құнарлысын ғана жейді, қылқұйрықтың бұдан басқа да оң қасиеттері баршылық. Осындай жануарды малданып, асыраған, ас-суына пайдаланған қазақ бабамыз асқа келгенде де өте кірпияз болған ғой. Ал тәрбие ше? Қазақта бұрын арақ-шарап, түрме, ата-анасын, баласын тастап кету, ата-анасына, баласына, өзіне қол жұмсау деген болды ма? Жоқ. Ас-суымызға әлгіндей харам хайуанның еті араласуынан ба екен, ұлттық пейіл, мінез-құлық өзгерді (бұл жерде тәрбие, орта, қоғамдағы өзгерістер де бар) Әйтпесе, осыдан 30-40 жыл бұрын апа-әжелер айран көже, күріш көже, құрт көже, шалап дейтін сусындарды табиғи таза қалпында әзірлеп, тоңазытқышсыз-ақ сап-салқын күйінде сақтады. Жылқының майлы сорпасына мұз салып әзірленетін томыртқа ше? Бұлар, қазір бір ішсең шөлдетіп, терлете беретін, химиялық қоспасы бар жасанды шырын, «Coca-cola» секілді сусындардай емес, қарын да тоятын, шөлді де басатын, дәруменге де бай болатын. Ұлыс күні келгенде әзірленетін Наурыз көженің дәмі қандай еді десеңізші?! Иә, біздің қазақ осындай болған. Басқасын былай қойғанда, қазір су ысытуға пайдаланатын электр құралын да біздің қазекем ойлап тапқан. Қой баққан қойшылар қойдың сүтін сауып алып, ағаш тостақта пісіріп ішкен екен. Ол үшін тасты жанып жатқан отқа тастап, әбден қызған кезде ағаш тостақтағы сүтке салып жібергенде, иісі бұрқыраған сүт лезде көтеріліп, пісіп шыға келген. Тіпті, құрғақ сүт әзірлеу де біздің жұрттың тапқаны. Малдың терісін жүн-жұрқасынан әбден тазартып алып, жаңа сауылған сүтпен бірге қайнатқан. Сосын сүтті сіңірген теріні желдің өтіндегі сөреге жайып, кептіріп алып, қайтадан жаңа сауып, қайнатып жатқан сүтке салған. Осылайша, бірнеше рет сүт сіңіріп, әбден ісінген, кептірілген теріні сақтап қойған. Мал тұяғымен ілесе көшіп-қонғанда қайнап тұрған суға сүт сіңген терінің бір пұшпағын кесіп алып, салып жібергенде жаңа піскен сүттің иісі аңқып, оны шайға қатып ішкен екен.

...Пицца, ход-дог сынды иісі тәбет ашатын тағамнан аулақ болу керек. Бұлардың сүйкімді дәмі, иісі - оның дайындалу шеберлігінен емес, керісінше, жоғарыда айтылғандай химиялық қоспаларының «нәтижесі» екенін білген жөн. Фри картобы, гриль-тауық, қуырылған құс етінде трансгендік майлар көп болғандықтан, бұл дәмдердің құрамында пайдалы дәрумендер мүлдем жоқ, жүрек, қан-тамырды бүлкілінен адастырып, бауырды «отырғызатындар» да осылар. Енді бір мәселе, осындай дәмдерді балалар таза су немесе шаймен емес, тәтті газдалған сумен ішкенді ұнатады. Есесіне, ағзада су тапшылығы пайда болады. Мұның өзі балалар арасында остеохондроз, несеп жүру жолдарында тастың пайда болуына соқтырады.

...Қазір еліміздің қай қаласына барсаңыз да жат жұрттың (итальян, француз еті) тағамын әзірлеп, соларды жарнамалайтын мейрамхана, дәмханаларда қазақтың қасиетіңнен айналайын бірде-бір ұлттық тамағы тапсырыссыз дастарқанға қойылмайды. Рас, кейбір ірі қалаларда ұлттық тағам ғана әзірлейтін, сол үшін қазақы қой, сиыр ұстайтын мейрамханалар бар. Бірақ, көп ретте арнайы ұлттық дәм әзірлейтін кәсіп ашуға кәсіпкер азаматтар неге екенін, селқос, құлықсыз.

Ата-әжелеріміздің үстел басында бата қайыра отырып айтатын «Ас — адамның арқауы» деген сөздері өте жағымды естілетін, тіпті, ерекше тәбетіңді шақыратындай әсер етеді.

Әйтсе де тәнді тұралататын “дәмді тағамдар”ды пайдалануды тоқтатқан емеспіз. Сол тағамдардан жапа шеккен кездерімізде «Ауру астан» деп те жатамыз. Бәлкім, бұл мағынасы жағынан бір-біріне қарама-қайшы қос тіркестің бір-бірінен айырмашылығы — алдыңғысы әркімнің де төл шаңырағында берекелі дастархан басында отырып, қолдан пісірілген таза тағам тұтынған көрінісін меңзесе, соңғысы көше бойынан дәм татып, артынан ағзасына ақау жамаған жанның бейнесін көз алдыңа әкелетіндей. Иә, қалай десек те, бүгінгі күні көше саудасы қызып тұр. Оның күннен-күнге жаңа қарқын алуына, пысықай саудагерлеріміздің сауда көрігінің одан әрі жандана түсуіне де түрткі тағы өзімізбіз. Бұл күні адамдардың әсіресе түс мезгілінде уақыттарының шектеулі екенін білетін әккі саудагерлер тез пісетін тағам түрлерін әзірлеп, кішігірім «бизнес» жасауды әдетке айналдырған. Әрине, мұндай тағамдардың қатарына ет пен картоп қосылған бәліштерден бастап, көшенің бұрыш- бұрышында көзіңді ашып-жұмғанша, әп сәтте әзір болатын түріктің донерлері, кебабтары америкалықтардың ғast food-тары, яғни түсінікті тілмен айтсақ, чизбургер, гамбургерлер. Мұндай тағамдар неғұрлым тез дайындалса, соғұрлым тұтынушылардың бірқатар айықпас дерттерге шалдығуына жол ашуда. Ең алдымен адамдарды көшеде тамақтануға мәжбүрлейтін уақыттың тығыздығы ма, қалтаның таяздығы ма, әлде өзгенің қаңсығына құмарлық па деген сауалға жауап іздедім.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет