«зерттеудің биоиндикациялық Әдістері»


Қоршаған ортаның ластануының анықтайтын физика-химиялық, биологиялық әдістері



бет18/37
Дата09.09.2022
өлшемі189 Kb.
#38777
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   37
Қоршаған ортаның ластануының анықтайтын физика-химиялық, биологиялық әдістері.
Қоршаған орта жағдайының бағалауды әр түрлі зерттеу әдістері дисперционды маңызды роль атқарады: географиялық, геохимиялық, және индикационды.
Геофизикалық әдіс – процестердің жүруі және заттардың айналымы және геожүйеде, экожүйедегі негізгі балансты энергия ағымынан тұрады. Бақылау стационарлы және жартылай стационарлы жағдайда жүреді, нақты бағдарлама бойынша әр түрлі өлшегіш аппараттарда кәсіби және аумақты жүргізіледі. Онда радиоационды, жылу және су баланстарындағы элементтерді анықтайды, экожүйедегі әсері және табиғи орта компоненттері арасында жылу және ылғалды алмастыруы зерттеледі. Территориялардың бұзылмаған және структураның балансы өзгертілген аймақтар салыстырымын ондағы өзгерістердің дәрежесімен бағыты анықталады.
Геохимиялық әдіс – табиғи жүйедегі функционирленген және химиялық элементтердің миграциялық анализдері арқылы анықталады.
Табиғи жолмен ауылшаруашылық және ауа миграциясының әсерінен немесе нәтижесінен биологиялық айналымы қарастырылады. Техногенездің әсерінен оның өзгерісін бақылау. Анализ нәтижелері барлық ортаны қамтиды: ауа, атмосфералық қалдық, жер беткі және грунтты сулар, геологиялық субстракт, топырақ және өсімдік.
Геохимиялық әдіс – қоршаған ортаның құрамындағы химиялық өзгерістердің заңдылықтарын анықтайтын мүмкіндіктер береді, өздігінен табиғи жүйенің тазалау қабілеттін, ластаушы заттардың топтық бағытын анықтау, ластану маштабын, техногеді геохимиялық аномалиялардың сандық құрамын анықтауға болады.
Индикационды әдіс – бір объектідегі жағдайды басқа объектілі жағдайды анықтауға негізделген. Мұнда негізгі ролді биоиндикация, ал негізгі биоиндикатор өсімдіктер жамылғысы.
Соңында 4-түрлі көрсеткіштердің өзгерістерін көрсетеді. Тірі организмдер индикатор ретінде қоршаған ортада физиологиялық, морфологиялық, фитоценотикалық және флористикалық. Бұл көрсеткіштер өсімдіктер жабынының деградациясының кері әсерін және сонына төмендету жағынан, қоршаған ортаның өзгеру жағдайына неготивті тенденциясы әсерін көрсетеді. Мүмкіндіктерінше көрсеткіштер басты индикаторлар болып табылады. Олар жануарлар әлемінен: популяция құрылысын, көбею қабілеттіліктерін, түрлердің жаппай өсуі немесе жаппай қырылуы (аурулар немесе азықтың жетіспеуінен) әсер соғады.
ЭКОТОКСИКАНТТЫ АНЫҚТАУДА ТЕСТЫ ӘДІСТІ ҚОЛДАНУ. БИОТЕСТКЕ СИПАТТАМА БЕРУ. БИОТЕСТ ЭКСПРЕСС ӘДІСІ.
Балдырлар автотрофты организмдер болуымен қатар трофикалық пирамиданың негізін құрайды, әрі органикалық заттарды түзуде азот пен фосфордың биогендік қосылыстарын пайдаланып, экожүйенің трофтық деңгейін пайдаға асыруда бірінші болып қатысады. Биогендік күштің қарқындылығы балдырлардың осы деңгейдегі көптігіне ғана емес, сонымен бірге оның түрлік құрамына да байланысты. Балдырлардың осындай трофтық деңгей өзгерген кезде түрлік құрамы мен санының өзгеру сипатын биоиндикациялық тәсілде пайдаланады. Балдырлар флорасының түрлік құрамына негізделген биоиндикациялық тәсілдер барлық су нысандарында жүрілетін табиғи және антропогендік процестер нәтижелеріне интегралды баға береді. Сонымен қатар балдырлармен биоиндикация жүргізу химиялық анализге қарағанда арзан да жылдам, әрі нәтижелі тәсіл болып есептелінеді (Бродский А.К., 2002; Пиментел Ф.Х., 2004; Ленова Л.И., Ступина В.В., 1990). Сондықтан табиғи көл суларын индикатор-сапробты микроорганизмдер көмегімен биоиндикациялау және тест организмдер көмегімен биотестілеу - бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   37




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет