«зерттеудің биоиндикациялық Әдістері»



бет32/37
Дата09.09.2022
өлшемі189 Kb.
#38777
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Практикалы жұмыс № 12
Қоршаған ортаның биондикация бойынша антропогенді әсерден ластануының халықаралық бағдарламасы
Биоиндикация
 - тірі организмдер мен олардың қауымдастықтарына тигізген әсеріне қарай антропогендік факторларды анықтау.
Биоиндикатор (био... және грек. іndіco — көрсеткіш, анықтағыш) — организмдердің бір жерде тұрақты мекендеуі, олардың сандары, құрылымы және дамуы, табиғи процестер мен тіршілік ортасы жағдайларының көрсеткіші. Қоршаған ортаның жағдайлары мен кейбір процестердің маңызын бағалау мақсатында биоиндикатор қолдану организмдердің белгілі бір факторларға біржақты бейімделушілік қасиетіне негізделген. Мысалы, балықпен қоректенетін құстардың бір жерге көптеп жиналуы — судың сол бөлігінде балықтардың шоғырлануының, ал су микрофлорасының құрамы — оның тазалығы мен ішуге жарамдылығының, топырақ құрамы — оның құнарлылық дәрежесінің көрсеткіші бола алады. Ғарыштық зерттеулерде ғарыш факторларының организмге тигізетін әсерін анықтау үшін жануарлар, өсімдіктер және микроорганизмдер биоиндикатор есебінде пайдаланылады.
Биоиндикатор - қандай да бір табиғат процестерінің, құраушыларының, ерекшеліктерінің немесе қоршаған ортаның өзгерістерінің бар-жоғын немесе қарқындылығын көрсететін көрсеткіш болып табылатын өсімдіктердің немесе жануарлардың (немесе тұтастай биоталық бірлестіктің) жеке түрі. Биоиндикатор бірқатар пайдалы қазбаларды іздегенде, топырақ пен табиғи суларды және тағы да басқалары бағалауда қолданылады.
Табиғат қорғау мәселесі мемлекеттік саясат деңгейінде, себебі қоғам алдында тұрған саяси, экономикалық және әлеуметтік мақсаттарға жету үшін табиғи ресурстарды рационалды түрде қолданып, қажетті деңгейде қорғау керек. Экожүйелердің деградациясын антропогендік стресс әсерін алдын ала болжап, адамның тіршілік ортасына әсер ететін маңызды параметрлерін анықтау
қажет. Адам табиғи ортаны қолданған кезде, соның ішінде, табиғиресурстарды ұрпаққа қызмет етуді қалыптастыру қажет. Адам баласы сонымен қатар өзі қоныстанған ортада және айналасында тіршілік етіп жатқан жабайы түрлердің биоалуантүрлілігінің сақталуына моральдық жауапкершілік алады.
Биоиндикация – бұл әдіс биологиялық жүйелер көмегімен тірі организмге абиотикалық және биотикалық факторлардың әсерлерін анықтау және бағалау. Әдетте тірі ағзалар қандай да болмасын деңгейде қоршаған ортаның өзгерісіне сезімталкеледі, ал кейбір жағдайда бұл өзгерстерді физикалық және химиялық әдістермен анықтау мүмкінемес, себебі кейбір приборлардың немесе химиялық анализдің мүмкіндіктері шектеулі. Бұләдістермен мүмкін, мысалға: тек бөлек токсикалық заттектердің өсімдіктер мен жануарлар ағзасындағы биологиялық жиынтығы анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет