Зерттеулерде



бет2/2
Дата29.04.2022
өлшемі73.54 Kb.
#32842
түріСабақ
1   2
Тіл мен мәдениеттің тоғыса зерттелуі лингвомәдениеттаным пәні арқылы ХХ ғасырдың соңғы ширегінде пайда болды деп есептеледі.

Лингвомәдениеттанудың негізгі қағидасы «тіл мен мәдениет» сабақтастығымен сипатталатындықтан, тіл мен мәдениет екі түрлі семиотикалық жүйеде танылғанымен, олар бір-бірін толықтыратын, өзара тығыз байланысты тұтас жүйе. Бұл үдерісте қоғамдық фактордың мәдени тұғырға көтерілуіне оның әлеуметтік мәнге ие болуының ықпалы зор. Ал оның іске асуында тілдің коммуникативтік қызметінің орны ерекше.

Демек,, кез келген ұлттық тілдің сырын шынайы тану үшін тілдің өзіндік заңдылықтарын білу жеткіліксіз, оның түпкі тамыры сол тілде сөйлеуші этностың сан ғасырлық жүріп өткен тарихымен, күнделікті өмірде орныққан мәдениетімен байланысты. Олардың өзара бірлікте, біріктіре қарау лингвомәдениеттаным ғылымын ілгері дамытады, оның зерттеу нысанасын айқындайды.

Ресей зерттеушісі В. А. Маслованың«Лингвокультурология» атты оқулығында қазіргі Ресейдегі лингвомәдениеттаным жайлы зерттеулердің бағыттары нұсқалады және аталған ғылым саласының әдіснамалық негізіне қатысты мәліметтер келтіреді. Автор лингвомәдениеттаным: «... мәдениет тіл ішіне енеді, онда дамиды және сол тілдің мәдениетін білдіреді, ол – халық мәдениетін танытушы ғылым саласы» [56;76], -деп баяндайды.

Осымен қатар Ресей ғалымы Н. Ф. Алефиренко лингвомәдениеттаным ғылымының қарастыратын мәселелерін былай түсіндіреді:

«Лингвомәдениеттаным – әлемнің тілдік бейнесін, тілдің мәдени-танымдық ерекшеліктерімен байланысты әртүрлі аспектілердегі мәселелерді қарастырады» [57;16]

Қазақ тіл біліміндегі тілдің антропологиялық сипатын алғаш мәдениетпен байланыстыра зерттеген ғалым Ж.Манкеева «Қазақ тіліндегі этномәдени атаулардың танымдық негіздері» атты еңбегінде:

«Антропоөзектік бағытта жүргізіліп жатқан зерттеулердің барысы тіл мен мәдениеттің байланысы тіл білімінің қазіргі лингвомәдениеттану саласында ерекше мәнге ие екендігін көрсетіп отыр. Бұл екі фактордың тоғысуы нәтижесінде пайда болған тілдік деректер ұлт мәдениетін немесе ұлт тарихын, халықтың қоғамдық өмірін бейнелеп қана қоймай, ана тілінің сөздік қоры байлығының көрсеткіші ретінде де танылады» [58; 19] –дей келе, «кез келген ұлттық мәдениеттің негізі – ортақ тілде сөйлеп, ортақ мүдде мен қағидаларға сай өмір сүріп, әрекет ететін этноұжымда қалыптасқан шындық дүниенің тұтастығы, этностың материалдық және рухани кеңістігі»[ 58;18]- деп, тілдің материалдық және рухани мәдени қырын ашып береді. Демек,, тіл халықтың тек ұлттық сана-cезімін, дүниетанымын, әдет-ғұрпы мен салт- дәстүрін ғана емес, сол ұлттың мәдени өмірін және мәдениетінің рухани дамуын да қарастырады.

Қ.Жұбанов өз еңбектерінде мәдени лексемаларды талдау арқылы, қазақтың ұлттық мәдениетінен мол ақпарат береді. Таным үдерісінде тіл – халықтың тұрмысы мен мәдениетінің асыл қазыналарын сіңіріп, рухани байлығын ұрпақтан ұрпаққа сақтап, жеткізуші құрал ретінде сипатталады.

Қазақ тіл білімінің негізін салушы Қ.Жұбановтың еңбектеріндегі халық мәдениетін тіл, сөз арқылы зерделеп-білу жайындағы көзқарастар мен пікірлер тіл мен мәдениет тұтастығын жаңа қырынан сипаттайды.



Тіл мен мәдениет сабақтастығын зерттеген Н.Уәли тіл мен мәдениеттің төмендегідей ортақ белгілерін көрсетеді:

  • «мәдениет те тіл сияқты, адамның дүниетанымын бейнелейтін сананың формасы болып табылады;

  • мәдениет пен тіл өзара қарым-қатынаста (диалогте) болады; тілсіз мәдениет жоқ, мәдениетсіз тіл жоқ;

  • мәдениет пен тілдің субъектісі – индивид, социум, жеке тұлға, қоғам;

  • мәдениетке де, тілге де нормалық тән;

  • тарихилық – мәдениет пен тілдің мәнді қасиеттерінің бірі» [59;50].

Осы көрсетілген ортақ белгілерді зерттеулеріне арқау еткен А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов тіл арқылы қазақ мәдениетін көрсетуге тырысады.



2




Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет