Зерттеуші



жүктеу 4.05 Mb.
Pdf просмотр
бет10/20
Дата28.12.2016
өлшемі4.05 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20

 
Summary 
This  article  discusses  the  importance  of  play  in  the  education  of  children  of  pre  – 
school  education.  Given  the  psychological  characteristics  children  develop  language 
imagination,  the  ability  to  show  pleasing.  The  article  explains  the  importance  of  the 
Kazakh proverb «A child grows in the game». 
 
  
 
 
 
 
 
«ЗЕРТТЕУШІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ 
ҰЙЫМДАСТЫРҒАН «ҮЗДІК ЖАС ЗЕРТТЕУШІ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ 
ЖОБАЛАР КОНКУРСЫНА ТҮСКЕН ЖҰМЫСТАР 
 
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ 
 
АЙМАҒАМБЕТОВ Алан Амантайұлы, 
«Ақбөбек» жеке мектебінің 2 «А» сынып оқушысы, 
Ақтөбе қаласы, Ақтөбе облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: СЕЙІТАХМЕТОВА Эльмира Қойшыбайқызы, 
«Ақбөбек» жеке мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, 
Ақтөбе қаласы, Ақтөбе облысы, Қазақстан Республикасы 
 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
70 
 
 
ИТМҰРЫН ӨСІМДІГІНІҢ ЕМДІК ҚАСИЕТТЕРІ 
 
 
 
Зерттеу  мақсаты:  Қазақстанда  өсетін  итмұрын  өсімдігінің  пайдасы  туралы 
зерттеу жүргізу, оның емдік қасиеттері және өсу ортасымен таныстыру. 
Ғылыми жобаның міндеттері: дәрілік өсімдік итмұрынды тереңірек зерттеу, 
өсімдікке биологиялық сипаттама беру, химиялық құрамын анықтау. 
Тақырыптың  өзектілігі:  итмұрынның  өте  пайдалы  өсімдік  екеніне  көз 
жеткізу. 
Күтілетін нәтиже. Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, шай, ұнтақ, т.б. түрінде 
қолданылады.  Дәрілерді  дайындау  үшін  шикізат  ретінде  пайдаланылатын  дәрілік 
өсімдіктердің  бөлек  іріктелуі  туралы  зерттелді.  Дәріні  көбінесе  жабайы 
өсімдіктерден аламыз. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері  бар екені  және оны 
пайдалану  жолдары  зерттелді.  Олар  дәрілік  өсімдіктер  деп  аталды.  Осы  заманғы 
кейбір  ең  таңдаулы  дәрілер  жабайы  өсімдіктерден  алады.  Оның  ішінде  итмұрын 
өсімдігінің дәрілік қасиеті кездесті. 
Зерттеудің  ғылыми  жаңалығы.  Итмұрын  өсімдігі  бағалы  дәрумендерге  бай, 
жемісі  және  одан  дайындалған  дәрі-дәрмектер  көптеген  ауруларға  ем  екені 
дәлелденді. 
Итмұрын – раушан гүлдер тұқымдасына жататын, жапырақ тастайтын бұта не 
шырмауық өсімдіктер туысы, Қазақстанда кездесетін 25 түрдің ішіндегі ең әдемісі. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
71 
 
Қазақстан  Республикасының  Алтай,  Тарбағатай,  Жоңғар  Алатауы,  Орталық 
және  Оңтүстік-шығыс  бөлігінде  тауда,  жазықта,  қорым  тастарда,  беткейлерде, 
ормандарда, дымқыл топырақты жерлерде бұталар арасында өседі. Ылғалды жақсы 
көреді, топырақтың да, ауаның да ылғалдығына сезімтал, биіктігі 2 метрге дейін сұр-
қошқыл  түсті,  қабығы  бар,  сабағымен  бұтақтары  ұсақ,  тікенекті.  Өткір  тікенектер 
барлық  туыс  түрлеріне  тән,  олар  жануарлардың  жеп  қоюынан  сақтайды.Жапырағы 
күрделі, тақ қауырсынды, әдетте 2-3-тен жұптасқан көлемді эллипс тәрізді, жиегі ара 
тісті, ал астыңғы жағын қою да жұмсақ түк басқан. 
 
Гүлі  қос  жынысты,  дұрыс  гүл,  актиноморфты,  тостағаншасы  жіңішке,  жасыл 
түсті, күлтесі ашық күлгін немесе қызғылт түсті. Тостағаншалар мен күлтелер саны 
бірдей  (5-тен),  аталық  пен  аналықтары  көп  (саны  анықталмаған),  гүлі  көлемді 
(диаметрі  6  см-ге  дейін),  ұзын  гүл  табанына  көбінше  жалғыздан,  сирек  топтасып, 
бекиді.  Ашық  түсті  гүлінің  хош  иісі  жәндіктерді  өзіне  тартады.  Ара,  үлкен  тозаң 
жейтін  қоңыздар,  бір  гүлден  екінші  гүлге  ұшып-қонып  жүріп,  айқас 
тозаңдандырады. Кейде жәндіктер гүлді түнеп шығатын орын ретінде пайдаланады. 
Өйткені кешке қарай гүлдердің күлтелері жабылады. 
Итмұрын  шілдеде  гүлдейді,  тамызда  жеміс  береді.  Раушан  туысының  жемісі 
туралы толығырақ айтсақ артық болмас. Раушан туысының жидегі шындығында да 
жалған  жеміс.  Құрылысы  күрделі,  күлте  жапырақшаларының  құмыра  немесе  бокал 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
72 
тәрізді болып, қабырғаларының ішкі жағында бекінген көптеген сарғыш жаңғақтар, 
қою да қаттылау түктермен бөлінген. 
Біз  суреттеп  отырған  түрдің  жемісі  пісіп-жетілген  қою,  ашық-қызыл  түсті. 
Ұшында  түспейтін  құрғақ  тостағанша  жапырақшалары  барлық  раушандар  мен 
жабайы  раушандарға  тән.  Кейбір  түрлері  ежелден  белгілі  бауда  өсірілетін 
раушандардың  арғы  тегі  болып  табылады.  Біздің  заманымызға  дейінгі  4  мың 
жылдыққа  жататын  Алтайдың  көмбелерінен  табылған  металл  ақшаларда  да  бауда 
өсірілетін раушандар бейнеленген. 
Қазірде  жабайы  раушандар  сұрыптауда  және  мәдени  раушандардың  сапасын 
жақсартуда қолданады. 
Итмұрынның  ерекшелігі  –  бағалы  витаминдерге  бай,  жемісі  және  одан 
дайындалған  медицинада  негізінен  асқазан  және  бауыр  ауруларын  емдеуге 
қолданылады.  Гүлдерін  шайдың  орнына  пайдалануға  болады,  күлтелерден 
дайындалған эфир майы – парфюмерия өндірісінде пайдаланылады. 
Итмұрын  –  раушангүлдер  тұқымдасына  жататын  көпжылдық  бұталы  өсімдік. 
Биіктігі  2  метр.  Бұталары  тікенекті.  Итмұрын  жер  шарының  қоңыржай  және 
субтропикалық  аймақтарының  барлық  жерлерінде  өседі.  500-ге  жуық  түрі  бар. 
Табиғатта  таулы-тасты  жерлерде,  беткейлерде,  орманда,  су  жағалауында  өседі. 
Табиғи түрі Қазақстанның барлық тау бөктерлерінде өседі. 
Итмұрынның  екпе  түрлерінің  барлығын  дерлік  раушан  (роза)  деп  атайды. 
Халық арасында итмұрынның «жабайы раушан» деген атауы кеңінен қолданылады. 
Итмұрынның  гүлі  ақ,  қызғылт,  сары  түсті,  диаметрі  4-6  см,  хош  иісті,  жай  күлтелі 
және гүлпарлы да түрлері  бар. Мамыр, маусым айларында гүлдейді.  Жемісі тамыз, 
қыркүйек  айларында  піседі.  Жемісі  сопақша  келген  жылтыр,  түсі  қызыл  немесе 
қызғылт-сары болады. 
Жабайы раушан дейді екен, 
Итмұрынды ел кейде. 
Піседі екен жемісі, 
Қараша айы келгенде. 
Онда аскорбин қышқылы, 
Сенесің бе 
Көп десе. 
Елу есе – 
Лимоннан, 
Қарақаттан он есе. 
Итмұрынның  құрамында  Менделеев  кестесінің  жартысы  бар  деуге  болады. 
Итмұрынның  тамыры,  жапырағы,  жемісі  адам  ағзасына  өте  шипалы.  Құрамындағы 
аскорбин  қышқылы  қарақатқа  қарағанда  10  есе,  лимонға  қарағанда  50  есе  артық 
мөлшерде  болады.  Медициналық  тұрғыдан  итмұрынның  құндылығын  оның 
құрамында  көп  мөлшерде  болатын  С  дәрумені  арттырады.  Сонымен  қатар 
итмұрынның құрамында В, К, Р дәрумендері, тұқымында Е дәрумені, каротин, қант, 
сондай-ақ,  илік,  пектинді,  бояулық  заттар,  органикалық  қышқылдар,  минералды 
заттар, макро микроэлементтер болады. 
Медицинада 
итмұрынды 
поливитамин 
ретінде, 
ағзада 
дәрумендер 
жетіспегенде,  атеросклерозға  қарсы,  қан  қысымы  көбейгенде,  қан  аздыққа, 
иммунитетті көтеруге, сынған сүйекті тез бітіретін және бауыр ауруларын емдейтін 
дәрілік өсімдік ретінде пайдаланады. 
 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
73 
     
 
 
Итмұрыннан тосап жасайды. Жемісін кептіріп, қыста тұмауға қарсы қайнатып 
ішеді.  Гүлдерін  шайға  қосып,  бұқтырып  ішеді.  Әдемі  гүлдерінің  арқасында 
көгалдандыруда кең қолданыста. Бұтағы тікенекті болғандықтан, қоршаудың орнына 
өсіруге де болады. 
Итмұрын  шайы  антиоксиданттар,  флавоноидтер,  дәрумендер  (С,  К), 
минералдарға бай. Мамандар оны диарея ауруы кезінде ішуге кеңес береді. 
 
                                      
 
 
Итмұрын  майы  –  ерін  бальзамы.  Ультра  нәрлендіретін  кремді  ерін  бальзамы. 
Құрамында  ерінді  нығайтып,  түзейтін,  ылғалдандыратын  расталған  органикалық 
итмұрын  майы  бар.  Сергітіп,  салқындататын  бұрышты  жалбыз  майы  қосылған, 
ерінді  жұмсартып,  жайландыратын  жұмсартқыш  какао  майымен  қаныққан. 
Қоршаған ортаның зақымдайтын әсерінен ерінді қорғайды. 
Асқазанды  шөппен  емдеуге  болады.  Cырқаттанып  қалған  кездері  міндетті 
түрде қымбат антибиотиктерді пайдалану шарт емес. 
Мен  асқазанды  әртүрлі  химиялық  препараттармен  улай  бергеннен  гөрі  бір 
мезгіл  әжелерімізден  бері  қарай  келе  жатқан,  неше  ғасыр  тәжірибеден  өткен  ем-
домға да мән берген дұрыс деп есептеймін. 
Бүгінде асқазан ауруымен ауыратындар көп екенін білгендіктен де, мүмкін бір 
дауасы тиіп қалар. Асқазан ауруымен емделуді бастамастан бұрын, алдымен бірінші 
кезекте  барлық  қара  және  жаңа  піскен  нан  өнімдерінен  бас  тартқан  дұрыс.  Тек 
кепкен  түрдегі  бидай  нан  мен  1-2  сортты  ұннан  пісірілген  нанды  ғана  пайдалану 
керек.  Тәтті  нан-тоқаштарды  аузыңызға  алмаңыздар.  Сол  секілді  ет,  балық, 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
74 
саңырауқұлақ, томат соусы, қыша (горчица), ащы салаттар мен кофе, жаңа сығылған 
шырындар  (ол  асқазан  сөлін  тітіркендіреді),  қуырылған  ет,  кептірілген  жеміс, 
бұршақ, долана, аскөкті тамақ құрамынан алып тастауға тура келеді. 
Сонда  немен  тамақтанамыз  деген  сауалдың  тууы  орынды.  Тек  қана 
қайнатылған  және  су  буында  дайындалған  тағамдарды  жеген  абзал.  Күніне  5-6  рет 
аз-аз  бөліктен  жеңіздер.  Итмұрын  қайнатпасын  ішіңіздер,  оны  шай  секілді  демдеу 
керек. Ал күн сайын ұйықтар алдында 200 грамм сүт ішу қажет. 
Осыларды  әдетке  айналдырғаннан  кейін  барып,  шөппен  емделуге  кірісуге 
болады.  Ақ  сәмбі  талдың  қабығын,  2  грамм  иіртамыр  тамыры,  аққайың  жапырағы, 
кәдімгі бүрген, жаужапырақ пен қара қарақат жапырағы, 3 грамнан толғақ шөп және 
жалбыз, 4 грамм екпелі кендір дәні, 5 грамм шайқурай мен сасық шөпке 1 ас қасық 
майдаланған итмұрын жемісін термосқа салып, үстіне 500 мл қайнаған су құю керек. 
Оны таң атқанша тұндырып қою қажет. 
Таңертең  оны  сүзгіден  өткізіп,  бірдей  үш  бөлікке  бөлу  керек  те,  күніне  үш 
мезгіл  тамақтың  алдында  20-30  минут  бұрын  ішу  керек.  Бұл  емді  1,5-2  ай 
қабылдаған дұрыс. Табиғаттың сыйы адамның ағзасын сырқаттан біртіндеп, біржола 
жазып  шығатынына  көзім  жетті.  Тек  шыдамды  болған  жөн.  Батпандап  кірген  ауру 
мысқалдап шығады дейді ғой. 
Ұсыныс: 
1.  Сырқаттанып  қалған  кездері  міндетті  түрде  қымбат  дәрі-дәрмектерді 
пайдалану шарт емес. Оның орнына неше ғасыр тәжірибеден өткен ем-домға да мән 
берген дұрыс қой деп есептеймін. 
2.  Асқазанды  емдеу  үшін  барлық  қара  және  жаңа  піскен  нан  өнімдерінен  бас 
тартқан дұрыс, оның орнына тек кепкен түрдегі бидай нан пайдалану керек. 
3. Емдік қасиеті мол «Итмұрын» өсімдігі туралы шағын жинақ шығарылса. 
 
Әдебиеттер 
1 Қазақ энциклопедиясы. 2 том. 
2 Интернет материалдары. 
3 «Дүниетану» оқулығы. 1-4 сыныптар. 
4 «Сен білесің бе?» журналы. 
5 Бастауыш мектеп. – 2004. 
 
 
 
 
 
 
 
БАҚЫТЖАНОВА Аяжан Нұрымжанқызы, 
№3 мектеп-гимназиясының 2 сынып оқушысы, Қандыағаш қаласы
Мұғалжар ауданы, Ақтөбе облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: УРАЗБАЕВА Нургуль Кубейсиновна, 
№3 мектеп-гимназиясының мұғалімі, Қандыағаш қаласы, 
Мұғалжар ауданы, Ақтөбе облысы, Қазақстан Республикасы 
 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
75 
    
 
 
БАЛ АРАСЫНЫҢ ТІРШІЛІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ПАЙДАСЫ 
 
Зерттеудің  мақсаты:  Бал  арасының  тіршілігі  және  оның  өнімдерінің  адам 
үшін пайдасының көп екенін таныту. 
Бұл  тақырыпты  таңдауымның  себебі:  Бал  арасының  пайдасы,  ара 
тұқымдары,  араның  көбеюі,  жұмыс  қабілеті  мен  өмірінің  ұзақтығы  туралы  кеңінен 
мәліметтер  алу.  Ара  шаруашылығынан  алынатын  өнімдердің  адам  денсаулығына 
тигізетін пайдасы туралы зерттеуді мақсат еттім. 
Кіріспе.  Ара  тұқымдары  бір-біріне  сыртқыы  түрі,  мінез-құлқы  мен 
шаруашылыққа пайдалы қасиеттерімен ажыратылады. 
Негізгі  кең  тараған  тұқымдарына  орман  арасы,  украин  арасы,  кавказ  арасы 
жатады.  Орман  арасы  орманды  солтүстік  өңірде  өсіріледі.  Олар  украина  арасынан 
үлкен,  түсі  қаралау  болып  келеді.  Балауыз  ұяшықтарын  аппақ  балмен  жабады. 
Украина  арасы  далалы  және  қара  топырақты  аймақтарда  өсіріледі.  Орманды 
араларға  қарағанда  түсі  ақшылдау  тұмсығы  ұзын,  гүл  тозаңдарын  жинауға  епті 
келеді.  Балауыз  ұяшықтарын  оларда  орман  аралары  сияқты  аппақ  балмен  жабады. 
Оларға түтінсіз және арнайы жасалған тор маскасыз жақындау қиын. Кавказ арасы 
Қап  тауының  баурайында  өсіріледі.  Оларды  түсіне  қарай  сары,  таулық  сұр,  абхаз 
арасы және солтүстік Кавказ арасы деп төрт топқа бөледі. Бұл аралардың тұмсығы 
ұзын.  Сондықтан  басқалармен  салыстырғанда  олар  Кавказда  кең  тараған  қызыл 
жоңышқаны  жақсы  пайдаланады,  ал  адамдарды  сақтайтындықтан  олармен  түтінсіз 
және арнаулы тор маскасыз жұмыс істеуге болады. 
Араның  көбеюі,  жұмыс  қабілеті  мен  өмірінің  ұзақтығы.  Аралар  тек  қана 
үлкен әулет болып тіршілік етеді. Көктемде бір қалыпты ара әулеті омартада ондаған 
мың  жұмысшы  арадан  және  аналық  арадан  құрылатын  бір  әулеттен  тұрады. 
Жұмысшы ара мен аналық ара ұрғашылары, ал еркектері трунти деп аталады. Олар 
әулетте көктемнің соңында және жаздың басында пайда болады да, аз тіршілік етіп, 
күздің аяғында өліп қалады. Мұның бәрі еркек аралар тек қана жас аналық араларды 
ұрықтандыру үшін қажет екенін көрсетеді. 
Омарта  тұрғындары  бір  әулет  болып  тіршілік  етеді  де,  омартада  қалыптасқан 
белгілі  заңдар  мен  ережелерге  бағынады.  Мұнда  тұратын  әрбір  ара  өзінің  жұмыс 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
76 
орны мен міндеттерін жақсы біледі. Аналық ара – ең ірісі және оның сыртқы көрінісі 
ерекше болады. Ол жұмысшы арадан екі есеге жуық ұзын (20-25 мм), салмағы – 230-
280  мг.  Аралар  ұрғашы  арасыз  тіршілік  ете  алмайды.  Ұрғашы  аралар  5-6  жыл 
тіршілік  етеді.  Ара  шаруашылығында  аналық  аралар  көктем  –  күз  маусымдарында 
100-200  жұмыртқа  салады  да,  олардың  жалпы  күйі  нашарлайды.  Алайда,  жасы 
ұлғайған сайын тұқым тарату қабілеті азая береді. 
Көп уақытқа дейін ара әулетінің барлық тіршілігі ұрғашы ара басқарады деген 
түсінім  басым  болып  келді.  Әр  жануар  сезім  мүшелері  арқылы  сыртқы  ортамен 
тығыз байланыста болады. Жұмысшы ара және ұрғашы мен еркек аралардың барлық 
мүшелерінің  гармониялық  қызметін  орталық,  шеткі  және  симпатиялық  жүйке 
жүйелері  басқарады.  Симпатиялық  жүйке  жүйесі  мидың  маңындағы  маңдай 
түйіншегі  мен  басталады  да,  ас  қорыту,  қан  айналу  және  тыныс  алу  мүшелеріне 
тарайтын аз ғана жүйке түйіншектерінен тұрады. Мидың төменгі жағы екі иіссезгіш 
бөліктерінен  тұрады.  Аралардың  иіс  сезу  мүшелері  мұрттарында  немесе 
антенналарында  орналасқан.  Әрбір  мұртында  500  мыңнан  астам  иіс  сезетін 
сыңалаушалар бар. 
Омартаға  кіретін  алаңшадағы  күзетші  аралар  ұшып  келген  аралардың  өз 
тұрғындары,  не  бөтен  екеніне  иісінен  біледі.  Араның  екі  күрделі,  үш  қарапайым  – 
барлығы  бес  көзі  бар.  Аралар  аса  сезімтал,  дәм  айырғыш  болады.  Олар  дыбысты, 
әсіресе  темір  жаңғырығын  жақсы  сезінеді.  Олардың  есту  мүшелері  алдыңғы 
сирағында  орналасқан.  Тәжірибелер  арқасында  барлаушы  аралар  өздерінің  биімен 
омартадағы араларға тапқан тәтті  нәр немесе тозаңдардың сапасы  жайлы емес,  сол 
табылған олжаларға барар жолдың қашықтығын хабарлайды. 
Жаңа байқауға сәйкес барлаушы аралар «айналма» биін билегенде тәтті шырын 
жақын жерден екенін, ал «шайқалама» биін  билегенде қашықта екенін хабарлайды. 
Олардың  қарым-қатынас  жасауы  иіс  сезу  арқылы  болады.  Ұрғашы  аралар  бірнеше 
жыл, кейде 5 жылға дейін тіршілік етеді. Ал еркек аралардың тіршілігі 4 айға ғана 
жетеді.  Аранаң  денесі  қатты  қабыршақпен  қапталған.  Денесі  үш  бөліктен  тұрады: 
бас,  кеуде  және  құрсақ.  Жабайы  аралар  өздерінің  ұяларын  ағаштың  қуысында, 
үңгірлерге салады. Ал қолда өсірілетін аралар ұяларын омартада рамкада салады да, 
олардың балауыз ұяшықтары бірдей болады. 
Аралар  балауыз  құрылысының  бәрін  түнде  жасайды.  Демек,  оларға  құрылыс 
кезінде  көздің  қажеті  жоқ.  Өйткені  олардың  сезім  мүшелері  жақсы  дамыған. 
Аралардың бір қалыпты тіршілігі тек ағзадағы дұрыс зат алмасу негізінде ас қорыту, 
қан айналымы, тыныс алу және зәр шығару мүшелері жәрдемімен жүзеге асады. Ара 
мүшелерінің ішінде ас қорыту мүшелерінің құрылысы ерекше. Ас қорыту мүшелерін 
каналмен бездер жүйесіне бөледі. Аралардың сілекей бездері, ұрпақ өсіруімен бірге 
тәтті шырынды балға айналдыруға негізделген. Бездің ара тіршілігінде алатын орны 
ерекше. 
Араларда  арнайы  тұйық  қан  айналу  жүйесі  болмайды.  Оның  негізгі  қан 
айналдыру  мүшесі  –  қарыннан  басына  қарай  қан  жүгіртіп  тұратын  арқасындағы 
камералары – жүрек. Камераның бүйірінде тесік болады, сол кеңейгенде жүрекке қан 
сұйылады.  Аралар  жүрегі  отырғанда  минутына  65-70  рет,  қозғалып  жүргенде  100 
рет,  ал  ұшқанда  150  рет  соғады.  Араның  тыныс  алуын  тыныс  орталығы  реттеп 
отырады.  Сөйтіп,  ара  ағзасындағы  оттегі  мен  көмір  қышқыл  газының  мөлшеріне 
қарай тыныс татқыш ашылып жабылып тұрады. Зат алмасу кезінде араның денесінде 
керек  емес  және  зиянды  заттар  жиналады.  Осы  заттар  араның  денесінен  екі  мүше 
арқылы, мальпигиев сауыты мен май денелері арқылы сыртқа шығады. Соған орай 
оны әулет патшасы деп атады. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
77 
Қазір  ара  әулетінің  тіршілігін  ғылыми  тұрғыдан  бақылап,  жоғарыда  айтылған 
пікірдің  керісінше  екені  дәлелденді.  Аналық  араның  әулеттегі  негізгі  міндеті  тек 
жұмыртқа  салумен  шектеледі.  Еркек  ара  жұмысшы  аралардан  ірірек  те,  ұрғашы 
арадан кішілеу, денесінің ұзындығы – 15-17 мм, салмағы – 200 мг. Олардың көздері 
шодырайған,  басы  үлкен,  кеудесі  қуатты.  Себебі,  аяқтары  мен  қанаттарын 
қозғалысқа  келтіретін  кеудесінде  орналасқан  бұлшық  еттері  жуан,  құрсағы  қысқа 
келген,  жұмыс  істеуге  ешқандай  мүшесі  бейімделмеген.  Сондықтан  олар  әулетте 
ешқандай жұмыс істемейді. 
Еркек  аралар  өз  беттерімен  қорек  тауып  жей  алмайды,  сондықтан  олар 
жұмысшы  аралардың  есебінен  күн  көреді.  Сөйтіп,  аралар  жұмысшы  аралар 
дайындаған балмен қоректенеді. Еркек аралардың шағатын піспегі болмағандықтан, 
олар  өзін-өзі  қорғай  да  алмайды.  Оның  негізгі  міндеті  –  ұрықтанбаған  араны 
ұрықтандыру. Омартаның негізін қалайтын – жұмысшы аралар. Көлемі жағынан ара 
әулетінің ішіндегі ең кішісі – жұмысшы аралар. Олардың денесінің ұзындығы – 12-
15 мм, салмағы – 90 мг. 
Жұмысшы  ара  дегеніміз  –  көбею  мүшелері  толық  жетілмеген  ұрғашы  аралар. 
Жұмысшы  аралар  ұрғашы  бола  тұра,  ара  әулетінің  тіршілігін  қамтамасыз  ете 
алмайды.  Аралар  жасының  ұзақтығы  олардың  қорегінің  сапасы  мен  жасаған 
жұмыстарының  мөлшеріне  тікелей  байланысты.  Жаз  айында  жұмыртқадан  шыққан 
аралар  онша  ұзақ  тіршілік  ете  алмайды.  Олар  бар  болғаны  35-37  күн  ғана  тіршілік 
етеді.  Өйткені,  олар  тыным  таппай,  гүл  тозаңдарын,  тәтті  шырын  дайындаумен 
қажып, шаршайды. 
Ара  әулетінің  тіршілігіндегі  қызықты  бір  мәселе  –  олардың  көбеюі.  Ол  екі 
процестен  тұрады:  біріншісі  –  жеке  аралардың  көбеюі,  екіншісі  –  әулеттік  көбеюі. 
Ұрғашы  араның  көбеюі  жыныс  мүшелері  құрсаққа  орналасқан.  Олар  оң  жақ  және 
сол  жақ  екі  жұмыртқадан,  екі  жұп,  бір  дара  жұмыртқа  өткізгіштен,  тұқым 
қабылдағыштан тұрады. Аралар омартадан тыс, ауада ұшып жүріп ұрықтанады және 
басқа  әулеттің  еркек  арасымен  шағылысуы  ықтимал.  Еркек  араның  көбеюі  жыныс 
мүшелері  аталық  екі  ұрық  безінен  тұрады.  Ұрық  безінде  тұқым  жасушалары  – 
сперматозоидтер  пайда  болады.  Ұрықтану  кезінде  еркек  араның  жыныс  мүшесі 
қатты жабысып қалады да, еркек ара сол жерде өледі, ал ұрғашы ара оны құрсағынан 
жұлып алып, өз бағытында ұшып кетеді. 
Жұмысшы  араның  көбею  жыныс  мүшелері  ұрғашы  аралардікіне  ұқсас.  Бар 
айырмашылығы – жетілмеген және тұқым қабылдағыштың тек жұрнағы ғана қалған. 
Олардың  жыныс  мүшелері  шағылысу  жағынан  бейімделмеген.  Сондықтан 
ұрықтанбаған жұмыртқа салады, ал олардан тек қана еркек аралар шығады. 
Аралардың  дернәсілінде  көз  де,  аяқ  та  жоқ.  Сол  себепті  ол  қараңғы  жерде 
жатып  алып,  даяр  қорекпен  қоректенеді.  Дернәсілдің  ең  жақсы  жетілген  мүшесі  – 
асқорыту  мүшесі.  Дернәсілден  кейін  қуыршақтану  мерзімі  келеді.  Жұмыртқадан 
жаңа шыққан араның қай түрі  болсын жақсы жетілмейді. Жұмысшы ара мен еркек 
аралар  өте  әлсіз,  қозғала  алмайтын  күйде  болады.  Ал  ұрғашы  ара  еркек  немесе 
жұмысшы  аралар  сияқты  әлсіз  болмайды.  Олар  ширақ,  өз  бетімен жүре  де,  ұша  да 
алады. 
Каталог: docs
docs -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы
docs -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы
docs -> Гуманитарлық Ғылымдар кәсіби қҰзыреттіліктің негізінде студенттердің Өзіндік әрекет ету дайындығын қалыптастыру
docs -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы
docs -> C m y k газет 2008 жылдың қазан айынан бастап шығады
docs -> Жылдық есебі кафедраның тәрбие жетекшілерінің жұмысы
docs -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет