Зерттеуші



Pdf көрінісі
бет12/20
Дата28.12.2016
өлшемі4,05 Mb.
#596
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20

2-ші кезеңде ыдыстарды енді суық бөлмеден жылы бөлмеге біртіндеп аралығы 
1-2 аптадан ауыстыру керек. Бұл өсімдіктердің жақсы әрі ұзақ уақыт гүлдеп тұруына 
ықпалын тигізеді. 
Қызғалдақтың толық және дұрыс дамыған гүлдерін алудың екі әдісі: 
1.  Жылы  бөлмеге  көшірілген  жуашықты  ыдыстардың  бетіне  дәл  келетін  бос 
ыдыс көмкеріп, гүл сағағы жетілгенге дейін алынбайды. 
2.  Жылы  бөлмеге  көшірілген  жуашықты  ыдыстарды  өзінен  20  см  жоғары 
жәшіктерге салып, қажетінше күнделікті  суарып және 15 см-ге дейінгі  қалыңдықта 
құнарлы топырақ немесе құм сеуіп тұрады. 
Гүл  бүршіктері  бар  сағақ  пайда  болысымен  топырақтың  беткі  қабатын  алып 
тастау  керек.  Ал  жапырақтары  мен  бүршіктері  түзілген  құмыралардағы  өсімдікті 
терезе  алдына  қою  керек.  Алғашқы  күндері  өсімдікті  бөлме  температурасының 
құрғақ  ауасын  қорғау  үшін  май  құйғыш  тәрізді  оралған  қағазбен  3-4  күнге  жауып 
қоямыз. Су ыдыстың астыңғы тесігінен шыққанша суғарып тұрамыз. 
Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген қызғалдақтар: 
Альберт  қызғалдағы.  Өсетін  жері,  аймағы:  аласа  таудың  шағыс  тасты 
баурайы,  Шығыста  –  Балқаш  –  Алакөл  флористикалық  аумағында,  Шу  –  Іле 
тауларында, оңтүстікте – Бетпақдала, Қаратау тауы мен шоқылары. 
Биберштейн  қызғалдағы.  Сырт  сілемінде,  Тобыл  –  Есіл,  Ақтөбе,  Торғай, 
Мұғалжар, Батыс шоқырларында өседі. 
Қосгүлді  қызғалдақ.  Тобыл  –  Есіл,  Ертіс,  Каспий  маңында,  Торғай 
флористикалық аймағында. 
Борщов  қызғалдағы.  Торғай,  Арал  маңында,  Қызылорда  мен  Қызылқұм 
флористикалық аймағында. 
Қысқа аталық қызғалдақ. Жоңғар Алатауы мен оның сілемдерінде. 
Грейг  қызғалдағы.  Қызылорда,  Түркістан  флористикалық  ауданында,  Іледе, 
Күнгей Алатауының батыс сілемдерінде, Қырғыз Алатауында, Шу – Іле тауларында, 
Қаратауда. 
Алакүлте қызғалдағы. Алтай мен Торбағатай флористикалық аудандарында. 
Кауфман қызғалдағы. Қаратауда, Батыс Тянь-Шань мен Қырғыз Алатауының 
батыс бөлігінде. 
Колпаковский қызғалдағы. Жоңғар Алатауында, Іледе, Күнгей Алатауында, 
Шу – Іле тауларында, Қаратаудың шығыс тау етегінде, Қордай асуында. 
Корольков  қызғалдағы.  Аласа  тауларда,  олардың  етегіндегі  құмды,  сазды 
беткейде, Түркістан флористикалық ауданында. 
Леман  қызғалдағы.  Құмда,  түрлі-түсті  тау  жыныстарының  жиынтығы  бар 
жерде, Қызылқұм мен Түркістанда. 
Островский  қызғалдағы.  Сазды  шағыл  тау  беткейлерінде,  сары  топырақты 
тау етегінде, Іле, Күнгей Алатауы мен Меркі сайында, Шу – Іле тауларында (Қордай 
асуы). 
Жатаған  қызғалдақ.  Тобыл  –  Ертіс,  Көкшетау,  Торғай,  Қарқаралы,  Зайсан, 
Арал маңында, Қызылорда, Батыс, Шығыс шоқыларында, Алтайда. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
85 
Регель  қызғалдағы.  Қызыл  түсті  сазда,  шағыл  тасты  беткейде,  Шу  –  Іле 
тауларында. 
Шренк қызғалдағы. Сырт сілемінде, Тобыл – Есіл, Каспий маңында, Ақтөбе, 
Жем,  Торғай  флористикалық  аймағында,  Мұғалжар,  Батыс  Сарыарқада,  Шығыс 
Сарыарқада, Ұлытауда. 
Кеш қызғалдақ. Таудың шағыл тасты беткейінде, Іледе, Күнгей Алатауында. 
Дарагүл  қызғалдақ.  Ашық  жерлерде,  тасты  беткейлерде,  Зайсан,  Алтай  мен 
Тарбағатайда. 
Зинайда  қызғалдағы.  Таудың  төменгі  белдеуіндегі  ұсақ  топырақты,  шағыл 
тасты  беткейлерінде,  шөптесінді  –  бетегелі  далада,  бұталар  арасында,  Қырғыз 
жотасында. 
Ұсыныс.  Қызғалдақ  гүлі  өсетін  жерлерде  мал  шаруашылығы  алыстан 
жайылса; қызғалдақ гүлі өсетін жерге күз мезгілінде тыңайтқыштар себілсе; «Қызыл 
кітапқа» енгізілген қызғалдақтар туралы баспаларда арнайы кітапшалар шығарылса; 
қызғалдақ өсетін жерлердің арам шөптері үнемі тазалалып тұрса. 
Қорытынды 
бөлім. 
Қызылорда 
жеріндегі 
қызғалдақтардың 
маңыздылығы. Қазақстанның жері бай, далалы жазық болып келетін жерлері көп. 
Сол  жазық  далада,  күннің  көзінде,  көздің  жауын  алатын  қызғалдақтар  өседі. 
Қызғалдақтың  бірінші  отаны  –  Қызылорда  дер  едім.  Облыстың  оңтүстік  ауданы 
Жаңақорған  маңайы  –  нағыз  қызғалдақ  мекені.  Оның  кейбір  елді  мекенінде  дала 
қойнауын  бейне  бір  өрт  шалғандай  болып  тұрады.  Ол  бір  Табиғат-Ана  берген 
сұлулық қой. 
Қармақшы  мен  Қазалы  ауданының  аралығы,  Қорқыт  баба  мазарының  маңы 
қазіргі  көктемде  жусанмен  көмкеріліп  иісі  аңқып  тұрады.  Аракідік  арасында 
сарғалдақтар күй шертеді. 
Қызылорда  жерінің  далалығында  осындай  көктемде  сарғалдақтар  да  бой 
көтереді. Елден алыс Құмкөл, Қызылқұм, Қарақұм – нағыз қызғалдақтар мекені. Ауа 
райы  қолайсыз,  күні  қыста  суық,  жазда  орасан  ыстық,  өзі  сусыз,  шөлді  мекенде 
әдемі, көз тартар, бой түзеп, батыл өсетін гүлдердің бірі – осы қызғалдақ. 
Өкінішке қарай, менің туған қалам экологиялық апат аймағында тұр. Жері өте 
құнарсыз.  Топырағы  сортаң  тартқан,  ащы  топырақ.  Қала  ішінде  қара  жерге  шөп  те 
өспейді. Жанталасып, қаланы халық көгалдандыруға тырысып бағуда. 
Алыстағы дала қызғалдағы дәл қазір, сөз жоқ, керемет! 
 
Әдебиеттер 
1 Алексейчик М.М. Путешествие в мир растений. – Минск, 1968. 
2 Сыбанбеков К.Ж. Жабайы өсімдіктер сыры. – Алматы, 1989. 
3 Тулинцев В.Г. Комнатное цветоводство. – М.-Л., 1995. 
4  Иващенко  А.А.  Қазақстанның  өсімдіктер  әлемі.  Суретті  энциклопедия.  – 
Алматыкітап, 2008. 
5 Қазақстанның қызғалдақтары. – Алматы: Алматыкітап, 2010. 
 
ЖҰМАБЕК Ерасыл Бақытжанұлы, 
«С. Сейфуллин атындағы №29 жалпы орта мектебі» коммуналдық 
мемлекеттік мекемесінің 2 «А» сынып оқушысы, С. Сейфуллин ауылы, 
Жылысу ауылдық округы, Мақтаарал ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы, 
Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: ТАДЖИЯКОВА Оразкул Әмірбайқызы, 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
86 
«С. Сейфуллин атындағы №29 жалпы орта мектебі» коммуналдық 
мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі, С. Сейфуллин ауылы, 
Жылысу ауылдық округы, Мақтаарал ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы, 
Қазақстан Республикасы 
 
 
 
ТҰТ – ҚАСИЕТКЕ ТОЛЫ КИЕЛІ АҒАШ 
 
Өсірер тұт ағашын, 
Баптар жібек құрты үшін. 
Жібек мата жасауға
Көйлек тігер жұрт үшін. 
Қолданады дәрі үшін, 
Киелі ағаш деп білер. 
Саз аспабын жасауға, 
Бұтақтарын кептірер. 
Кіріспе.  Мақсатым:  болашақта  тұт  ағашын  көбейтіп,  елімізді  жібек  матамен 
қамтамасыз ету. 
Міндетім:  тұт  ағашының  ерекшелігін  ашып,  барша  жұртқа  жеткізу,  оның 
жемісінің емдік қасиетімен таныстыру. 
Тәжірибелік  мәні.  Тұт  ағашы  және  жемісі  барлық  жағынан  пайдалы.  Тіпті 
оның ағашынан мықты аспаптар дайындауға болады. 
Жұмыс  барысы.  Мен  бұл  тұт  ағашын  тұқымнан  арнайы  өсіріп,  баптадым. 
Нәтижесінде керемет жеміс ағашы өсіп шықты. 
 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
87 
 
 
Тұт  тұқымдасы –  қосжарнақты  өсімдіктер;  құрамында  сүтті  шырыны  бар 
ағаш,  бұта,  кейде  шөптер.  Негізінен  тропиктік  және  субтропиктік  аймақтарда 
кездесетін 80 туысы, 1,5 мыңдай түрі (кейбір мәліметтерде 50 туысы, 1000 түрі) бар. 
Жапырақтарында  бөбешік  жапырақшалары  болады,  көпшілік  түрінде  олар  өркенге 
кезектесіп  орналасады.  Гүлдері  ұсақ,  дара  жынысты,  күрделі  гүлшоғырына 
топталған. Жемісі – сүйекше, біріккен жеміс (көп жағдайда гүлсерігі мен гүлтұғыры 
бірігіп өсіп кетеді). 
Тұт  тұқымдасының  кейбір  түрінің  (інжир,  сикомор,  нан  ағашы)  жемісі  жеуге 
жарамды; тұт ағашы жібек құртының қорегі болып саналады; сикомор, бруссонетия, 
хлорофорадан  өте  бағалы  құрылыс  материалдары,  ал  фикустан  каучук  алынады. 
Сондай-ақ  сүт  ағашынан   алынатын  сүт  шырыны  тағам  ретінде  пайдаланылады. 
Көпшілік  түрі  сәндік  үшін  өсіріледі,  араларында  улы  түрі  де  кездеседі.  Мысалы, 
анчар  ағашы  (оның  сүтті  шырыны  улы  болғандықтан  жергілікті  тұрғындар  аң 
аулауға шыққанда садақ жебесінің ұшына жағады). 
Тұт ағашы – тұт тұқымдасына жататын ағаш. Шығыс және Оңтүстік-Шығыс 
Азия,  Оңтүстік  Еуропа,  Солтүстік  Американың  оңтүстік  бөлігінде,  Оңтүстік 
Американың солтүстік-батысында, ішінара  Африкада таралған 24 түрі  бар. Биіктігі 
16-35 м, ағаштың тармақталған ең жоғарғы бөлігі шар сияқты, өте тығыз болады. 
Жапырақтары – жібек көбелегінің негізгі қорегі, пішіні жұмыртқа тәрізді, шеті 
қалақты,  бөбешік  жапырақшалары  ерте  түседі.  Негізінен  қос  үйлі,  кейде  бір  үйлі, 
гүлі  жапырағымен  бірге  шығады,  дара  жынысты,  сырға  тәрізді  гүлшоғырына 
топталған.  Тұқымынан,  ал  мәдени  өсіргенде  қалемше,  сұлатпа  өркендері  арқылы 
көбейтіледі. Жемісі – ұсақ сүйекшелер, таңқурай мен қарақаттың жемісіне ұқсайды. 
Дәмі  қышқылтым-тәтті,  құрамында  10%-дай  қант  болады.  Оны  жас  күйінде  жейді, 
тағамға, шарап дайындауға, ағашы құрылысқа, т.б. пайдаланылады, өсімдік тінінен 
мықты талшық алынады. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
88 
Табиғи жағдайда 200, кейде 300-500 жылдай өмір сүреді. Қазақстанда 2 түрі: ақ 
тұт және шах тұты қолдан өсіріледі. 
 
Негізгі  бөлім.  Тұт  ағашының  ерекшелігі.  Тұт  ағашы  –  тұт  тұқымдасына 
жататын  ағаш.  10-16  түрі  Азияның,  Африканың,  Солтүстік  Американың  тропикті 
және  жылы  субтропикті  аймақтарында  таралған.  Биіктігі  10-15  метр.  Діңінің  түсі 
қоңырқай қызғылт. 
Жарықты  жақсы  көреді,  құрғақшылыққа  төзімді.  Жапырақтары  қарапайым, 
жиектері  аратісті.  Жидегі  –  күрделі  құрылысты,  сүйекшелердің  бірігуінен  тұрады, 
тәтті әрі жағымды иісі бар. Тұт ағашы тәтті, адам ағзасына пайдалы жемісімен ғана 
бағалы емес, сонымен қатар тұт ағашының жапырағы да бағалы. Себебі жібек құрты 
тұт ағашының жапырақтарын жеп жібек матасының жібін береді. 
Қытай  елі  мыңдаған  жылдар  бойы  тұт  ағашынан  жібек  өндіруді  құпияда 
сақтаған.  Үш  мың  жылдан  астам  уақыт  жібек  өнімі  тек  Қытайдан  ғана  экспортқа 
жөнелтіліп жатты. Оларда әлі күнге дейін жібек құпиясын ашқан адамға өлім жазасы 
бар.  Құпия  толықтай  ашылмағанымен,  кейіннен  жібек  өндірісі  Жапония,  Үндістан, 
Орта Азия елдеріне ойыса бастады. 
Ерте кезден бастап Орта Азияның халықтары тұт ағашынан музыка аспаптарын 
жасаған.  Тұт  ағашынан  жасалған  аспаптар  бағалы  болып  саналған.  Тұт  ағашының 
орташа өмір сүру мерзімі 200 жыл, кейбір түрлері 300-500 жылға дейін өмір сүреді. 
Иерихонда өсіп тұрғанына 2000 жыл болған әйгілі тұт ағашы бар екен. 
Тұт ағашының қолданылуы. Қазақстанның жылы оңтүстік аймақтарында тұт 
ағашының екі түрі: ақ тұт және қара тұт өседі. Бұл екі тұт ағашының айырмашылығы 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
89 
–  жидегінің  түсінде.  Ақ  тұт  ақ  жидек  береді,  қара  тұт  қара  жидек  береді.  Екеуінің 
жемісі де өте тәтті, жұмсақ, нәзік хош иісті. 
Жемісінің  ұзындығы  –  2-3  см,  ені  –  1-2  см.  Шілде  айында  піседі.  Құрамында 
сахароза,  фруктоза,  эфир  майы,  минералды  заттар,  илік  және  бояу  заттар, 
органикалық қышқылдар, дәрумендер бар. С дәрумені көп мөлшерде болады. Емдік 
мақсатта тұт ағашының жемісі, жапырағы, діңінің қабығы қолданылады. 
Жапырағының  шырыны  қарақұрттың  шаққанына,  тіс  ауруына,  ауыз  қуысы 
уылғанда көмектеседі. Тұмау, қант диабеті, көз аурулары кезінде өте пайдалы және 
сауықтырғыш қасиетке ие. Жемісінен сусын, шырын алуға болады. 
Қазіргі  кезде  тұт  ағашының  жалғанбалы  декоративті  түрі  көгалдандыруда 
пайдаланылады. Бақшаларда өсіреді. Жасыл қоршау, табиғи бөгеттер жасайды. Тұт 
ағашын тұқым және қаламшалау арқылы көбейтеді. 
     
 
Тұт  жемісі  –  денсаулыққа  өте  пайдалы.  Тұттың  жемісінің  құрамында 
көптеген дәрумендер, минералдар, амин қышықылы және белсенді заттар бар. 
Тұт  –  жасыл  жапырақтары  бар,  дәні  сары,  иісі  ерекше,  дәмі  ащы.  Бұл  ағаш 
жылына 10 реттен астам тұқым береді. Ол жапырақтары мен түбірімен бірге шырын 
жасау үшін пайдаланылады. Әдетте бұл шырын емдік қасиеті бар. 
Тұт  құрамында  емдік  қасиеті  боғандықтан,  оны  «Көне  аспирин»,  өсірілетін 
жерді  «Полинезиялық  пенициллин»  деп  атайды.  Бұрынғы  кезде  тайпа  дәрігерлері 
оны «Ауру басатын» деп атаған. 
Тұт шырының құрамында денсаулыққа пайдалы көп элементтер бар. Мысалы, 
ксеронин,  алкалоид  иммундық  жүйені  жақсартады.  Оның  жемісінің  құрамында 
селен  бар,  ісік  ауруларына  қолданылады.  Ұяшық  қызметін  реттейді,  ағзаны 
токсиннен  тазартады,  май  клеткаларын  жояды.  Сондықтан  ем-дәм  қолданылатын 
адамдарға  өте  тиімді.  Есте  сақтауды  жақсартады,  тыныштандыратын  қасиеті  бар. 
Теріні тазартады, шаш құрамын жақсартады. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
90 
 
 
 
Бұл шырын дәрумендердің сіңімді болуына әсер етеді. Жеміс шырыны диабет 
ауруында диетикалық ем ретінде, артеросклероз, артрит; респиративті ауруларды, ас 
қорыту, иммундық жүйе мен ісік ауруларының алдын алады. 
Тұт жемісі тыныштандыратын ем ретінде де қолданылады. 
 
Қазақ жерінде жібек құртын өсіруді жолға қойсақ. Екі мың жылдық тарихы 
бар Тараз шаһары Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан. Кезінде керуен-керуен 
жібек  артқан  көш  легі  мен  алтын  теңгелі  саудагерлер  тізбегі  Ташкент,  Самарқан 
базарларына  бет  түзеген.  Сондықтан  Тараз  шаһарының  Ұлы  Жібек  жолы  көне 
замандағы негізгі күнкөріс көзіне, сауда айналымына айналған. 
Жалпы,  жібек  мата  орта  ғасырларда  ең  құнды  бұйымдардың  санатынан  орын 
алған. Тарихшылардың айтуынша, бір кезде Парсы елі мен Қытай мемлекеті жібекті 
тек алтынға ғана айырбастаған екен. Ал, Екатерина патшайымның тұсында Ресейде 
бір  келі  жібектің  бағасы  бір  келі  алтынмен  тең  болған.  Осыдан-ақ,  жібек  құнының 
қаншалықты қымбат екенін бағамдауға болады. 
Жібек мата негізінен жібек құртынан дайындалады. Ал жібек құрты кәдімгі тұт 
ағашының жапырағымен қоректенеді. 
Дерек  көздеріне  сүйенсек,  тұт  ағашының  оннан  астам  түрі  Азияның, 
Африканың  және  Солтүстік  Американың  тропикті  және  субтропикті  аймақтарында 
кең  таралған.  Сондай-ақ,  тұт  ағашының  ерекше  қасиеті  жарықты  жақсы  көреді, 
құрғақшылыққа  төзімді.  Тұт  ағашы  адам  ағзасына  пайдалы  жемісімен  ғана  бағалы 
емес. Сонымен қатар тұт ағашының жапырағы да бағалы болып табылады. 
Кеңес өкіметі кезінде Оңтүстік Қазақстан облысында тұт ағашын өсіру мықтап 
қолға  алынған  екен.  Бос  кеңістіктің  едәуір  бөлігіне  тұт  ағаштары  отырғызылған. 
Кейіннен  бұл  үрдіс  кенжелеп,  тіпті  оңтүстік  өңірінен  тұт  ағашы  жойылып  кетуге 
таяп қалған. Қазіргі кезде өңірімізде тұт ағашы туралы мәліметтер өте аз. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
91 
Кезінде  Оңтүстік  Қазақстан  облысының  Мақтаарал  ауданында  тұт  ағашы 
көптеп  өсіріліп,  одан  алынған  жібек  құртынан  жібек  мата  шығаруды  ойластырған. 
Аудан тұрғындары бос жатқан далаларға тұт ағашын өсіріп, оны әрбір шаруаға бес 
гектардан  бөліп  беріп,  әрқайсысына  тұт  өсіруді  мықтап  тапсырған.  Негізі  тұт 
ағашының жібек құртынан жіп иіріп, мата шығаруға болады. Бірақ, кейінірек қаржы 
қолбайлау болып, ол мәселе толық шешілмей қалған. 
Жалпы, оңтүстік өңірлерде тұт  ағашын  өсіріп, қалдық суларды тазалап, соған 
пайдаланып,  одан  жібек  мата  шығару  керек  еді.  Сонда  жібек  мата  Ұлы  Жібек 
жолының бойында орналасқан қалаларда өндірілсе, сырттан мата тасымалдау жағы 
толастайтын еді. Тұт ағашынан жібек құрттарын өсіру үшін отыз-ақ күн керек екен. 
Отыз  күннен  соң  жібек  құртынан  жіп  шығарып,  одан  мата,  матадан  киім  тігіп  ары 
қарай іліп әкетуге болады. 
Иә, бүгінде жібек мата елімізге сырттан тасымалданады. Жібек мата өндіруден 
Қытай  мемлекеті  алдына  жан  салмай  отыр.  Қытайдың  жібек  мата  өндіріп,  оны 
экспорттап келе жатқанына үш мың жылдан астам уақыт өткен. Бір жағынан пайда, 
екінші  жағынан  жұмыс  көзі  болып  табылатын  тұт  ағашынан  жібек  өндіруді 
қытайлықтар  мыңдаған  жылдар  бойына  құпия  ұстаған.  Тіпті,  Қытайда  жібек 
құпиясын  ашқан  адамға  әлі  күнге  дейін  өлім  жазасы  тағайындалған.  Себебі,  бұл  – 
аса  ірі  табыс  көзі,  сондықтан  мемлекеттің  экономикалық  дамуына  да  оң  серпін 
беретін үрдіс. 
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бір сөзінде: «Біз Ұлы Жібек жолын 
жаңғыртып  жатырмыз»,  -  деп  айтқан  болатын.  Ия,  бүгінде  мемлекет  тарапынан 
барлық  шаруаға  жол  ашық.  Өкініштісі,  қазіргі  кезде  бірді-екілі  кәсіпкерлер  ғана 
болмаса, өңіріміз түгелдей тұт ағашын өсірумен айналысып отырған жоқ. 
Ендігі  жерде  өңіріміздегі  бос  кеңістіктерге  тұт  ағашы  отырғызылып,  одан 
алынған  жібек  құртынан  жібек  мата  өндірілсе,  құба-құп  болар  еді  деген  ой  бар. 
Оның  үстіне  қазір  қоғамда  жұмыссыздық  мәселесі  туралы  жиі  айтылады.  Бұл  бір 
жағынан орасан табыс  көзі  болса, екінші  жағынан халыққа жұмыс  көзі  де болатын 
еді.  Жүздеген  адам  жұмыспен  қамтылса,  облыстың  әлеуетінің  бұдан  ары  қарай  да 
арта түсетіні дәлелдеуді қажет етпейді. 
Табиғи-климаттық  талаптары  бойынша  да  таза  жібекті  ешқандай  басқа  мата 
ауыстыра  алмайды  екен.  Және  бүгінгідей  әлем  экономикасы  алға  шығып  тұрған 
уақытта  жібек  мата  Қытай  мен  Үндістанның  және  Азияның  басқа  елдері  мен 
Еуропада  үлкен  сұранысқа  ие.  Сондықтан  жібек  құртын  өсірудің  әрбір  өңір  үшін 
маңызы  зор.  Оның  үстіне,  біздің  өңірінде  кезінде  тұт  ағаштары  өсірілген.  Ол 
мемлекет  тарапынан  әрбір  тұт  өсірушіге  өлшеммен  бөлініп,  әрбір  түп  ағаш 
бақылауда  болған.  Бұл  туралы  бізге  ұзақ  жылдар  тұт  ағашын  өсірумен,  оны  күтіп-
баптаумен айналысқан ағай-апайлар әңгімеп берді. 
Үлкен кісілердің айтуынша, кеңес өкіметінің тапсырысымен колхоздан әр үйге 
бір-бір  қораптан  жібек  құртын  өсіруге  беретін  болыпты.  Әуел  баста  ол  майда 
құмырсқадай болып келеді екен. Үстелдің үстіне үлкен қағаздар төсеп, соның үстіне 
жібек  құрттарын  жайып  қояды  екен.  Оған  тек  тұт  ағашының  жапырағын  берген. 
Қорегі  –  жалғыз  сол.  Бастапқыда  жапырақты  қайшымен  ұсақтап,  қиып  беретін 
болған.  Майда  түйіршікті  қара  тезегін  жиі-жиі  тазалап  тұрған.  Күн  сайын 
құрттардың  өсуіне  қарай  қорекке  берілетін  жапырақты  да  көлемді  етіп  беріп 
отырған.  Соңына  қарай  тұт  жапырақтарын  шыбықтарымен  берген.  Кейін  келе 
қурайлардан  кішкентай  шалаштар  жасап  қойған.  Әлгі  құрттар  соған  өрмелеп,  әр 
шыбыққа  жібекті  орап,  шығара  береді.  Бұл  олардың  бір  ай  бойы  жеген 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
92 
жапырақтарын құсқаны болып есептеледі. Ал, негізінде онысын «көбік шашты» деп 
атайды. 
 
Сол бір айдың ішінде бір құрт қырық жапырақ жейтін көрінеді. Ал, өзі әуелде 
соншасы бір қорапқа ғана сыйып, құмырсқадай болып келсе, кейін әрқайсысы үлкен-
үлкен  болып  шығады.  Олар  шыбықтарға  жібекті  орап-орап,  өзі  қайтадан  көзге 
ілінер-ілінбестей  кішкентай  ғана  болып  қалады.  Сол  күйінде  шамуашылыққа  қайта 
тапсыратын болған. Кейін өз мерзімінде әлгі құрт көбелекке айналып, ұшып кетеді 
екен. 
 
Бүгінде  әлем  бойынша  нарықтық  экономика  алға  шығып  отыр.  Мемлекеттің 
қазынасын  байытатын,  тұрғындарға  жұмыс  көзі  болатын  залалсыз  кәсіп  түрімен 
айналысу  –  бүгінгі  күннің  басты  талабы.  Бұл  жөнінен  алғанда  Оңтүстік  Қазақстан 
өңірі тұт ағашын өсірумен айналысуға бірден-бір қолайлы жер. Әрі қалдық суларды 
бір  жүйемен  тазартып,  оны  тұт  ағашына  пайдалану  да  сол  мәселенің  оң  шешімін 
табуына ықпал етеді. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
93 
Оған қоса тұт ағашы өңірімізде қолөнерді дамытуға да өзіндік үлесін қосатын 
еді.  Мәселен,  ерте  кезден  бастап  Орта  Азия  халықтары  тұт  ағашынан  музыка 
аспабын  жасаумен  шұғылданған.  Тұт  ағашынан  жасалған  аспаптар  жоғары 
бағаланған.  Бұл  өз  кезегінде  Орта  Азияның  қолөнерінің  дамуына  алып  келді.  Он 
бармағынан  өнер  тамған  шеберлердің  тұт  ағашынан  жасалған  түрлі  туындылары 
өзге мемлекеттерге экспортталып, мемлекет қазынасына қыруар пайда келтірген. 
Тәуелсіз  Қазақстанның  алға  қойған  мақсаты  –  салауатты  өмір  салтын 
қалыптастыру  болып  отыр.  Бұл  жайында  Елбасымыздың  өзі  жиі  айтып  келеді.  Тұт 
жемісінің  құрамында  сахароза,  фруктоза,  эфир  майы,  минералды  заттар, 
органикалық  қышқылдар  мен  дәрумендер  бар.  Дәрігер-ғалымдардың  пікірінше,  тұт 
ағашының  жемісі  мен  жапырағы,  сондай-ақ  діңінің  қабығы  емдік  мақсатта 
қолданылады. 
Жапырағының  шырыны  қарақұрттың  шаққанына,  тіс  ауруына,  ауыз  қуысы 
уылғанда көмектеседі. Тұмау, қант диабеті, көз аурулары кезінде өте пайдалы және 
сауықтырғыш қасиетке ие. Жемісінен шырын, сусын алуға да болады. 
Бір  сөзбен  айтқанда,  істің  көзін  тапқанға  тұт  ағашының  пайдасы  аса  көп. 
Сондықтан, алдағы уақыттарда жібек құртын өсіруді біздің өңірінде қайтадан жолға 
қою  керек.  Ол  үшін  алдымен  тұт  ағаштары  жайқалып  тұрса,  біздің  өңір  бұдан  да 
экологиялық  жағынан  таза,  экономикалық  жағынан  ауқатты  өңірге  айналған  болар 
еді. 
Тұт  ағашы  тәтті,  адам  ағзасына  пайдалы  жемісімен  ғана  емес,  сонымен  қатар 
жапырағымен да бағалы. Себебі әлемге жібек сынды нәзік те көркем жібек матасын 
беретін жібек құрты осы тұт ағашының жапырақтарын жеп қоректенеді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет