Зерттеуші


Қытайлықтар  тұт  ағашының  құпиясын  мыңдаған  жылдар  бойы



жүктеу 4.05 Mb.
Pdf просмотр
бет13/20
Дата28.12.2016
өлшемі4.05 Mb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20

Қытайлықтар  тұт  ағашының  құпиясын  мыңдаған  жылдар  бойы 
жасырып  келген.  Ұлы  Жібек  жолымен  жаһанды  жаулаған  Қытай  елі  мұны 
мыңдаған  жылдар  бойы  құпияда  сақтаған.  Солайша  үш  мың  жылдан  астам  уақыт 
жібек өнімі тек Қытайдан ғана экспортқа жөнелтіліп жатты. Оларда әлі күнге дейін 
жібек  құпиясын  ашқан  адамға  өлім  жазасы  бар.  Құпия  толықтай  ашылмағанымен, 
кейіннен жібек өндірісі Жапония, Үндістан, Орта Азия елдеріне ойыса бастады. 
Жалпы,  Орта  Азияның  халықтары  сонау  ерте  кезден  бастап  тұт  ағашынан 
музыка  аспаптарын  жасаған.  Ондай  аспаптар  өте бағалы  саналған.  Бәлкім,  тұт 
ағашының  киелі  саналатын  себебі  оның  орташа  өмір  сүру  жасының  –  200  жыл, 
кейбір түрлерінің 300-500 жылға дейін өмір сүруіне байланысты шығар. Себебі қазақ 
ескіден келе жатқан көне заттарды қасиетті санап, оларда бір кие барын айтады. 
Тұт жібегін өндіру жобасының тұжырымдамасы. Тұт жібек құртын өсіру – 
жібек  құртының  негізгі  қорегі  өсетін  суғармалы  жер  аудандарында  дамыған. 
Бұрыннан  жібек  құртын  өсірумен  Қазақстанның  Оңтүстік  бөлігі  айналысады. 
Табиғи-климаттық  жағдай  ауылшаруашылығының  бұл  саласын  дамытуға  қолайлы 
болып келеді. 
Тұт  ағашының  жапырағымен  қоректену  арқылы  жібек  құртының  жетілген 
кезде өзін-өзі орап шыққан шағын қорапшасын «піллә» деп атайды. Жібек құртын үй 
жағдайында да өсіруге болады. Тек күн сәулесі мен температураның режимін сақтау 
керек. 
Жібек құртын өсіру барысы көп еңбекті  қажет етеді, бірақ соншалықты қиын 
емес. Жібек құртын өсірумен айналысу үшін келесілер қажет: 
- Тұт жібек құртының дернәсілі немесе көбелегі; 
-  Тұт  ағаштарының  бақшасы.  Бұл  ағаштың  жапырақтарынсыз  жібекті  өсіру 
мүмкін  емес.  Жібек  құртының  дернәсілдері  тұт  ағашының  жапырақтарымен 
қоректенеді; 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
94 
-  Инкубаторлар,  мұнда  балаңқұрттар  дүниеге  келеді.  Өсіру  үшін  қажетті 
температураны сақтау қажет
- Тұт жібек құртының жібек жіптерін орауы үшін арнайы орындар қажет. 
Жіптің  негізгі  өндірушілері  мен  экспорттаушлары  Қытай,  Корея,  Үндістан 
және  Жапония  елдері болып  табылады.  Әлемдік  нарықта  жібек  құрты  ұрығының 1 
кг-ының  бағасы  600-1000  АҚШ  долларына  дейін  ауытқып  отырады,  ал 
Өзбекстанның жеткізіп берушілері оның 1 кг-ын 500 АҚШ долларына сатады. 
Ең жақсы жібек ақшыл-сұр көбелектің кішкентай жұлдызқұртынан өндіріледі. 
Ол тұт ағашының ақ жапырақтарымен қоректенеді. 
Тұт жібек құрты өнімінің сипаттамасы. Тұт жібек құрты немесе жібек құрт – 
жұлдызқұрт  және  көбелек  жібек  өндірісінде  басты  экономикалық  рөл  ойнайды. 
Жұлдызқұрттар тек тұт ағашының жапырақтарымен ғана қоректенеді. Жақын түрі – 
жабайы  тұт  ағашы  –  шығыс  Азияда:  Қытайдың  солтүстік  облыстарында  және 
Ресейдің оңтүстік теңіз жағалауларында өседі. 
Тұт  ағашының  жібек  құрттары  буынаяқты  жәндіктер  сыныбына  кіреді.  Бұл 
жібек құрт үй жәндіктерінің мысалы бола алады. Адамдар жібек құртын үй жәндігі 
ретінде  мыңдаған  жылдардан  бері  өсіріп  келеді.  Ол  өзінің  жабайы  қасиетін 
жоғалтып,  енді  табиғи  жағдайда  өмір  сүре  алмайды.  Оның  бірнеше  бейімділік 
қасиеті  артып,  оны  өсіру  жағдайлары  жеңілдеген.  Мысалы:  тұт  жібек  құртының 
көбелектері, әсіресе аз қимылдайтын аналықтары ұшу қабілетін жоғалтқан. Сонымен 
қатар жұлдызқұрттар да баяу қимылдайды. 
Тұт  жібек  құрты  –  жалғыз  толықтай  қолға  үйретілген  үй  жәндігіне  айналған 
жәндік.  Қытайдағы  барлық  құрттар  қолға  үйретілген,  табиғатта  жабайы  түрде 
кездеспейді.  Аналықтары  ұшуды  да  ұмытып  қалған.  Үлкен  жәндіктер  ақшыл 
қанатты,  6  см-ге  дейін  жететін  толық  көбелектер.  Тұт  жібек  құрты  басқа  да 
көбелектер  секілді  толықтай  өзгеру  арқылы  дамиды.  Тұт  жібек  құрты  көбелегінің 
қанаттары 40-тан 60 мм-ге дейін жайылады. Оның денесі мен қанаттарының түсі кір 
ақшыл, азды немесе көпті ашық бұлыңғыр жолақтары бар болып келеді. 
Сыртқы  көрінісіне  қарай  тұт  жібек  құртының  аналығын  аталығынан  ажырату 
оңай.  Аталыққа  қарағанда  оның  қарны  салмақты  әрі  мұрттары  аз  жетілген  болып 
келеді. 
Тұт жібек құртын өсірудің технологиялық үрдісі. Тұт жібек құртының бала 
құрттарын  алған  соң  оларды  бірден  арнайы  қоректік  заттармен  араластыру  қажет. 
Жұмыртқаларының  дамуы  үшін  инкубаторда  10  күндей  тұруы  керек.  Олар  жақсы 
желдетілуі  үшін  24-25  градус  темтературада  тұруы  керек.  Ол  жерге  тұт  ағашының 
жапырақтары салынады. 
Тұт  жібек  құрттары  салқын  қандылар  тобына  кіреді.  Оның  темтературасы 
айналасындағы  ауаның  температурасына  байланысты  болады.  Бала  құрттардың 
температурасы  және  өсуі  оның  ағзасына  әсер  ететін  химиялық  реакциялар  одан 
температураның артуын тездетеді. Бірақ температураның өзгеруіне ағзаның әсері 20-
27  градус  көлемінде  сақталады.  Одан  арғы  температураның  жоғарылауы  балаң 
құрттың ағзасына кері әсер етеді. 
Тұт  жібек  құртының  балаң  құртының  денесі  жұмсақ,  целиндрлі.  Тері 
қаптамамен қапталған. Ол бас, кеуде және қарыннан тұрады. Тұт жібек құрты балаң 
құрт кезеңінде тез өседі. 30-35 күнде балаң құрт дене салмағын 10000 есе арттырады. 
Балаң  құртының  дамуы  барысында  5  жастан  өтеді,  ол  4  рет  түлейді.  Түлеу  кезінде 
балаң құрт өзін жібек жіптерімен қандай да бір жерге бекітіп, ұйықтауға кетеді. 
Жібек  өндірушілерінің  айтуынша  оны  түлеу  ұйқы  үрдісі  деп  атайды.  Бұл 
уақытта балаң құрт қимылсыз, оның алдыңғы бөлігі көтеріңкі, ал бұл уақытта жаңа 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
95 
тері  қаптамасы  қалыптаса  бастайды.  Әрбір  түлеу  кезінде  балаң  құрт  тар  болып 
қалған қаптамасын тастайды. Біраз уақыт өткен соң жаңа тері қаптамасы қатайғанда 
аяғын  іліп,  қоректенуге  кіріседі.  Әр  жастағы  балаң  құрт  салмағы,  көлемі  және  бас 
капсуласының түсі, сырт келбеті бойынша да өзгеріп отырады. 
1  жас  балаң  құрттың  түсі  қара,  ұзындығы  0.7  мм,  салмағы  6-7  грамм,  басы 
кірпіш қоңыр түсті, ені 1.5 мм. Бұл жаста балаң құрт жақсы қимылдап, шкафтардың 
үстінде сырғанап жүруі мүмкін. 
2 жас балаң құрттың түсі сарғыш жасыл, ұзындығы 1,5-1.9 см, салмағы 0,8-0.9 
грамм басы сұр қоңыр түсті, ені шамамен 2.5 мм. 
3 жас балаң құрттың түсі сары жасыл, 3-3.5 ұзындығы см, салмағы 2-2.5 грамм, 
басы сарғыш жасыл қара нүктелерімен, ені 4.5 мм. Бұл жаста құрттарда арқасының 
үстіндегі қолдарында жылтырақтар пайда болады. 
4 жас балаң құрттың түсі сарғыш жасыл, ұзындығы 5-6 см, салмағы 6-7 грамм 
басының түсі сұрғылт қоңыр қара нүктелерімен, ені 9 мм, жылтырақтар саны артқан. 
5  жас   балаң  құрттың  түсі  жасыл,  ұзындығы  9-10  см,  салмағы  12-17  грамм, 
басының түсі сұрғылт қоңыр, қара нүкте. Ені 9 мм. Қолдарының бояуы бұлыңғыр. 
Жұлдыз  құртттың  басы  тек  түлеген  кезде  өседі.  Басының  капсуласы  барлық 
жас бойы өзгеріссіз болады. Соған қарап оның жасын ажыратуға болады. 
Тұт  ағашының  жапырақтарын  дайындау.  Жібек  құртының  ұрығын  тиімді 
орналастыру  уақытын  анықтау  және  оның  ары  қарай  өсуі  үшін  бірнеше  факторлар 
бар. Алдыңғы жылдардағы ауа райын таңдау, өсімдіктерді бақылау, олардың кейбірі 
жібектен бұрын ашылады. Ондай өсімдіктер белгі беруші болып табылады. 
Жібек  құртының  жапырақтары  пайда  болғанша,  олар  10-12  күн  бұрын 
гүлдейді. Ең тиімдісі орташа температура 5 градустан жоғары болу керек. Оңтүстік 
аудандарда қажетті температура 19
0
-21
0
С болуы керек. 
Жұлдыз  құрттарды  қоректендіру  үшін  жапырақ  күннің  салқын  уақытында,  ең 
жақсысы  таң  азанда,  шық  қайтқан  соң  және  кешке  шық  түскенге  дейін 
жиналады. Алдыңғы  2  жастағы  жұлдыз  құрттар  үшін  қорек  жапырақтарды  шымшу 
арқылы  дайындалады  және  жапырақтың  үстіңгі  жағынан  2-3  қалдырады.  Себебі 
оларсыз  шыбық  ары  қарай  өспей  қалады.  Үлкен  жастағы  құрттар  үшін  қорек 
толықтай  қырқу  арқылы  жасалады.  Алдыңғы  жастағы  құрттар  үшін  жиналған 
жапырақтар салқын жерде еденде сақталу керек. Үлкен жастағы жұлдыз құрттарды 
шыбықтармен  қоректендіргенде  қоректерді  тұрғызып,  үстіне  дымқыл  майлықтар 
жауып сақтайды. 
Көктемде  1  кг  жібек  пілләсін  алу  үшін  15-17  кг  жапырақ  қорегі  қажет.  Ал 
жазда  19  кг-ға  дейін  керек.  Жоспарлы  есепте  1  кг  піллә  алу  үшін  жапырақтар 
шығынын 20 кг-ға дейін есептеу керек. 
Тұт  жібек  құртының  қорегіндегі  төсеніштерін  ауыстыру.  Қоректендіру 
барысында  төсеніштердің  бетінде  жапырақтың  қалдықтары  қалып  қояды  және 
құрттардың нәжістері мен қабықтары да калады. Төсеніш өзінше жыли береді. Оның 
бетінде  инфекциялар  жиналып  қалады.  Ондай  кездерде  жібек  құрттарды  күту 
қиындап кетеді. Сондықтан төсеніштерді ауыстырып отыру керек. 
Балаң  құрттардың  1  жасында  төсеніштерді  ауыстырмайды.  Себебі  құрттарды 
жоғалтып  алудан  сақтану  керек.  2-3  жаста  төсеніштерді  ауыстыру  әр  жас  сайын 
жүргізіледі. Ал 4-5 жаста жиналғанына қарай ауыстырады. 
5  жастағы  жұлдыз  құрттарды  қоректендіруде  майда  жапырақтарды 
төсеніштерін ауыстыру арқылы жүргізіледі. Ауыстырылған төсенішті міндетті түрде 
жағып жіберу керек. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
96 
Жібек құрттарын өсіру және жібек пілләсін алу уақыты. Жыл сайын наурыз 
айының соңы мен сәуір айының басында жібек құрттарын өсіру науқаны басталады. 
Бұл  уақыт  45  тәулікке  созылады.  Жібек  құрттарын  қоректендіруге  көптеген  тұт 
ағашының  жапырақтары  қажет  болады.  Тұт  ағашының  жапырақтарының 
қажеттілігін  есептеу  үшін  өндірілетін  піллә  саны  оны  20-ға  көбейту  арқылы 
анықталады. 
Қорытынды.  Мен  тұт  ағашын  тұқымынан  отырғызып,  су  құйып,  күн  сайын 
оның  өсуін  бақыладым.  Бұл  ағашты  өсірудегі  мақсатым  –  жоғарыда  айтылған 
барлық  жағдаяттарға  көз  жеткізгім  келді.  Бұл  ағашты  өсіруіме  атам  мен  әжемнің 
әңгімелері арқау болды. Себебі олар да кезінде осы іспен айналысып, жібек құртын 
өндірген. 
 
 
Жібек ағашының жемісінің дәмі тіл үйіреді! Оның ерекшелігі басқа жемістерге 
қарағанда өзгеше. 
Болашақта  мен  де  тұт  ағашының  арнайы  бағын  ашқым  келеді.  Жібек  құртын 
өсірсем  деймін.  Жібек  мата  өндіретін  фабрика  ашып,  көпшілік  халықты  жұмыспен 
камтамасыз  еткім  келеді.  Жібек  маталарды  экспортқа  шығара  алатындай  дәрежеге 
жетіп, үлкен кәсіпкер болу – менің арманым! 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
МОЛДАБАЕВА Бақытнұр Жангелдіқызы, 
«Ақбөбек» жеке мектебінің 2 «Ә» сынып оқушысы, 
Ақтөбе қаласы, Ақтөбе облысыҚазақстан Республикасы 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
97 
 
ЖҰБАНЫШ Нұршат Ғалымбекқызы, 
«Ақбөбек» жеке мектебінің 2 «Б» сынып оқушысы, 
Ақтөбе қаласы, Ақтөбе облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшілері: 
ТАПАЕВА Гүлбану Амангелдіқызы, 
ҚИСЫҚОВА Гаухар Кенесбекқызы, 
«Ақбөбек» жеке мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері, 
Ақтөбе қаласы, Ақтөбе облысы, Қазақстан Республикасы 
 
 
 
ҚАЗАҚСТАНДА ӨСЕТІН ЖАҢҒАҚТЫҢ ТҮРЛЕРІ 
 
 
 
Зерттеу  мақсаты:  Қазақстанда  өсетін  жаңғақтың  біз  білмейтін түрлерін  ашу, 
күнделікті өмірде қолданыста жүрген заттармен таныстыру. 
Ғылыми  жобаның  міндеттері:  жаңғақ  туралы  мәлімет  беру;  жаңғақтың 
құрамындағы  заттармен  таныстыру;  жаңғақтың  түрлерін  ажырату;  Қазақстанда 
өсетін географиялық орнын көрсету. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
98 
Тақырыптың  өзектілігі:  Қазақстанда  өсетін  жаңғақтарды  табу,  оларға 
сипаттама беру, пайдасына көз жеткізу. 
Күтілетін  нәтиже.  Жалпы  Қазақстанның  оңтүстігінде,  біздің  табиғи  ұлттық 
парктің  аумағында  жаңғақ  шаруашылығын  дамыту  –  бұл  аймақтың  орман 
шаруашылығын байытып, экологиясын жақсартуда маңызы зор. 
Зерттеудің  ғылыми  жаңалығы:  жаңғақ  қаназдықта,  әлсіздікте,  жүрек-қан 
тамырлары  жүйесінің  көптеген  ауруларында,  бауыр  мен  өт  қабынғанда,  қант 
диабетінде,  тері  ауруында,  теміреткіде,  қан-жел  ауруында,  дәрумендер  аздығында 
және тағы басқа ауру түрлеріне қарсы күресуге пайдасы үлкен. 
Жаңғақ  туралы  мәлімет.  Жаңғақ  –  жаңғақ  тұқымдасына  жататын  қос 
жарнақты  көп  жылдық  ағаш.  Дүние  жүзінде  20  (кейбір  мәліметтер  бойынша  40-қа 
жуық) түрі бар. 
Қазақстанда екі түрі кездеседі: грек жаңғағы және қара жаңғақ. Жабайы түрлері 
Орталық  Азияда,  Қытайда,  Жапонияда  кездеседі.  Ағаштары  өте  биік  (20-30  м), 
діңінің жуандығы 1,5-2 м, хош иісті. 
Грек жаңғағы жемісінің жеуге жарамды бөлігі – дәні. Қатты жеміс қабы жеуге 
жарамсыз.  Грек  жаңғағы  ағашының  гүлдері  әр  мезгілде  гүлдейді,  жел  арқылы 
тозаңданады.  Жылу  және  жарық  сүйгіш,  қуаңшылыққа  өте  төзімді  дақыл.  Грек 
жаңғағын  дәнімен  көбейтеді.  Дәннен  өсірілген  көшеттер  10-15  жылда,  ал  ұластыру 
арқылы  алынған  екпе  көшеттер  4-6  жылда  өнім  береді.  150-200  жылға  дейін  өнім 
бере алады. 400 жылдай өседі. 
Бір  ағаштан  жылына  65-100,  кейде  200-300  кг  жеміс  алынады.  Жемісінің 
салмағы  3-23  г,  көбінесе,  жұмыртқа  не  шар  тәрізді  болады.  Дәнінің құрамында  55-
77%  май,  18-21%  белок,  5-6%  көмірсу,  В1  витамині,  А  провитамині  бар.  Піскен 
дәндерінде 30-85 мг, ал толығымен піспеген дәндерінде 1500-2000 мг, кейде 3000 мг-
ға дейін С витамині болады. 
Жаңғақ  құрамы.  Жаңғақ  құрамының  60-70%-ы  бұл  май,  өте  пайдалы  және 
сіңімді, жануар майларынан ерекшелігі – холестерин жоқ. Ал, 18-21%-ы белоктардан 
тұрады. Әсіресе күрделі белоктардан. Күрделі белоктар ағзаға тіндердің құрылуына 
қажет. 
Жаңғақ  құрамындағы  белоктар  еттегі  белок  орнын  алмастыра  алады. 
Жаңғақтың құрамындағы А дәрумені сиыр сүтімен барабар, оның құрамында ағзаны 
қуаттандыратын  дәрумендер  бар.  Жаңғақты  үнемі  жесе,  дене  қуаты  күшейіп, 
тамаққа тәбеті артады. Теріні жұмсартып, шаштың ағаруының алдын алады. 
Шоколад немесе бидай ұнына қарағанда жаңғақтар өте калориялы. Бұл калория 
біздің ағзамызға күш пен энергия береді. Жаңғақтарда жеңіл сіңетін көмірсулар аз. 
Сондықтан  жаңғақтарды  тіпті  диабетиктерге  немесе  артық  салмақтыларға  аздан 
жеуге  болады.  Кез-келген  жаңғақ  түрі  Е  дәруменіне  бай,  ол  холестериннің  қан 
тамырларда  холестеринді  тор  түзілуіне  кері  әсер  етеді.  Мұндай  дәрумен  әсіресе 
миндаль жаңғағында көп. 
Жаңа  піскен  жаңғақтар  қуырылған  жаңғақтарға  қарағанда  пайдалы. 
Жаңғақтарды тұрақты тұтынатын адамдарда инфаркт және кәрілікпен келетін мидың 
жетімсіздігінің  даму  қаупін  азайтады.  Өйткені  жаңғақтар  мидың  қызметін 
жақсартып, жүйке жүйелерінің қабығын қорғайды. Аптасына екі реттен 30 гр жаңғақ 
жесеңіз, инфаркт ауруына шалдығу қаупі азаяды. 
Жаңғақтарды баланың жасына қарап беру керек. Өйткені жаңғақтар ұзақ уақыт 
қорытылады.  Дей  тұрғанмен,  5-6  жастан  асқан  балаларға  аз  мөлшерден  беруге 
болады. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
99 
Жаңғақтың  кең  тараған  түрлері:  арахис,  грек  жаңғағы  (түйе  жаңғағы), 
маньчжур  жаңғағы,  физалис  жаңғағы,  жебіршөп  жаңғағы,  базельник  жаңғағы, 
талшын  жаңғағы,  кешью  жаңғағы,  самырсын  жаңғағы,  орман  жаңғағы,  бадам 
(миндаль), пісте (фисташка), су жаңғағы, майда жаңғағы (фундук). 
  
Арахис – жер жаңғағы немесе қытай жаңғағы деп те аталады. Бір жылдық және 
көп  жылдық  шөптесін  өсімдік  туысы.  Бұршақ  тұқымдас  бағалы  майлы  дақылға 
жатады. 30 түрі бар. Жемісінде 42%-дай азықтың май мен 22% белок бар. Өнімділігі 
гектарына  15-40  ц.  Тамаққа  пайдаланылатын  жемістері  жержаңғақ,  қытай 
жаңғағынан арахис майы, халуа өндіріледі [2]. 
Жаңғақтар  дастарханның  сәнін  келтіріп  қана  қоймайды,  егер  дұрыс 
пайдаланса,  олардың  денсаулыққа  пайдасы  зор.  Жаңғақ  тек  дәмді  ғана  емес, 
сонымен  бірге  пайдалы  болып  табылады.  Жаңғақтар  құрамындағы  пайдалы 
заттектер жеміс-жидектер, көкөністермен салыстырғанда бірнеше есеге жоғары. 
Басқа  азық-түліктерге  қарағанда  жаңғақ  құрамындағы  минералдық  заттар  – 
магний,  калий,  кальций,  темір,  фосфор  және  т.б.  екі  есеге  жоғары.  Барлық  түрдегі 
жаңғақтар А, Е, РР, В тобының дәрумендеріне бай. 
Жатаған  самырсын  жаңғағы.  Қылқан  жапырақтылар  тұқымдасынан.  Бір 
жерде  бірнешеуі  өсетін  жемісі  бүрлі.  Құрамында  жоғары  сапалы,  бағалы  май 
болғандықтан,  жатаған  самырсын  жаңғағы  құнды  саналады.  Қылқанын  жинап, 
қайнатып, тұнбасын сусын ретінде пайдаланып келеді. 
Базельник  жаңғағы.  Ерінді  гүлділер  тұқымдасынан.  Жартылай  бұта  өсімдігі 
болып есептеледі. Биіктігі 70-100 сантиметрдей. Қазақстанның оңтүстігінде жабайы 
түрі  кездеседі.  Жемісі  төрт  жаңғақты,  дөңгелек,  қара  қоңыр  түсті.  Гүлінде, 
жапырағында,  сабақтарында  эфир  майы  бар,  медицинада  базельниктен  жасалған 
дәрімен тіс ауруын емдейді. 
Кешью  жаңғағы.  Кешью  жаңғақтары  жоғары  құнды  белоктарға  және 
майларға  бай,  көмірсу,  крахмал,  фитостерол,  тағамдық  талшықтар  және  май 
қышқылдары,  Е,  РР,  В  тобының  дәрумендері,  кальций,  магний,  фосфор,  темір, 
марганец,  18  түрлі  амин  қышқылы  (оның  ішінде  триптофан,  лизин,  метионин, 
глицин) бар. Қан тамырларының жағдайын жақсартады, мидың қызметін, ас қорыту 
жолдарының жұмысын жақсартады және де иммунитетті нығайтады. 
 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
100 
 
 
Кешью  жаңғағын  үнемі  қолданған  кезде  холестерин  деңгейі  төмендейді. 
Сонымен қатар, тромб түзілуінің, атеросклероздың алдын алады, жүректің жұмысын 
жақсартады және де қан қысымын төмендетеді, остеохондроз және артриттің алдын 
алады. 
 
 
 
Майда (Фундук) жаңғағы. Фундук жаңғағы – өте құнды, тәтті және де сіңімді 
жаңғақтардың  бірі.  70%-ға  дейін  жоғары  құнды  майдан,  белоктан,  амин 
қышқылдарынан, табиғи қанттан, көмірсу, крахмалдан тұрады. Фундук жаңғағының 
құрамында 20-ға жуық амин қышқылы, А, С, Е, РР, В тобының дәрумендері және де 
көп мөлшерде минералдық заттектер (калий, фтор, фосфор, магний, марганец, цинк, 
натрий, темір, хлор, кобальт, йод) бар. 
Фундук  құрамындағы  темір  мөлшері,  етке,  көкөністер  мен  жемістерге 
қарағанда бірнеше есеге жоғары. Е және В тобының дәрумендері жүректің жұмысын 
жақсартады.  Ал  Е  дәруменінің  ерекшелігі  ісіктің  түзілуі  және  дамуына  қарсы 
тұрады,  яғни  фундук  жаңғағы  онкологиялық  аурулардың  алдын  алады.  Фундук 
құрамындағы  заттектер  ағзаны  тазартатын,  ағзадан  токсиндер  мен  зиянды 
қалдықтарды (шлак) шығаратын қасиеті бар. 
Қазақстанда өсетін жаңғақтың түрлері: грек жаңғағы, орман жаңғағы, бадам 
(миндаль) жаңғағы, пісте (фисташка) жаңғағы, су жаңғағы. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
101 
Грек  жаңғағы  –  Оңтүстіктің  інжу-маржаны.  Орта  Азия  –  грек  жаңғағы  мен 
кәдімгі  пістенің  шығу  орталығы  болып  табылады.  Орта  Азияның  жаңғақты 
ормандарын дүниежүзілік маңызы бар інжу-маржан деп атауға болады. Олар Батыс 
Тянь-Шань,  Памир-Алтай  және  Копетдаг  жоталарының  беткейлерінде  тарала 
отырып,  беткейлерді  судың  шайып  және  жуып  кетуінен  қорғап,  іргелес  жатқан 
аумақтардың микроклиматын жақсартуға ықпал етеді. 
Оңтүстік Қазақстанда – таралу аймағының солтүстік шекарасында орналасқан 
жаңғақ  жемісті  ағаш  тұқымдастары  суыққа  төзімді  формаларын  бөлу  үшін  бағалы 
гендік  қор  болып  қана  қоймай,  осы  аймақта  бұл  түрлерді  сақтау  орманның 
биологиялық қауымдастығын байытады. 
 
 
 
Грек жаңғағының латынша атауын «Ханымдық жаңғақ» деп аударуға болады. 
Шындығында  оның  тамаша  жемісі  –  жаңғағының  өзін  айтпағанда,  бұл  құдыретті, 
сән-салтанатты,  әдемі  сымбатты  ағаш.  Оңтүстік  Қырғызстандағы  дүние  жүзіндегі 
жалғыз  бірегей  табиғи  жаңғақ  жемісті  орман  алқабы  оның  Орта  Азиядан 
шыққандығының көрнекті айғағы болады. 
Ал, Орта Азияның басқа республикаларында, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстанда 
шоғырланған түрде әр жерде топ-топ болып өседі. Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық 
табиғи  паркінің  аумағындағы  Бақшелпек  орманшылығындағы  солтүстік  беткейлер 
мен  Өгем  өзенінің  жайылмасында  табиғи  түрде  өсетін  Қазақстандағы  жалғыз  грек 
жаңғақты тау ормандарының құндылығы өте үлкен. Мұнда жасы 90-нан 150 жылға 
дейін, ағаштардың орташа биіктігі 14-тен 21 метрге дейін, ал орташа диаметрлері 32 
см-ден 52 см-ге дейінгі жаңғақ ағаштары кездеседі. 
Жаңғақ  жемісінің  сүттей  пісе  бастаған  кезеңінде  тек  жоғары  дәруменді 
итмұрындарға  ғана  жол  бере  отырып,  лимондар,  апельсиндер,  мандариндермен 
салыстырғанда С дәрумені 40-50 есе көп болады. 
Грек жаңғағы ағашының сүрегі жиһаз дайындауда, жапырағы, дәнінің қабығы 
медицинада 
және 
парфюмерияда 
пайдаланылады. 
Дәні 
тағам 
ретінде 
пайдаланылады,  ал  жемісінен  жаңғақ  майы  алынады.  Грек  жаңғағының  сорттары 
жеміс  салуы,  өркендерінің  өсу  қабілеті,  жемістерінің  салмағы,  пішіні,  гүлдеу 
уақыты, сондай-ақ, қабықтарының қаттылығы жағынан 7 топқа бөлінеді: ірі жемісті 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
102 
– өндірістік маңызы жоқ, себебі, дәні жетілмегендіктен нашар өнеді; жұқақабықты – 
қабықтары  жұқа,  дәндері  майлы,  бірақ  өнімі  аз;  салбыраған  сырға  тәрізді  –  өнімі 
мол;  бадам  тәрізді;  кеш  гүлдейтін;  қатты  қабықты  –  дәні  қабығынан  өте  нашар 
ажыратылады; шырышты (бумажный, троновой). 
Соңғы  топқа  жататын  сорттар  шырышты  сүректерімен  бағаланады,  олар 
жылтыр,  әдемі  келеді.  Олардан  құнды  көркем  бұйымдар  мен  жиһаздар  жасалады. 
Жаңғақтың  қоректік  құны  жоғары.  Оның  құрамында  ақуыз,  қанықпаған  май 
қышқылы,  көмір-су  қосылысы,  кальций,  фосфор,  темір,  каротин,  рибофлавин, 
никотин  қышқылы  бар.  Ол  адам  денесіне  өте  қажетті,  пайдалы  азықтық  ретінде 
қарастырылады. 
 
 
Каталог: docs
docs -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы
docs -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы
docs -> Гуманитарлық Ғылымдар кәсіби қҰзыреттіліктің негізінде студенттердің Өзіндік әрекет ету дайындығын қалыптастыру
docs -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы
docs -> C m y k газет 2008 жылдың қазан айынан бастап шығады
docs -> Жылдық есебі кафедраның тәрбие жетекшілерінің жұмысы
docs -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет