Зерттеуші



Pdf көрінісі
бет15/20
Дата28.12.2016
өлшемі4,05 Mb.
#596
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

Әдебиеттер 
1  Орысша-қазақша  түсіндірме  сөздік:  Механика.  –  Павлодар:  «ЭКО»  ҒӨФ, 
2007. – 291 б. 
2  Биология:  Жалпы  білім  беретін  мектептің  9  сыныбына  арналған  оқулық,  2-
басылымы, өңделген. – Алматы: Атамұра, 2009. 
3 Экология. Оқулық. – Алматы, 2008. 
4  Қазақ  тілі  терминдерінің  салалық  ғылыми  түсіндірме  сөздігі:  Геология.  – 
Алматы: «Мектеп» баспасы, 2003. 
5  Мұнай  және  газ  геологиясы  танымдық  және  кәсіптік-технологиялық 
терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. – Алматы, 2003. 
6  Аурудың  алдын  алу  және  сақтандыру  бойынша  орысша-қазақша 
терминологиялық сөздік. – Шымкент: «Ғасыр-Ш», 2005. 
7 Қазақ энциклопедиясы. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
112 
ТӨЛЕНТАЙ Әсем Айтжанқызы, 
«Қ. Дәрімбаев атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық 
мемлекеттік мекемесінің 6 «А» сынып оқушысы, Алпамыс ауылы, 
Шаблан Ділдәбеков ауыл әкімшілігі, Мақтаарал ауданы
Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: КЕРИМБЕКОВА Меруерт Ильясовна, 
«Қ. Дәрімбаев атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық 
мемлекеттік мекемесі «География» пәнінің мұғалімі, Алпамыс ауылы, 
Шаблан Ділдәбеков ауыл әкімшілігі, Мақтаарал ауданы, 
Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
АСЫҚ АТА ӨҢІРІНІҢ АУЫЗ СУЫНА БИОГЕОГРАФИЯЛЫҚ 
ФАКТОРЛАРДЫҢ ӘСЕРІ 
 
Аңдатпа 
Бұл  жұмыста  Асық  Ата  өңірінің  ауыз  суына  зерттеу  нәтижелері  берілген. 
Зерттеулерінің  нәтижесінде  көрсеткіштер  салыстырылған  және  тұрғылықты 
халықтың  денсаулығына,  өміріне  қауіп  тудыратын,  судан  жұғатын  аурулардың 
алдын  алу  жолдары,  суды  ластанудан  қорғау  жолдары,  ауыз  суды  жақсартуға 
байланысты  жоба  ұсыныстармен  қатар  тәжірибе  жүзінде  іске  асыру  жолдары 
қарастырылған. 
Сонымен  бірге  ауыз  суының  сапалық  бактериологиялық  құрамы  анықталып, 
әсіресе  судың  тұздылығын  тексеріп,  оның  жарамды,  жарамсыздығын  дәлелдейтін 
фактілер  келтіре  отырып  және  ұсыныстар  айтылған.  Су  –  біздің  қазынамыз,  сол 
қазынамыздан айрылып қалмауымыз керек екені көкейтесті мәселе екені көрсетіліп 
отыр. 
Кіріспе.  Қазіргі  заманның  қатерлі  апаты,  ерекше  зауал  төндіретін  басты 
мәселенің  бірі  –  экология.  Жер  шарының  қандай  бөлігін  алсаңыз  да,  экологиялық 
дағдарысқа ұшырауда. Сондай экологиялық дағдарысқа ұшырап отырған қазақ жері, 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
113 
соның ішінде менің туған жерім – Шаблан Ділдәбеков ауыл әкімшілігінің Алпамыс 
ауылы. 
 
«Сылдырап  аққан  суы  жоқ,  құлпырып  жатқан  нуы  жоқ»,  -  деп  ақын 
жырлағандай,  негізгі  басты  проблема  –  ауыз  су  проблемасы.  Туған  өлкемнің  өткен 
тарихына тоқталғанды жөн көрдім. Менің туған жерім – Мырзашөл деп аталған. 
Ата-бабаларымыз асқарлы армандарын, ұлы мұраттарын, Мырзашөл деген бір-
ақ  ауыз  сөзге  сыйғызған  екен-ау.  Аңызы  мен  ақиқаты  бірдей  бір  әңгімелерде 
қасқырдан  басқа  жанды  мақұлықтар  болмаған,  ұзындығы  –  жүз,  көлденеңі  –  жүз 
шақырым,  адам  баласы  мекендемеген  осы  сахара  шөлдің  ортасында  ертеде  Мырза 
деген  бай  отырған  деп  баяндалады.  Оның  Мырза  деп  аталатын  құдығы  болған 
деседі.  Әрлі-берлі  өткен  ұбақ-шұбақ  керуендер,  жолаушы-жүргіншілер  Мырзаның 
бекетіне жетіп тыныстап, аялдап, шөлін қандырады екен. 
Ол құдықтың орны қазір Өзбекстанның Ақалтын ауданының орталығында әлі 
күнге  дейін  сақталған.  Мақтаарал  ауданының  бұрынғы  орталығы  Мырзакенттен 
алпыс-жетпіс  шақырымдай  жерде.  Шөлдің  жай  шөл  емес,  Мырзашөл  атауына  бұл 
әңгіменің де қатысы бар деп ойлаймыз. 
Жалғыз  Мырзаның  құдығы  ғана  емес,  Мырзашөлдің  әр  тұсында  Сардоба 
құдықтары да аз болмаған. Сардоба дегеніміз парсы-тәжік тілдерінде «Сард» – суық, 
суық су деген ұғымды білдіреді. 
Сардоба  қабырғасы  шеңбер  үлгісінде  келетін,  қазылған  құдық  үстіне 
тұрғызылатын  күмбез  шатырлы  құрылыс.  Олар  Орта  Азия  мен  басқа  да  шығыс 
елдерінің сусыз жерлерінде, елсіз жапандарында салынған. 
Жаңбыр  суын,  қар  суын,  арықтардың  суын  жинайтын  Сардобалар  болған. 
Мысалы,  Мырзашөлдегі  байырғы  керуен  жолының  бойына  орналасқан  күмбезді 
құдық – Мырзарабат сардобасы халыққа кеңінен мәлім. Ол негізінен шөл далада су 
сақтау, ыстық күнде судың жылымауы үшін салынған. 
Ата-бабаларымыз  құдықты  қазу  үшін  он  екі  нарды  қатар  жегіп,  әйкел  тасты 
сүйреп әкеліп, құдық түбіне тастайды.  Ал су  арқанды малдың мойына мықты болу 
үшін қайнатып, қазіргі замандағы крандардың тросына пара-пар болады екен. 
Құдық – бабадан қалған мұра. Ата-бабаларымыз асыл қазына, мұра қалдырған 
екен. Соны бүгінгі таңда қалай пайдаланудамыз? 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
114 
Қазіргі  кезеңде  біздер  қандай  ішіп  отырмыз?  Су  –  тіршілік  көзі.  Сусыз  өмір 
жоқ. Жер бетінің 70,8%-ын су алып жатыр. Судың жалпы көлемі құрлықтан 1,4 есе 
көп екені ежелден белгілі. 
Біз  көпшілік  жағдайда  су  дегеніміз  нендей  зат  деп  ойланбаймыз  да. 
Атмосфералық жаңбыр, қар сулары, өзен, көл сулары үйреншікті болып көрінеді. Ең 
қымбат зат су екенін және жаратылыстың сыры мен сипатын жете білуге мән беріп, 
көңіл бөлмейміз. Көпшілігіміз су дегеніміз қарапайым зат деп білеміз. 
Американдық  ғалым,  геохимик  Хори:  «Келешекте  мұхит  суынан  өндірмейтін 
ең  бағалы  химиялық  зат  тұщы  су  болмақ...  Ол  алтыннан  да  қымбат  бағаланады. 
Алтын дегеніміз – байлықтың белгісі ғана, ал су болса, өмір үшін қажет, сусыз өмір 
жоқ», - деп жазады. 
Статистика  бойынша  планетамызда  өмір  сүретін  әрбір  адамға  күн  сайын 
жұмсалатын су мөлшері орта есеппен 3000 литр шамасында саналады. Жер бетінде 
өмір сүретін халықтың 1 млрд. су қорының жеткіліксіздігіне байланысты күніне 2-3 
литр ғана тұщы су жұмсайды екен. Планета халқының үштен бірі қазірдің өзінде-ақ 
су тапшылығына ұшырап отыр. 
Осындай су  ашаршылығына ұшырап отырған менің де ауылым болғандықтан 
ауыз  су  проблемасын  ғылыми  жоба  тақырыбының  өзегі  етіп  ала  отырып,  өз 
ауылымның  ауыз  суының  химиялық  құрамын,  бактерологиялық  құрамын  зерттеу 
арқылы көз жеткізу, ауыз судың неден ластанып жатқандығын білу мақсатым болып 
отыр. 
Ал егер ластанған жағдайда ауыз суды тазартудың жолдары бар ма екен? деген 
сұрақ көкейімде тұр. 
Болашақта ауылымның тұрғындары таза суға қол жеткізуі үшін не істеу қажет 
деген  сауалдарға  жан-жақты  баспасөз  беттеріндегі  су  жайындағы  экологиялық 
проблемалар  туралы  материалдарды  жинақтап,  ойымды  тұжырымдай  келе,  өз 
ұсынысымды,  пікірімді  білдіру  үшін  осы  жұмысты  жазу  –  өзімнің  азаматтық 
борышым  деп  санаймын.  Өйткені  халықта  «Атамекенін  азамат  қана  қорғай  алады» 
деген  қанатты  сөз  бар.  Ауылға  арналған  әртүрлі  бағарламалар  орындалу  сәтінде 
менің ауылыма да көңіл бөлінер ме екен деген үмітім бар. 
Зерттеу  жұмысының  мақсаты:  ауылымның  ауыз  суының  сапалық 
бактериологиялық құрамын анықтау; тұрғылықты халықтың денсаулығына, өміріне 
қауіп  тудыратын  судан  жұғатын  аурулардың  алдын  алу;  суды  ластанудан  қорғау; 
ауыз  суды  жақсартуға  байланысты  жоба  ұсыныстар,  оны  тәжірибе  жүзінде  іске 
асыру жолдарын қарастыру. 
Жұмыстың  маңыздылығы:  ауылымның  таза  сумен  қамтамасыз  етілуі  үшін 
халық қалаулыларына қозғау салу. 
Ұсынылатын  материалдың  жаңашылдығы:  ауылдың  ауыз  суының  оқушы 
тарапынан алғашқы рет тексеруден өткізілуінде. 
Жұмыстың тәжірибелік маңызы:  тұщы таза ауыз суға қол жеткізудегі жоба 
ұсыныстарының жүзеге асырылуына бар мүмкіндікті пайдалану. 
Негізгі бөлім. Су – тіршілік көзі. Мәліметтерге жүгінсек, қазіргі кезде ауыз су 
мен  тұщы  су  мәселесі  халықаралық  көлемдегі  үлкен  праблеманың  біріне  айналып 
отыр. Дүниежүзі денсаулық ұйымының санағы бойынша шамамен 1,2 млрд. адам су 
тапшылығын  өз  бастарын  өткізуде.  Әсіресе  ауыз  суының  гигиеналық 
көрсеткіштерінің 
жылдан-жылға 
төмендеп, 
нашарлай 
түсуі 
адамдардың 
денсаулығына зиянын тигізуде. 
Ел  арасында  негізінен  ауру  пайда  болуының  себебі  ауыз  судың  80%-ының 
санитарлық нормаға сай еместігінің дәлелі. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
115 
Жер бетінде су көп, алайда адамзат тұтынатын тұщы су көлемі гидросфераның 
3-ақ  пайызын  құрайды  екен.  Жерді  біз  анамыз  десек,  ана  алақанындағы  таза  суда 
тіршілігімізге нәр беретін – өмір-өзен. 
Күн жүйесінде жерде ғана су сұйық күйінде кездеседі. Мысалы, су Шолпанда 
газ күйінде, Марста мұз түрінде кездеседі. Жер бетіндегі су қабатын гидросфера деп 
атайды.  Гидросфераның  96,5%  мұхиттар  мен  теңіздер,  1,7%  мұздықтар,  1,7%  жер 
асты сулары 0,06%, өзен-көл, батпақ 2,5% тұщы су үлесіне тиеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Тағы да су туралы мына цифрларға назар аударсақ. Қазақстанның жер көлемі 
2724,9  мың шақырым. Қазақстанда 1 шаршы шақырым ауданға 30 мың текше метр 
су келеді. Қазақстандағы бір жылда лас су көлемі  160 млн. текше  метр. Бір  жылда 
Қазақстанда  160  шақырым  су  ластанады  екен.  Сонда  лас  су  таза  судан  екі  есе  көп 
екен.  Осы  цифрларды  оқи  отырып,  сонда  әр  адам  таза  судың  тамшысын  ғана 
пайдаланса, әр адамның денсаулығы қандай цифрмен өлшенеді деген де ой келеді. 
Қазақстандағы халық саны 17 млн., таза судың көлемін адам санына бөлсе, бір 
адамға 171842,4 судан келеді. 
Жер  беті  мен  адам  ағзасының  2/3  бөлігін  су  құрайды.  Адам  және  жануарлар 
ағзасы қанының құрамы мұхит суы құрамына ұқсастығы, ағзадағы лимфаның болуы, 
қанның  90%-ы,  бұлшық  еттің  75%-ы  судан  тұрады.  Сүйектің  өзінде  су  28%.  Адам 
ағзасы 12-15% сусызданса, зат алмасу үрдісі бұзылады, егер 25%-ы сусызданса, өлім 
қаупі туады. 
Адам  үнемі  сумен  жаңаланып,  толықтырылып  тұрады,  адам  ағзасы  1  айда 
жаңаланады.  Адам  сусыз  3  күн,  тамақсыз  1  ай  тіршілік  ете  алады.  Осы 
мәліметтерден-ақ судың маңызы өте күшті екенін көреміз. 
Сусыз  тіршілік  жоқ.  Су  –  табиғаттың  керемет  туындысы.  Дүние  жүзі 
денсаулық  сақтау  ұйымының  мәліметі  бойынша  жер  бетіндегі  әрбір  аурудың 
төртіншісі су ластанудың нәтижесінен болады екен. 
Ауыл  шаруашылығының  суды  қаншалықты  мол  жұмсайтындығына  мысал 
келтірейік. Мамандардың есептеуінше, бір тонна бидай өсіруге  – 1200 м, бір тонна 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
116 
күрішке  –  7000  м,  бір  тонна  мақтаға  –  10000  м,  бір  адамның  бір  жылдық  ауыздық 
суына – 6 м су жұмсалады екен. 
Су  өндіріс  үшін  де  аса  қымбатқа  түсуде.  Бір  тонна  синтетикалық  талшық 
шығаруға  1000  м  су  жұмсалады.  Егер  жыл  сайын  дүние  жүзінде  табиғаттан  7-8 
милиард  тонна  минералдық  байлық  алынады  десек,  мұндай  мөлшердегі  су  бір 
тәулікте ғана жұмсалады. Ірі жылу электр станциялары үшін де өте көп мөлшерде су 
қажет.  Қуаты  300  мың  квт.  бір  ғана  станцияға  тәулігіне  120  м  су  қажет.  Ал  бұл 
қажеттілік келешекте 9-10 есе артпақшы. 
Бір текше метр пайдаланылған суды тазартуға 12-15 текше метр таза табиғи су 
кетеді.  Қазіргі  кезде  шаруашылық  айналымына  тұрақты  ағыстың  12%-дан  астамы 
тартылып отырғаны таңқаларлық жәйт емес. Мәселен, Париждің бір тұрғыны күніне 
40  литр,  Нью-Йорктің  бір  тұрғыны  –  600,  Вашингтонның  бір  тұрғыны  –  700,  ал 
Римнің бір тұрғыны – тіпті 1000 литр су жұмсайды екен. 
Бір тонна болат өндіруге орта есеппен 200-300 текше метр, су вискозға – 800, 
синтетикалық  каучук  пен  жасанды  талшықтарға  –  2,1-3,5  мың  текше  метр  су 
жұмсалады. 
Америка  Құрама  Штаттарының  қазіргі  су  қажеті  күніне  5206  миллиард  литр, 
соның  ішінде бір жола жұмсалатыны 296 миллиард, ФРГ-де қолда бар су қорының 
суды  жыл  сайын  жартысынан  астамын  қазірдің  өзінде  тұтынуға  пайдаланады  (45 
миллиондай  текше  метр).  Бізде  орасан  көп  су  ресурстары  бола  тұрса  да,  кейбір 
аудандарда, өнеркәсіпте де, тұрмыс қажетіне де қазірдің өзінде-ақ су тапшы. 
Астанада  ыдысқа  құйылатын  судың  85  түрі  сатылады,  бірақ  бұл  судың 
жартысынан астамы талапқа сай емес. 
Таза  су  –  қандай  су?  Таза  су  салқын  (6-12)  мөлдір,  түссіз,  иіссіз,  бөтен  дәмі 
жоқ,  Са  магний  тұздары  аз,  адам  денсаулығына  зиян  келтіретін  химиялық  заттары 
жоқ және микробсыз. 
Судың құрамында неғұрлым минералды тұздар көп болса, ол соғұрлым кермек, 
тұзды,  ащы  дәмі  басым  болады,мұндай  су  ішуге  жарамсыз,  бұндай  суды  ішуге 
болмайды. Біріншіден, ас қорыту жүйесінің қызметі бұзылады, екіншіден, тамақ тез 
піспейді, кір ашылмайды, сабын көпірмейді, тіпті бұндай суды автомашиналарға да 
құюға болмайды. Таза судың құрамындағы химиялық заттардың мөлшері төмендегі 
нормадан аспауы керек. 
 
Кесте 1 
Химиялық заттардың атауы 
Нормасы 
Бериллий (Be
2
+)мг/л 
0,0002 
Молибден (Mo
2
+) мг/л 
0,5 
Мышьяк (As
3+;5+
) мг/л 
0,05 
Нитраттар (поN), мг/л 
10,0 
Полиакриламид, мг/л 
2,0 
Қорғасын (Pb
2+
), мг/л 
0,1 
Селен (Se
6+
), мг/л 
0,001 
Стронций (Sr
2+
), мг/л 
2,0 
Фтор (F), мг/л 
 
 
Судың оргонолептикалық қасиеттеріне әсер ететін химиялық заттар төмендегі 
нормадан аспауы тиіс. 
 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
117 
Кесте 2 
Химиялық заттардың атауы 
Нормасы 
Құрғақ қалдық мг/л 
1000 
Хлоридтер (CI), мг/л 
350 
Сульфаттар (SO
4
), мг/л
 
500 
Темір (Fe
2+;3+
)
 
0,3 
Марганец (Mn
2+
)
 
0,1 
Мыс (Cu
2+
)
 
1,0 
Мырыш (Zn
2+
)
 
5,0 
Жалпы кермектік мг*экв/л 
7,0 
 
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасында: 
«Қоршаған орта мен экологияның тазалығын жақсарту керек», - дейді. Қазіргі таңда 
біздегі  экологиялық  жағдай  адам  өлімінің  20%-на  тең.  Отандастарымыздың  1/3 
сапасыз  ауыз  суын  пайдалануда.  Соның  бірі  –  менің  ауылым.  Әдеби  шолуларды 
парақтай  отырып,  өзімнің  ауылымның  суының  сапалық,  бактериологиялық 
құрамының нормаға қаншалықты сәйкестігін тексеру үшін жасалған жұмыстар. 
Сынақ  бөлімі.  Сараптамалық  тексерулер.  Орталықтандырылған  су  жүйесі 
құбырларынан  арнайы  мамандар  шақырып,  санэпидемиологиялық  зертханға  суды 
тексерту үшін алып бардым. 
Өзім  анық  көз  жеткізу  үшін,  зертханашының  және  жетекшінің  көмегімен 
зертханалық жұмыстарды, яғни сараптамалық тексеруді өзім жасадым. 
1)  Судың  кермектілігін  анықтау  үшін  100  мл  суға  +  хромоген  (қара  ұнтақ) 
құрғақ  индикатор  қосып,  5  мл  буферлі  аммиак  ерітіндісін  0,1  н.трилон  буфермен 
титрлеу,  ертіндісінің  түсі  көгілдір  болғанша  немесе  көк,  жасыл  түске  енгенше 
титрлеу. 
2)  РН  сутектің  көрсеткішін  анықтау;  7  мл  суды  өлшеу  +  0,5  мл  алюминдік 
индикатор қосу арқылы. 
3) NH анықтау үшін 10 мл су + 1 мл Нислер реактивін қосып, сигнетті кристалл 
тұзын  қосу.  Бұл  кезде  ерітіндісінің  түсі  сары  қоңыр  түске  енеді,  осыдан  NH  бар 
екендігіне көз жеткізуге болады. 
4)  Фторды  анықтау  үшін  өлшеуіш  колбаға  10  мл  су  құю,  оған  5  мл  ализарин 
комплексон +0,5 буферлі ертіндіні 5 мл лантан нитратын қосып, араластыру және 50 
мл-ге жеткенше дистеленген су құю және 1 сағат қараңғы жерге қою. 
Пайдаланылған  құрал-жабдықтар  –  фотоэлектрикалориметр,  муфельді  пеш, 
колба,  пипитка,  бюретка,  пробирка.  Өз  ауылымның  ауыз  суының  сапалық, 
бактериологиялық тексеру нәтижесі төмендегідей болып шықты. 
Нәтижелерді  талқылау.  Зертханалық  зерттеу  нәтижелерін  кейін  мынадай 
қорытындыға келдім. Ауылымның ауыз суының ластануы: 
1) Су құбырларының тесілуінен. 
2)  Жер  беті  жер  асты  суымен  араласуынан,  оған  себеп  су  құбырларының 
ескіруі, тесілуі салдарынан жер асты сулары ауыз суын ластауда. Сапалы су жүйесі 
ауыз суды түрлі зиянды ластанудан сақтайды. Жоғарыда кестелерде көрсетілгендей, 
мемлекеттік  стандарт  нормаларына  сәйкес  сақталса,  судың  табиғи  сапасы  өз 
қалпында сақталады. 
Ал  менің  ауылымның  ауыз  су  жүйесі  бұл  талаптарға  сай  емес.  Оған  дәлел  – 
біріншіден,  санитарлық  жағдайы  төмен,  айналасы  көгалдандырылмаған,  қоқырсық. 
Уақытында  хлорлану  жұмыстары  жүргізілмейді.  Су  құбырлары  ескі,  гигиеналық 
талаптарға сай емес. Су құбырлары гигиеналық нормаға сай болмағандықтан жердің 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
118 
беткі  суларымен  араласып  кеткендіктен,  ауыз  судың  дәмі  ащы  кермек,  лайланған, 
мөлдір емес, иісі де бар, әсіресе көктем айларында түсі сарғыш болып кетеді. Судың 
кермектілігі  жоғарылау,  ол  зертханалық  зерттеу  нәтижесінде  белгілі  болды. 
Екіншіден,  топырақ  тұзды,  оған  дәлел  –  топырақ  соры,  тұзы  бетіне  шығып,  аппақ 
болып жатады. 
Яғни  жер  астындағы  минералды  (тұзды)  сулардың  жер  бетінен  тереңдігін  бір 
қалыпта ұстамауы, айдау қыртысының тұздалып кетуі, тұздың жердің құнарлығына 
теріс әсерін тигізуі. Су – тұз режимі бар. Ол режим бойынша жер астындағы тұзды 
су  1,5-2,0  метрден  жоғары  көтерілмеуі  керек.  Осы  жағдайды  қалыптастыру  үшін 
техникалық  жағынан  ақаусыз  көп  тармақты  коллектор  –  дренаж  жүйесін  құрып, 
оның тиімді жұмысын қамтамасыз ету қажет. 
Ауданымыздың  топырағы  тұзданған.  Мұндай  жағдайда  мақталықтан  және 
басқа  да  мәдени  дақылдардан  жоғары  өнім  алу  үшін  ондағы  тұздарды  шайып,  жер 
бетінен кемінде 2 м төменге түсіру керек. Осыған байланысты мақтадан ең жоғары 
өнім  алу  үшін  топырақ  тұздарын  қандай  дәрежеге  дейін  төмендету  керек  және  ол 
үшін  қандай  мөлшерде  су  керек  деген  сауал  туады.  Ол  туралы  төмендегі  кестеде 
келтірілген. 
Белгілі  агротехникалық  жағдайда  топырақтың  0-100  см.  тұздану  дәрежесіне 
қарай С-4727 мақта сортының өнімділігінің өзгеруі. 
 
№ 
Тұздану дәрежесі 
Мақта өнімі ц/га 
 
Хлорионы                               Басқа тұздар 
                                        қосындысы 
 

0,004 
0,086 
45,0 

0,116 
0,120 
39,0 

0,022 
0,282 
34,0 

0,032 
0,410 
26,0 

0,042 
0,600 
10,0 

0,060 
1,000 
5,0 

0,080 
1,500 
0,0 

0,100 
2,000 
0,0 
 
Бұл кестеден қалыпты агротехникалық жағдайда топырақтың тұздану дәрежесі 
қаншалықты  азайған  сайын  мақта  өнімділігі  соншалықты  көтеріле  беретіндігін 
көреміз.  Мақта  шаруашылығы  ғылыми-зерттеу  институты  ғалымдардың  мәліметі 
бойынша, мақтаның өніп-өсуіне ешқандай кері келтірмейтін топырақ тұздарының ең 
төменгі мөлшері 0-100 см қабатта хлор ионы 0,010, ал басқа барлық тұздар 0,3% деп 
есептелген. 
Мақтаарал  тәжірибе  станциясы  мамандарының  зерттеулеріне  қарағанда, 
жоғарыдағы  көрсеткіштер  0,005  және  0,086%-ды  құрайды.  Топырақ  тек  осындай 
дәрежеге  дейін  тұздардан  арылғанда  ғана  әртүрлі  органикалық  және  минералдық 
тыңайтқыштардың тиімділігі арта түседі де, жоғары өнімділікке қол жетеді. Біздерге 
белгілі  болғандай,  топырақтағы  тұздарды  төменге  шайып  түсіру  дәрежесі  оған 
жұмсалатын су мөлшеріне, оны жүргізу технологиясына және суару алдындағы жер 
асты суының деңгейіне байланысты. 
Жердің  беткі  және  жер  асты  суларын  реттеп  отыратын,  тұзды  суды  соратын 
дренаждар  жұмыс  істемейді.  Егер  жер  асты  суларының  қандай  сулармен  араласып 
жатқандығына  келсек,  оған  дәлел  –  су  құбырлары  жүргізілген  жерлерде  ретсіз 
монша,  әжетханалар,  құрылыстар  салынған.  Лас  заттар  қайда  кетеді?  Әрине,  жер 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
119 
беті,  жер  асты  суларымен  араласып,  тесілген  су  құбырлары  арқылы  ауыз  суды 
ластайтыны белгілі. 
Ауылымызда  бау-бақша  өсіру  үшін  тағы  да  су  тапшы  жер  сор  болғандықтан, 
мұнымен де айналысу қиын. Су тұзды болғандықтан өсімдік өсіру өте қиын, тұзды 
сор топырақта қандай өсімдік өссін? 
Ауаны  тазартатын  оттегінің  фабрикасы  жасыл  өсімдік  екені  белгілі.  Қанша 
ағаш  егілсе  де,  ол  жылдан-жылға  қурап,  өсуі  өте  баяу.  Міне,  бұл  да  қосымша 
проблемаға  айналып  отыр.  Көкөніс  өндіру  тек  қажырлы  еңбекпен  ғана  келеді. 
Халықтың  әлеуметтік  жағдайын  көтеретін  мақтаның  өнімі  де  жылдан-жылға 
төмендеуде. 
Су  тағы  да  химиялық  заттармен  ластауны  мүмкін.  Әсіресе,  NH  болуы,  азот 
қышқылы,  хлориттердің  көп  мөлшерде  болуы  өте  зиян.  Ал  мұндай  заттар  судың 
құрамына  қалай  келеді.  Біріншіден,  суға  зиянды  заттардың  әсіресе,  малдың 
тезектерінен және т.б. ластанды заттардың түсуінен мұндай лас сулардан адамдарда 
іш-сүзек  аурулары  пайда  болады,  жұғады,  адамдардың  сібір  жарасымен  де  ауруы 
мүмкін. 
Мишьяк,  хром,  қорғасын,  т.б.  қоспалар  араласса,  адам  уланады.  Ластану 
көбінесе жердің беткі, жер асты суларынан болады. Судың тапшылығы, әсіресе, жаз 
айында біздер, мектеп оқушылары үшін өте аянышты халде. 
Арнайы  ыдысқа  қайнамаған,  қайнатылған  су  құйып  алып  келген  оқушылар 
таласып-тармасып, әсіресе, төменгі сыныптарда суды бөліп ішеді. Бұл да гигиеналық 
талапқа сай емес. Ал мектебімізде арнайы ағып тұрған су құбыры жоқ. Сондықтан су 
проблемасы  мектеп  оқушылары  үшін  де  үлкен  өзекті  мәселе  болып  отыр.  Жаз 
айларында орталықтандырылған су алатын орыннан су ақпай қалатын жағдайлар жиі 
болып тұрады. Сол кезде канал суын ішуге де пайдаланылады. Ал каналдың суының 
тазалығы  қайдан  болсын?  Ол  жерде  адам  ғана  емес,  мал  да  шомылып,  тіпті 
өлекселер тасталатын кездер де болады. Осы айтылғандардың барлығы ащы да болса 
шындық. Су күніне 3-4 сағат қана ағады. Ал талап бойынша су күнделікті ырғақты 
жұмыс  істеуі  қажет  екендігін  арнайы  мамандардың  айтуынан  және  баспасөз, 
теледидар хабарламаларынан белгілі. 
 
Су арқылы жұғатын аурулардың түрлері. Бактериялардың тіршілік етуі 
Бактерия түрлері 
Су құбырындағы 
Өзен суы 
Құдық суы 
Ішек таяқшалары 
2-262 
21-183 

Іш сүзек 
бактериясы 
2-03 
4-183 
1,5-107 
Дизентерия 
15-26 
19-92 

Холерия вибрионы 
4-28 
0,5-92 
1,92 
Туляремия 
бактериясы 
92 
7-31 
12-60 
Бруцеллалар 
8-85 

4-122 
 
Су безгегі – тышқандар мен көртышқандардың суды ластауынан пайда болады. 
Суда фтордың көп болуы және организмге көп мөлшерде  сіңуінен флюороз – 
тістің  зақымдалуы  ауруы  пайда  болады.  Мемлекеттік  стандарт  2874-73  ауыз  су 
нормативінде  фтор  1,5  мг  солтүстікке,  ал  0,7  мг  оңтүстікке  норма  болып 
есептелінеді. 
Тамақ  арқылы  фтор  ағзаға  онша  көп  өте  бермейді.  Көбнесе  ауыз  судағы 
фтордың  мөлшері  адам  ағзасына  ауру  тудырады.  Қуатты  жер  асты  суларында 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
120 
фтордың  мөлшері  жоғары:  егер  құбырда  тесіліп,  жер  асты  сулары  ауыз  сумен 
араласатын жағдайда адам флюороз ауруына шалдығуы әбден мүмкін. 
Ауыз  су сапасыз болса, асқазан, бауыр, бүйрек, ішек  ауруларына шалдығады. 
Мысалы,  жер  асты  суында  темір  көп  болады.  Темір  Fe(HCO
3
)
2
  түрінде  болады. 
Көмір сутекті, ерітіндінің жалпы металдары артық мөлшері ағзаға өте зиян. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет