Зерттеуші



жүктеу 4.05 Mb.
Pdf просмотр
бет18/20
Дата28.12.2016
өлшемі4.05 Mb.
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

Жалпы  мәліметтер.  Теңге  –  тауарлардың  құнын  көрсететін,  жалпыға  бірдей 
балама  ретінде  қолданылатын  төлем  құралы.  Теңге  соғу,  оны  айналымға  енгізу  ісі 
және  оны  белгілі  бір  қоғамда  төлем  құралы  ретінде  пайдалану  –  мемлекеттің 
әлеуметтік-экономикалық  және  саяси  дамудың  жоғарғы  деңгейге  жеткен 
көрсеткішіне  саналады.  Ақша  тарихында  көптеген  қызықты  тұстар  мен  дәлелдер 
бар.  Ежелгі  көшпелілердегі  тауар  айналымы  айырбас  (мал,  аң  терісі,  алтын,  күміс 
кесектері,  сәндік  және  т.б.  заттар)  түрінде  өтті.  Көшпелілер  мен  отырықшы  елдер 
арасында  сауда-саттық  қатынастары  Жібек  жолы  бойымен  айырбас  тауар  ретінде 
қарқынды дамыды. 
Түркі  дәуірінің  монеталарының  аверс  бетінде  басылған  таңбалар,  реверс 
бетінде  жыртқыш  аң  бейнеленген.  704-766  жылдары  Тараз  шаһарында  соғылып, 
айналымға  енген қола теңгелер Түргеш мемлекетінің қуаттылығын білдіреді. Қазақ 
жерінде  түргештердің  саудалық  әрі  жәрмеңкелік  қалашықтары  Суяб  пен  Тараз  сол 
дәуірлерде қарқындап өркендеді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық 
музейінің  нумизматика  қорындағы  VII-VIII  ғғ.-ға  жататын  Отырар  коллекциясы 
монеталарының (КП 26962/10) Av бетінде арқа тұсына құйрығын қайырып, оң жаққа 
бет  алған  арыстан  бейнесі,  ал  Rs  астыңғы  бетінде  адырнасыз  садақ  бейнелі  көне 
түрік бітік жазуындағы «ат» іспетті таңба бейнеленген. 
VІІІ ғ. бірінші жартысына жататын тағы бір (КП 7955) монетаның Av бетінде 
βγy  twrkys  γ’γ’n  pny  –  Түргеш  қаған  иелігінің  фаны  (фан  –  қытайдың  «цянь» 
тиынының  аталуы)  деген  жартылай  курсивті  соғды  жазуы,  Rs  бетіне  адырнасыз 
садақ  бейнелі  көне  түрік  бітік  жазуындағы  «ат»  іспетті  таңба  бейнеленген.  Кейін 
теңге  соғу  ісі  Қарахан  әулеті  тұсында  кеңінен  етек  алған.  Қарахандықтар  әулеті 
ислам  дінін  ресми  қабылдауына  байланысты  ақшаның  айналымдағы  тиындары 
арабша  атады,  яғни  фулс,  динар,  дирхем  деп  аталды.  Ішкі  нарықта  айырбас  ақша 
ретінде  адли  (қола  фельс)  монеталары  мол  болды.  ІХ-ХІ  ғғ.  Қазақстан  көлемінде 
соғды,  саманид  фелстері  айналымға  кең  таралды.  Сол  кезде  күміс  дирхемдері 
«исмаили»  деп  аталатын.  Оған  қоса  ең  жоғары  қоспалы  күміс  бұқара-худаттық  – 
мусейяби,  аз  қоспалы  күміс  –  мухаммади,  мыстан  немесе  арзан  металл  гитрифи 
ақшалары және қытайлық тиындары айналымда болды. Қыпшақтар жайлаған Дешті 
қыпшақ аумағында ғасырдың ортасында-ақ өзінің күміс және мыс ақшалары болған: 
алғашқысы танга (теңге), екіншісі пул (пұл) деп аталған. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
138 
1260-1280  жылдар  аралығында  Орта  Азияның  16-дай  қаласында  монета 
соғатын ақша сарайлары жұмыс істегені жазбаларда айтылады. Олардың қатарында 
Тараз, Кенже, Жент теңге сарайлары ерекшеленеді. 
Алтын Орда теңгелерінің алғашқысын Бұлғар қаласында 1257, 1267 жылдары 
Берке  соқтырған.  ХІV  ғ.-да  Алтын  Ордада  сауда  мен  экономика  өркендеп,  Сарай, 
Сарайшық,  Азақ,  Қырым,  Гүлстан,  Хорезм,  Жент,  Баршын,  Сығанақ  қалаларының 
ақша  сарайларында  соғылған  дирхемдер  мен  пұлдардың  Қазақстанның  ежелгі 
қаларының  сауда  айналымындағы  маңызы  жоғары  болды.  Сарайшық  қаласынан 
табылған  Алтын  Орда  теңгелерінің  аверс  және  реверс  беттерінде  арыстан  мен 
сұңқардың,  балық  суреттері,  геометриялық  өрнектер,  түрлі  таңбалар,  ислам  дінінің 
суннит ағымының символдары шекілген. Бірқатар дирхемдер мен пұлдарда таразы, 
шаян сияқты шоқ жұлдыздар, ал бірқатарында тотықұс бейнесі шекілген. 
Теңге  тарихы.  Теңге  атауы  Алтын  Орда  тұсында  қолданыла  бастады.  Жібек 
жолы  торабында  пени,  фулс,  дирхем,  динар,  манат  т.б.  металл  түрлері  тарады. 
Мұндағы  динар  алтыннан  жасалған,  дирхем  күмістен  жасалған  тиынды  белгілейді. 
Сондай-ақ, ділда, алтын күміс теңге жамбы деп те аталды.  
Бөлшек,  ұсақ  саудада  ХVІ-ХVІІ  ғғ.-да  ішкі  ғана  емес,  қала  аралық  төлем 
құралы  болған  мыс  ақша  пайдаланылды.  Бұл  кезеңдерде  Қазақстанның  елді 
мекендеріндегі  ақша  айналымы  негізінен  Темір  және  Шайбани  әулеттері  кезінде 
шығарылған  мыс  ақшалары  арқылы  қамтамасыз  етілді.  ХVІ  ғ.-да  Отырардың  мыс 
теңгелері,  Иасының  (Түркістанның)  күміс  теңгелері,  ХVІ  ғ.-дың  соңы  мен  ХVІІ  ғ.-
дың басында Қазақ хандарының атымен өндірілген мыс теңгелер Қазақстан жерінде 
және  Орта  Азияда  сауда  айналымында  кеңінен  қолданылды.  Бұл  ақшалардың 
шыңдалу  шеберлігі  жоғары  дәрежеде  болмағанымен,  Қазақ  хандығында  сауда  ісін 
бір жолға қоюда, халықтың басын біріктіруде үлкен міндет атқарды. ХVІІ ғ.-да орта 
ғасырлық  қалалардың  құлдырауы  себепті  ақша  соғатын  сарайлар,  шеберханалар 
жұмысы да құлдырай бастады. 
Орталық  Азияда  орыс  және  қытай  сыртқы  сауда  байланыстарының  ұлғайып, 
ресейлік  алтын,  күміс  монеталары  мен  қытайлық  жамбы  ақшасы  айналымында 
кеңінен  орын  тебе  бастады.  ХVІІІ  ғ.-дан  бастаған  Ресей  патшалығының  әкімшілік 
жүйесі  қазақ  жеріндегі  теңге  қатынасына  да  тісін  қатты  батырды,  жергілікті 
халықтар  сыртқы  және  ішкі  саудада  ресейлік  монеталарды  қолдана  бастады. 
Қазақтар  арасында  қағаз  ақшаны  аққұйрық  десе,  металл  ақшаны  қара  бақыр,  ұсақ 
метал  ақшаны  күреш,  қара  күреш,  соқыр,  жармақ,  шақа,  тиын  деп  те  атай  берген. 
Ақша  орнына  жұмсалған  алтын,  күміс  құймаларды  көлемі  мен  салмағына  қарай 
тайтұяқ, атантұяқ, ботакөз, қойтұяқ деп атаған. 
Қазақстан  Республикасының  ұлттық  валютасы.  Қазақстан  теңгесі  – 
Қазақстан  Республикасы  Президентінің  1993  жылғы  15  қарашадағы  жарлығы 
бойынша  айналысқа  енгізілді.  Ескі  ақшаны  қазақстандық  теңгеге  айырбастау  1993 
жылғы  15  қарашада  сағат  8.00-де  басталып,  20  қарашада  сағат  20.00-де  аяқталды. 
Ұлттық  Банк  бастапқыда  1  теңгені  сол  кездегі  мың  рубльге  бағалаған  болатын. 
Дегенмен,  еліміздің  саяси,  әлеуметтік  мәселелері  және  мемлекетаралық  қатынастар 
ескеріліп,  1  теңге  500  рубльге  бекітілді.  Теңге  бірінші  айналымға  кірген  күні  1 
доллар 4,75 теңге болып белгіленді. 
1993  жылы  қараша  айына  дейін  эмиссиялау  қызметін  тек  қана  КСРО-ның 
Мемлекеттік  банкі,  кейіннен  Ресейдің  Орталық  банкі  атқарып  келді.  Ол  кезде 
Қазақстан  аумағында  төлем  құралы  ретінде  КСРО  Мемлекеттік  банкінің  немесе 
Ресей  Орталық  банкісінің  1961-1991  жылдары  шығарған  рубльдегі  банкноталары 
мен монеталары қызмет етті. Ендеше сол уақыттары біздің шаруашылық айналымға 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
139 
қажетті  Ресейдің  рублін  сатып  алып  отырғанымыз  да  жасырын  емес.  Әсіресе  1 
рубльдегі  қолма-қол  ақшаны  2  рубль  қолма-қолсыз  ақшаға  сатып  алған.  КСРО 
ыдырағаннан  кейін  кейбір  оның  кұрамына  енген  республикалар  өздерінің  ұлттық 
ақша  бірлігін  айналымға  енгізіп,  яғни  «рубль  аймағынан»  шығып  кеткен  болса,  ал 
біздің  республикамыз  сол  аймақта  екі  жыл  бойы  қалды.  Оның  басты  себебі 
Қазақстанда өзінің банкнота шығаратын фабрикасы мен Монета сарайы болмады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Домалақ ескі тиындар 
1992 жылы құпия жолмен біздің алғашқы валюталарымыз 1, 3, 5, 10, 20, 50, 100 
номиналдағы  банкноталар  түрінде  төрт  ғасырлық  тәжірибесі  бар  ағылшынның 
пошта маркілері мен банкнота жасауды кәсіп еткен «Харрисон және оның ұлдары» 
компаниясымен өзара жасалған келісім шартқа байланысты шығарылды. 
1992 жылғы 26 шілде күні Ресей өзінің төл валютасын енгізгеннен бастап, өзге 
елдердің,  соның  ішінде  «рубль  аймағындағы»  Қазақстан,  Өзбекстан,  Тәжікстан 
сияқты  елдердің  қаржылық  жүйелерін  бөліп  жібергендігін  хабарлады.  Сондай-ақ, 
Ресей  Орталық  банкі  Қазақстанға  қазақ  нышандары  бар  рубльді  шығарып  беруді 
ұсынған.  Соған  қоса,  олардың  мынадай  талаптары  болды:  біріншіден,  егер  рубльді 
пайдалану үшін Қазақстанның Ресейдің құрамына Ресей Федерациясының субъектісі 
ретінде  енуі;  екіншіден,  тәуелсіздіктің  алғашқы  жылдарында  жинаған  небары  700 
млн.  астам  АҚШ  долларындағы  алтын-валюта  резервін  Ресейдің  орталық  банкіне 
тапсыру.  Қорыта  айтқанда,  олар  өз  рублін  бізге  пайдалану  үшін  Қазақстан 
тәуелсіздігімен төлеуді ұсынды. 
Сол уақкыттан бастап, Қазақстанда КСРО-ның рубльдері ғана айналыста қалды 
және өзге рубльден бөлінген аймақтардан олардың келуіне шек қойылмады. Ақыры, 
оған  дейін  құнсызданған  рубль  әрі  қарай  құнсызданып,  инфляция  қарқыны  2900 
пайыздан  асты.  Міне,  осындай  келеңсіз  оқиғалардың  орын  алуы  Қазақстанның  төл 
валютасын шығаруға еріксіз жол сілтеді. 
Сөйтіп, 1993 жылдың 12 қарашасында Қазақстан Республикасы Президентінің 
Жарлығымен  Қазақстан  Республикасы  аумағында  ұлттық  валютаның  енгізілуі 
туралы  шешім  қабылданып,  15-18  қарашада  КСРО-ның  1961-1991  жылдарда 
шығарылған  рубльдерін  ұлттық  валютамыз  теңгеге  айырбастау  шаралары  жүзеге 
асты.  Осы  сәттен  бастап  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  Банкі  эмиссиялық  банк 
болып  табылады.  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  банктің  эмиссиялық  қызметі 
оның  құрылымдық  бөлімшелері:  Алматы  қаласында  орналасқан  Қазақстан 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
140 
Республикасы  Банкнот  фабрикасының  банкноттары  мен  Өскемен  қаласындағы 
Монета сарайында дайындалған монеталар көмегімен іске асады. 
Қазақ халықының өз ұлттық валютасының пайда болуы тәуелсіз ел, мемлекет 
екендігіміздің  шынайы  айнасы  болып  табылады.  Өз  валютамызды  енгізу  –  біздің 
халықтарымызды бөлетін ТМД елдері арасына қойылған ешқандай жасанды кедергі 
болып  табылмайтынын  ашық  жариялағанымыз.  Тауарлардың,  адамдардың  барыс-
келісінің,  капиталдың  өзара  еркін  қозғалысына  да  тосқауыл  болмайды. 
Қазақстанның  ұлттық  валютаға  көшуі  бұрынғыдан  да  нақты  әрі  тәуелсіз  жоспар 
бойынша  әлеуметтік-экономикалық  реформалар  бағытын  жалғастыруға  мүмкіндік 
береді.  Ақша  реформасын  дәйекті  жүргізу  бізге  көп  ұлтты  Қазақстан  халқының 
тұрмыс жағдайын бірте-бірте жақсартуға көмектеседі. 
Қорытынды. Қазір ел экономикасы даму үстінде. Сондықтан теңгенің тұғыры 
да  тұрақты.  Қазір  ол  жақын  шет  елдерде  сұранысқа  ие.  Мәселен,  теңге  Өзбекстан, 
Қырғызстан,  Ресейде  евро,  АҚШ  долларымен  бірге  айналымда  жүр.  Бүгінде  осы 
аумақта  Қазақстанның  экономикасы  ілгерілеу  тұр.  Теңге  мен  басқа  шетелдік 
валюталардың қарым-қатынасы жақсы. 
 
Ұлттық  валютаның  бүгінгі  тұғыры  бір  қалыпты.  Жалпы,  ұлттық  валютаның 
құны  ел  экономикасының  өсімімен  белгіленіп  отырады.  Бұл  –  айқын  нәрсе.  Басқа 
валютаның  қатынасына  қарай  құны  белгіленеді.  Жалпы  көршілерде  теңгені  сатып 
алуға құқық бар, ендеше қазақ валютасына да сұраныс бар. Теңге – дербестік тірегі, 
экономикалық  дербестіктің  кепілі.  Теңге  өзінің  тарихи  функциясын  толығымен 
орындап шықты, әлі де өзінің құндылығын дәлелдей бермек. 
Елбасының  қолдауымен  бүгінгі  күні  тенгенің  айналымы  жоғарылай  түсуде. 
ТМД  республикалары  айналымнан  долларды  алып  тастамақшы.  2014  жыл  аяғында 
Қытай,  Казақстан  мемлекеттері  келісім-шартқа  отырып,  әр  мемлекет  өз  төлем 
ақшасымен есептеп, саналуын шешті. 
Қазақстан  валютасын  қолдау  туралы  Халықаралық  валюта  қорымен, 
Бүкілдүние  жүзілік,  Еуропалық  және  Азия  даму  банкілерімен,  сондай-ақ  әлемнің 
бірқатар дамыған елдерінің үкіметтерімен келісімге қол жетті. Бүгін теңгеміз соңғы 
екі  жылдың  ішінде  қалыптасқан  700  млн.  астам  АҚШ  долларының  сомасында 
өзіміздің  алтын-валюта  резервімізбен  қамтамасыз  етіліп  отыр.  Бұл  басқа 
валюталарға  қарағанда  тұрақты  курсты  сақтау  үшін  алғы  шарттар  жасайды,  әрине, 
егер қатаң түрде ақша-несие, бюджет, салық саясатын жүргізген жағдайда ғана. Осы 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
141 
қойылған  талаптарға,  жоспар-мақсаттарға  біз  артығымен  жеттік.  Елбасымыз  Н.Ә. 
Назарбаевтың  басшылығымен  жасалған  іс-шараларға,  осындай  жетістіктерге 
жеткенімізге: «Тәубе!» - деп ризашылығымызды білдіруіміз  керек! 
Біздің  ұлттық  теңгеміз  ТМД-да  ең  тұрақты  валюталалардың  бірі  болып  отыр. 
Ол  әрі  қарай  алтын-валюталық  резервтердің  өсуімен,  экономикалық  нығаюымен 
ұлттық және әлемдік ауқымда да одан да орнықты болады деп үміттенеміз. 
 
Әдебиеттер 
1 Отырар тиыны. VII-VIII ғғ. ҚР МОМ қорынан (КП 26962/10). 
2 Түргеш ақшасы. VIII ғ. бірінші жартысы. ҚР МОМ қорынан (КП 7955). 
3 Главная страница веб-сайта BNews.kz «www.bnews.kz». 
4 Ғабжалелов Х. Теңге. – Алматы, 2003. 
5 www.strategy2050.kz Интернет-ресурсы. 
6  Донских  А.  Тайны  монетного  двора  //  «Казахстанская  правда»  газеті.  – 
Сәрсенбі. – 24 желтоқсан. – 2014. – 7 б. 
 
ЖҰМАХМЕТ Арайлым, 
№178 орта мектебінің 10 сынып оқушысы, Талсуат елді мекені, 
Қызылорда қаласы, Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: АЯГАНОВА Нурсауле Тулепбергеновна, 
№178 орта мектебі «Тарих» пәнінің мұғалімі, Талсуат елді мекені, 
Қызылорда қаласы, Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы 
 
     
 
 
ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫНДАҒЫ САУДА АЙНАЛЫМЫ 
 
Ғасырлар  бойы  Ұлы  Жібек  жолы  арқылы  саудагерлер,  миссионерлер  саяхат 
жасап,  осы  сапарлар  нәтижесінде  түрлі  байланыстар  орнады.  Сауда  байланыстары 
ғана емес,  мемлекеттер мен халықтар арасындағы дүниетанымдық  көзқарастар мен 
мәдени алмасулар жүрді. 
Орта  ғасырларда  Азияда  аса  кең  аймақтары  мен  елдердің  бейнесі  ретінде 
әлемнің  төрт  патшалығының  тұжырымдамасы  кең  етек  алды.  Осынау  «әлем 
патшалықтары» өздеріне ғана тән артықшылықтарымен дараланды. Сүй әулеті (589-
618  жж.)  мен  Тан  әулеті  (618-907  жж.)  өкіметтерінің  қол  астына  біріккен  Қытай, 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
142 
Үнді  билеушілерінің  патшалықтары,  Тынық  мұхиттан  бастап,  Қара  теңізге  дейінгі 
Түрік  бірлестігі,  Персия  мен  Византия  сияқты  мемлекеттер  дүниенің  төрт  тұсында 
орналасқан  әлемдік  төрт  монархияның  негізі  деп  саналатын:  оңтүстікте  –  пілдер 
патшасының  империясы  (Үндістан),  батыста  –  бағалы  тастар  патшасы  (Иран  мен 
Византия), солтүстікте – сәйгүліктер патшасы (Түрік қағанаты), шығыста – адамдар 
патшасы (Қытай), осы идеялар мұсылман авторларына да ауысып келеді. 
Осы  әлем  патшалықтары  өз  мемлекеттерінің  табыстары  туралы  ғана  емес, 
басқа  мемлекеттердің  де  мәдениеттері  мен  құндылықтарын  игеру  туралы  жазған, 
бүкіл  әлемдік  мәдениеттің  шынайылығының  негізгі  мәні,  міне,  осында  болатын. 
Тауарларды,  қолданбалы  өнердің,  сәулет  өнері  мен  қабырға  живописінің  мәдени 
үлгілері мен эталондарының таратылуымен бірге Шығыс пен Батыс елдеріне саз бен 
би  өнері,  сахналық  ойындар  кеңінен  таратылды.  Мысалы,  сазман  патша  Сюань 
Изунь  отыз  мың  сазгер  ұстаған.  Тан  әулетіндегі  Қытайда  ең  көп  жайылған  саз 
Шығыс Түркістан мен Орта Азияның ән-күйлері болған. Құш пен Қашғардың, Бұқар 
мен  Самарқандтың,  Үндістанның  сазгерлік  дәстүрі,  Сарайдың  ресми  қамқорлығы 
арқасында  қытайдың  саздық  дәстүрімен  ұласып,  табысып  кетеді.  Иран,  Соғды  мен 
Түрік  актерлері  Қытайдың  хореографиялық  мәдениетіне  көптеген  жаңалықтар 
енгізеді. Мұндай дәстүрлер кейінгі уақыттарға дейін мұсылман елдерінде сақталады. 
Мысалы,  Наурыз  мейрамы  кезінде  Бағдатта  актерлер  маска  киіп,  халиф  алдында 
өнерлерін паш еткен. 
Қытай елшісі Чжан Цяньның б.з.б. 119 жылғы екінші сапарынан кейін, ежелгі 
қытайлықтар өздеріне осыған дейін беймәлім Бактрия, Парфия, Ферғана, Орта Азия 
мемлекеттерінен бұрын-соңды таңсық ауыл шаруашылығы өнімдері – жүзім, бақша 
жемістері, сондай-ақ саз аспаптары, кейбір тұрмыстық бұйымдар әкелінді. Сонымен 
қатар,  олар,  тұз,  қымбат  тастар,  терілер,  терілер,  алтын,  емдік  шөптермен,  кейін 
азық-түлік,  малдар,  қару-жарақ,  әшекей  бұйымдар,  маталар,  арқар  мен  маралдың, 
бұғының мүйіздері, піл сүйектері, экзотикалы тауарлармен айырбас жүргізген және 
Ферғана мен Арабтың асыл тұқымды жылқылары, түйелер мен пілдер, жабайы аңдар 
мен құстарға дейін сауда тауарлары ретінде елден-елге тасымалданды. 
Алғашқыда, айырбас басына – бас жасалынса, келе-келе ақшаға сатып алу мен 
сату  басталып,  ол  қалалар  мен  халықтарды,  елдерді  бір-бірімен  байланыстырған 
сауда жолдары мен сауда орындарының пайда болуына алып келді. Сауда жолдары 
батыстан – шығысқа, солтүстіктен  – оңтүстікке созылып, өз бойына жаңа жерлерді 
қамтыған жолдар бір-бірімен тоғысты. 
Айырбас  жолының  ұзақтығы  мен  сауданың  пайда  болуын  ескерген 
археологтар,  ең  бірінші  айырбас  ерте  тас  дәуірінде  пайда  болған  деген  болжам 
айтады.  Мысалы,  тастан  қару  жасайтын  обсидиан  (жанартау  шынысы)  Солтүстік 
Венгриядан  180  шақырым  қашықтыққа  дейін  тасылған.  Ал,  жерлеу  кезінде 
пайдаланатын  минералды  бояу  –  охра,  500-800  шақырымға  дейін  жеткізілген.  Бұл 
шикізаттар  экспедициямен  немесе  тапсырыс  берген  жерге  алып-сатарлар  арқылы 
апарылған. 
Бұл тіршілікке қажетті заттар уақытша болса да, өзара жанжалдарды тоқтатуға 
мәжбүр  етіп,  заттай  айырбастар  «арнайы»  орындарда  жүргізілген.  Сол  себептен, 
кейбір  тілдерде  «айырбас»  және  «сауда»  сөздері  бейбітшілік  мағынасын  береді. 
«Айырбас»  және  «Сауда»  қарым-қатынастары  Еуразияның  түрлі  аймақтарында 
қалыптасты.  Бұндай  аймақтарға  Жерорта  теңізі,  Ніл  мен  Иордан  алқабы,  Тигр  мен 
Ефрат  өзендерінің  аралығы,  Парсы  шығанағының  жағалауы,  Қызыл  және  Өлі  теңіз 
жағалаулары, Инд пен Ганга, Амудария мен Сырдария, Ертіс пен Объ, Хуанхэ мен 
Янцзы алқаптарында болды. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
143 
Айырбастың  дамуы  және  оның  саудаға  ұласуы  ерте  темір  өндірісіне  деген 
қажеттіліктің күшеюінен туындады. Мыс пен қалайы, қорғасын мен алтын шығатын 
жерлер  сауда  жолдарына  бақылау  орнатып,  бай  аймаққа  айналды.  Археологтардың 
мәліметінше,  б.з.д.  ІІ  мыңжылдықта  өндірілген  қола  құйма  күйінде  Кіші  Азия  мен 
Ираннан өндіріліп, Кавказға жеткізілген. Ал, Кавказ өз кезегінде бұл металл түрімен 
Шығыс Еуропа мен Оңтүстік орыс даласын қамтамасыз еткен. 
Қола  шығаратын  тағы  да  бір  орталық  Оңтүстік  Орал  мен  Алтай,  Орталық 
Қазақстан  аймақтарында  өндіріліп,  бүкіл  Еуразияға  таратылған.  Б.з.д.  XVIII-XVI 
ғасырларына  жататын  Андронов  мәдениетіне  кіретін  тайпалар  Еуразия тарихы  мен 
сауда  дамуында  үлкен  рөл  атқарды.  Осы  тайпалар  Оңтүстік  Орал  мен  Солтүстік 
Батыс Қазақстан жерлерінде пайда болған қалалардың негізін салды. 
Тағы  бір  қола  өндіретін  орталық,  Оңтүстік  Шығыс  Қазақстан  мен  Солтүстік 
Қырғыз  аудандарындағы  Жетісу  жері  болды.  Б.з.д.  X-VIII  ғасырларда  шығарылған 
қола балталар мен орақтар батыс Қытайға жеткізілген. 
Синь Цзянь жеріне қоныс аударған Андронов тайпалары металл өндірісі мен ат 
арба енгізіп, Қытай өркениетінің дамуына өз үлестерін қосты. Қола дәуірі кезеңінде 
Еуразияда 
қалыптасқан 
сауда 
жолдары 
Ефрат 
өзенінің 
аралығындағы 
мемлекеттердің  қалыптасуымен  тұспа-тұс  келеді.  Памирден  тасымалданатын 
лазурит,  сол  кездегі  Ур  патшалығының  байлығын  көрсетеді.  Ерте  мемлекеттердегі 
сауданың  дамуында  Египет  маңызды  рөл  ойнады.  Ол  Азия  елдері  мен  үздіксіз 
байланыс  орнатып,  сауда  керуендері  Феникия,  Сирия,  Қызылтеңіз  аудандарынан 
тауар әкелген. Египет өз кезегінде орман ағаштарын, піл сүйектерін, алтын, шарап, 
май  және  мата  мен  қару-жарақтар  шығарды.  Сауда  жолдары  құрлық  арқылы 
жүргізілді. 
Вавилон  дәуірінде  үстемдік  еткен  Семидтік  Амурит  әулеті  Аравия,  Сирия, 
Персиядан  тауарлар  тасымалдаған.  Теңіз  саудасындағы  маңызды  орынды  Финикия 
алды.  Теңіз  жолындағы  қиыншылықтар  мен  қауіпке  қарамастан  финикиялықтар 
Жерорта  теңізін  меңгеріп,  бірнеше  сауда  колонияларын  құрды.  Кейін  Финикия  өз 
үстемдігінен айырылып, теңіз саудасы карфагендіктерге көшті. Финикиялықтар мен 
карфагендіктердің  сауда  айналымында  ақшаның  болған  немесе  болмағандығы 
жөнінде нақты мәлімет жоқ. 
Жерорта  теңізіндегі  сауда  Афинаның  қолына  көшкенде  б.з.д.  VII  ғасырдың 
ортасында  сауда  айналымында  жеңілдік  туындатқан  ең  алғашқы  тиын  ақшалар 
пайда  болды.  Бадахшан  тауларынан  шығарылған  лазурит  Иран,  Месопотамия, 
Анатолия,  Египет  пен  Сирия  жерлеріне  шығарылды.  Орта  Азия  мен  Орта  Шығыс 
жерлерін  Жерорта  теңізі  және  Үндістанмен  байланыстырған  «лазурит»  жолымен 
қатар, Шығыс Түркістан мен Қытайды байланыстырған «нефрит» жолы да тіршілік 
етті. 
Янтарь  тасының  кен  орындары  Еуропа  мен  Азияның  кейбір  бөліктерінде 
табылды. Бұл тас ерте кезден бастап, осы кезге дейін өз құндылығын әлі жойған жоқ. 
Батыс  Еуропада  янтарь  деп  Балтық  және  Солтүстік  теңізден  шыққан  қатқан  қара 
майларды  ұзақ  уақыт  бойы  атап  келген.  Қымбат  бағаланатын  янтарь  (жақұт) 
Еуразияның барлық жеріне дерлік тарады. 
Сақ  дәуіріндегі  Ұлы  Жібек  жолы  Қытайдан  шыққан  жібек  мата  есебінен 
дамыды. Еуразияға тасымалданған жібек «батыс меридиан жолы» және «дала жолы» 
арқылы тасымалданды. Батыс меридиан жолы Орталық Азия мен Оңтүстік Сібірді, 
қазіргі Қытайдың оңтүстік-батыс аудандарымен байланыстырды. Бірнеше мыңдаған 
шақырымды  қамтыған  бұл  жолды  юечжи,  хунна  және  сақтардың  бақылауында 
болды. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
144 
1955  жылы  Юньнан  провинциясына  қарасты  Шич-жайшан,  Тайбайшань 
жерлерін  қазу  барысында,  сақ  тайпаларына  тән  «аңдық  стиль»  Дянь  мемлекетінің 
мәдениетінде  анық  байқалады.  «Халықтардың  ұлы  қоныс  аударуы»,  Рим 
империясының  варварлардың  басқыншылық  соғыс  нәтижесінде  күйреуі,  көшпенді 
халықтардың  Қытаймен  жүргізген  үздіксіз  соғыстары  да  Батыс  пен  Шығысты 
байланыстырған  Ұлы  Жібек  жолының  саудасын  тоқтата  алмады.  Олардың 
арасындағы  байланыстарды  қалпына  келтіруде  кәсіби  саудагерлер  үлкен  рөл 
атқарды. Арабтардың жаулап алуы қарсаңында бүкіл Ұлы Жібек жолының бойында 
соғдылықтар берік орналасты. Соғдылық саудагерлер мемлекеттердің саяси өміріне 
белсене араласып, ірі мемлекеттік қызметкерлерге айналды. Соғдылықтар қиын да, 
күрделі  саудагерлік  іске  бала  кездерінен  бастап  баулыды.  Егер  отбасында  ұл  бала 
туылса, ол 20 жасқа келгенде пайда түседі-ау деген жерлердің бәрін аралауға рұқсат 
берген. 
Соғдылықтар  халықаралық  сауданы  дамытумен  қатар,  тиын  ақшаларды  да 
шығарған.  VII-IX  ғасырларда  соғды  тілі  Мервтен  Монғолияға  дейін,  Хорезмнен 
Үндістанға дейінгі жерлерді қамтыған. Өз елінің тауарын жақын және алыс елдерге 
тасымалдаған  қытайлықтар  да  саудада  белсенді  рөл  атқарды.  Қытай  саудасының 
гүлденуі әсіресе, VII-X ғасырларда Тан империясы дәуірінде өзінің шарықтау шегіне 
жетті. 
IX  ғасырдағы  «теңіз  саудагерлері»  деген  атқа  ие  болған  көпестер,  өздерінің 
іскерлігімен  танымал  болды.  Олар  кемелеріне  Франциядан  түрлі  аңдардың  терісін, 
қару-жарақтар, құлдарды тиеп, Египетке барды. Ол жерлерден тауарларды түйелерге 
тиеп,  Суэц  мойнағын  кесіп  өтіп,  одан  әрі  Қытай  мен  Үндістанға  кетті.  Ал,  қайтар 
жолында  саудагерлер  түрлі  дәмдеуіштер  мен  жібек  тиеп  қайтты.  Көпестер  парсы, 
латын,  франк,  испан,  славян  тілдерін  қатар  меңгерген.  VII-VIII  ғасырларда  Араб 
Халифатының жаулап алуы кезінде де, осы күрделі де қиын мамандыққа құрметпен 
қарады. 
IX-X  ғасырлардағы  бай  көпестер,  мұсылман  мәдениетін  таратушы  міндетін 
атқарды.  Араб  және  Иран  көпестері  Қытайдың  ішкі  аудандарына  дендеп  кірді. 
Олардың  жолдары  Үнді  мұхиты  мен  құрлықтағы  Ұлы  Жібек  жолы  арқылы  жүрді. 
Ерте  кезден  бастап  шығыстағылар  сауданы  жолдағы  қиыншылықтарға  байланысты 
жалғыз  жүргізбей,  бірігіп,  керуен  арқылы  жасады.  Керуен  басында  бай-көпес 
отырды.  Оған  шабармандар,  хатшылар,  нотариустерден  құралған  көптеген  адамдар 
қызмет  етті.  Керуендегі  адамдардың  көпшілігі  құлдар  мен  әскери  күзетшілерден 
тұрды.  Бұл  керуенде  саудагерлер  мен  қатар  елшілер,  зиярат  етушілер,  ғалымдар, 
қолөнершілер  жүрді.  Облыс  және  қала  басшылары  көпестерге  дипломатиялық 
тапсырмаларды жүктеді. 
Ұзақ  жолдарға  көктемнен  бастап  шығатын  болды.  Жол  бойында  көптеген 
керуен  сарайлары  мен  құдықтар  болды.  Іс  жүзінде  Қытайға  саяхат  үш  жылға 
созылатын  болды.  Оның  ішінде  демалысы,  қыстап  шығуы  және  жақсы  ауа-райын 
күту уақыттары кірді. 
Монғол  басқыншылығы  кезінде  Ұлы  Жібек  жолында  армяндық  көпестер 
күшейді. Олар Үндістан және Қытаймен сауда жүргізді. XIII-XIV ғасырларда армян 
қауымы  керуен  жолында  тұрған  қалаларға  тоқтаған.  Бірақ,  армяндардың 
саудагерлері  ерте  ортағасыр  дәуірінде  келе  бастаған  деген  болжам  бар.  XIII-XIV 
ғасырларда 
Еуразиядағы 
сауданың 
шарықтауын 
итальян 
көпестерімен 
байланыстырады.  Түркістан  қалаларына  Монғол  империясы  мен  Қытайға  қарай 
бағытталған  венециандық  экспедициялар  өздерінің  жүрген  жолдарындағы 
мәліметтердің барлығын қағаздарға түсіріп, мол дерек көздерін жасады. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
145 
Генуя  қалалық  мұрағатында  III  ғасырда  жазылған  үш  тілді  қамтыған  сөздік 
табылды.  Онда  құман  және  парсы  тілдеріне  аударылған  бірнеше  жүздеген  латын 
тілінің аудармасы берілген. Сонымен қатар, онда көптеген парсы сауда терминдері, 
тауарлардың атаулары, түстері, бағалары айтылған. 
Жоғарыда  айтылғандай,  Ұлы  Жібек  жолы  Қытайдан  Батыс  елдеріне  жібек 
тасымалдауға қызмет етті. Алайда, бұл жолмен тек жібек қана емес, Рим, Византия, 
Үндістан,  Иран,  Араб  халифатынан,  кейінірек,  Ресей  мен  Еуропадан  өндірілетін 
тауарлар Қытайға тасымалданды. Оның ішінде, әшекей бұйымдармен қатар жылқы, 
қыран, түйелер, пілдер, тағы басқа саны жетпес заттар болды. Бірақ ең басты тауар – 
жібек  тасымалдауы  қызметі  сол  қалпында  қалды.  Жібек  –  тауар,  салық,  сыйлық 
ретінде жоғары бағаланды. Оны патшаларға сыйлық ретінде тарту етіп, мемлекеттік 
қарыздарды  өтеуге  де  пайдаланды.  Жібек  –  алтынмен  қатар  жүріп,  халықаралық 
валютаға  айналды.  Қытайдың  Орта  Азия  мен  Шығыс  Түркістандағы  ақсүйектердің 
алтынмен көмкеріп, жібектен тігілген киімдерін суреттеген деректері әлі күнге дейін 
сақтаулы.  Тасымалданған  жібектер  заңдылыққа  сай,  жол  бойындағы  қалаларда  да 
сатылып отырды. Соның ішінде Қазақстан қалалары да бар. 
Археологтардың  қазба  жұмыстары  нәтижесінде  Оралдан  шығысқа  қарай  45 
шақырым  жердегі  (Батыс  Қазақстан)  Долинное  селосынан  күмістен  жасалынған  су 
ішетін ыдыс – ритон табылған. Оның сыртындағы бейнелер скиф – сақ дәуіріне тән 
«аңдық стильде» жасалған. Б.з.д. V ғасырға жататын бұл ритон Ираннан әкелінген. 
Сонымен қатар, Греция мен Римнен әкелінген янтарьдан жасалынған моншақтар мен 
күміс құмыралар да табылды. Ал, Жетіасардан б.з.д ІІ-І ғасырларға жататын Қытай 
айналары  да  осы  жинақтардың  ішіне  кіреді.  Мұндай  айналар  Қосасар,  Алтынасар 
жерлерінен де табылды. 
Табылған  заттай  деректердегі  заттар  бейнесі  жағынан  бір-біріне  ұқсас  болып 
келеді.  Олар  бір  шебердің  қолдарынан  шыққан  туынды.  Ол  б.з.  IV-V  ғасырындағы 
Сасанидтер  әулетіне  жатады.  Жетіасардан  табылған  янтарь  тасы  арнайы 
зерттеушілер  көрсеткендей,  Балтық  елдерінен  шыққан.  Хальцедоннан  жасалған 
заттар  Египет,  Қырым,  Сібір,  Орта  Азия,  Қытай  елдерінен  табылды.  Ал,  сердолик 
деп аталатын тас Үндістан, Қырым, Буратия, Хабаровск, Орта Азиядан табылды. 
Ұлы Жібек жолындағы елдерге Агаттан жасалған әшекей бұйымдар Үндістан, 
Египет,  Эгей  теңізі  аралдарында,  Франкияда  өте  танымал  болды.  Тау  хрусталі  – 
Азия, Кипр, Альпі тауларында өндірілсе, нефрит – Жетісу, Қытай, Үндістан елдеріне 
тараған. 
Сонымен  қатар,  қазба  жұмыстары  барысында  көне  қала  Талғардан  сырттан 
әкелінген көптеген заттар табылды. Оның ішінде Қытай фарфорынан жасалған ыдыс 
бар.  Бұл  ыдыстардағы  таңбаларға  қарай  отырып,  оның  әулетте  ұл  бала  болуын 
қалайтын тілекпен  жасалған.  Бұл  ыдыстарды  Талғарға  XII  ғасырдың  аяғы  мен  XIII 
ғасырдың  басында  жапондықтар  әкелген.  Балшықтан  жасалынған  ыдыстардағы 
бейнелердің басым көпшілігі «аң аулау» стилі бойынша безендірілген. 
Хорасандағы  Мерв  және  Нишапур,  Шираз  бен  Исфахан,  Рей,  Казвин  және 
Тебриз қалалары өз кезеңінің ірі мәдени орталықтары болды. Бұл қалаларда әртүрлі 
қолөнер,  оның  қатарында  көркем  қолөнер  гүлденіп,  қаланың  ішкі  және  сыртқы 
саудалары  жанданды.  Мерв  пен  Нишапур  қалалары  өзінің  кітапханасымен,  Казвин 
мен Тебриз керемет архитектурасымен әйгілі болды. 
Танымал археолог және нумизмат Г.А. Федоров-Давыдов:  «Адамзат баласына 
ақша  орнынан  небір  заттар  қызмет  етті.  Олар:  Барнео  аралындағы  сиырдың  бас 
сүйегінен  бастап,  Африкадағы  тұзға  дейін,  Конгодағы  темір  сынықтарынан  бастап, 
Саламонов  аралындағы  адамдардың  бас  сүйектеріне  дейін  болды».  Көптеген 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
146 
деректерде  ақша  орнына  малдар,  олардың  ішінде  ешкілер  мен  қойлар 
пайдаланылған. 
Ортағасырлық  араб  географы  Әл-Бакр,  испан  көпесі  Ибрахим  бен  Якубқа 
сүйеніп,  былай  деп  жазады:  «Чех  жерлерінде  жіңішке  жіптен  тоқылған  орамалдар 
дайындалады.  Оларды  еш  жерде  пайдаланбаса  да,  бағалары  өзгермей,  бір  қалыпта 
тұрды. Яғни, он орамал бір динар болып есептелді. Оған заттарды сатып алып, өзара 
есептесті.  Мұндай  орамалдар  бір  сандық  болды  және  ол  өзінің  байлығы  болып 
есептелді.  Бұл  орамалдарға  ең  қымбат  заттар:  бидай,  құлдар,  аттар,  алтын-күміс 
және т.б. заттарға қол жеткізе алды». XI ғасырларда Орта Азия мен Шығыс Еуропада 
ақша  дағдарысы  кезінде  күміс  дирхемдердің  орнына  тандыр  нан  пайдаланылды. 
Оларды  майда  заттар  алғанда  есептесу  үшін  төртке  бөлді.  Қарапайым  еңбек 
құралдары:  күрек,  балта,  пышақ,  найзаның  ұшы  және  жебелер  ақша  шыққанға 
дейінгі дәуірде ақша орнына пайдаланылды. 
Еңбек  құралдарының  кішірейтілген  түрі  ең  бірінші  ақшаға  айнала  бастады. 
Б.з.д. VI ғасырда Қытайда ақшаның үш түрі дайындалды: пышақтар, күректер және 
ортасында  төртбұрышты  тесігі  бар  дөңгелектер.  Қытайдағы  ақшаның  ең  көп 
таралған  түрі  –  қола  ақшаға  сәйкес  келетін  пышақ  формасында  болды.  Теңіз 
қабыршақтары адамзат баласының экономикалық тарихында маңызды рөл атқарды. 
Ол  IV  ғасырдан  XX  ғасырларға  дейін  миллиондаған  адамдарға  ақша  ретінде 
пайдаланылды. Теңіз қабыршағын хинди тілінде «каури» деп атады. Каури Нигерия 
мен Суданнан Солтүстік Қытайға дейінгі жерлерде ақша құралы ретінде қызмет етті. 
Б.з.д. III мыңжылдықта Шумер өркениетінде ең бірінші құйма түріндегі күміс 
ақшалар  пайда  болды.  Мың  жылдан  кейін  бұл  ақшалар  бүкіл  Азия  мен  Еуропаға 
таралды. Күміс – байлықтың баламасы болып есептелді. Алтынның бірінші орынға 
шығуы,  күмістің  көптеп  өндірілуімен  байланысты  болды.  Кейін,  алтын  мен  күміс 
ақшаларға қосылып мыс, қола, темір айналымға енді. Гректерде ақша орнына темір 
шыбықтар  жүрді.  Ол  грек  тілінде  «обол»  деп  аталды.  Осындай  алты  шыбықтың 
орамы  бір  драхма  болып  есептелді.  Бұл  драхма  атауынан  Шығыстың  күміс  ақша 
дирхем атауы шықты. 
Римдиктерде  күміс  ақша  «денари»  деп  аталды.  Денари  атауы  латын  тілінде 
«он»  деген  мағына  береді.  Яғни,  бұл  ақша  он  фунт  мысқа  теңелді.  Ортағасырлық 
Арабтық Шығыста «денари» «динар» болып ауысып, алтын ақша мағынасын берді. 
Мыс ақшаларды «фельс» деп атады. 
Арабтар  жаулап  алғаннан  кейін  VII  ғасырдың  аяғында  Алдыңғы  және  Орта 
Шығыста Араб-Византиялық және Араб-Парсылық ақшалар айналымға енді. VIII-IX 
ғасырлардағы  Араб  Халифатының  ерте  кезең  тарихында  ақшалар  алтын  және  мыс 
ақшалар  болып,  қатаң  түрде  орталықтандырылды.  Аңыздарда  алтын  теңгелерде  ең 
бірінші  Алланың  аты  жазылып,  одан  кейін  Халиф,  одан  кейін  Әмір  немесе 
Сұлтанның аты жазылды. Ал, мыс теңгелерде жергілікті басқарушының аты тұрды. 
Теңге  ісі  ертеректе  билігі  бар  адамның  қолында  шоғырланды.  Мұсылмандық 
Шығыс  елдерінде  теңгеге  билеушілер  өздерін  «падишах»,  «аспан  баласы», 
«жеңімпаз билеуші» тағы басқа да шарықтатқан атаулармен атады. Әулет атағының 
шарықтағанына  қарамастан,  кішігірім  билеушілер  де  өздерінің  теңгелерін  жасатты. 
Билеушілер  жаулап  алған  жерлерін  өз  иелігіне  кіретінін  және  өзінің  жеңісін 
дәлелдеу үшін, өз аты мен уақыты көрсетілген теңгелер шығарды. Осындай теңгенің 
арқасында  нумизмат  пен  тарихшылар  1353  жылы  Тебриз  қаласын  Жәнібек ханның 
жаулап алғанын білді. 
XIV ғасырдың 60-70-ші  жылдарында Алтын  Орда тарихы өзара күреске толы 
болды. Бірін-бірі ауыстырып отырған хандардың ешқайсысы хан тағында ұзақ уақыт 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
147 
тұрақтамады. Олардың тез ауысқандықтары сондай, ерте дәуірдегі тарихшылар мен 
саяхатшылар  олардың  аттарын  есте  сақтай  алмады.  Осындай  хандар  өздерінің 
аттарынан теңгелер шығарып  үлгерді.  Тек, осы теңгелердің арқасында тарихшылар 
олардың  аттары  мен  билеген  жылдарын  білді.  Осы  теңгелерді  атай  отырып, 
Қазақстан жерінде өз теңгелеріміз қашан пайда болды деген заңды сұрақ туындайды. 
1974  жылы  Отырар  жазығындағы  Алтынтөбе  көне  қаласынан  солтүстік-
батысқа қарай үш шақырым жердегі Мардан қорымына Оңтүстік Қазақстан кешенді 
археологиялық экспедиция қазба жұмыстарын жүргізді. Қабірді ашу барысында бұл 
өңірді мекендеген халықтардың  рухани және материалдық мәдениеті жөнінде жаңа 
деректердің  көзі  ашылды.  Бірақ  қорымның  кезеңін  нақты  анықтауға  мүмкіншілік 
болмады.  Қабірді  ашу  кезінде  бас  сүйегінің  оң  жағында  екі  шыныаяқ  қойылған. 
Мойын  омыртқасының  тұсында,  жалғыз  және  жұпталып  қойылған  ортасында 
төртбұрыш  тесігі  бар  теңге  қойылған.  Бұл  бейіт  шамамен  б.з.  I-IV  ғасырлар 
аралығын  қамтиды.  Бұл  теңге  бейіттің  қай  уақытқа  жататынын  айта  алмайды. 
Себебі, Ушу деп аталатын Қытайдың бұл теңгесі 700 жыл бойы басылып, 740 жыл 
бойы бес жалпы қытай, жиырма үш қосалқы әулеттерді басынан өткеріп, айналымда 
жүрген.  Ал,  қызықтысы  сол,  Ушу  теңгесі  Оңтүстік  Қазақстан  жеріндегі  Мардан 
қорымынан  табылған  ең  бірінші  теңге  болды.  Бұл  теңгелер  ең  бірінші  Батыс  Хань 
әулетінің У-ди (б.з.д. 140-86 жж.) императоры тұсында шығарылып, әлі күнге дейін 
Орта Азия аумағының Солтүстік Ферғана жерінде кездесуде. Бұл б.з. I-IV ғасырлар 
аралығында Қытаймен сауда байланыстарының өркендегенін көрсетеді. 
VII-VIII ғасырларда жауынгер тайпа түргештер Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан 
жерін  жаулап  алды.  Ал,  Түргеш  мемлекеті  Тынық  мұхитынан  Керчен  сағасына 
дейінгі жерді қамтыған ежелгі Түркі империясының мұрагері еді. 
Түргеш  әулетінің  негізін  салушы  Күшлік  қаған  (699-706  жж.)  Шу  өзенінің 
бойындағы  Суяб  қаласын  өзінің  орталығы  етіп  алды.  Ал,  екінші  орталығы  Іле 
даласында  болды.  Түргештердің  тарихы  VIII  ғасырдың  басында  Орта  Азияны 
жаулап алуға бағытталған арабтармен күреске толы болды. Сұлу қаған тұсында (716-
738  жж.)  мемлекет  нығая  түсті.  Себебі,  соғыс  кезінде  алынған  олжаларды  қол 
астындағыларға таратып берді. Ал, олар өз кезегінде, қағанға бар күш-жігерлерімен 
қызмет  етті.  Зерттеушілер  Жетісу  өңіріндегі  ең  бірінші  теңге  Сұлу  қаған  тұсында 
шығарылған деп есептейді. 
Ерте  ортағасырлық  шығыс  нумизматикасының  ірі  білгірі  О.И.  Смирнова  сол 
кездегі  теңгелердің  Қытай  теңгесінен  қалыспайды,  жақсы  техникада  құйылған  деп 
баға  береді.  Бұдан  шығатын  қорытынды,  теңге  сарайында  Қытай  шеберлерінің 
жұмыс  істегендігін  аңғартады.  Теңгедегі  соғды  тілінде  жазылған  сөз  «Түргеш 
қағанаты  мырзасының  теңгесі»  немесе  «Аспан  қағанының  теңгесі»  деген  мағына 
береді.  Теңгенің  қас  бетінде  садақ  бейнесіндегі  таңба  бар.  Түргештердің  теңгесі 
алдымен  Суябта,  кейін  748  жылы  Қытайлар  жаулап  алғаннан  кейін  Таразда 
құйылған. 766 жылы Қарлұқтар Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан жерінде 840 жылға 
дейін үстемдік етсе де, шығарылған теңгелер «Түргеш теңгесі» деп атала берді. VIII 
ғасыр  мен  X  ғасыр  аралығында  Түргештермен  қатар,  Жетісуда  теңгенің  сегіз  түрі 
шығарылды. Олардың бірін ежелге түркі тайпасы, тухсилер шығарды. Теңгенің қас 
бетінде үш тіске ұқсас таңба, ал, арғы бетінде «Тухус билеушісі» деген жазу бар. Бұл 
теңге  Навакет  қаласында  шығарылған  деген  болжам  бар.  Тухус  теңгесі  Түргеш 
теңгесі  сияқты  бірнеше  түрі  болды.  Бұл  ақша  айналымы  дамығандығының  айғағы. 
VIII  ғасырда  Сырдария  даласында,  орталығы  Дарбанд  (Отырар  –  Фараб)  қаласы 
болатын тәуелсіз Түркі – Қанғар мемлекеті құрылды. Олар Отырар мен Түркістанда 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
148 
айналымда жүрген өздерінің теңгесін басып шығарды. Теңгенің қас бетінде құйрығы 
қайырылған арыстан бейнеленсе, келесі бетінде мемлекеттің таңбасы қойылды. 
VIII  ғасырда  Жетісу  мен  Оңтүстік  Қазақстан  аймағында  басылған  теңгелер 
Қытай  мен  Соғды  теңгелеріне  ұқсастырылып  дайындалса,  ІХ-ХІ  ғасырларда  Араб 
халифатының  үлгісіне  ұқсас  етіліп  жасалды.  Мұсылман  теңгелерімен  танысқан 
Оңтүстік  және  Жетісу  жерлерінің  халықтары  Арабтардың  теңгелерін  өз 
қажеттіліктеріне пайдалана бастады. 
Оңтүстік  Қазақстанның  Испиджаб,  Отырар,  Яссы  қалаларында  X  ғасырда 
Қанғар билеушілерінің теңгелері жоғалып, Саманидтер әулетінің теңгесі Әмір Насыр 
ІІ-нің  атынан  басыла  бастады.  Бұл  Оңтүстік  Қазақстанда  Саманид  мемлекетінің 
үстемдік  еткенін  айқындайды.  Келесі  бір  ақша  айналымының  дамыған  кезеңі 
Қараханид  мемлекетінің  құрылуымен  байланыстырылды.  Жетісу  мен  Шығыс 
Түркістан  жерлерінде  Х  ғасырда  үстемдік  еткен  қараханидтер,  көп  ұзамай,  Орта 
Азияда өзінің билігін орнатты. 
Қараханид  мемлекеті  екі  үлкен  иелікке  бөлінді:  ортағасырлардағы  Қашқар 
болған Шығыс бөлік және орталығы Самарқанд болған Батыс бөлік. Оларға көптеген 
майда  иеліктер  бағынды.  Мемлекетте  шығарылған  теңгеге  қарап,  биліктің  күрделі 
сатысын байқауға болады және Қараханид мемлекетінің саяси-экономикалық тарихи 
жағдайын, ХІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХІІІ ғасырдың басындағы оқиғаларға 
қарап  тануға  мүмкіншілік  берді.  Қараханид  дәуірінде  теңгелер  алтын,  күміс  және 
мыстан дайындалды. 
Бұл теңгелер Баласағұн, Тараз, Испиджаб, Будухкет, Отырар жерлерінде 1001 
жылдан 1022 жылдарға дейін үздіксіз басылып шығарылды. Теңгедегі жазуға қарап, 
Испиджабта  Қараханид  әулетінен  шыққан  Қадыр  ханның  екінші  баласы  Бограхан 
үстемдік  еткенін  көрсетеді.  Отырардағы  теңге  сарайы  Қараханид  және  Хорезмшах 
кезеңдерінде де басылды. 
Х ғасырдың бірінші ширегінде монғолдар басып алғаннан кейін ақша шығару 
тоқтатылды.  Орта  Азиядағы  жағдайларды  және  сауда  айналымын  қайта  қалпына 
келтіру  үшін  орталықтандырылған  ішкі  саясат  қажет  болды.  Бұл  реформаның 
басталуына  1251  жылғы  Шағатай  әулетінің  «Ұлы  ханы»  болған  Менгухан  болды. 
Давидовичтің мәліметінше, ақша реформасы үш кезең бойынша дамыды. 
Бірінші  кезеңі,  ХІІІ  ғасырдың  ортасында  теңге  Самарқанд  пен  Бұхара 
қаласында өте аз шығарылды. 
Екінші  кезең,  60%  алтыннан  тұратын  теңгені  үздіксіз  шығарды.  Бұл  уақытта 
теңге  сарайлары  Бұхара,  Самарқанд,  Ходжент  және  Отырарда  болды.  Сондай-ақ, 
1251-1264  жылдар  аралығында  мыс  қосылған  жартылай  күміс  дирхем  шығарылды. 
1972  жылы  Отырарда  қазба  жұмысы  барысында  ХІІІ  ғасырдың  50-60  жылдарына 
жататын теңгенің 190 данасы табылды. 
Үшінші  кезең,  1271-1272  жылдары  Шағатай  әулетінің  билеушісі  Масудбек 
атымен байланысты. Ол билік құрған кезеңде он бестен аса теңгелер сарайы жұмыс 
істеген  және  ол  таза  күмістен  шығарылған.  1321  жылы  Кебек  хан  тұсында  күміс 
теңгелер  көптеп  шығарылып,  оны  «Кебеки»  деп  атады.  Бұл  хан  тұсында  Отырар, 
Тараз, Испиджаб қалаларындағы теңге сарайлары жұмыс істеді. Ал,  ХІV ғасырдың 
екінші  жартысынан  бастап  Сығанақ  ақша  шығара  бастады.  ХІV  ғасырдың  аяғынан 
бастап  ӘмірТемір  дәуірінде  мыс  теңгелер  Самарқанд  пен  Хорезмдегі  теңге 
сарайларынан шығарылды. Сонымен қатар, Отырардағы қазба жұмысы нәтижесінде, 
Самарқандта шығарылған Халил сұлтанның теңгесі, Шахруханның (1416-1417 жж.), 
Ұлықбектің  (1420  ж.)  теңгелері  табылды.  Әндіжан,  Хисаре,  Термезе,  Каршидың 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
149 
теңге сарайларында басылған ақшаларға қарап, Қазақстанның бүкіл ХV ғасыр бойы 
Мәуеренахрмен жақсы сауда байланысын жүргізгенін көруге болады. 
Отырардағы  мыс  теңгелерден  басқа  да  теңгелер  де  болды.  Ал  оның  ¼  бөлігі 
«мири»  деп  аталды.  Құйрықтөбеде  Суюргатмыш  (1370-1388  жж.),  Махмуд  (1388-
1403  жж.),  Мұхаммед  Жиһангер  (1405-1409  жж.)  кезеңдерінде  Темір  атынан 
жасалынған теңгелер мен мирилерден тұрған. 
Екінші бір қазына, ХV ғасырдың басына жататын Отырарда табылды. Отырар 
мен Құйрықтөбеде табылған күміс қазыналар құнды тарихи деректер береді. 
Ақша реформасына қатысты маңызды оқиға ХV ғасырдағы Ұлықбектің атымен 
байланысты.  Бұл  реформа  бойынша  1428  жылға  дейінгі  аз  салмақтағы  мыс 
теңгелердің барлығы айналымнан шығарылып, Әндіжан, Бұхара, Самарқанд, Қаршы, 
Ташкент,  Термез,  Шахрухи  жерлеріндегі  салмағы  әлдеқайда  ауыр  теңгелерге 
алмастырылды.  Бұл  айырбас  аяқталғаннан  кейін,  Бұхарадағы  теңге  сарайынан 
басқасы түгелдей жабылды. Тек Бұхара ғана Мәуереннахрға қарасты облыстар мен 
қалаларды қамтамасыз етуге тиіс болды. Бұл ақшалар 60 жылдан астам уақыт бойы 
айналымда  жүрді.  ХVІ-ХVІІІ  ғасырларда  Шайбани  әулетіне  қарасты  Оңтүстік 
Қазақстан  жеріндегі  қалалар  Қазақ  хандығының  құрамына  кіргеннен  кейін,  саяси 
және экономикалық тұрақтану елдегі сауда-саттықтың дамуына ықпал етті. Отырар, 
Яссы, Түркістан аумақтарынан табылған теңгелердің қазынасына қарап, оларды екі 
топқа  бөлуге  болады.  Яссы  және  Ташкент  теңгелері  мен  Орта  Азия  қалаларының 
теңгелері. 
1986 жылы Отырар көне қаласында 3000 данадан тұратын екі қазына табылды. 
Олар  Яссы,  Сауран,  Самарқанд,  Ташкент,  Бұхара,  Әндіжанда  дайындалған.  Келесі 
бір  теңгелердің  кешені  ХVІІ  ғасырға  қатысты.  1972-1973  жылдары  Отырарда  118 
данадан тұратын «Жанидтік» күміс теңгелердің екі қазынасы ашылды. Осындай 978 
данасы  бар  қазына,  1973  жылы  Отырардан  табылды.  Ал,  келесі  бір  214  данадан 
тұратын теңгелер 1974 жылы табылған. Бұл мыс теңгелердің басым көпшілігінің бір 
бетінде жануар, екінші бетінде құс бейнеленген. Ал, жануары бар теңгелердің екінші 
беті  тегіс  болды.  Соған  қарағанда,  бұл  теңгелер  шығарылатын  теңгелердің  үлгісі 
болар  деген  болжам  бар.  Мұндай  ақшалардың  кескіндері  бар  екі  қазына  1976-1977 
жылдары тағы да Отырардан табылған. Келесі бір қазына, 30 данадан тұратын орыс 
патшасы Алексей Михайловичтің аты жазылған тиындар табылды. Мұндай тиындар 
Отырардан басқа Яссы мен Саураннан табылды. 
Орыс патшалығында бірыңғай ақша жүйесі 1534 жылы енгізілгені белгілі. Осы 
жылы,  орыс  мемлекеттерінде  қолында  найзасы  бар  салт  атты  адам  бейнеленген 
тиындар  шығарыла  бастады.  Осы  найзаға  қатысты  (копье)  копейка  атауын  алды. 
1655 жылдан бастап тиын ақша күмістен емес, мыстан жасауға бұйрық берілді. Бірақ 
мыс тиынның құны күміс тиынның құнымен бірдей болып есептелді. Мыс тиынның 
шектен  көп  шығарылуы,  оның  құнсыздануына  алып  келді.  Күміс  айналымнан 
біржола  жоғалды.  Саудагерлер  мыс  ақшаны  алудан  бас  тартып,  халық  арасында 
наразылық туындады. Оның ақыры 1662 жылы Мәскеуде болған «мыс» көтерілісіне 
ұласты. 1663 жылы айналымға күміс ақшаны шығару жөніндегі патшаның бұйрығы 
шығарылды. Мыс тиындар халықтан қайта сатып алынды. 
Нарық  қатынасы  Орыс  мемлекетінің  сыртқы  саудасында  да  көрініс  тапты. 
Батыс  көпестерімен  қатар,  мұсылман  көпестері  де  мыс  ақшамен  сауда-саттық 
жасаудан  бас  тартты.  Орыс  мемлекетінің  Шығыс  аймақтарға  мыс  ақшаларының 
құйылуы  ХVІІ  ғасырдың  60-70-жылдарында  басталады.  Бірақ  қазақ  хандығы  мен 
сауда-саттық  жүргізген  Сібір  көпестері  Орыстың  мыс  ақшасымен  сауда  жүргізіп 
немесе  оны  тауар  ретінде  қазақ  жеріне  әкеліп  сатқан  деген  болжам  бар.  Бұл  кезде 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
150 
қазақ  жеріндегі  мыстың  бағасы,  орыстарға  қарағанда  әлдеқайда  жоғары  еді.  Орыс 
жерінен  Шығысқа  келген  тауарлардың  тізімінде  мыс,  құйма  күйінде  және  түрлі 
бұйымдар күйінде де әкелінген. 
Оңтүстік  Қазақстан  жерінде  табылған  орыс  тиындарына  қарай  отырып,  екі 
мемлекет  арасындағы  сауданың  дамығандығын  көруге  болады.  ХVІІІ  ғасырдағы 
ақша құрылымына келсек, ол жөніндегі мәліметтер мен заттай деректер өте аз. Бұл 
кезеңде, өткен жүз жылдықтағы ақшалар айналымнан шықпаған. Ал, күміс ақшалар 
болса,  мүлдем  табылған  жоқ.  Ал,  ХІХ  ғасырда  Қазақстанның  сауда  айналымына 
орыстардың тиындары мен қағаз ақшалары ене бастады. 
Қазақстанның  Ұлы  Жібек  жолы  бойындағы  қалаларда  Батыс  пен  Шығыс, 
Еуропа  мен  Азияның  бір  біріне  ұқсамайтын  әртүрлі  мәдениеттері  бір-бірімен 
араласып,  бірін-бірі  байытуына  қолайлы  жағдай  жасалған.  Сонымен  қатар,  Ұлы 
Жібек  жолы  бітімгерлік  пен  ынтымақтастыққа  ұмтылған  халықтарды  өзара 
байланыстырған мәдени-экономикалық көпір іспетті еді. 
Ұсыныс жобалар: 
Ұлы  Жібек  жолы  туралы  деректер  қазіргі  таңда  түкпір-түкпірден  келетін 
туристердің назарын аударуда. Қазақстанда Ұлы Жібек жолына байланысты туризм 
нығайтылса.  Ұлы  Жібек  жолын  жаңғыртуға  қатысты  жобалар  жасалып,  жүзеге 
асырылып, ортағасырлардың тарихи, рухани өмірінің көп қырлылығын көрсетсе. 
2000  жылы  Қазақстан  бойынша  «Мәдениетті  қолдау  жылында»  көне  тарихи 
мәдени  ескерткіштер  қамтылып,  халықаралық  дәрежеде  керуен  жолдарының 
бағыттарын  жандандыру  жөнінде  шешім  қабылданған  болатын.  Сондықтан  осы 
бағытта  жүргізіліп  жатқан  ғылыми-зерттеу  жұмыстары  мәдени  мұраға  үлкен 
жаңалықтар енгізетіндігіне сеніміміз зор. 
 
Каталог: docs
docs -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы
docs -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы
docs -> Гуманитарлық Ғылымдар кәсіби қҰзыреттіліктің негізінде студенттердің Өзіндік әрекет ету дайындығын қалыптастыру
docs -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы
docs -> C m y k газет 2008 жылдың қазан айынан бастап шығады
docs -> Жылдық есебі кафедраның тәрбие жетекшілерінің жұмысы
docs -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет