Зерттеуші



жүктеу 4.05 Mb.
Pdf просмотр
бет5/20
Дата28.12.2016
өлшемі4.05 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

Әдебиеттер 
1 Кайда Л.Г. Стиль фельетона. Выражение авторской позиции. – М., 1983. 
2  Қожакеев  Т.  Таңдамалы  шығармалар.  Көп  томдық.  1  том.  –  Алматы: 
Қазақпарат, 2007. – 4-5 бб. 
3  Қожакеев  Т.  Таңдамалы  шығармалар.  Көп  томдық.  2  том.  –  Алматы: 
Қазақпарат, 2007. 
4  Қожакеев  Т.  Таңдамалы  шығармалар.  Көп  томдық.  2  том.  –  Алматы: 
Қазақпарат, 2007. – 178-180 бб. 
5  Қожакеев  Т.  Таңдамалы  шығармалар.  Көп  томдық.  2  том.  –  Алматы: 
Қазақпарат, 2007. – 220 б. 
6  Қожакеев  Т.  Таңдамалы  шығармалар.  Көп  томдық.  3  том.  –  Алматы: 
Қазақпарат, 2007. 
 
Резюме 
Цель  работы  –  по  теме  научной  диссертации  ознакомиться  с  научными 
материалами  крупного  ученого  Темирбека  Кожакеева,  обсудить  начную 
деятельность  ученого,  рассказать  о  его  книгах  на  тему  казахской  сатиры, 
ознакомившись, с его научной работой сделать выводы, написать заключение. 
 
Summary 
To  get  acquainted  with  scientific  materials  of  Temirbek  Kozhakeev  on  the  topic  of 
the dissertation research. Discuss scientific activity, to talk about his books on the topic of 
Kazakh  satire.  Acquainted  with  his  scientific  work  to  draw  an  inference,  write  a 
conclusion. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
32 
«ЗЕРТТЕУШІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ 
ҰЙЫМДАСТЫРҒАН «ҮЗДІК ПЕДАГОГ – ЗЕРТТЕУШІ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ, 
ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАР 
КОНКУРСЫНА ТҮСКЕН ЖҰМЫСТАР 
 
ЖАҚЫП Жайнагүл Сағиджанқызы, 
Төлтай Шанов атындағы орта мектебі «Қазақ тілі мен әдебиеті» 
пәнінің мұғалімі, Жылтыр ауылы, Шалқар ауданы, Ақтөбе облысы
Қазақстан Республикасы 
 
ШАЛҚАР ӨҢІРІНДЕГІ ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІ 
 
Шалқар  өңіріндегі  жергілікті  тұрғындардың  кәсібіне,  тіршілігіне  және  сенімі 
мен  нанымына  байланысты  қалыптасқан  ұрпақтан-ұрпаққа  ауысып  отыратын, 
тәрбиелік  мәні  бар  құбылыстар.  Осы  жергілікті  салт-дәстүрді  зерттеудің  өзектілігі 
зерттеу  барысында  Шалқар  өңірі  халықтарының  арман-тілегін,  ой-пікірін,  салт-
санасын анықтау қажеттігінен туады. 
Қазіргі білім мазмұнында оқыту мен тәрбиелеудің негізгі мақсаты – жеке тұлға 
қалыптастыру. Жас ұрпақ өз ұлтының мәдениетін, салт-дәстүрін бойына сіңіргенде 
ғана  саналы,  білімді  бола  алады.  Қазақтың  салт-дәстүрлерін  зерттеу  ғылыми 
жұмыстары  және  жарық  көрген  кітаптар  көптеп  саналады.  Ал,  осы  зерттеу 
жұмысында біз өмір сүріп отырған Шалқар өңірінің салт-дәстүрлеріне тоқтамақпыз. 
Зерттеу  барысында  мен  үлкен  буын  ата-әжелерімізге  және  орта  буын  аға-
апаларымызға,  сонымен  бірге  мектепте  өткізілген  салт-дәстүрлерге  зерттеу  жасап, 
сауалнамалар беріп, талдау жүргіздім. 
Қай халықты алсақ та, оның өзіне тән тұрмыс-тіршілігі, күн көрісі, әдет-ғұрпы, 
салты  болатындығын  білеміз.  Мұның  бәрі  сол  халықпен  бірге  жасасып,  оның 
тарихына  өзінше  ілесе  жүретіндігін  байқаймыз.  Қоғамдық  өмірдің,  экономикалық 
жағдайлардың  ілгерілеп  дамуына  байланысты,  халықтың  тұрмыс-тіршілігі,  әдет-
ғұрпы,  салт-санасы  алғашқы  мазмұнын  біртіндеп  жоғалта  да  бастайды.  Бұлардың 
орнына  қоғамдық,  таптық  тілек  жағдайларына  сәйкес  жаңа  мазмұн,  түр  туады. 
Демек,  қоғамдық  және  экономикалық  жағдайлар,  олардың  дамуы  ертеден  келе 
жатқан, қалыптасып қалған тұрмыс-тіршілікке, әдет-ғұрып, салтқа өз әсерін тигізеді, 
жаңа мазмұнда өзгеруіне, бұрынғы қалпын біртіндеп жоғалтуына ықпал жасайды. 
Өз  еңбектерінде  қазақ  халқының  салт-дәстүрі  туралы  пікір  айтып  кеткен, 
бүкіләлемдік  өркениет  тарихынан  ерекше  орын  алатын  Әл-Фараби  бабамыздың  да 
Қазақстан  топырағында  дүниеге  келіп,  артына  ұлан-ғайыр  рухани  мұра  қалдырып 
кеткенін  бүгінгі  ұрпақ  кеткенін  бүгінгі  ұрпақ  зор  мақтаныш  тұтады.  Танымал 
қаламгер  Ахмет  Жүнісов  өзінің  «Бабалар  дәстүрі»  деген  кітабында  қазақтың 
байырғы  тұрмыс-салт  ғұрыптарын  зерттеген.  Ол  өзінің  ғылыми  зерттеуінде 
халқымыздың  этнографиясы  мен  пәниден  бақиға  дейінгі  салт-санасын  жазған. 
Психологтар  Қ.  Жарықбаев  және  С.  Қалиев  «Қазақ  тәлім-тәрбиесі  оқу  құралында 
жастарды 
имандылыққа, 
адалдыққа, 
шыншылдыққа, 
қарапайымдылыққа, 
кішіпейілділікке тәрбиелейтін салт-дәстүр үлгілері туралы жазады. К. Ісләмжанұлы 
өзінің «Тал бесіктен жер бесікке дейін» еңбегінде отбасылық әдет-ғұрып, тәрбиелік 
және эстетикалық мәні бар тұрмыстық салт-дәстүрлер түрін зерттеген. 
Жоғары  оқу  орындарының  студенттеріне  арнап  техника  ғылымдарының 
кандидаты,  доцент,  Қазақстан  Республикасы  білім  беру  ісінің  үздігі  Аюбай 
Құралұлы  «Қазақстан  дәстүрлі  мәдениетінің  анықтамалығын»  жазған.  Орта 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
33 
мектептің жоғары сынып оқушыларына арнап С. Қалиев, М. Оразаев, М. Смайылова 
«Қазақ халқының салт-дәстүрлері» еңбектерін факультативтік курс ретінде ұсынады. 
Өте  көрнекті  суретті  түрде  белгілі  жазушы,  этнограф  Сейіт  Кенжеахметұлының 
«Қазақ халқының салт-дәстүрлері» атты этнографиялық еңбегі бір төбе. 
Ұрпақ  тәрбиесіндегі  ежелден  қалыптасқан  халқымыздың  дәстүрлері  мен 
тағылымдарын  оқып-үйреніп,  өнеге  тұтпай  тұрып,  жастарды  ізгілік  пен 
парасаттылыққа баулу мүмкін емес. Себебі А.Н. Толстой айтқандай: «Өткенді жақсы 
білмейінше,  келешекке  сапар  шегу  айсыз  қараңғыда  сүрлеу  соқпақ  іздеп  адасумен 
пара-пар».  В.Г.  Белинский  салт-дәстүрдің  өміршеңдігі  жөнінде:  «Әдет-ғұрып 
замандар  бойы  сыннан  өтеді.  Өз  дәуірінде  ардақталып,  ата-бабадан  әулетке  мұра 
болып,  ауысып  рудан-руға,  ұрпақтан-ұрпаққа  жетеді.  Олар  халықтың  сыртқы 
бейнесі болып табылады. Онсыз халық бет-әлпетсіз бейне, болымсыз тас мүсін...», - 
дейді.  Салт-дәстүр  сабақтастығы  ұлттар  арасындағы  қарым-қатынаспен  тығыз 
байланысты.  «Әр  халықтың  мәдени  өзіне  тән  ерекшелігімен  дараланып,  көзге 
шалынады.  Алайда,  басқа  халықтардың  әсерінсіз  таза,  дара  ұлттық  әсерінсіз  таза, 
дара  ұлттық  мәдениет  тіпті  де  кездеспейді.  Ұлттар  мен  халықтардың  материалдық 
және  рухани  байланысы,  қарым-қатынасы  арқылы  олар  бір-бірін  мәдени  байлығы 
жағынан толықтырады», - дейді С.Н. Артановский. 
Сайып  келгенде,  Абай  бозбала  мен  бойжеткенді  жұбайлық  өмірге  баулуда 
мына мәселелерге баса назар аударды. Бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне терең 
мән беріп, оның сәтті қағидалары мен ережелерін жасағандардың бірі – қазақ халқы. 
Оның тәрбие-тәсілдері мен тәжірибелері өте көп. Халықтың ғасырлар бойы жасаған 
зор еңбектерін жазып шығу үлкен еңбек, қыруар жұмыс. Оның бәрін қамти алмасақ 
та,  сол  жұмыстың  бір  тамшысы  ретінде  ұлттың  тәрбие  ісіндегі  сәбилік кезден  –  ес 
біліп,  ер  жеткенге  дейінгі  салт-дәстүр,  әдет-ғұрып  үлгілері  мен  өнегелері  баланың 
өсу жолымен беріліп отыр. 
Құрсақ тойы (дәстүр). Жас келіншектің екі қабат болғаны белгілі болса, оның 
абысындары  мен қайын сіңілілері  сол үйге оңаша құрсақ тойын жасатып, аман-сау 
босануына тілек білдіреді. Қазақ ғұрпы бойынша бала біткен келіншекті «күмәнді», 
«аяғы ауыр», «ішінде көжесі бар» деп тұспалдап айтады. 
Қазанжарыс  –  әйел  босанар  сәтте  басқа  әйелдер  қазанға  жеңіл-желпі  тамақ 
істеп,  оны  босанатын  әйелден  бұрын  пісірмек  болып  жарысады.  Халық  ұғымы 
бойынша  туатын  бала  «қазан  жарысқа  қатысып»,  одан  бұрын  өмірге  келуге 
тырысады деп түсінген. 
Сүйінші.  Қуанышты  хабар  жеткізуші  адам:  «Сүйінші,  сүйінші»,  -  деп  келеді. 
Мұндайда  қуанышты  үй  иесі:  «Қалағаныңды  ал»,  -  дейді.  Немесе  оған  риза 
болатындай  сыйлық  ұсынады.  Бұл  –  шын  қуанудың,  ризалықтың  белгісі.  Сүйінші 
сұраудың да, оның сүйіншісін алудың да ешқандай ерсілігі жоқ. 
Шілдехана.  Кей  жерлерде  шілделік  деп  те  атайды.  Жаңа  туған  нәрестенің 
құрметіне  жасалатын  ойын-сауық,  той.  Мұнда  «балаңыздың  бауы  берік  болсын» 
дегендей,  құтты  болсын  айтылады.  Жастар  жиналып,  ән  салып,  домбыра  тартып, 
өлең-жыр  айтады.  Шілдеханаға  шақырумен  де,  шақыруысыз  да  бара  береді. 
Шілдехана өмірге адам келгеннің және оған қуанудың бір белгісі. 
Бесікке салу рәсімі. Бесікке салу – қазақ халқындағы ең қасиетті салттың бірі. 
Бұл  салт  діни  ұғымда  белгісіз  бір  құдіретпен  байланысты,  жаңа  туған  баланы 
тазалыққа  баулу  және  жаман  нәрселерден,  тіл-көзден,  қауіп-қатерден  сақтаумен 
бірге,  өз  ұрпағын  мәпелеп,  дене  бітімін  түзу  етіп  өсіру,  физиологиясын  дамыту 
болып саналады.  Баланы бесікке 40 күн толғаннан кейін салады. Бұл да бір шағын 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
34 
той  көлемінде  өткізіледі.  Баланы  бесікке  салатын  үй  иелері  сол  күні  өздерінің 
жақын-жуықтарын бесікке салу рәсімін қызықтауға шақырады. 
Қырқынан шығару. Қазақ халқының ғұмырында жеті, тоғыз, отыз, қырық бір 
сандары қасиетті деп есептеледі. Мысалы: «Жеті қазына», «Бір тоғыз», «Үш тоғыз», 
«Қырықтың бірі қыдыр» деген қағидалар осы сандық ұғымнан пайда болған. Соның 
бірі  баланы  «Қырқынан  шығару»  дәстүрі.  Әдетте,  баланың  туғанына  қырық  күн 
толған  соң,  оны  ыдысқа  қырық  бір  қасық  су  құйып,  шомылдырады.  Бұл  –  ресми 
дәстүр.  Оған  үлкен  әжелер,  әйелдер  қатысады,  кәде  беріледі,  дастархан  жайылады. 
Сәбидің қарын шашы алынып, оны сәбидің өзінің киіміне матаға орап, тігіп қояды. 
Тұсаукесер.  Сәбиді  қаз  тұрғаннан  кейін  тез  жүріп  кетсін  деген  тілекпен 
жасалатын  ғұрып,  ырым.  Ол  үшін  арнайы  ала  жіп  дайындалады.  Бұл  ала  жіп 
аттамасын деген ұғымнан шыққан. Сол жіппен баланың аяғын кәдімгідей тұсап, оны 
аяғын жылдам басатын әйелге қидырады. Сүріншек жайбасар адамдарға кестірмейді. 
Тұсауы  кесілген  баланы  қолынан  ұстап,  тез  жүгіртеді,  шашу  шашылады.  Баланың 
ата-анасы  тұсау  кесушінің  кәдесін  береді.  Тұсаукесердің  арнаулы  жыры  бар. 
Мысалы: 
Қаз-қаз балам, қаз балам, 
Қадам бассаң мәз болам. 
Тағы, тағы баса ғой, 
Тақымыңды жаз, балам. 
Қаз баса ғой, қарағым, 
Құтты болсын қадамың. 
Шалқар  –  Ақтөбе  облысындағы  Шалқар  ауданының  орталығы,  қала,  ірі 
теміржол  стансасы.  Ақтөбе  қаласынан  оңтүстікке  қарай  360  шақырым.  Шалқар 
көлінің  жағасына  орналасқан.  Іргесі  1870  жылы  қаланған.  Қазақстан  Республикасы 
Президентінің  1992  жылғы  30  шілдедегі  Жарлығы  бойынша  Шалқар  Арал 
экологиялық  апатты  аймағына  енгізілді.  Шалқарда  42  мың  халық  тұрады.  Негізгі 
шаруашылығы  –  мал  өсірумен  айналысады.  Жері  шөлейтті,  Балғасын,  Жабысай, 
Сандықсай, Қауылжыр өзендері балыққа бай. Шалқарда Қошқар ата, Ащықұдық т.б. 
көлдер бар. 9 селолық округ бар. 
Шалқарда 93% қазақтар тұрады, қалған азғантай бөлігі – орыстар мен татарлар. 
Олар  да  қазақтардың  салт-дәстүрін  ұстайды  және  қазақша  сөйлейді.  Көпшілігінің 
балалары қазақ мектептерінде оқиды. Жергілікті тұрғындар уақыт озған сайын салт-
дәстүрге  жаңалық  енгізіп,  оны  қоғамдық  болмыс  көріністеріне  бейімдеп  өзгеріп 
отырады.  Ал  жаңа  қоғамдық  қатынастарға  қайшы  келетіндері  жойылып,  өмірге 
қажеттілері жаңа жағдайда ілгері дамиды. 
Менің жұмыс жасап жүрген мектебімнің көп жылдық ұстаздық еткен зейнеткер 
ұстазы  Бекжанов  Здан  ағай  Шалқар  өңірі  тұрғыны  алдыңғы  қатарлы  мал  шопаны 
болған Салықбаев Мырзағалидың Сәбит атты баласын «Ашамайға енгізу» дәстүрін 
баяндап айтқан болатын. Ағай: «Ашамай – ағаштан жасалған ердің қарапайым түрі. 
Үстінің кеңдігі баланың ауы сиятындай болуы керектігін айтты. Алды-артында ердің 
қасы  сияқты,  сүйеніші  бар,  үзеңгісі  жоқ.  Үстінде  жұмсақ  көпшігі  болады.  Осыны 
жуас  атқа  ерттеп,  үстіне  бала  мінгізеді.  Ауып  қалмасын  деп  басында  екі  аяғын 
байлайды. Сонан соң тізгінді балаға ұстатып, біреу атты алдымен арқан бойы жерге, 
онан соң онан ұзақ жерге жетектейді. 
Сөйте-сөйте  баланың  өзі  жүреді.  Бір-екі  күннен  соң  аяқты  байламайды. 
Айналасы  бір  жетіде  атқа  жақындап,  табиғатында  бейімділігі  бар  қазақ  баласы 
ашамайды  тастап,  ертоқымға  мінеді,  үзеңгіге  аяғы  жетпесе,  таралғыға  салады. 
Өмірінің қақ жартысы аттың үстінде өтіп, ауы ерде тозатын қамыт аяқ, қайсар қазақ 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
35 
алғашқы  ашамайға  мінгізу  тойын  жасайды.  Бұл  той  әр  ата-ананың  шама-шарқына 
қарай  болады.  Барлары  ірі  қара,  орашалары  қой  сояды.  Жоқтары  өлі  ет  асады. 
Кейбіреулері  бүйрегі  бітеу,  ұлтабары  толатындай  майы  бар  тақыр  лағын  сойып, 
көрші-қолаңына  ырым  жасайды.  Қазақ  үшін  алдымен  ашамайға,  артынан  тай 
құнанға  міну,  ат-жалын  тартты,  мал  түгілі  болды,  азаматттықтың  бастамасы  деп 
түсіндірді. 
Менің  қайын  ағам  Әкімжанның  немересі  Нұржанның  «Қарын  шашын  алу» 
тойына қатынастым. Сонда шашты шүберекке түйіп, тұмарша етіп тігіп, баланың оң 
иығына  қадады.  Жалпы  баланың  шашын  еш  уақытта  ашық-шашық  жерге 
тастамайды  екен.  Нұржанның  шашын  адам  аяғы  баспайтын  жерге  көміп  қойды. 
«Қарын  шаштың  қарғысы  қатты  болады»  деген  мақал  да  осы  салтқа  байланысты 
айтылған болуы керек. 
Менің  енем  Марияның  жас  уақытында  «Балдыз  қалың»  дәстүрі  болған.  Ал 
қазір  ол  дәстүрлер  ескірген,  қолданылмайды.  Кейде  қалыңдық  қайтыс  болатын 
жағдайлар кездескен. Мұндайда қалың малын төлеген болса, онда сол үйдің екінші 
қызын алуға құқы бар. Егер ер жігіт қалыңдығына ұрын барып, ол үйдің басқа қызы 
болмаса, төлеген малдың жартысы қайтарылады. 
Егер  бұрынғы  қалыңдығына  ұрын  барған  күйеу  енді  балдызын  алатын  болса, 
онда бұрынғының үстіне «балдыз қалың» төлеуге тиіс. Оған түйе босатқан тоғыз мал 
қосылады.  Күйеу  бұрынғы  қалыңдығына  ұрын  келмеген  болса  «балдыз  қалың» 
төленбейді.  Осы  айтылған  дәстүрлерді  біздің  ата-бабаларымыз  өз  бастарынан 
өткергенмен қазіргі кезде ескірген салт-дәстүрлердің қатарына жатады. 
Заман  өзгерген  сайын  дәстүр  де  өзгеріп,  жаңарады.  Шалқар  өңірі 
халықтарының үйлену  және үй болу  салт-дәстүрлеріне құда түсу және қыз танысу, 
қынаменде,  той  бастар,  жар-жар,  сыңсу,  жұбату,  беташар  жатады.  Жергілікті 
тұрғындардың  ерекшелігіне  тоқталсақ,  қызды  тұрмысқа  еріксіз  беру,  малға  сату 
деген жат нәрсе. Ескі салт-дәстүрде: 
Әке менен шешенің мейірі қатты, 
Өз баласын қызығып, малға сатты. 
Байлап беріп елге танымаған, 
Бір  жаманға  қор  болып  жаутаңдатты,  -  деген  өлең  жолдарынан  қыз  баланың 
қайғы-қасіретін түсінеміз. 
Үлкен  әжелердің  айтуынша,  біздің  елді  мекенде  бұрын  «Қымызмұрындық» 
тойын  жасайтын  болған.  Қымызмұрындық  –  мамыр  айынан  бастап  маусым  айына 
созылатын  үлкен  той.  Осы  кезде  мал  отығып,  биелер  жемге  байланып,  қымыз 
жиналып,  ағайын-жекжаттар  бірін-бірі  қымызға  шақырады.  Құран  оқып,  мал 
сойылып, түрлі ойын-сауықтар, жарыстар ұйымдастырылады. Осы кезде түрлі ойын-
сауықтар, той-томалақтар өткізіледі екен. 
«Тоқым  қағар».  Бұрын  Шалқар  өңірінде  «Тоқым  қағар»  тойын  өткізу  салт-
дәстүрі  болған.  7-8  жасар  бала  нағашы  жұртына  барады.  Сонда  әке-шешесі  бір 
малын сойып, ауыл-аймағын жинап, тоқым қағар тойын жасаған. 
Шалқар  өңірі  халықтарының  салт-дәстүрлерін  анықтауға  арналған  жұмыстар 
Жылтыр,  Жазықбай,  Талдықұм,  Қаражиде  ауылдарында  тұратын  қария  адамдарға 
сауалнама беру және сұхбаттасу арқылы жүргізілді. Берілген сауалнамаларға Мария 
әже, Балкүрең әже, Алтын әже, Райжан ата, Здан ата, Күлғаныс әжелер жауап берді. 
Сауалнама  жүргізіп,  сынақ  жүргізудің  мақсаты:  үйленуге  байланысты  және  бала 
тәрбиесіне салт-дәстүрлерді анықтау, зерттеу, тарату. 
Құда  түсу.  Ертеден  және  қазір  де  жалғасып  келе  жатқан  жақсы  әрі  жарасты 
дәстүрлердің бірі – құда түсу. Жігіттің әкесі немесе оның жақын туыстары қызы бар 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
36 
үйге  құда  түседі,  яғни  бойжеткен  қызын  сұрайды.  Құдалар  құрметке  лайық  сыйлы 
адам  деп  саналады.  Қыз  әкесі  келісім  берген  соң  құдалықтың  жөн-жоралғыларын 
жасайды. Оның түрі өте көп, мысалы: құда аттанар, құда тарту, ат байлар, құйрық-
бауыр,  тағы  басқа  ырымдары  мен  кәде,  алымдары  болады.  Құдалықты  басқарып 
барған адам бас құда деп аталады. Тұрмыс құратын жігіт пен қалыңдықтың әкелері 
бір-біріне «бауыздау құда» деп аталады. Құда түсу қазақтың мәртебелі әлі жарасты 
салт-дәстүрлерінің бірі. Онда түрлі ойын-сауық, әзіл-қалжыңдар айтылады. Екі жақ 
та бірін-бірі сынап отырады. 
Қыз  танысу.  Ұзатылған  қыз  өз  босағасынан  аттанар  бұрын  туған-туыстарын 
аралап, көрінеді. Мұны дәстүр бойынша қыз танысу дейді. Қыздың барған үйі оған 
құрмет  көрсетіп,  жақсы  тілектер  тілеп,  бағалы  киім,  дүние  мүлік,  жақсы  тағамдар 
беріп  аттандырады.  Бұл  бұрын  халық  арасында  өте  жарасты  дәстүр  болып 
қалыптасқан.  Оң  жақтағы  (ұзатылмаған)  қыз  төркіндемейді  және  мұндай  сөз 
айтылмайды. 
Шарғы.  Ұзатылатын  қыз  өзіне  тетелес  сіңлісіне  басына  тартатын  орамалын 
береді. «Бұл ендігі кезек сенікі, бақытыңды тап» деген сөз. Мұндай дәстүр «шарғы» 
деп  аталады.  Шарғы  салынған  қызға  жеңгелері,  замандастары  бас  қосып  келіп, 
жақсы тілек білдіріп, шәй ішеді. 
Қынаменде. Бұл да ұлттық ғұрпымыздың салтанатты да, көңілді кешінің бірі. 
Құда  түсіп,  уәде  пісіп,  қалың  мал  төлеген  соң  күйеудің  атастырған  қалыңдығын 
алғаш  рет  көруге  келген  тойы  «Қынаменде»  деп  аталады,  шығыс  халықтарында 
қынаменде кеші қыз абыройының тазалығын білдіру үшін қалыңдықпен бірге болған 
күннің  ертеңіне  де  өткізіледі.  Ән,  күй,  би  қатар  жүргізілетіндіктен  қынаменде  жас 
жұбайлардың  шаттық  кешіне,  жастардың  махаббат  мұратына  жету  символына 
айналған. Бұл да дәстүрге бай еліміздің тәрбиелік ережесінің бір саласы. 
Күйеудің  бұл  жолы  әр  жерде  әртүрлі  аталатынын  да  айта  кеткен  жөн.  Мұны 
кей  жер  қалыңдық  ойнау,  кей  жерде  ұрын  келу  дейді.  Ұзатылған  қыздың  тойында 
айтылатын өлеңнің ұсақ бір түрін той бастар деп атаған. Мұның өлеңін шығарушы, 
әдетте, ақындар болған. Кейде ондай той бастар өлеңін ақындар ғана айта беруі шарт 
емес.  Кейде  ондай  той  ішінде  ақынның  болмауы  да  мүмкін.  Сондықтан  әуелде 
ақындар  шығарған,  кейіннен  елге  тараған,  жұрт  жаттап  алған  той  өлеңін  сөзге  ебі 
бар, жылпос жігіттер де айтып жүрген. 
Той бастардың негізгі мақсаты – той жасап отырған үйдің ұзатылатын қызына 
(құтты  болсын  айту,  жақсы  тілек  білдіру,  тойға  жиналған  адамдарды  көңілдендіру. 
Сонымен  қатар,  күйеуге  ұзатылып  бара  жатқан  ел-жұртын,  ата-анасын,  туған-
туыстарын тастап кетуді қимай, қиналып отырған қызға демеу беру, көңілін  аулау, 
«ата-ананың жолы – осы» деп көрсету. Осы мақсаттан туған той бастар өлеңінің бір 
үлгісі мынадай болып келеді: 
Бағылан серке, марқасқа қой бастайды
Қой алдында жануар ойқастайды. 
Құтты тойға кез болған жолды жігіт, 
Бұрынғының жолымен той бастайды. 
Құнан қойын шайлатып, сойдырған үй, 
Табақ-табақ ет тартып тойдырған үй. 
Сәтті күні сәрсенбі той қылыпсыз
Құтты болсын, тойыңыз, той қылған үй. 
Немесе: 
Белгілі бұл қазаққа тілдің желі, 
Той қылдың жұрт жиналған мерекелі. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
37 
Сәрсенбі сәтті күні той қылыпсыз
Тойыңыз тойға ұлассын берекелі. 
Той  бастар  өлеңінің  осылай  басталатын  үлгілерінің  қайсысын  алсақ  та, 
мазмұны  жағынан  бір-біріне  ұқсас  келеді.  «Сәрсенбінің  сәтті  күні  той  жасаған» 
адамға  «құтты  болсын»  айтудан  басталған  той  бастар  өлеңдері  өз  кезіндегі  әдет-
ғұрып салт бойынша, әңгімені ұзатылатын қыз жағына қарай да ауыстырады. Қызға 
да  айтары:  «Ата-ананың  жолы  осы,  соған  көн,  көңіліңе  қайғы  алмай,  аттан»,  -  деу. 
Той бастар өлеңдерінің бәрінде кездесетін және мадақтап, мақтау түрінде айтылатын 
негізгі  идея  осылай  болып  отырады.  Мұнымен  қатар,  той  бастар  өлеңдерінің 
кейбіреулерінде  той  иесінің  сән-салтанатын,  ойын-сауығын,  байлық-бақытын  жер-
көкке  сыйғызбай  мақтаушылық,  ол  адамды  бүкіл  ел-жұрты  жарылқаушы  есебінде 
көрсетушілік  те  кездеседі.  Мұндай  дәріптеулер,  асыра  мақтаулар  байлардың 
тілегінен туған. Сондықтан оларды той бастар өлеңдерінің халыққа жат түрі деп білу 
керек. 
Той  бастаушының  екінші  бір  міндеті  –  «жаршылық»  қызметін  атқару.  Той 
бастар өлеңін кейде арнаулы «жаршылар» да айтқан. Олар: «Жарандар-ау, жарандар, 
құлағыңды  бері  сал....»,  -  деп  тойдың  тәртібін,  ендігі  жерде  қандай  ойын-сауық, 
қызықтар  болатындығын,  той  иесінің  немесе  басқалардың  жариялайтын  қандай 
сөздері  барлығын  хабарлап  отырған.  Той  бастардың  өлеңдері  төрт  жолды,  он  бір 
буынды,  тілі  халыққа  түсінікті,  біреуден  біреудің  жаттап  алып  айтып  жүруіне  әрі 
жеңіл, әрі ыңғайлы болып келеді. 
Жар-жар.  Той  бастардан  кейін,  ұзатылатын  қыздың  тойында  айтылатын 
өлеңнің екінші бір түрі – жар-жар. Мұны ойынға жиналғандар екі жақ болып, айтыс 
түрінде орындайды. Бір жағы қыздар, екінші жағы жігіттер немесе қыз алушы және 
қыз  беруші  құдалар  жағы  болып  екіге  бөлініп  айтысқа  түседі.  Сөзді  тойға  келген 
ақындар,  болмаса  «жар-жардың»  жұртқа  мәлім,  жаттап  алынған  өлеңін  білетін 
жігіттер бастайды. 
Айтыстың басты тақырыбы, мазмұны ұзатылғалы отырған, жарына қосылатын 
қыз туралы, оның жаңа жерге, жат жұртқа бара жатқандығы жайында болып келеді. 
Мұнымен  қатар,  қыздың  көңілін  аулай  отырып,  оның  жаңа  жерде  жақсы  тұрмыс 
құруы, балалы-шағалы, ауқатты болуы туралы сөз қозғалады, жақсы тілек айтылады. 
Бәрінен де қымбатты қыздың жары екендігі баса айтылып, өлеңнің әрбір жолы «жар-
жар» деп қайырылады, «жар» деген сөз қыздың құлағына құйыла беріледі. Әрқашан 
да  «жар-жарды»  жігіт  бастап  айтады.  Ол  өзінің  сөзін  ұзатылғалы  отырған  қыздың 
көңілін  аулаудан,  секемді  болмаудан  бастайды.  Осы  ретпен  басталған  «жар-жар» 
айтысы, бұдан әрі қарай созыла береді. Сонда жігіт ұзатылғалы отырған қыздың әке-
шешесін, туған-туысын, аға-інісін, апа-сіңлісін, құрбы-құрдасын, жеңгелерін өлеңге 
қосып, тізіп шығады. 
Бұл  аталған  адамдардың  орнын  қыздың  барғалы  отырған  қайын  жұртында 
ағайын-туыстар  болатынын  айтады,  «шешең  орнына  қайын  енең  бар,  інің  орнына 
қайын  інің  бар»  деп  дәлелдейді.  Жігіттің  бұл  сөзіне  қыз  кезекпен  жауап  қайырып, 
олардың  бірде-бірі  өз  туыстарындай  еместігіне  мұңаяды,  жылап,  жыр  етеді, 
көңіліндегі  қайғы-қасіретін  шертеді;  туып-өскен  жер,  ағайын-туыс,  еркін  жүрген 
кезін  айтып,  қоштасады.  Айтысқа  түскен  құдалар  тобы  да  қыздың  көңілін  аулап, 
бірқатар  сөздер  айтады.  «Жат  жерге  кеттім  деп  жылама,  қатарыңнан  қалмайсың, 
құрбы-құрдастарыңнан кем болмайсың», - дей отырып, болашақ өміріңнің қызықты 
өтетіндігін, жар сүйіп, бала көретіндігін айтып жұбатады. Қыз көңілін әзіл-оспақпен 
көтеруге  тырысады.  Бұл  айтылған  жұбату  сөздердің  бәріне  жауап  ретінде, 
ұзатылғалы  отырған  қыз  жиналған  көпшілікке  өзінің  аянышты  халін,  көңіліндегі 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
38 
қайғы-қасіретін  шағып  зар  етеді.  Буыны  бекіп,  бұғанасы  қатпағандығын,  жастық 
қызық дәуренінен айрылғанын, малға сатылып, күйеуге еріксіз кетіп бара жатқанын 
білдіреді. Мәселен: 
Уылжыған ақша бет қуарсайшы, 
Мөлдіреген екі көз суалсайшы. 
Бір жаманға қор болып кеткеніңше, 
Өліп  қана  қыз  сорлы  уансайшы,  -  дейтін  өлеңдерден  өткендегі  қазақ 
қыздарының ауыр қайғысы, ащы зары естіледі. Сүйгеніне бара алмай, теңіне қосыла 
алмай,  арманда  кеткен,  мал  орнына  сатылған  қыздар  «жар-жар»  өлеңі  арқылы  да 
қытымыр заманның әділетсіз әдет-заңына қарсылық білдіріп, оған қарғыс айтады. 
Каталог: docs
docs -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы
docs -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы
docs -> Гуманитарлық Ғылымдар кәсіби қҰзыреттіліктің негізінде студенттердің Өзіндік әрекет ету дайындығын қалыптастыру
docs -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы
docs -> C m y k газет 2008 жылдың қазан айынан бастап шығады
docs -> Жылдық есебі кафедраның тәрбие жетекшілерінің жұмысы
docs -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет