Зерттеуші



жүктеу 4.05 Mb.
Pdf просмотр
бет8/20
Дата28.12.2016
өлшемі4.05 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20

Әдебиеттер 
1 Тұрғынбаева Б.А. Мұғалімнің шығармашылық әлеуметін біліктілікті арттыру 
жағдайында дамыту: теория және тәжірибе. – Aлматы, 2010. 
2  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  Қазақстан 
халқына жолдауы. – Алматы, 2005. – 19 б. 
3 2011-2020 жылға дейінгі білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы. 
– Астана, 2010. 
4  Назарбаев  Н.Ә.  Ел  Президентінің  Қазақстан  халқына  жолдауы.  –  Астана, 
2008. 
5 Шағыр Қ. Әрбір ұстазға берері мол // Тәрбие құралы. – 2005. – №5. – 55-56 
бб. 
6  Бұзаубақова  Қ.Ж.  Мұғалімнің  инновациялық  даярлығын  қалыптастыру.  – 
Алматы: Жазушы, 2006. 
7  Қазақстан  Республикасы  Білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға 
арналған мемлекеттік бағдарламасы. – Астана, 2010. 
 
 
 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
54 
ҚАЗЫБАЕВА Манат Жаппарқызы, 
Мақтаарал гуманитарлық-экономикалық және агробизнес колледжі 
«Математика» пәнінің оқытушысы, Атакент кенті, Мақтаарал ауданы
Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы 
 
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК ІС-ӘРЕКЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
 
Бала білімді тәрбие арқылы өздігінен алу керек. 
Мұғалімнің қызметі оның білімінің
шеберлігінің керек орнына өздігінен алатын 
тәжірибелі білімнің ұзақ жолы қысқару үшін, 
ол жолдан балалар қиналмай оңай оқу үшін, 
керек білімін кешікпей кезінде алып отыру үшін, 
балаға жұмысты әліне шағындап беру мен 
бетін белгілеген мақсатқа қарай түзеп отыру қажет. 
Ахмет Байтұрсынов 
Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  заңында  мемлекеттік  саясат 
негізінде  ең  алғаш  рет  әр  баланың  қабілетіне  қарай  интеллектуалдық  дамуы  жеке 
адамның дарындылығын таныту сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отыр. ХХІ ғасыр – 
бәсеке ғасыры, бұл бәсеке енжарлықты, кертартпалықты көтермейді. Сондықтан да 
еліміздің  білім  берудегі  ұлттық  жүйесі  өте  қарқынды  өзгерістер  сатысында  тұр. 
Бүгінгі  таңдағы  негізгі  мақсат  –  білімді,  қабілетті,  өзіндік  жеке  көзқарасы  бар 
қалыптасқан  тұлға  тәрбиелеу.  Ол  үшін  оқушылардың  белсенділігін  арттыру, 
ізденімпаздыққа  үйрету,  және  білімді  өз  бетінше  алуы  мен  қолдана  білетін  дарын 
иесін тәрбиелеу керек. 
Ахмет Байтұрсынов оқушылардың өзіндік жұмысының маңызы туралы былай 
деген:  «Бала  білімді  тәрбие  арқылы  өздігінен  алу  керек.  Мұғалімнің  қызметі  оның 
білімінің, шеберлігінің керек орнына өздігінен алатын тәжірибелі білімнің ұзақ жолы 
қысқару үшін, ол жолдан балалар қиналмай оңай оқу үшін, керек білімін кешікпей 
кезінде алып отыру үшін, балаға жұмысты әліне шағындап беру мен бетін белгілеген 
мақсатқа қарай түзеп отыру қажет». 
Оқушылардың  өзіндік  жұмыстары  міндетті  түрде  мұғалімнің  басшылығын, 
сонымен  қатар  олардың  дербестігін,  олардың  қызығып,  өз  ықыласымен  жасайтын 
әрекетті керек етеді. 
Оқушылардың  өз  бетінше  жұмыстарын  ұйымдастыру  олардың  білімдерін 
көтеруге  өз  септігін  тигізеді.  Оқушылардың  өз  білімін  көтеру  дағдысын 
қалыптастыру  қазіргі  кезде  көкейтесті  мәселе  болып  отыр.  Қазіргі  уақытта 
«Математика»  пәнінің  мұғалімдерінің  алдында  тұрған  жауапты  міндет  – 
оқушылардың білім дәрежелерін барынша жетілдіру. Оқушының пәнге қабілеті жоқ 
деп қорытынды жасау  – оқушының болашағына жасалған қысым. Оның өзіне сену 
қабілетін, жауапкершілігін, еңбекке деген қабілетін жоюмен бірдей. 
Пән  бойынша  оқушылардың  білім  дәрежелерінің  төмендігі,  олардың 
қабілеттерінің  жоқтығынан  емес,  өз  беттерімен  жүйелі  түрде  білім  алуға 
дағдыланбаудан,  жүйелі  еңбектің  жоқтығынан.  Олай  болса,  әр  мұғалімнің  мақсаты 
оқушылардан  тек  анықтама,  теорема,  аксиомаларды  жатқа  айтуды  талап  ету  ғана 
емес,  оларды  алған  білімдерін  қолдана  білуге,  дәлелдеуге,  анализ  жасауға  әр  пәнге 
қатысты  интуицияға  үйрету.  Білім  алудың  ең  бірінші  жолы  әр  оқушының  үлкен 
жауапкершілігі, өз-өзіне талап қоя білуі, қиындықты өз бетімен шеше білуге үйренуі. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
55 
Қазіргі  педагогтардың  алдында  тұрған  ең  жауапты  міндет,  ол  оқушылардың 
шығармашылық өз білімін көтеру дағдысын қалыптастыру. 
Мұғалімге оқушылардың өз білімін көтеру дағдысын қалыптастыруда не істеу 
керегі,  мысалы,  өз  беттерімен  жүргізілетін  әртүрлі  лабораториялық  жұмыстар, 
диктант, сынақ, семинар, тағы басқа жұмыстардың түрлерін біліп қою ғана емес, сол 
теориялық білімді іс-жүзінде қалай іске асыру керектігін білу қажет. Ал, бұл мақсат 
мұғалімнің  тек  ерінбей-талмай,  ізденуіне,  жауапкершілігіне  байланысты.  Ол  үшін, 
мұғалім мынандай төрт түрлі талапқа жауап беруі керек: 
Біріншіден: өз пәнін теориялық тұрғыдан өте жетік білуі керек
Екіншіден:  әр  бағдарламалық  материалдардың  мақсатын  оқушылардың  жас 
ерекшеліктеріне, психологиясына байланысты түсіндіре білу керек; 
Үшіншіден:  түсіндірілген  материалды  сол  сабақтың  үстінде  оқушылардың 
қандай дәрежеде меңгергенін тексеріп үлгеруі қажет; 
Төртіншіден:  материалды  барлық  оқушылардың  толық  меңгеруіне  талап  қоя 
білуі керек. 
Осы  процестер  кезіндегі  оқушылардың  өз  бетімен  жұмыс  істеу  жүйесін  іске 
асыру арқылы олардың өз білімдерін көтеру дағдысын қалай қалыптастыру керек? 
Өзіндік  жұмыстарды  өткізу  барысында  мұғалімнің  алдындағы  мақсаттары  әр 
түрлі:  ол  өткізілген  жұмыстың  мазмұнын  таңдап  алу,  орындалу  жолдарын, 
формасын  анықтау,  жұмысты  тексеріп,  қорытындылау.  Жұмыс  мазмұны 
оқушылардың  танымдық,  байқағыштық,  елестету,  ойлау  қабілеттерін  жетілдіру 
негізінде  құрастырылуы  керек.  Өзіндік  жұмыс  формасын  өзгерте  отырып, 
оқушылардың  білім  дәрежелерін  тексеру,  үйрету,  жаттықтыру  жолдары  іске 
асырылады. Барлық оқушыға берілген бірдей тапсырма бір оқушы үшін тек жаттығу 
есебі  болса,  екінші  біреу  үшін  ол  белгісіз  тапсырма,  оған  ол  шығармашылық  пен 
шығару  жолдарын  іздену,  еңбектену  арқылы  келуі  мүмкін.  Барлық  оқушылар 
орындаған  өзіндік  жұмыстарды  тез  тексеру,  қорытындылау  мұғалімге  үлкен 
қиындық  тудырады,  сондықтан  да  оқушылардың  қабілеттеріне  қарай  бір  ғана 
тапсырманы  бірнеше  қадамға  бөлуге  болады.  Мысалы:  1-ші  есеп,  қабілеттілігі 
жоғары деген оқушылар үшін төрт қадамнан тұрса, 2-ші есептің шешуі жоғарғыдағы 
есептің  тек  үш  қадамынан,  ал  3-ші  есеп  алдағы  есептің  тек  екі  қадамынан  ғана 
тұрады.  Бұл  мысалдардан  мұғалімнің  әр  оқушының  психологиялық  ерекшелігін, 
білім  дәрежесін,  қабілеттілігін,  яғни  өзіндік  жұмысты  дұрыс  ұйымдастырдың 
маңызы зор екені көрінеді. 
Оқушылардың  ойлау  қабілетін  арттыру  мақсатында  өзіндік  жұмысты 
оқушыларға  жекелеген  проблемалық  материалдар  бере  отырып,  сабақ  мақсатына 
байланысты  жалпы  проблемаларды  өз  беттерімен  шешуге  үйретудің  маңызы  зор. 
Әсіресе,  оқушыларды  өзіндік  бақылауға  бейімдеу,  оларға  бақылаудың  әр  түрлі 
түрлерін үйрету қажет. 
Оқушыларды  өзіндік  бақылауға  бейімдеу  мәселесі  «Білім  заңында» 
көрсетілгендей,  Қазақстан  Республикасының  егемендігі  жайындағы  білім  беру 
үрдісінің  жаңартылу  тұрғысынан  көкейтестіленіп  отыр.  Заңда  осы  заманғы  білім 
беру  жүйесінің  басымдық  міндеттері:  «Тұлғаның  рухани  және  физикалық 
мүмкіндіктерін  ашу,  адамгершіліктің  берік  негіздерімен  салауатты  өмір  салтын 
қалыптастыру, жеке даму үшін жағдай туғызу арқылы интеллектіні байыту жатады», 
- деп көрсетілген. 
Қазақстан  Республикасының  жалпы  білім  беретін  оқу  орындарын  дамыту 
тұжырымдамасында  өзіндік  жұмыс  және  өзіндік  бақылауға  байланысты  мақсаттар 
мен міндеттер нақтыланған. Ол міндеттерге мыналар жатады: 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
56 
-  оқушылардың  тұлғалық 
пісіп-жетілу  деңгейін  қалыптастыру,  өзін 
тәрбиелеуге,  өзіндік  білім  алуға  бейімдеу,  тұлғаның  үздіксіз  білім  алуына,  өз 
бетінше білімін толықтырып, тереңдетуге ынта-ықыласын тудыру; 
-  санасын  ашу  арқылы  нарықтық  экономикалық  жағдайында  оқушылардың  өз 
ойларын жүзеге асыруға жағдай туғызу. 
Қазіргі  жағдайда  адамға  қажетті  білім  көлемі  күрт  артып  отыр.  Сондықтан 
оқушыны  өзінің  белсенді  оқу  әрекеті  арқылы  өз  білімін  үздіксіз  толықтырып 
отыруға үйрету аса маңызды. Толыққанды өзіндік оқу әрекетін қалыптастыру үшін 
оқушының өзіндік білім алуды қажетсінуін ояту және таным әдістерімен таныстыру 
керек. Оқу мақсаттары оқушының оқу әрекетінде іске асырылады. 
Өзіндік  бақылауға  бейімдеу  –  оқушыны  өзін-өзі  дамытатын  белсенді  тұлға 
ретінде өзін тануға, өзіндік дамуға, өзін бақылап бағалауға қабілетті, мұғаліммен тең 
диалогтық қарым-қатынасқа түсе алатын тұлға ретінде қалыптастырушы фактор. 
Өзіндік  бақылау  күрделі  және  кешенді  сипатта  іске  асатын  әрекет,  өйткені 
оның әрбір құрамдас бөліктерінің өзіндік құрылымы бар. 
Оқыту үрдісіндегі өзіндік бақылау үш блоктан: өзіндік әрекет, өзіндік басқару 
және өзіндік бағалаудан тұрады. 
Өзіндік  бақылау  мен  бағалау  толыққанды  үрдіс  ретінде  белгілі  бір  мақсатта 
оқушының  өзіндік  басқаруы  және  өзіндік  әрекеті  аясында  іске  асады.  Демек,  бұл 
ұғымдар әр  алуан өзіндік жұмыстармен тікелей байланыста болады. Оқушылардың 
өзіндік  әрекеттері  мақсатында  өзіндік  бақылауға  бейімделуді  жүзеге  асыратын 
әрекет-қимылдарды  оқушының  өзінің  таңдап  алуы,  оларды  алдын-ала  жоспарлауы 
кіреді.  Өзіндік  әрекет  білім  беру  үрдісінің  барлық  кезеңдерін  қамтуы  тиіс.  Өзіндік 
әрекеттің  мақсатын  айқындаудағы  мұғалімнің  мұраты  –  оқушының  оқыту 
үрдісіндегі өзінің рөлін мойындауына қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету. 
Өзіндік  әрекеттің  екінші  бөлігі  оқу-танымдық  тапсырмаларды  орындаумен 
байланысты  болып,  қимылдардың  жиынтықтарының  құрылым  элементтерін,  яғни 
операциялардың орындалу реттілігін анықтаумен сипатталады. Ал өзіндік әрекеттің 
үшінші  бөлігі  –  құралған  танымдық  іс-әрекеттер  жатады.  Өзіндік  әрекет  арқылы 
жүзеге асырылатын танымдық оқу әрекетінің түп мақсаты – тұлғаны қалыптастыру. 
Оқушыны  өзіндік  бақылауға  бейімдеудің  педагогикалық  тұжырымдамасының 
басты  мақсаты  баланың  өзіндік  еркін  дамуында  педагогтың  кәсіби  көмек  көрсетуі 
болып  табылады.  Бірақ,  қандай  да  дарынды  педагог  болғанымен  оқушы  тұлғасын 
дәл  өзі  ойлағандай  етіп  қалыптастырып  шығара  алмайды.  Бұдан  шығатын 
қорытынды:  мұғалімнің  басты  мұраты  оқушының  белсенді,  толыққанды  және 
шығармашылықпен  өзіндік  әрекетіне  жол  ашуы,  өзін  дамыту,  өзін  бағалауын 
жеткілікті  қамтамасыз  ететін  қажетті  жағдайларды  жасау  және  оны  сақтау,  яғни 
өзіндік дамуына жол ашу. 
Өзіндік бақылау жүйесін жүзеге асырудың әрі мазмұны, әрі басты құралы – оқу 
танымдық  тапсырмалар  жүйесімен,  яғни  дидактикалық  құралдармен  жұмыс  істей 
білу.  Оқу-танымдық  тапсырмаларды  орындау  әрекеті  өзімен,  топта  бірге  оқитын 
студенттермен,  оқытушымен  диалог  түрінде  орнатылған  ахуалды  шешу  үрдісі 
арқылы ұйымдастырылуы тиіс. 
Өзіндік бақылауға тиімді бейімдеуге арналған оқу-танымдық тапсырмалардың 
үш типі анықталған: 
1.  Оқушының  өзіне  қатынасын  тудырып,  өзіне  әр  түрлі  тұрғыдан  қарауға 
мүмкіндік беретін тапсырмалар. Мұндай тапсырмалар тек пәндік білімді ғана игеріп 
қоймай,  оқушының  өзінің  оқу-танымдық  әрекетін  бақылап,  бағалауын,  өзіндік 
бақылаудың нәтижесін алдын ала біліп отыруды таңдау білігін де арттырады. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
57 
2.  Белгілі  бір  жағдайда  орындалатын  тапсырма.  Мұндай  тапсырмаларды 
орындау барысында оқушы оқу материалының берілу логикасына, түріне, өзінде бар 
білімге талдау жасауға мүмкіндік алады. 
3. Өзіндік бақылауда жоғары табыстарға қол жеткізуге, әрі қарай мойындап, өз 
әрекетінде  қолдануға  жол  ашатын  есептер  мен  тапсырмалар.  Бұндай  тапсырмалар 
өзіндік жұмыстарды орындауға оқушының ынта-ықыласын, қызығуын туғызады. 
Аталып  өткен  тапсырмалар  типтері  оқушыларды  өзіндік  бақылауға 
бейімдеудің арнайы жүйесінің барлық бөліктерінде жүзеге асырылуы тиіс. 
Өзіндік  бақылауға  бейімдеудің  түпкі  нәтижесі  әрі  мақсаты  оқушының  өзіндік 
дамуы  мен  өзінің  оқу-танымдық  әрекетін  жетілдіру  болып  табылады.  Оқыту 
үрдісінде  өзіндік  бақылауға  бейімделудің  міндеттері  мен  қоғамның  дамуы,  оның 
қажеттіліктері  мен  білім  берудің  құралдары  және  қатысатын  тұлғаларды  ескеру 
арқылы айқындалады. 
 
Әдебиеттер 
1 Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. – Астана, 2007. 
2 Есипов Б.П. Самостоятельная работа на уроках. – М.: Учпедгиз, 1961. 
3  Нильсон  О.А.  Теория  и  практика  самостоятельной  работы  учащихся.  – 
Таллин: Валгус, 1970. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
58 
«ЗЕРТТЕУШІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ 
ҰЙЫМДАСТЫРҒАН «БАЛАЛАР БАҚШАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРІНІҢ ҮЗДІК 
ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСЫ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ, ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК 
ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАР КОНКУРСЫНА ТҮСКЕН ЖҰМЫСТАР 
 
ЕЛЕМАНОВА Жадыра Отарбекқызы, 
«Қапшағай қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 
Шеңгелді ауылындағы «Ақбота» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық 
кәсіпорнының тәрбиешісі, Шеңгелді ауылы, Қапшағай қаласы
Алматы облысы, Қазақстан Республикасы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕ 
ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ МАҢЫЗЫ 
 
Аңдатпа 
Бұл  мақалада  мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  тәрбиелеудегі  ойынның 
маңызы  қарастырылған.  Балалардың  психологиялық  ерекшеліктерін  негізге  ала 
отырып,  олардың  ой-танымын,  қиялын,  тілін,  ой-өрісін  дамыту  мақсат  етілген. 
Халқымыздың «Баланы ойын өсіреді» деген нақыл сөзінің мағынасын ашу көзделеді. 
 
Ұлт  болашағы  болатын  ұрпағының  қамын  жөргекке  орап,  ақ  бесігіне 
бөлегеннен бастап қолға алған аталарымыздың әрбір ісі өнеге. Бесік жырымен есін 
білген елдің қашанда көші  түзу, өрісі кең болмақ. Осынау ұлан-ғайыр далаға иелік 
етіп,  жер  бетінің  жұмағындай  жерді  мекендеуіміздің  бастауы  сан  ғасырдан 
жалғасып, бүгінге жеткен ұрпақ тәрбиесінде жатыр. 
«Ана  көрген  тон  пішер,  әке  көрген  оқ  жонар»  деген  қағиданы  берік  ұстанған 
ата-аналарымыз сәбиін қырқынан шығарып, жан-жаққа қарап, езу тарта бастағаннан 
бүлдіршінін ойын «әлемімен» таныстыра бастайды. Сипалап, уқалау, аяқ-қолын созу 
барысында «Өс-өс», «Қуырмаш», «Бесік жыры» өлеңдерін айта отырып әрі ойнатып, 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
59 
әрі тәрбие бере білген. Баланы табу – қиын, жақсылыққа бастау – одан да қиын деп 
білген  қазақ  халқы  балаларды  есейгенде  Отанының,  халқының  азаматы  етіп 
тәрбиелеуде  алуан  түрлі  айла-тәсіл  қолданған.  Тіпті,  алғаш  аяғын  еркін  басып,  тілі 
толық шығып, ойнай бастағанда, оларға «Санамақ», «Ханқыз» сияқты айтуға жеңіл, 
тапқырлық пен ақындыққа жетелейтін ойын түрлерін үйреткен. 
Қазіргі  таңда  сол  ұлттық  ойын,  өлең  шумақтарымен  былдырлап  тілі  шыққан 
бала  балабақша  табалдырығын  аттағаннан  кейін  өмір  тануы,  еңбекке  қатынасы, 
психологиялық  ерекшеліктері,  тілінің  дамуы  осы  ойын  үстінде  қалыптасады. 
Баланың ойлау әрекеті, балабақшада өтілетін сабақтарда, ойындарда, танымды әсері 
мол  дидактикалық  ойындарда  әрбір  нәрсенің  мазмұнын,  мәнін  түсініп,  ой-өрісі 
кеңиді. Ойын сабақтарда қиялы дамып, өздеріне таныс заттарын жаңа қырынан біліп 
тануы, атауларын дұрыс атай білуі, сипаттама бере білуі қалыптаса бастайды. 
Ойынның  сюжеті  мен  мазмұны.  Балалар  ойындарында  айналасындағы 
шындықтың көп жақтылығын көрсетеді. Олар үй тұрмысынан үлкендердің іс-әрекеті 
мен  олардың  еңбектегі  қарым-қатынастарынан  көріністер  көрсетіп,  замана 
оқиғаларын  бейнелейді.  Көбінесе  шындық  –  рөлді  ойындардың  сюжеті  болады. 
Балалар араласатын өмір ауқымы неғұрлым кең болса, ойын сюжеті де соғұрлым сан 
алуан  келеді.  Сондықтан  кішкентайлардың  ойын  сюжеттері  шағын,  ал  мектепке 
дейінгі ересектердің ойын сюжеттері өте сан алуан. Ойын сюжетінің әр алуандығы 
артқан сайын ойын  уақытының ұзақтығы да  артады. Мысалы, 3-4  жастағы балалар 
ойынының  ұзақтығы  10-15  минут  болса,  4-5  жастағы  балалар  ойынының  ұзақтығы 
40-45 минутқа, мектепке дейінгі жастағылар ойыны бірнеше сағатқа созылады. 
Сюжетті  ойындар  мектепке  дейінгі  балалар  өмірінде  елеулі  орын  алады. 
Сюжетті  рөлді  ойындардың  ерекшелігі  сол,  оны  балалардың  өздері  жасайды. 
Ойынның  дербес  әрекеті  айқын  өнерпаздық  және  шығармашылық  сипатта  болады. 
Бұл  ойындар  ұзақ  та,  қысқа  да  болуы  мүмкін.  Сюжетті  рөлді  ойында  бейнелеу 
құралы  рөл  мен  ойын  әрекеттері  болып  табылады.  Өзінің  сипаты  жағынан  бұлар 
көбінесе  еліктеу,  шындықты  көрсету  болып  табылады.  Ойын  кезінде  балалар 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
60 
арасында  ынтымақтастықтың  белгілі  бір  түрлері  пайда  болады.  Бірлескен  ойында 
балалар  қарым-қатынас  жасау  тілін,  өз  іс-әрекетін,  басқалардың  іс-әрекетімен 
үйлестіреді,  өзара  түсінуді  өзара  көмектесуді  үйренеді.  Ойын  үстінде  балаларда 
тәжірибе  алмасу  пайда  болады,  ересектерден  көмек  сұрайды.  Нәтижесінде  ойын 
қызықты  да  сан  алуан  болады.  Ойынға  деген  қызығу,  оған  қатысуға  деген  тілек 
балаларды өзара келісімге келтіреді. 
Ойынның  мазмұны  оны  қызықты  етеді,  ойнауға  ықылас  пен  ынтаны 
қоздырады.  Ойын  процесінде  балалардың  өздері  ойнаушылардың  мінез-құлқымен 
өзара қарым-қатынасын анықтайды және реттейтін ереже белгілейді. Егер тәрбиеші 
ойынды  ақылмен  ұйымдастырса,  ол  балаларға  ықпал  жасауға  мүмкіндік  алады. 
Тәрбиеші  балаларға  жақын  болуға,  олардың  ойындарының  сүйікті  қатысушысы 
болуға  тиіс.  Ойынның  мазмұнымен  ережесін,  өзінің  ойындағы  рөлін  пайдаланып, 
ойнаушылардың  ынтасын  басып  тастамай,  әдеппен  ойынның  барысын,  олардың 
өзара қарым-қатынасын бағыттап отырады. Өзі де сол рөлге қатыса алады. Ойынның 
көп  уақыты  серуенде  өтеді.  Сондықтан  аулада  арнаулы  құрылыстар,  ғимараттар 
көптеген  құрылыс  материалдары  күректер,  доптар,  секіргіштер  болуға  тиіс.  Ойын 
сонымен  бірге  оқу  үстіндегі  оқытумен  де  тығыз  байланысты.  Ойын  ешқашан  да 
өзінің қызықшылығын жоғалтпайды, тек оның мазмұны, сипаты өзгереді. Ойындар 
мазмұнына  қарай  өзіне  тән  ерекшеліктеріне  қарай  сюжетті  –  рөлді, 
драматизациялық,  дидактикалық  құрылыс  ойындары,  қимылды  ойындар,  ұлттық 
ойындар болып бөлінеді. 
Балалар  өміріндегі  сюжетті  –  рөлді  ойындардың  орны.  Мектепке  дейінгі 
шақта ойын іс-әрекеттің басты түріне айналады, алайда, бұл қазіргі баланың әдетте, 
көп  уақытын  өзіне  қызықты  ойындармен  өткізетіндігінен  емес,  ойын  баланың 
психикасында  саналық  өзгерістер  туғызатындығынан  болады.  Мысалы,  қолына 
түскен затпен қимылдар жасағанда немесе үлкендердің үйреткендерін орындағанда 
бала ойнап отыр деп жиі айтамыз. Бірақ, бала бір әрекетімен  – екінші әрекетті, бір 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
61 
затпен  –  екінші  затты  бейнелегенде  ғана  нағыз  ойын  болады.  Ойын  әрекеті 
символикалық  сипатта  өтеді.  Тек  ойында  ғана  бала  санасында  белгілі  бір  функция 
қалыптасатындығы неғұрлым айқын байқалады. 
Бала ойында заттарды ажыратып қана қоймай, сонымен қатар өзіне қандай да 
бір  рөлді  алады  да,  соған  сәйкес,  іс-әрекет  жасай  бастайды.  Өзін  аттың  немесе 
қорқынышты  аңның  орнына  қояды,  көбіне  ересек  адамдарды,  анасын,  тәрбиешісін, 
ұшқышты,  жүргізушіні  бейнелейді.  Айналасындағыларға  қатысты  міндеттер  –  бала 
өзіне алған рөлді орындау қажет екендігін сезгендігі. Өзге балалар одан алған рөлін 
дұрыс орындауды күтеді және талап етеді. Мысалы, «сатып алушыны» ойнаған бала 
өзінің  алған  заттары  үшін  ақша  төлемей  кетуге  болмайтындығын  түсінеді.  Дәрігер 
рөлі  шыдамды  болуға  және  ауруға  талап  қоя  білуге  міндеттейді.  «Дәрігер»  өзіне 
құрмет  пен  сенімділік  қарым-қатынасты,  өзі  берген  нұсқауларды  емделушілердің 
орындауларын  талап  етуге  құқы  бар.  Сюжетті  рөлді  ойынның  мәні  рөлді 
ойнаушының өзіне қойылған міндеттерді орындауы мен ойынға қатысушы өзгелерге 
де қатысты құқықтарын іске асыру болып табылады. 
Каталог: docs
docs -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы
docs -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы
docs -> Гуманитарлық Ғылымдар кәсіби қҰзыреттіліктің негізінде студенттердің Өзіндік әрекет ету дайындығын қалыптастыру
docs -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы
docs -> C m y k газет 2008 жылдың қазан айынан бастап шығады
docs -> Жылдық есебі кафедраның тәрбие жетекшілерінің жұмысы
docs -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет