Зинол-Ғабден Қабиұлы Бисенғали



бет1/4
Дата21.11.2022
өлшемі138,5 Kb.
#51568
  1   2   3   4

Зинол-Ғабден Қабиұлы Бисенғали,
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттыұ университетінің
профессоры, филология ғылымдарының докторы.
Махамбет жырларының поэтикасы
Махамбет Өтемісұлы - көзсіз батырлығының үстіне, аса дарынды тұлға. Шығармашылығы да ешкімге ұқсамайтын дара құбылыс. Жарақты жауға жасқанбай шабатын серілік дәуірдің соңғы өкілдерінің бірі. Бәлкім сондықтан шығар өлеңдері мен толғаулары, жырлары арнасына сыймай, бейсаналық әрекеттерімен жиі қабаттасады.
Махамбет қазақ ауыз әдебиеті мен халық әдебиетнің жаңа дәуірге - кәсіби әдебиетке ұласар тұсында, өлара мезгілде өмір сүріп, Алла сыйлаған таланты мен табиғи қасиеттерінің арқасында құдіретті туындыларды дүниеге әкелді. Шексіз қабілеттерінің қуаты мен құдіретіне лайық ғажайып туындылар сомдады.. Ол әдебиетпен кәсіби айналысқан жан емес. Замана талабына сай жаңа үлгі енгізейін деп әдейі ойланган жоқ. Алайда бойын буғып бұрқанған сезімдерді бейнелеуде, тіл қолданыстарында жана танымдық ұғымдарды еркін қолданды. Заманға сай өмірге еніп жатқан жаңа сөздердің метафоралық мағыналарын байытты. Сол арқылы да ақын халық қазақты таңғалдырды. Махамбет жырлары мен толғауларын, әңгіме, шежірелерін білмейтін қазақты кездестіру бұрындарын – қиын болса, қазір де солай.
Ақынның өлең өнерінде көп қолданған тәсілі - жыраулақ поэзия, толғаулық үлгілер. Алайда шығармаларын талдау кезінде толғау мен жыр, өлеңдер өзегіне ене бастаған жаңалықтарды бірден байқайсың.
Махамбет өлеңдерінде жайдауыт, жалаңқабат, жадағай шумақтар атымен ұшыраспайды. «Кей ретте жыр емес, әлдекімге әлдене хақында, әлдеқандай тұспалхат (шифрограмма -Ә.Кекілбайұлы) жолдап отырғандай әсер етеді. Осы мәтіндерде интертекстік сипарттар да мол.
Біз Махамбеттің өлеңдерінің өміріне, ал, өмірінің өлеңдеріне терең үңіле алсақ қана, толық түсіне аларымыз хақ. «Бірақ, ол замандағы қазақ сахарасына ондай сұңғыла тыңдарман мен ғұлама оқырманды ағыл-тегіл ғып кім бере салыпты». (Кекілбай Ә. Жұмбақ тағдыр// Махамбет. Менің атым-Махамбет.Өлеңдер.-Алматы:Жібек жолы»,2006. 8-19 бб.
Жастық шақ жырлары мен әзіл қалжың, қағытпалар араласқан сатиралық өлеңдер мен шумақтар Махамбетте болған жоқ деп кім айтар. Талантты жастың бойын билеп сезімдерін лап еткізген тіршілік құбылыстарын өлеңге айналдыру үдерісі аз болмаған. Мұны дәлел дерексіз-ақ анық айтуға болады.
Ел аузындағы әңгімелерге қарағанда он жасынан бастап өлең шығарған қабілетті жастың қоршаған орта мен заманы туралы алғашқы танымдары табиғи түрде осы жырларда жалғасын тапқан. Мұны бізге ауызша жеткен шығармалар мәтіндерінің астарларынан байқауға болады. Өкінішке орай, бұл шығармалар бізге жетпеген. Айтылған жерде қалған. есте сақтағандар түрлі саяси-әлеуметтік қиын жағдайлардың, Ресей патшасының, Кеңес үкіметінің отарлық саясатының қытымырлығынан ұмытқан.
Академиик Қ.Жұмалиев Махамбет жырларында екі адамның – Исатай мен өзінің бейнесі сомдалған дейді.
Исатай бейнесі мен ақындық тұлға – «мен» қабылдауларын өрнектеуде ақын өнердегі шеберліктің үлгісін көрсетеді.
«Таудан мұнартып ұшқан тарланым! Саған ұсынсам қолым жетер ме? Арызым айтсам өтер ме? Арыстаным, көп болды –ау, Саған да менің арманым ...
Атына тұрман болсам деп, Жұртына құрбан болсам деп,
Адрнасын ала өзігдей мөңіреткен, Атқан оғы Еділ-Жайық тең өткен.
Атқанын қардай боратқан, Көк шыбығын қанды ауыздан жалатқан...
Арыстан еді-ау Исатай! Бұл пйниді жүзінде Арыстан одан кім өткен?!

Біздіңше, (Әбіш Кекілбайұлы.-З.Б.) тағы бір қапысыз сомдалған бейне ескерілмегенін айтады. Ол - Өтеміс. Ақынның әкесі. Басқаларын қойып, тек мына бір өлеңге үңілейікші: «Менің әкем - Өтеміс. Жауырыны жалпақ, мойыны ұзын. Атарында қолы ұзын. Қабағын қара биік бөрік басқан. Жауырынына күшіген жүнді қу жебе оқ шанышқан. Он келгенін оң атқан. Сол келгенін сол атқан. Құланды қақтан қайырған. Ерегескен күнінде хандардың талайын тақтан тайдырған».(Шандоз», 140-б.)


Махамбеттің өмірбаянына, шығармашылығына байланысты жиналған мәліметтерді алғашқы кезерден бастап сол қалпында зерттеп келеміз.Айтарлықтай өзгерістер байқалмайды.Алайда,айқындалмаған дерек- тер мен ел аузындағы аңыз сипатты әңгімелерді әлі күнге дейін кездеседі. Сонымен бірге ақын шығармашылығында бізге беймәлім уақттар да бар. Мәселен, 1816 жылдан 1829 жылға дейінгі өмірінен дерек жоқ, деп көрсете- Ә.Кекілбайұлы өз зерттеу, мақалаларында. Ал «Шандоз» романынд 1824 жылы Жәңгір Махамбетті старшын сайлайды деп көрсетеді. Ендеше ақын
оған дейін елде Жәңгір маңында болған ғой. Ал 1829 жылы ол Жайықтан рұқсатсыз өткені ұшін Калмыков бекінісіне түрмеге түседі. Бұл мәліметтер, түрмеге түсу.., орыс мұрағаттарында болуға тиіс.Алайда оны қарған,
болмаса, тіпті анықтауға талаптанған біреу болды ма екен?
Сонда осы аралықта Махамбет Хиуаға баратын керуендерге жолбасшы да болған тәрізді. «Махамбет өміріндегі біз үшін жұмбақ әлгі бір он жыл ішінде оның Хиуаман байланысты болғаны дәледеуді қажет етпейтін ақиқат», - деп жазады қаламгер. Бұл мәліметтерді зерттеуші ғалымдар көбіне сөз арасында айтады. Тіпті әкесіне Өтеміске көмекші болып еріп те жүрген деушілер де бар. Бұл Махамбет үшін нағыз өмір мектебі болған сыңайлы. Елдер мен халықтардың, қазақ рулары мен белгілі адамдар тарихын бұл әңгіме, шежірелердің орны өте зор. Әкесі Өтемістің айтқандары мен түрлі тосын жағдайлардағы оның өзін-өзі ұстауы т.б. көрген. Ойланған. Әрі әкесі, Өтеміс те баласының ақындық, жыраулық талантын, түрлі тарих, шежіреге қабілетін байқады.
Ә.Кекілбайұлының Махамбет шығармашылығындағы Өтеміс бейнесі дегендегі ойларының арнасы осыда жатқан тәрізді. Сірә, көтеріліс жеңілген соң Махамбет Назар-Шүрен елдерінде 1839 жылға дейін жүруінің бір сыры
осында жатса керек. Хиуа ханы Аллақұлынан көмек сұрауына қарағанда
2
хан да Махамбетті білген. Оның алғашында көмектеспек болуы орыс еліне
қарсы барлық әрекеттерді қолдауы, әрине, Хиуалық саясатқа қатысты. Кейін Ресеймен арадағы саяси қайшылықтардан қауіптеніп бас тартуы да саясат! Бұл жайлардың кейбір тұстанын айқындайтын құжаттар бар. Бірі Махамбеттің достарына жазған хаты. Онда Хиуаға барып, қол жиып қайтамын, әскер әкелемін деуіне қарағанда Хиуа ханымен әлгіндей келісім болған тәрізді. (А.Рязанов деректерінде бар)
Махамбеттің 30 жастан бастап Жәңгірге қарсы көтеріліске кіргеннен кейінгі барлық тірлігі, ойлары, шығармалары түгелдей осы тақырыпқа ауған. Әрбір жаңа сөз, тілдік қолданыс нақты дәуір, уақиға әсерінен туындайды.
Қазақ сөзін поэтикалық мақсатта жаңалай қолдауды Абай бастады десек те, дәл осындай талпыныс одан көп жылдар бұрын Махамбет те болды деуге әдеби-тарих дерек жеткілікті. Махамбетте бұл жаңалықтар, өмір ағымында қалыптасып, ұлт-азаттық көтеріліс көрігінде ұшталса, Абайдағы құбылыстар ақының таңғажайып әлемінен, талантынан, оқыған әдебиеттен, әлемдік философтар ман қаламгерлер шығармаларын талдай оқудан пайда болды.
Ақындақ өнердің жаңа дәуірі Махамбеттен басталды деуге болады,-деп жазады Ә.Кекілбайұлы «Шандоз» романында. Махамбет балалық шақтан қиын өмір мектебінен өткен. Араб және Парсы, Орта Азия, орыс және татар тілдерін білген. Жазған. Қоқан, Хиуа, орыс қалаларында болған. Белгілі адамдарымен араласқан, әңгімелескен. Оның дін туралы пікілерінің тереңдігі туралы тарихи деректер Е,Ковалевский еңбегінде бар. «Құрлық пен теңізді кезуші» (1843)
Орынбор генерал губернеторы В.Перовскийдің Хиуаға жорығы қарсаңында Бұхара хандығына арнайы тапсырмамен (барлаушы) жіберілген Е,Ковалевскийдің Махамбетпен кездесуі оның ерекше мінезін байқауы, дұниеттанымын тереңдігін аңғаруы туралы жазбаларда ақын өмірінің қиын кезеңдері жайлы өте қажетті мәліметтер бар.
Ақын өз кезіндегі қараөлеңдер кереметі мен жыраулық өнер туындыларын, қазақ эпостарын, «Қырымның 40 батыры»тәрізді жыраулық энциклопедины жақсы білген.
Махамбет қазақ өлеңніне жаңалық енгізейін деп ойламаса да, толғау, жыр өлең орындау үстінде шығармашылыққа тән осындай үдерісті бастан кешті. Ретіне, сезім толқындарына орай шығармаларын әр орындауда жаңалықтар қосып отыруы сөзсіз. Керуен жолбасшысы ретінде Хиуа, Қоқан, Бұхара бағыттарындаға ұзақ жолдарда эпостық жырлар мен аңыз, әңгімелерді сапарластарына айтқаны, олардан да сан түрлі хикая, әңгімелер тыңдаған. Жолда ұшырысқан ақын-жырау, шежіреші - әңгімешілермен кездесулерде естіген қызық әңгімелер мен айтушылардың бояулы, астарлы сөздері, қолданыстары ақын жадында сақталған.. Орыс тілін білу, орыс ақындарының өлеңдерімен танысу (Калмыковода түрмасіндегі 2-3 жыл), діни ортада, медреселерде болу, ғұлама қариялармен танысу, сұбхаттасу ізсіз, босқа өтті деп ешкім де айта алмайды. Махамбет өткен өмір мектебі мен ақындық әлемді, уақыт пен кеңістікті осы арналардан табуға болады.
3
Күйшілігі мен жыраулығы, шешендігі мен әншілігі өз алдына, ал ақындығы туралы әңгіме бөлек. Бұл - қазақ әдебиеті тарихында айрықша орны бар өзге – ақындық әлем. Шығармаларыда - әдебиетімізде дәстүрлі жыраулық өнердің соңын ала көріне бастаған авторлық поэзияға тән өлеңдер мен жырлар. Сол заманның шындығы, тынысы алуан түрлі реңкте уақыт пен кеңістік өлшемдеріне тұнып тұр.
Қазақ поэзиясындағы Махамбет шығармашылығының орны туралы М.Әуезов «Махамбет бұрын соңғы қазақ ақындарының ішіндегі ең бір күштісі саналуға тиіс. Махамбет жырлары өз заманындағы ең қанды, ең әсерлі сөз, көпшіліктің өз үні, өз тілі, өз арман талабы...
Бүкіл 19 ғасыр әдебиетінде қимыл мен күрес жырын Махамбеттей қып жырлаған ақын болған емес. Алды да арты да бір өзі», -деп жазса ақын поэтикасының дәл осындай қайталанбас қасиеттерінен. (М.Әуезов)
Махамбет поэзиясы - оның замандастары қолданған көркемдік идеяларға қарағанда ерекше. Бірден байқалады, алайда бұл идеялардың тұрақты белгілерін ажырату оңай емес. Әсіресе, ақын шығармаларының жанрлық түрлерін айқындау да ойлануды қажетінеді.
Батырлық пен қорқақтық, дархандық пен сараңдық, адамдық пен арамдық, адалдық пен екжүзділікті жырлауда дәстүрлі өрнектер арқылы жеткен көркемдікті Махамбет жаңа танымдық ізденістерді дамытады. Оның жаңа нақыштарына жол ақындақ таланттың бейсаналық қасиетінен. Бұл білінер - білінбес ою- өрнектер емес, сондықтанда өлеңдерін оқыған жан мәтіндерден оқырманға өтетін психологиялық күйлер мен толқыған, шалқыған сезімдер әсеріне тәні болады.
Махамбет ізденістерінің басты арналары дәуірі талабын бірден байқаған дара талант пен оның дүниетанымына, шалқар шабытына тәуелді екенін аңғарса керек. Ақынның өнері ою-өрнектері күні бүгінге дейін ешкімге ұқсамайтын дара құбылыс ретінде құнды. Өлең-толғаулары мен жеке жырларының жанрлық жаңалақтары, көркемдік сырлары түптей тереңдеуге жазушы, ақындар мен ғалымдарға да бірден бой бермейді. Бірақ
шығармалар өзегіндегі дара көркемдікті Махамбетті оқыған жандардың көбі бірден аңғарады. Жанрлық, поэтикалық бағыттағы жаңалықтарды оның замандастары да жоғары бағаланған.
Ақын қолданатын көркемдік бейнелеу құралдарының: теңеулер мен эпитеттердің, метафоралар мен ажарлау, айшықтау тәсілдерінің өзгелігі, мен мұндалап тұрады. Мәселен, ерлік пен батырлықты жырлауда ақын-жыраулар қолданған ой-идеялардың өрнектері, сөз тіркестері көпшілікке түсінікті, таныс. Ал Махамбет өлеңдеріндегі ақындық тұлға мен өзге кейіпкерлердің толғаныстары сырғып тұрған сезім сырлары арқылы Махамбеттің танымына ғана сай бейнелерге ұласқан. Түрлі жағдайларға кез болған олардың құйқылжыған көңіл күйлері ақындық сезімдерге оранады.. Сондықтанда көпшіліктің ақын жырларын аттап кете алмай, амалсыз кідіріп, ойға бататыны, бойын билей бастаған сезімдер құпиясының сыры іздейтіні - осыда.
4
Образды сөзге көшкен кұрделі ой бірде анық берілсе, бірде тұспалды ақындық тіл арқылы ғажайып түрге енеді. Мәтінаралық қыстырмалар мен интертекстер құлтастарға ұласады. Содан от алған сезім толқындарының көркем бейнелеріне айналады. Осы құбылыс, талант құдіреті құшағында бейсаналау келген көркемдік таным өрнектері кейін, қайталана келе ақындық дағдыға айналады Әрі әр оқыған сайын құбылып оқырман жүрегін тербейді. Сезімінде ойнайды. Өлең жолдарына сыймайтындай төгіліп тұрған сөз кестесі таңдандырады. Ақындық ой өзегіндегі қуатты идея өзін туғызған құбылыстан шығандап кетпесе де, өзге көркемдік кеңістікте тұрғанын байқатады.
Махамбеттің ақындық тұлғасын тану үшін пенде ретіндегі тіршілігі мен ой әрекеттерін жазған, шығармашылық, ғылыми өмірбаянын қалыптасты- руға ірі үлес қосқан қаламгерлер пікірлерін ескеруіміз керек. Махамбет туралы қытымыр жылдарда да жақсы еңбек жазғандар аз емес. Әрі бұл зерттеулер кезінде авторлық цензура (өз ойларында үкіметке жақпайтын пікірлер жібермеуді қадағалау) мен ресми идеология сүзгілерінен өтті. Алайда сол зертеулер ішінде де «абайламай қалғандықтан» еніп кететіндер кездеседі. Оларды пайдалану бүгінгі егемен елдің жаңа, еркін ғалымдарына парыз.
Алдымен Махамбеттану бастауында тұрған Халел Досмұхамедұлын ерекше атауымыз керек. «...Қазақ елінің тәуелсіздігі жолында күрес майданына шыққан Алаш қозғалысының көшбастарларының бірі, жан-жақты ғұлама ғалым, ірі ұстаз, белгілі ағартушы қоғам қайраткері .«.. Мамандығы дәрігер бола тұрып, тек медицина , гигиена салалары бойынша ғана емес, жалпы табиғаттану, анатомия, физиология, ботаника, тіл, әдебиет, тарих білім-ғылымдары бойынша да көлемді-көлемді кітаптар мен ірілі-уақтылы мақалалар жариялаған, .. осы пәнднрден мектеп оқушылары мен институт шәкірттеріне арналған қазақ тіліндегі тұңғыш төл оқулықтар жазған ірі ғалым.».Досмұхамедұлы Х. Таңдамалы (Избранное)-Алматы:Ана тілі,1998. -7-бет.) Бұл анықтамаларды санап, оқып отырғанның өзінде халқы үшін соншама еңбек сіңірген Ұлы адамға бүгінгі ұрпақтары қарыздар екенін сезінсе екен ғой деп еріксіз ойлайсың
1920 жылдардан бастап Қазақ әдебиетіндегі Махамбет ақындақ әлемінің ерекшелігі туралы әңгіме қозғап, шығармаларын талдауда поэтикалық бағытта алғаш тұшымды ойлар айтқан ғұлама осы. Махамбет шығармаларының жазылу, жариялану деректері туралы мәліметтерге сүйене жазған шығармалары бізге жеткен. Әсіресе, Исатай – Махамбет қозғалысының тарихы туралы ағайынды Шөрековтер қолжазбалары, күнделіктері туралы мәліметтердің өзі неге тұрады. Өкініштісі - сол деректерден Ығылман Шөрекевтің тарихи-деректі поэмасы ғана қалған. Өзге қолжазбалар мен тарихи деректер зертеушіні «халық жауы» деп қамалғанда кеңес үкіметінің сұрқия саясатын іске асырушы НКВД қолына түскен. Қайда екені беймәлім., ізім-қайым.(Досмұқамедұлы Х.)
Махамбеттануды қалыптастыруға ұзақ жылдарын арнаған, ақын шығар-
5
машылығын зерттеу мен жинауға ірі үлес қосқан, жүйелі талдаулар жүргізіп еңбектер жазған акдемик Қ.Жұмалиевті ерекше айтамыз.
Алдымен мына тарихи деректерді еске түсірген дұрыс. Х.Досмұхамед- Х.Досмұхамедұлының 1930 жылы Абай атындағы ҚазПИ проректорлық қыз-
метте. Белгілі қоғам қайраткері студенттермен кездесулерде қазақ мемлекетінің, әдебиетінің тарихы туралы дәрістер оқыған, әңгімелер айтып, кеңестер өткізген. Қ.Жұмалиев осы жылдарда 3 курс студенті. Оның Махамбеттануға байланысты көзқарастары осы пікірлеулерде қалыптасқан деп айтуға болады. Х.Досмұхамедұлының 1925 жылдары Ташкент қаласында жарық көретін зерттеулері «Мұрат ақын сөздері» (1924), «Исатай-Махамбет» (1925), «Аламан»(1926). т.б. зерттеу еңбектерімен жақсы таныс. Өкінішке орай Қ.Жұмалиев кейінгі зерттеулерінде «Жайсаң жандар» т.б. кеңес үкіметі «халық жауы» деп саяси айдар тағып, шығармалары арнайы мұражайларға қамаған Ұлы ұстазының еңбектері түгіл, аты жөнін де атай алмады. Мұның басты себебі – Кеңестік иделология қазақ әдебиетінің ХХ ғасыр басындағы тарихында саяси зиянды деп тапқан, табу салған кітаптар мен зерттеулерді қарағаны, оқығаны, жазғаны. Сол үшін ұстазының кебін киіп, түрмеге қамалды. Қуғын көрді. Кейін қамауға себеп, «дәлелдердің аздығынан» ақталды. Зерттеуші, ғалым, академиктің өзінің де айта алмай, жаза алмай кеткен тарихи деректері жетерлік, бірақ ең үлкен де осы
ҰҒА алғашқы академиктерінің бірі, М.Әуезовтің қанаттас әріптесі, қазақ фольклоры мен ауыз әдебиетінің ірі маманы. Қазақ әдебиетінің тарихы мен теориясы туралы алғашқы жүйелі зерттеулер мен еңбектер, монографиялар жариялаған, жоғары мектептерде дәріс оқыған ұстаз. Әдеби үдеріске үзбей араласқан Қазақстан мектептеріне арналған сан-алуан оқу құралдары мен оқулықтардың авторы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Қазақ әдебиеті кафедрасын 30 жыл басқарған Ұлы ұстаз. Жалпы ұстаздық өтілі - 36 жыл.
Отаршыл кеңес үкіметі аса талантты ғалымға қазақ әдебиеті мен ел тарихы туралы алаңсыз жұмыс істеуге мүмкіндік бермеді. Айтуға тиым салынған шындықтарды айтқаны үшін, мұрағаттық материалдарды қозғағаны үшін үздіксіз қудалауда жүрді, түрмеге қамалды.Соның бір салқыны осы кезге дейін сезілетіндей. Ұлы ұстаз-ғалымның еңбектері тиісті деңгейде айтылмайды, мерейтойлары да тым-тырыс өтуде.(Жұмалиев Қ)
Махамбеттанудың дамуына еңбек сіңірген қаламгердің бірі–Берқайыр
Аманшин. Шығармашылық ғұмырының көбін Махамбеттануға арнаған қоғам қайраткері. Ел арасынан ақынға қатысты аңыз-әңгімелерді жинап жариялаған, ақын шығармаларын жүйеледі, талдаы. Махамбет туралы көлемді тарихи көркем роман да жезды. (Аманшин Б.)
Әнес Сарай - 1997 жылы жарық көрген «Исатай мен Махамбет» атты тарихи зерттеуінде ұлы ақын өмірбаяны мен шығармашылығына қатысты тарихи, деректі тың материалдарды қоғамдық санаға алғаш ұсынады. Соңғы
кездерде жарық көрген «Ноғайлы» тарихи еңбегінде де Махамбет нәр алған
қайнарлардың бірі ретіне Ноғайлы әдебиетін атайды.(Әнес Сарай)
6
Қазақ әдебиеттануы мен әдебиет теориясының аса көрнекті қайраткері, академик, Зейнолла Қабдолов та Махамбеттануға өлшеусіз үлес қосты. Махамбет шығармашылығына арналған лекциялары мен Махамбеттанудан оқыған арнулы курстарында ақын поэтикасының жұмбақтарын ашуға, сыр-
ларын түсіндіруге күш салатын. Академик жазушының Махамбеттануға байланысы дәрістері мен кеңестерінде осыларда айтылатын дара ойлардың кейбір бағыттарының үзінділерін қолданатын. «Махамбет өлеңі – қазақ сөзінің қайталанбас құдіреті» - деп бастайды Махамбеттің 200 жылдығына арналған « Мұз үстінде от жаққан»атты мақалалар топтамасын.(Қабдолов З.)
Махамбет туралы роман жазуды жоспарлаған жазушы Орал мен Атыраудың ақын болған талай жерлерін аралап болашақ шығармасына материалдар жинады. Бірақ, романы аяқтауды тағдыр жазбады.Артына шамамен жүз бет көлемінде үзінділері қалды.
Махамбет туралы бала кезден білетін, шығарма жазуды оқушы кезінен армандаған қаламгердің бірі Әбіш Кекілбай. Студент кездегі ғылыми зерттеу жұмыстарында Махамбет жырлары көркемдігінің даралығы туралы талай ойлар айтып, Махамбет туралы поэма да жазған. Алғашқы мақала, зерттеулерінде ақын поэтикасының негізгі арналарына көңіл бөледі. Ақын өмірбаяна туралы көп материал жинаған. Бірақ, алаңсыз жазуға үкімет жұмысындағы маңызды істері мүмкіндік бермеген. Соның өзінде де өмірінің соңғы жылдары ХХІ ғасыр басындағы жаңа қазақ тарихи романының бастауы болып табылатын «Шандоз» атты роман жазды. (Кекілбайұлы Ә.)
Махамбеттануға қатысты зерттеулерге өлшеусіз көмек көрсетіп отырған, әрі ғылыми негізді өткір мәселелерді жиі көтеріп жүретін екі баспагер-қаламгерді ерекше көрсетуге болады. Бірі, «Мереке» баспасының бас дирек- торы Мереке Құлкенов болса, екіншісі «Арыс»қорының президенті Ғарифол- ла Әнес. Әсіресе, «Арыс» баспасынан жарық көрген 20 томдық «Махам-
бет әлемі» атты серияны атап өту керек. Бұл - болашақ Махамбеттанудың мызғымас іргетасы. (Құлкенов М., Әнес Ғ.)
Исатай – Махамбет қозғалысының жаршысы болған ақын поэзиясы туралы сөз қылғанда, ақын жырларындағы ауыз әдебиетінің, көне түркі поэзиясының, жыраулық дәстүрдің ықпал - әсері жайлы көп айтамыз. Бұл тақырыпта жазылған еңбектер аз емес.Бірақ зерттелуге тиісті мәселелер қаншалықты өте көп болса, қиыншылығы да соншама.
Тақырыптың Махамбеттануға ғана емес қазақ әдебиеттануы үшін қаншалықты маңызды екенін академик Зейнолла Қабдолов жоғарыда келтірілген пікірлерінде анық айтты.
Махамбет поэтикасының бүгінгі таңда айрықша қымбат, маңызды өзекті мәселер туралы зерттеулер арасында Оңайгүл Тұржанның»Махамбет өлеңдерінің поэтикасы» зерттеуін және жаңа ойлардың кейбір бағыттары жарияланған мақаларымызда жарық та көрді. (Бисенғали З.)
Ақын поэзиясында дәстүрлі жыраулық өнердің өрнектері аз емес. Бұл оқырмандар үшін түсінікті жәй. Алайда оның нақты шығарма құрылымында-
7
ғы сезімдік – идеялық қызметі басқа. Өлең мәтініндерінде күрделі ойлар жиі қолданылады. Мәтін құрамындағы осындай мағыналарды мақал-мәтелдер мен тұрақты сөз тіркестері арқылы да жеткізеді.Оларды қолданудың ақын поэтикасында өз ерекшеліктері бар. Ең бастысы ақандық қабылдаудың қас қағымдық сәттерін зергерлік дәлдікпен құйғандай айқындайды, ажарлай- ды. Көңіліне өлең боп орала қалған құбылысты қиналып жатпай –ақ бейнені тілге оп-оңай көшіретіндей. Көзімен көріп тұрған эстетикалық объектіні болмаса өзі бастан кешкен, араласқан уақиғаны сезімдік қабылдаулар арқылы жан-тәнінен өткізіп,тұшынудан туындаған оймен лезде қабаттастырады.Бұл - өзіндік танымды, сол тудырған сезім, ойды жаңаша, бейнелеу. Ақындық поэзияның кемелді құбылысының дара көрінісі осылай өлеңге айналады.
М.Өтемісұлы поэтикасындағы замана шындығының бар болмысты, бейнеленуі өзгеше. Төтенше уақиғаны қабылдауынан құйылған ұлттық рухты тілдік бейнелеу арқылы дара өрнектерге айналдырады. Ой-сананы жегідей жеген тебіреніс, ашу, ызаны дәл жеткізеді. Көркем мазмұнның қайталанбас сәт, саулаған сезім жетелеген ой мен сыр бейнесінің өлеңдегі өрнектері ғажап.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет