Құзыреттілік иерархиясы



Дата07.01.2022
өлшемі15,75 Kb.
#20881

Қазақстанда кәсіби құзыреттілікті қалыптастырудың теориялық және практикалық қырларын  Ш.Х.Құрманалина (колледж жағдайында бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби даярлау), Б.Т.Кенжебеков (жоғары оқу орны жүйесінде болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігі), Г.Ж.Меңлібекова (болашақ мұғалімнің әлеуметтік құзыреттілігі), Б.Қасқатаева (болашақ математика мұғалімінің әдістемелік құзырлылығы),С.И.Ферхо (мұғалімдердің оқу үдерісінде электронды оқу құралдарын пайдалана білу құзыреттілігі) және т.б. ғалымдар зерттеген. Ғалымдардың ой-пікірлері мен тұжырымдарын саралай келе, құзыреттілік түрлерін төмендегідей жіктелуінің жиі кездесетінін аңғардық. Құзыреттілік түрлері өте көп, бірақ солардың арасында түйінді құзыреттіліктерді ажыратуға болады.

Құзыреттілік иерархиясы:

  • Түйінді құзыреттіліктер – жалпы білім мазмұнына жатады (мета-пәндік);

  • Жалпыпәндік құзыреттіліктер – оқу пәндерінің және білім саласының нақты ортасына жатады;

  • Пәндік құзыреттіліктер – құзыреттіліктің алдыңғы екі деңгейіне қарағанда жекелеу, нақты сипаттамасы және оқу пәндерінің аясында қалыптасу мүмкіндігі бар.

Түйінді құзыреттіліктерге мыналар жатады:

  • Әлеуметтік құзыреттілік – қоғамда басқа адамдардың көзқарасын ескере отырып іс-әркекет ете білу.

  • Коммуникативтік құзыреттілік – түсінікті бола алу мақсатында қарым-қатынасқа түсу қабілеттілігі.

  • Пәндік құзыреттілік – адами мәдениеттің жеке салалары тұрғысынан талдау және әрекет ету қабілеттілігі.

  • Ақпараттық құзыреттілік – ақпараттың барлық түрлерімен жұмыс істей білу, ақпараттық технологияларды игере білу қабілеттілігі.

  • Автономизациялық құзыреттілік – өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі анықтау, өзін-өзі білімдендіру, бәсекеге түсу қабілеттілігі.

  • Математикалық құзыреттілік – сандық ақпаратпен, сандармен жұмыс істеу қабілеттілігі.

  • Нәтижелі құзыреттілік –өз өнімін шығаруға, ол үшін шешім қабылдау мен жауапкершілікті өз мойнына ала білу, еңбек ету мен пайда таба білу біліктілігі.

  • Ұстанымдық құзыреттілік – дәстүрлі ұстаным заңдылықтары бойынша өмір сүруге дайындығы, қабілеттілігі.

Оқу-тәрбие үрдісіне құзыреттілікке бағытталған тәсілдерді енгізу бағдарламасына сәйкес, келесі түйінді құзыреттіліктер анықталды.

1. Танымдық құзыреттілік:

оқу жетістіктері;
– зияткерлік тапсырмалар;
– оқуға қабілеттілігі және білімін іске жарата білу.

2. Тұлғалық құзыреттілік:

– жеке қабілеттері мен талантын дамыту;
– өзінің мықты және әлсіз тұстарын білу;
рефлексияға қабілеттілігі;
– динамикалық білім.

3. Өз білімін жетілдіру құзыреттілігі:

– өзін-өзі оқытудың жеке тәсілдерін ұйымдастыру және өздігінен білімденуге қабілеттілігі.;
– өз білімін жетілдіру әрекеті деңгейіне жауапкершілік;
– тез құбылмалы жағдайда білім, білік және дағдыны қолдана алу икемділігі;
– үнемі өз-өзіне талдау жасау, өз әрекетін бақылау.

4. Әлеуметтік құзыреттілік:

– ынтымақтастық, топта жұмыс жасау, коммуникативтік дағдылар;
өздігінен шешім қабылдай білу, өз қажеттіліктері мен мақсаттарын ұғынуға ұмтыу;
– әлеуметтік тұтастық, қоғамда тұлғалық рөлін анықтай білу қабілеттілігі;
жеке қасиеттерін дамыту, өзін-өзі реттеу.

5. Өз денсаулығына көңіл бөлу құзыреттілігі:

– соматикалық денсаулық;
– клиникалық денсаулық здоровье;
– физикалық денсаулық;
– валеологиялық білім деңгейі.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет