Зоогеографиялық аудандастыру приципі негізінде Мензбир төмендегідей зоогеографиялық бірліктерді көрсетті: облыс, ішкі облыс, шет аймақ, округ, бөлімше, мекені. Облысты іріктегенде фаунаның молшылығын және өткен тарихын есепке алды. Ғалым оданда ұсақ бірліктерді қазіргі таңдағы фаунаның жай-күйіне қарай алды, фауналар біркелкі жас шамасында болғандықтан, олардың дамуындағы түрлі сатылар маңызды рөл атқарады. Фауналар құрамындағы ерекшелік ауыспалы жолақтар арқылы емес, бірліктердің тіршілік ету ортасын салыстыру барысында анықталады.