Зоология пәнінен оқу-дала практикасын жүргізуге арналған әдістемелік



бет24/28
Дата07.01.2022
өлшемі5.84 Mb.
#20880
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Сүтқоректілерден түрлі тоқалтістер (полевки), сарышұнақтар мен суырлар, аламандар мен атжалмандар, соқыртышқандар, дала қаптесерлері, қызылқұйрық және үлкен құмтышқандар, орқояндар, дала шақылдағы және жыртқыштар (түлкі, қарсақ, дала күзені, аққалақ және т.б.) кездеседі.

Бұл биотопта омыртқалы жануарлардың алуантүрлілігі басқаларымен салыстырғанда кедейлеу. Өйткені бұл территорияда қорек қоры жеткілікті болғанымен, ұя салуға және ін қазуға, жатақ жасауға қолайлы орындар аз, биотоптың қорғаныштық қызметі де төмен болып келеді (сурет 16).



Сурет 16. Бауырымен жорғалаушылар, құстар мен майда сүтқоректілердің көптеп жиналатын орны

Далалық оқу практикасы өтетін ауданда ашық ландшафтарда омыртқалы жануарлардың мына түрлері кездесуі мүмкін.

Бұл биотопта Бауырымен жорғалаушылардан Тасбақалар мен Қабыршақтылар отрядтарына жататын 3 тұқымдастың 5 түрі кездеседі (қара:Қосымша, кесте 3). Олар:

1 отряд Тасбақалар – Testudines -Черепахи –turtles



Тұқымдас Құрлық тасбақалары Testudinidae –Сухопутные черепахи – tyrtles, true [land] tortoises

1.1.Дала тасбақасы – Agrionemys horsfieldi - cтепная черепаха – steppe ortoise

2 отряд Қабыршақтылар – Squamata – Чешуйчатые - Schuppenkriechtiere

Тұқымдас Ешкемерлер – Agamidae - Агамовые – agamas, agamids

2.1. Дала ешкемері – Trapelus sanguinolentus - степная агама– steppe agama

2.2. Тақыр батбаты – Phrynocephalus helioscopus - такырная круглоголовка – sunwatcher

ТұқымдасНағыз кесірткелер – Lacertidae – Настоящие ящерицы – true lizards

2.3.Ұзынжолақты кесірт – Eremias lineolata - линейчатая ящурка – striped racerunner

2.4.Шапшаң кесірт – Eremias velox - быстрая ящурка – rapid fringe-toed lizard
Бұл биотопта құстар класынан негізінен Күндізгі жыртқыштар, Тырнатәрізділер мен Торғайтәрізділер отрядтарының 5 тұқымдасына жататын 8 түрі кездеседі (қара: Қосымша, кесте 6). Олар:

1отряд Күндізгі жыртқыштар – Falconiformes - Дневные хищные – Sacchariformes



Тұқымдас Қырғитектестер –Accipitridae –Ястребиные - Hawk

1.1.Дала құладыны – Circus macrourus - степной лунь – Pallid Harrier

2 отряд Тырнатәрізділер – Gruiformes - Журавлеобразные – Cranes

ТұқымдасДуадақтектестер – Otididae - Дрофы – Bustards

2.1.Безгелдек – Tetrax tetrax – стрепет– Little Bustard

3отряд Торғайтәрізділер – Passeriformes – Воробьинообразные – Sparrows

Тұқымдас бозторғайтектестер – Alaudidae - Жаворонковые – Lark

3.1.Айдарлы бозторғай – Galerida cristata - хохлатый жаворонок – Crested Lark

3.2.Сұр бозторғай – Сalandrella rufescens - серый жаворонок – Lesser short-toed Lark

3.3.Қараалқалы бозторғай – Melanocorypha bimaculata - двупятнистый жаворонок – Bimaculated Lark

3.4.Құлақты бозторғай – Eremophila alpestris - рогатый жаворонок – Horned Lark

Тұқымдас Сайрауықтар –Turdidae – Дроздовые - Drosdovye

3.5.Шөл шақшақайы – Oenanthe deserti - пустынная каменка – Desert Wheatear



Тұқымдас Құнақтектестер – Fringillidae -Вьюрковые – Finch

3.6.Шөл құнақ – Rhodospiza obsoleta -буланый вьюрок – Desert Finch


Сүтқоректілерден бұл биотопта 1 отрядтың 2тұқымдасына бірігетін 4 түрі мекендейді (қара: Қосымша, кесте 9). Олар:

1отряд Кеміргіштер – Rodentia – Грызуны – rodents



Тұқымдас Жалған қосаяқтар – Allactagidae - Ложнотушканчиковые –False Shingles

1.1.Кіші қосаяқ – Allactaga elater - малый тушканчик – little jerboa

1.2.Тікқұлақты қосаяқ – Pygerethmus pumilio - тарбаганчик –little earth hare

Тұқымдас Аламантектестер – Cricetidae - Хомяковые – hamsters, cricetids

1.3.Сұр атжалман – Cricetulus migratorius - серый хомячок – grey hamster

1.4.Кәдімгі соқыртышқан – Ellobius talpinus - обыкновенная слепушонка – mole-vole

Аталған омыртқалылардан басқа бұл биотопта жыл және маусым жағдайларының ерекшеліктеріне байланысты жоғарыда аталған омыртқалы жануарлардан басқа да түрлер кездесуі мүмкін.


























2.4 Құмды шөл биотопында кездесетін омыртқалы жануарлардың алуантүрлілігі

Іле өзенінің төменгі ағысында құмды алқаптар көп болғанымен, практика өтетін ауданда шағыл құмдар сирек кездеседі. Негізінен олар-шөптесін өсімдіктер мен бұталар өскен бекінген құмдар болып табылады (сурет 17).



Сурет 17. Құмды шөл биотопы
Бұл биотопта негізінен шөлді аймақта тіршілік етуге бейімделген омыртқалы жануарлар-Бауырымен жорғалаушылар, Құстар және Сүтқоректілер кластарының 8 отрядына бірігетін 12 тұқымдасының 21түрін кездестіруге болады.

Биотопта Бауырымен жорғалаушылар класының 1 отрядына 4 тұқымдасына бірігетін 8 түрі мекендейді (қара: Қосымша, кесте 3).Олар:

1 отряд Қабыршақтылар – Squamata – Чешуйчатые - Schuppenkriechtiere



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет