الحمد لله رب العالمين والصلاة والسلام على سيدنا محمد وعلى آله وصحبه أجمعين، أما بعد Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын! Ассаламуалейкум уа рахматуллаһи уә бәрәкәтуһ!



бет3/9
Дата05.04.2022
өлшемі32,8 Kb.
#29914
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Бірінші: Тәкаппарлықтан ада болу.

Кішіпейіл адам қаншалықты атақ, мансап, дәрежеге жетсе де ешуақыт тәкаппарлық, менмендікке салынбайды. Жемісті талдың жемісі көбейген сайын, оның бұталары иіле түсетіндігі сияқты ол да атақ-дәрежесі өскен сайын өзін өзгелерден төмен ұстауға тырысады. Ал Алла Тағаланың берген нығметіне шүкір етпей, сол арқылы өзін өзгелерден жоғары көріп, өркөкіректікке салыну жақсы іс емес. Ахмед Иүгінеки бабамыз бұндайда: «Кішіпейілдің – абыройы асар, тәкаппардың – құты қашар», – деген.

Әдетте тәкаппар адамның бойында өзгелерді менсінбеу, дөрекі сөйлеу, өзгелердің оған құрмет көрсетуін жақсы көру, ақыл-кеңеске құлақ аспау сияқты сипаттар пайда болады. Ібілістің де лағынетке ұшырауына оның такаппарлығы себеп болғандығы турасында Алла Тағала қасиетті Құранның «Бақара» сүресі, 34-аятында:

وَإِذ قُلنَا لِلمَلَٰئِكَةِ ٱسجُدُواْ لِأدَمَ فَسَجَدُواْ إِلَّا إِبلِيسَ أَبَىٰ وَٱستَكبَرَ وَكَانَ مِنَ ٱلكَٰفِرِينَ

«Сол уақытта періштелерге: «Адамға сәжде етіңдер» дедік. Сонда олар дереу сәжде етті. Бірақ Ібіліс бас тартып, тәкаппарланып қарсы келушілерден болды», – деп айтқан.

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет