— қ ұ былт у, якитроп (грекше tгороs — иін, иірім) —



бет4/4
Дата04.02.2023
өлшемі34,19 Kb.
#65160
1   2   3   4
Сырдың суын түгесу, бір қыздың буын он нарға артып жүру, еншіге бір емес, мың қоян алу — адам нанғысыз гипербола болса, мына шумақтағы литота оқыған кісілерді қыран-топан күлкіге қарық қылған-дай:
Қайныма карға мініп ұрын бардым,
Күйеуден өнім қатар бұрын бардым.
Айғырын шегірткенің ұстап мініп;
Алдында қайын атамның қырыңдадым.
Ал мына шумақта гипербола мен литота бірге, аралас жур:
Аспанға алты жерден тіреу қойдым.
Той қылып, мың масаны сонда сойдым.
Жүрегін біреуінің төрт бөліп жеп,
Нансаңыз өмірімде бір-ақ тойдым.
Бұл мысалдарға қарағанда, ұлғайту мен кішірейту тәсілдері -қазақ фольклорының нұсқалы әрі ‘қызық саласы — өтірік өлеңнің тілін құбылтып қана қоймай, оның тура жанрлық табиғатына айналып кеткен.
Ұлғайту мен кішірейту тәсілдері жазба әдебиетте де,— поэзияда, көсем сөздерде (публицистикада), комедиялық һәм трагедиялық шығармаларда қолданылады. Бұл ретте, Т. Жароковтың “Күн тіл қаттысындағы”;
Қарыңды қағып су қылдым,
Суыңды сілкіп бу қылдым,
Түніңнен таң атқыздым,
Жеріме жұлдыз жаққыздым…
деген тұсты кезінде профессор Жұмалиевтің гипербола деп білуі өте орынды. Сонымен қатар ұлғайту мен кішірейту біздің қазіргі әдебиет-імізде көбіне ә с і р е л е у, яки г р о т е с к (французша ёгоіез^ие— оқыс, оқшау, оспадар) түрінде көрінетінін атап өткен жөн. Әсірелеу де әдебиет пен өнердегі көркемдік тәсіл; мұнда адам немесе адам өмір кешкен ортаның шындығы кейде кісі күлгендей, кейде жан шошыған-дай оқшау халде әдейі өсіріле, не өшіріле суреттеледі. Әдеби тілді құбылту ғана емес, әр түрлі әдеби образдар жасау үстінде әсірелеу тәсілін ұтықты пайдаланған жазушылар көп: Францияда Рабле, Англияда Свифт, Германияда Гофман, Италияда Пиранделло — әсірелеу тәсілін, тіпті, әдеби сгиль дәрежесіне дейін көтерген суреткерлер. Өткен ғасырдағы дүние жүзілік классикада Гоголь мен Гюго немесе Салтыков-Щедрин тілі мен стиліндегі әсірелеудің орны өз алдына бөлек. Осы кунгі орыс әдебиетіндегі әсірелеудің, кейбір үлгілерін
В. Маяковскийдіқ әлемге әйгілі “150000000”, сол сияқты Аңдрей Вознесенскийдің “Оза” поэмаларынан көруге болады. Ал қазіргі қазақ әдебиетіне көз салсақ, Ғабит Мүсірепов шығармаларындағы юмор мен сатираның оқта-текте шын мәніндегі гротеск сипатына көшіп отыратынын байқар едік. Бір ғана мысал:
Жұман — Алтай-Қарпыққа мәлім тапал адам. Бірақ денесі төртбақ, сом жаралған. Көлденені күректей мұқыл тырнақты саусақтары — келінің сабындай жұп-жуан. Қылтанақ шығып көрмеген қасқа иегінен тағалы ат тайып жығылғандай. Салбырай бастаған ұртына дейін табиғи тәртіпті бұзбай-ақ келген бурыл сақал қасқа иектен тайып кеткендей, алқымға барып ұйлығып калыпты да, сақалдан гөрі ұйысып қалған көк шулан жүнге көбірек ұқсап тұрады. Жүзінің басқа мөрі түгел өшуге жақындап, ескі теңгеліктей көмескі тартқан. Бар мінезі — көздерін жартысынан асыра жауып алып, енді етегін көтерместей біржола түйілген қабақта ғана қалған сияқты. (“Оянған өлке”.)
Бір ескеретін нәрсе — ұлғайту мен кішірейту, я болмаса әсірелеу тәсілдерін қолданғанда аса сақтық, шеберлік керек; бұларды олақ қолдану, не болмаса бұлармен орынсыз әуестену жайдақтыққа, жасандылыққа апарады.
Қысқасы, көркем сөзді ажарлап қана қоймай, оны мазмұн жағынан да, пішін жағынан да құбылта құлпыртып, әрқашан “тілге жеңіл, жүрекке жылы тигізудің,” тәсілдері көптен-көп; жоғарыда солардың кейбіреулерін ғана атап өттік. Айта берсөк, тіпті т а б у (полинезейше іари — бәрін белгімен білдіру), п е р и ф р а з (грекше регірһгазо — қайта айтып беру), э в ф е м и з м (грекше еирһетео — сыпайылап сөйлеу) тағы басқа осылар тәрізді ауыстыру амалдарының, да бір-қыдыру тіл құбылтар мүмкіндіктері бар және ‘бүл тәсілдер, реті кел-генде, кейбір әдеби шығармаларда қолданылған, қолданылып та жүр. Мәселен, ‘баяғыда дәстүрлі ибамен Қамысбай, Өзенбай, Қойшыбай, Қасқырбай, Бәкібай, Қайрақбай деген қайнағаларының атын атауға именген жас келіншектің қамыстан арғы өзеннен су алып қайтқан бет-те қасқыр тартқан қойды ‘бәкімен -бауыздап келгенін ашьш айта алмай, амалсыз табу тәсілімен қамысты — сылдырама, өзенді — сарқырама, қойды —мақырама, қасқырды — ұлыма, бәкіні — жаныма, қайрақты білеме деп өзгертіп, енесіне: “Сылдыраманың арғы жағында, сарқыраманың бергі жағында маңыраманы ұлыма жеп жатыр екен, жаныманы білемеге білеп-білеп жіберіп, бауыздап келдім”,— дегенін екінің бірі ауызша аңызга айналдырып әкеткені мәлім. Ал жазба әдебиетке келсек, әлгіде ғана өзіміз мысал келтірген “Оянған өлкеде” мынадай диалог бар:
Манадан ешкімді кездестіре алмай тұрған әйел, асығыс болса да аз кідіріп қарай қалған, Байшегірге алыстан айғайлап:
— Үлкен кісі, жүзден жиырмасы кем аулының жігіттері қайда жатады екен? Білсеңіз, жөн сілтеп жіберіңізші,— деді.
Әйелдің сұрап тұрғаны Сексен аулының жігіттері екенін аңғармай қалған Байшегір:
— Шырағым, ондай оспағыңа шорқақ едім… Пайғамбардың аулы болса да атын аташы! — деді.
Әйел біреу естіп қалмас па екен дегендей, айнала бір қарап алды да:
— Тәңрі деген, жүзге жиырмасы жетпесе сексен болмайтын ба еді!.. Сексен аулының жігіттерін сұраймын,— деді, енді турасынан тартып.
Қарап отырсақ, осы үзіндідегі табулар автор тіліне де, кейіпкерлер сөзіне де әжептәуір юмор дарытып, ойнақы өң бітіріп, кәдімгідей құбылтып әкеткенін байқаймыз. Ығысын тауып, ыңғайымен қолданған жағдайда перифраз бен эвфемизм де осындай әп-әсем роль атқарары даусыз.
Метафораның негізінде де теңеу сықылды екі нəрсені бір – біріне 
салыстырушылық болады. Бір қарағанда метафора теңеудің қысқарған түрі 
тəрізді. Өйткені басқа сөз қоспай – ақ теңеу жұрнақтарын жалғап, 
метафораны оп – аңай теңеуге айналдыруға болады. Мысалы: 
Бала - жүрек, бауыр ғой 
Бала - бауыр, бал бауыр, - 
деген үзіндідегі жүрек, бауыр деген сөздерге -тей, дай жұрнақтарын 
жалғап теңеуге айналдыруға болады. Бірақ олар метафораның мағынасын 
бермейді, теңеу мағынасын береді. 
Метафораның бір алуаны: -мын, -бын, -пын,- сың,- жіктік жалғаулары не 
–м,- ң, -ы (сы) тəуелдік жалғауларының көмегімен жасалынады. 
Мысалы: 
Сен – бұзау терісі шөніксің 
Мен - өгіз терісі талыспын  (Бұқар жырау) 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет