— қ ұ былт у, якитроп (грекше tгороs — иін, иірім) —



бет1/4
Дата04.02.2023
өлшемі34,19 Kb.
#65160
  1   2   3   4
Байланысты:
әдеб.теория-3


ҚҰБЫЛТУ
Әдеби тілді ажарлау аз, құбылту керек. Әдеби тілдің әсемдігі ғана емес, әсерлілігі үшін де орасан қажет тәсіл — қ ұ б ы л т у, яки т р о п (грекше tгороs — иін, иірім) — с ө з д е р д і т у р а м а ғ ы н а с ы н д а е м е с, бұ рма м а ғ ы н а с ы н д а қ о л д а н у, ш ы н д ы қ т ы б е й н е л е п, к е й д е т і п т і п е р д е л е п т а н ы т у о й д ы ө з г е р т і п, к е й д е т і п т і ө ң і н а й н а л д ы р ы п а й т у.
Құбылтудың (троптың) түрлері көп. Әдеби тілдегі ең басты құбылтуларың бірі — а у ы с т ы р у, яки м е т а ф о р а (грекше теtарһога — көшіру)— с ө з м ә н і н ө ң д е н д і р е ө з г е р т і п а й т у, с у р е т т е л і п о ты р ғ а н з а т т ы ң құ б ы л ы с т ы а й қ ы н д а й т ү с у ү ш і н, а ж а рл а н д ы р а т ү с у ү ш і н о л а р д ы ө з д е р і н е ұ қ с а с ө з г е з а т қ а н е қ ұ б ы л ы с қ а б а л а у; с ө й т і п, с у р е т т е л і п о т ы р ғ а н з а т т ы ң н е қ ұ б ы л ы с т ы ң, м а ғ ы н а с ы н ү с т е у, м а з м ұ н ы н т е р е ң д е т і п, ә с е р і н к ү ш е й т у.
Гималай — көктің кіндігі.
Гималай — жердің түндігі.
(I. Жансүгіров.)
Қыр төсінде мөлдір айдын — ақ, сынап,
Жиегінде жасыл кірпік — жас құрақ.
(Ә. Сэрсенбаев.)
Әйнегі — күн, шатыры — аспан,
Кең дала… Төсі — толқыған егін.
Көлдері көкке күмістер шашқан,
Қазақстан — Республикам менің!
(Д. Әбілев.)
Бірінші мысалдағы метафора Гималайды біресе көктің кіндігіне, біресе жердің түндігіне балап, әшейін бір жер атын қолма-қол заттандырып, тауға көл-көсір мағына берсе, екінші мысалдағы ауыстырулар (ақ сынап, жасыл кірпік) қырдағы айдын көл мен бала құраққа айрықша сұлу сымбат бітірген. Үшінші мысалдағы метафоралар ап-ашық әсірелеумен ұштастырылып, жер мен көктен, ‘күн мен көлден тұтасқан асыңқы бейне жасаған да, ақынның туған республикаға деген махаббаттына, мақтаныш сезіміне өзгеше ажар берген.
Жоғарыда біз бір сөздің ретінде ауыстырудың ұлғайған, күрделі түрі болатынын атап өкенбіз. Күрделі метафора жасаудағы мақсат та — сөзді құбылту арқылы үғымды тереңдету; ой образын үстемелей, өсіре келе оның әсерін күшейту.
Мен — тауда ойнаған қарт Мен бір шарға ұстаған —
марал; Қара балта едім;
Табаным тасқа тиер деп Шабуын таппай кетілдім,
Сақсынып шыққан қиядан.. Қайрасаң тағы жетілдім…
(Махамбет.)
Ақын өзін маралға баласа, маралдың, күллі қасиетін, балтаға баласа, балтаның барлық ерекшелігін еселей төкпектетіп айту арқылы өлеңге де айрықша өкпін, қайсар күш дарытып, оқырманды отты сөз, өр мінезбен би-леп, баурап әкетеді.
Орысым — тағдырласым, Өмірде жан сырласым,
Оқуда әліптесім; Өнерде әріптесім.
(М. Әлімбаев.)
Қазақ ақыны орыстың өзімен тағдырлас екенін атау-мен тынбай әрі нағыз сырлас, әрі әліптес, әрі әріптес екенін үстемелеп айтып, үлкен достықтың сыр-сипатын кеңірек, ұзағырақ толғайды. Бұл арада бір шумақ өлең тү-гелдей ауыстыруға — күрделі метафораға айналып кеткен.
1964 жылдың жазында Алматынын, күншығысындағы тау үстінде көз жасындай мөлдіреп жататын атақты сұлу. Есік көлі қас пен көздің арасында жоқ болды. Осы оқиғаға Қуандық мынадай әдемі өлең жазды:
Күйдірген хан мен қазыңды, Жоғалды алтын балдағым,
Күндеген талай патшалар Салып ем көзін лағылдан,
Ұрлаттым гауһар тәжімді! Қапа боп жанды қармадым!
Қай жақтан табам, бәтшағар? Қақты екен қандай қағынған?
Күл-талқан болды шар айнам “Есік” деп жазған бар
Інжуден еді жиегі, таңбам,—
Сұқтанған еді-ау талай жан! Көрдіңдер қайсы ой-қырдан?
Өзегім от боп күйеді. Пері боп ұшты ғашығым,
Дертіне дәт қып төзбедім
Арылдым алтын алқамнан Есігім — есіл асылым,
Жақұтпен үзіп, ойдырған. Түскендей ағып көздерім’..
(Қ. Шацрытбаев.)
Осы өлеңдегі оқыған адамның жан-жүрерін жұлқып-жұлқып қалатын күш пен әсер ақын сәтті іздеп тапқан сұлу метафораларда жатыр. Әр шумақ Есіктің өзі емес, әр түрлі балауын баптайды да жоқтайды: патшалар кие алмаған гауһар тәж бен лағыл көз алтын балдақтан, жиегі інжу шар айна мен жақұттан үзіп ойдырған алтын алқаданайырылу, шынында да, адамның іші күйгендей оқиға. Осының бәрін ақын сіздің ойыңызға ұлғайған метафоралар арқылы ұялата келіп, ең соңында “Есігім— есіл асылым,түскендей ағып көздерім”,— деп зар илегенде сіз де амалсыз аһ ұра жаздайсыз…
Енді мына шумақты оқыңыз:
Түлкі қыз қызыл алтай, кер марал қыз,
Ақ қоян, бозша байтал, ақша нар қыз
Қымыздай балға ашытқан тәтті қызға,
Жігіттер, бәріңіз де сұқтанарсыз
(/. Жансүгіров.)
Саңлақ ақынның шабыты тау өзеніндей тасыған тұста ауыстырулардағы алшақтық түгіл карама-қарсылықтар да сымға тартқан күмістей сылдырап, керемет келісім табатын секілді: сұлу қыз алтайы түлкіге не кер маралға балана ма, ақ қоянға не ақша нарға балана ма, әрілесе, •• тіпті, бозша байталға балана ма, бәрібір, біздің көз алдымызда жан тебірентер сұлу суреттер ғана тұтаса жайылып, Қыз Жібектің, аңызға айналған көшіндей тізбектеліп өте береді. Біз қараймыз да сүйсінеміз, сүйсінеміз де қараймыз, — көз ала алмаймыз. Бұл да — өлеңдегі ұлғайған метафораның әсері, құбылтудың күші.
Ауыстыру жеке сөздерде немесе сөйлем ішінде ғана ұлғаюмен тынбай, кейде бүкіл шығарманың өн бойындағы бейнелеу тәсіліне көшуі де мүмкін. Мәселен, Горькийдің атақты “Дауылпаз туралы жырында” кәдімгі жай ға-на жаратылыс құбылыстарына тура тірі кісінің мінезі, кылығы, әрекеті беріле — жансыз табиғат жандандырыла суреттеледі: қанатымен толқынды жанап, енді бірде оқтай зымырап бұлтқа еніп, саңқ-саңқ еткен Дауылпаздың қимылы ештеңе емес-ау, тіпті “құс даусынан бұлттар шаттық үнін еститінін… бұлттар төмен сусып, теңізге қонақтайтынын, ән салатынын” қайтерсің? Жә, мынау ше: “Әуе дауылы толқындар тобын балуан құшағына қысып алып, айбарлы ашумен жартасқа лақтырады, тау тұлғалы асқар толқындарды шаңдай шашып, тозаңдай тоздырады”. Қысқасы, бұл шығармада жансыз табиғат құбылысы кәдімгі тірі кісінің қылығымен ауыстырыла суреттелген. Құбылтудың (троптың) мұндай түрі—к е й і п т е у (грекше ргоsорорёiа, орысша олицетворение).
Абайдың Лермонтовтан аударған “Теректің сыйы” деген өлеңіндегі бейнелеу тәсілі — түп-түгел кейіптеу: асау теректің долдануы, буырқануы, бұйра толқынның айдаһардай бүктелуі, Кавказдан азан-қазан, у-шу арқырап шыға бере қалың қайратын бойына жасырып, беті күле момынси қалуы — бәрі де өзен емес, адам мінезіне ұқсайды. Енді бірде Терек Каспиге келіп
—Аптығып асау інің келді, аксақал’
Тау, тасқа, адамзатқа салып жанжал.
Дем алайын деп келдім, аш қойныңды,
Сәлем-сауқат әкелдім, қош көріп ал,—
деп айны-қатесіз адамша саудырап сөйлеп тұрса, қартаң Қаспий, қалғыған қалпы, анау әкелген “бұғы мен маралға, адамнан тартып алған көп малға, ер-тоқымы, атымен, қаруымен тұтқындап әкелген ер шеркеске”…— біріне риза болмай ма, кім білсін, “өзін де ашпайды, тіл де қатпайды. Амалы құрыған Терек ақырында:
-Азырқандың, білемін, ақсақал шал,
Тентегіңнің сөзіне құлағын, сал.
Қазақ-орыс қатыны бір сұлуды
Әкеліп ем, қайтейін, оны-дағы ал! —
деп бағанадан бері қимай тұрған аяулы асылын ұсынғанда ғана:
Кәрі Каспий қара көк көзін ашты,
Жылы жүзбен Терекке амандасты…
Каспидің, Абайша айтқанда, “жыбыр қағып, қозғалып, сылқ-сылқ күлген” шайтан шалдың одан арғы қылығы мен қимылы да — аумаған адамның мінезі мен әрекеті— керемет кейіптеу.
Кейіптеу — қазіргі әдеби туындыларымызды да құбылта, құлпырта қолданылып келе жатқан әдемі тәсіл:
Балқытып гүлді деміне, Қызғаншак кыс келді де,
Сүйді жаз әбден беріле: Сілтеді суык қанжарын.
Әкетпек еді ұзатып, Жас жігіт қыршын өлді де,
Өзінің. жылы жеріне…, Қалдырып кетті жан жарын.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет