— 1 — ДӘулет төлеутайұлы бизнеске бағыт #әрекеткеберекет Нұр-СҰлтан 2020


— 48 — Франшиза ұсынудың кемшіліктері



Pdf көрінісі
бет21/88
Дата17.07.2023
өлшемі4,82 Mb.
#104463
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   88
Байланысты:
????«БИЗНЕСКЕ БАҒЫТ»

 — 48 —
Франшиза ұсынудың кемшіліктері:
• 
Франчайзер барлық пайданы өзіне иемдене 
алмайды;
• 
Франчайзиді үнемі бақылап отыру қиынға соғады. 
Франчайзердің тауар белгісімен тұтынушыға 
ұсынылатын тауарлар мен қызметтердің 
сапасы сәйкес болмаса, франчайзердің тауар 
белгісіне нұсқан келеді;
• 
Егер франчайзи істі адал жүргізбесе, франчайзер 
ұсынып отырған тауардың ноу-хауы, яғни 
жаңашылдығын кетіріп алады;
• 
Франшиза алудың артықшылықтары:
• 
Дайын франчайзингтік пакет. Бұл франчайзинг 
шарты, сауда белгісінің сипаты, франчайзингке 
арналған қағидалар, франчайзиді қолдану 
тәсілдері және т.б.
• 
Франчайздер жергілікті нарықты біледі және 
жергілікті әкімшіліктің қолдауына ие бола 
алады;
• 
Франчайздер жеке бизнесті дамытады
сондықтан жалдамалы басқарушыларға 
қарағанда табанды жұмыс істейді;
• 
Бизнесті жүргізудің сәтті технологиясы.
Өзге бизнес-модельдер сияқты франчайзинг 
те кемшіліктер мен артықшылықтарға ие. Жаңа 
бизнесіңізді бастамас бұрын оның барлық «кемшіл» 
және «артық» тұстарын бағалаған жөн. Сондықтан, 
«жеті рет өлшеп, бір рет кес» демекші, әрбір іске 
кіріспес бұрын мұқият зерделеңіз.


 — 49 —
Массаж бизнесі
Массаж бизнесі – бұл массаж қызметін 
өндірушінің жоғары кәсібилігімен үйлескен 
бизнес иесінің іскерлік кәсіпкерлік қасиеттері мен 
ұйымдастырушылық қабілеті маңызды қызмет түрі.
Массаж бизнесі туралы тарқатып айтатын 
болсақ, онда бірден бірқатар жағдайларды ескеру 
керек.
Массаж бизнесін ашуға ниеттенген кәсіпкер 
үшін бұл бизнес-жоба, менің ойымша, алғашқы 
уақытта біраз қиындықтар тудырады . Бизнестің бұл 
түрі қолдану саласымен (медицина, спорт, космето-
логия, СПА және т.б.), құқықтық реттеу ерекшелік-
терімен, сұраныс маусымымен және т. б. байланысты 
өзіндік ерекшеліктерге ие. Бастапқы кезде бірнеше 
кабинеттерден тұратын жеке салонға бағдарланып 
жұмыс жасау қажет. Екінші мәселе – қызметкерлерді 
іріктеу. Ашылатын салонда жеткілікті кәсіби персонал 
және сауатты басқарушы болуы тиіс. Әйткенмен 
жақсы мамандар тиісті қаражатты талап етеді.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, 
массаж бизнесін нөлден бастауға (ең аз салыммен) 
әлеуетті бәсекеге қабілетті адам ғана аша алады 
деп ойлаймын. Ал нағыз бәсекеге қабілеттілікті 
арттыру үшін көрсететін қызметтің өзін сапалы қылу 
жеткіліксіз. Оны нарықта лайықты көрсете білуіміз 
керек. 
Сонымен келесідей жоспарлар құрып алған жөн:
• 
орынжай;
• 
қандай массаж қызметтері көрсетілетін болады 
(мысалы, емдік массаж, косметология, СПА және 


 — 50 —
т. б.);
• 
қызметтің әлеуетті тұтынушысы кімдер (жасы, 
жынысы, әлеуметтік тобы, табыс деңгейі және 
т. б.);
• 
бизнестің болжамды ұйымдық-құқықтық нысаны.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет