— 41 —
• Сода, коктейльдер, шырындар мен квас
сататын автоматтар;
• Су сататын автоматтар. Аквадинг;
• Тамақ сататын автоматтар (дайын таңғы,
түскі, кешкі ас);
• Азық-түлік емес тауарларды сату
автоматтары (ойыншықтар, парфюмерия,
шаруашылық тауарлары).
Вендингтің тиімділігі:
1. қызметкерлерді жалдаудың қажеті жоқ, бизнесті
өз бетіңізше жүргізуге болады;
2. вендингтік бизнес үлкен еңбек шығындарын
талап етпейді. Аппараттарға қызмет көрсету
үшін аптасына бірнеше сағат бөлу жеткілікті;
3. салымдардың аз болуы;
4. жоғары рентабельділік;
5. жылдам өтелімділік;
6. шығындардың төмен деңгейі;
7. автомат тәулік бойы жұмыс істейді;
8. су сату автоматы 1 шаршы метрден артық емес,
яғни жалға алу арзан;
9. бизнесті қарапайым ұйымдастыру және т.б.
Вендинг автоматтарын орнатып,
кәсіп ашудың
кемшіліктері:
•
кәсіптің таза пайдаға шығу мерзімі ұзақ;
•
автоматтарды көптеп орнатқаннан кейін
ғана үлкен пайдаға қол жеткізуге болады;
•
техникалық қызмет көрсетуді және мерзімді
жөндеуді қажет етеді;
•
бәсекелестік көп.