— 8 —
Сіздегі «М.Е.Н» дұрыс па?
Кез келген белгілі бір нәтижеге жету үшін
адамдарға
алдымен мақсат қойып, сосын сол мақсатқа
жету жолында аянбай еңбек ету керектігі баршамызға
белгілі. Бірақ барлық адам сол мақсатты қойып,
еңбек еткісі келмейді. Жетістікке жеткен адамдардың
барлығы дерлік аспаннан түскен ақ алтынға шомылып
күн көріп жатыр деу ақылға сыймайтын дүние.
Әлеуметтік желіде көптеген оқырмандарымнан
түрлі сауалдар келіп жатады.
Сол көп сауалдың негізгі
жиынтығы: қалай тез табысты болуға болады?
Нәтижеге қол жеткізе алмай жүргендердің екі
түрі болуы мүмкін:
Біріншісі өздерін нақты мақсатым бар деп
алдап, жүйесіз өмір сүретіндер.
Көпшілік адамдар
өздерінде нақты мақсат бар деп ойлайды. Бірақ
оларда тек үміт пен талпыныс қана бар. Нақты
мақсатсыз жасалған дүние ауаға атылған оқ сияқты.
Нысана жоқ – нәтиже жоқ. Өзін үлкен іс тындырып
жүрмін,
мақсатым бар, әйтеуір бірдеңе істеу керекпін
деп алдаусыратқанша, шындыққа тура қарап, ештеңе
жасамай жүргенін мойындап
бәрін басынан бастау
қажет. Кішкене қадамдар жасаудан еш ұялмау керек.
Теңіз тамшыдан құралады, әр адамның жетістікке
— 9 —
жетуі де дәл солай ірілі-ұсақты әрекеттерден тұрады.
Бастысы бір орында тұрып қалмау.
Екіншісі жетістікке жеткен адамдардың
«Бәке, Сәкелері» бар, олар тумысынан жетістікке
жету үшін жаратылған, ал мен жай ғана
жолы болмағандар қатарынанмын деп өздерін
ақтайтындар.
«Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз,
Сізге ғылым кім берер,
Жанбай жатып сөнсеңіз?»
Жақсы өмір сүргіңіз келсе, сіз де қол қусырып
отырмай әрекет етіңіз.
Адамның жасағанын адам
жасайды. Авраам Линкольн бірде былай деген екен
«Мақсатына жеткендер, басқалардың да өз мақсатына
жете алатынының айқын дәлелі». Қазір жоғарыда
отырғандар кезінде олар да төменде болған, демек,
сіз де жоғарыға шыға аласыз.
Қазір ХХІ ғасыр – ақпараттар заманы. Білім
алыңыз, дамыңыз, ізденіңіз. «Анау жаман,
мынау
жаман» деп барлығын теріске шығара берсеңіз
ешкім сізге өз жақсысын алып келіп бермейді.
Өзіңіз әрекет етпесеңіз, ешкім сізді жарылқамайды.
Өзіңіз орныңыздан тұрып, жұмыс жасаңыз,
сонда
ғана пайда көресіз, өзіңіз қалаған өмірді сүресіз.
Қазір «үйде отырып миллион тап, үйден шықпай
кәсібіңді жүргіз, ештеңе салмайсың тек аласың»
дейтін сөздердің көбейіп кеткені рас. Бұл адам айтса
нанғысыз нәрсе. Қойған мақсатыңа жету: оқу, үйрену,
тәжірибе, ерен еңбекпен келетін дүние. Мысалы,
университет қабырғасындағы жүйе мынандай:
студент оқытушының келіп бірнәрсе үйреткенін
— 10 —
күтпей керісінше өзі оқытушының соңынан жүгіріп,
сұрап, қосымша кітапхана,
интернеттен ізденіп
үйренуі тиіс. Яғни дайын нәрсені ешкім алдыңызға
алып келмейді, өзіңіз соны алу үшін талпынып,
ізденесіз. Ешкімге мүмкіндік берілмейді, мүмкіндікті
өзіңіз аласыз. Ата-бабаларымыз тал бесіктен жер
бесікке дейін, ілім үйреніңдер деп
бекер айтып
кетпеген.
Барлығы бақытты өмір сүргісі келеді, бай
болғысы келеді. Онда неге бәрі бай-бақуатты болып
кетпейді?
Жауабы – біреу. Әрқайсысы әр түрлі дәрежеде
еңбек етеді.
Өзіңіз қалағандай өмір сүрудің бір ғана
формуласы бар:
Достарыңызбен бөлісу: