Нұрсұлтан қаласы
02.09.2021 жыл
І - АКТ
1 – көрініс
Сот
Бизнесмен: Мен жәй ғана бизнесменмін.
Менің өліміме өзімнің кінәм
жоқ. Мен... Түсініесіздер ме?! Мен... Түстен кейін сағат 3-те қалада
жиналысым бар еді. Мені бәрі күтіп отыр!
Мен жай ғана қалаға, өз
жұмысыма, отбасыма асыққаным үшін айыптымын ба сонда? Әйелім, 3
жасар балам бар.(
үнсіздік) Егер де сол екіқабат әйел болмағанда,
ендігі
самолетте кетіп бара жататын едім... Мен өз өліміме «018» автобустың
жүргізушісін айыптаймын. (
өкінеді)
(
Бизнесмен: Ереке ауыл өзгермепті, сол баяғы адамдар, сол үйлер, тіпті
көлікте
өзгермепті ғой, ә?(
күліп)
1-еркек: Бауырым, келіп тұрсаңшы осылай, кешегідей көңіл көтереміз.
Өкінбейсің. Өкіндірмейміз...(
жылпостанып) Бірақ, сен қала көріп жүрген
азаматсың ғой, ал біз ше, малдың артынан еріп жүрміз, әйтеуір...
Бизнесмен: Ештеңе етпейді, за то ауылда ғой нағыз өмір, таза ауа, бәрі
натуральный... қыздарына дейін..(
көзін қысып)
әрине келіп тұрам, кешегі
түндегі әйел үшін. (
күледі) Сол келіншек кім-ей?
1-еркек: Кейін айтамын.
Бизнесмен: Жарайды, тездетейік, олай болса.
Бірінші ауданға жетіп
алайын, сосын такси, кейін қаладан самолетім бар еще. 12.15-те
ұшады
астана уақытымен.
Бизнесмен: Ненің иісі шығады? (
Бәріне) Жиналдықпа? Жүрейік! Ей
шофер! Кеттік, бас.
Бизнесмен. (
сабырсыз) Анау саудагерің қайда? Келе ме өзі? Асығып
тұрмыз, шофер! Мүмкін хабарласарсың?
2-әйел. Хабарлас? Иә, қазір. Біздің ауылда сеть жоқ.
Бизнесмен. Не деген ауыл?! ХХІ ғасыр ғо
Автобус жүріп келе жатыр.
Бизнесмен. (
1-еркекке сыбырлап) Айтпадың ғой?