— 180 —
сапалы ет пен майды көп алу үшін сояр алдында жемге
байлап қолдан семірту) алаңдарына жұмсалады.
Сонымен қатар, Қор тарапынан ауылшаруашылық
кооперативтерге қолдау көрсетіледі. Олар өнімнің
тауарды жинақтап,
нарыққа және өндірушілерге
сатады. 2020 жылы аталған бағдарлама бойынша Қор
арқылы 25 млрд. теңге шағын несиелеуге бағытталуы
жоспарланған.
Жеке қосалқы шаруашылықтарды дамыту ая-
сында несиелеудің басымды бағыттарына тоқтала
кетейін:
•
Сүт қабылдау бекеттері жүйесін мен сүт
фермаларын құру;
•
Мал бордақылау алаңдарын құру және олардың
негізінде ауылшаруашылық кооперативтерді
ұйымдастыру;
•
Ауылшаруашылық
кооперативтерді құру және
жеміс-көкөніс шаруашылықтары бойынша жеке
қосалқы шаруашылықтарын қаржыландыру.
Осы үш бағытты қаржыландыру бағдарламасы
2016-2018 жылдарға арналған. Қаражат Жұмыспен
қамту 2020 жол картасы,
Бизнестің жол картасы
2020, Қордың есебінен бөлінеді. Аталған несиелеу
бағдарламаларына нақтырақ тоқтап кетсем,
шарттары төмендегідей:
«Береке»
«Береке» бағдарламасы – ауылшаруашылық
өнім алу үшін мал мен құсты бордақылауға арналған.
Қарыз сомасы 3-6
млн теңге, сыйақы үстемесі (про-
центная ставка) – 6%, несиелеу мерзімі – 3-4 жылға