— 1 — ДӘулет төлеутайұлы бизнеске бағыт #әрекеткеберекет Нұр-СҰлтан 2020


— 61 — Қуырылған жүгері (попкорн) сату



Pdf көрінісі
бет27/88
Дата31.10.2022
өлшемі4,82 Mb.
#46511
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   88
 — 61 —
Қуырылған жүгері (попкорн) сату
Қуырылған жүгері көбіне маусымдық кәсіп бо-
лып саналады. Бірақ көше саудагерлері, азық-түлік 
дүкендері, сауда орталықтары мен ойын-сауық ке-
шендерінде жыл бойы жұмыс жасап, табыс табуға бо-
лады. 
Бұл бизнес:
балалар аттракциондары;
мәдениет саябақтары;
спорт сарайлары;
ойын орталықтары; 
сауда кешендері мен супермаркеттер 
жанындағы негізгі, дербес және қосымша 
табыс көзі болуы мүмкін.
Жүгері сатумен айналысу үшін сізге келесідей 
жұмыстарды жасау қажет:
• Жеке кәсіпкер ретінде тіркелу;
Орынжайды табу;
• Қажетті құрал-жабдықтарды алу (жабдықтарды 
көбіне АҚШ, Қытай, Еуропа және Ресей өндіреді. 
Ең қымбат және сенімді жабдықтар түрі 
американдық техника болып саналады)
Шикізат. Попкорн сатуда біршама материалдар 
қажет. Попкорн үшін негізгі шикізат: арнайы сортты 
жүгері және өсімдік майы. Жүгері дәмін келтіру үшін 
тұз, қант, дәмдеуіштер, карамель, басқа да дәмдік 
қоспалармен жасайды.


 — 62 —
Шикізат пен дайын өнімді сақтауға ерекше 
назар аудару керек. Жүгері кеуіп кетпеуі үшін жабық 
пакеттерде сақтаған жөн.
Дайын өнімді өткізу. Попкорнның дәмі ғана 
емес, оның сыртқы қаптамасы да өте маңызды. Түрлі 
дизайндағы пакеттер, қорапшаларды пайдалану 
арқылы өз саудаңыздың түсімін көбейтуге болады. 
Starbucks-тағыдай қорап сыртына сатып алушының 
есімін жазып берсеңіз, бұл да бір ерекшелік болады.


 — 63 —
Көшірме орталығы (копицентр)
Көшірме орталығы – бұл бастаушы кәсіпкерлер 
үшін тамаша идея. Ол үшін кем дегенде: жақсы орын,
қаржы және кеңсе техникасын пайдалана білу қажет.
Көшірме орталығы – кез келген адам аша алатын 
қарапайым және тиянақты бизнес. Сізге үлкен 
салымды салудың қажеті жоқ, және одан кейінгі 
жұмыс та аса қатты қиындық әкелмейді. Қызмет 
көрсету үшін сізге тек 2-3 құрылғы сатып алу және 
орналасатын жер табу керек.
Соңғы 10 жылда копицентр бизнестің өте кең 
таралған түрі болып табылады. Мұндай орталықтар-
ды әр бұрышта кездестіруге болады – дегенмен, ең 
«тиімді» орындарында орналасқан, бір ғана көшірме 
құрылғысы бар шағын орталықтар барлық клиент-
терге тез қызмет көрсете алмайды. Көшірме орнын 
дұрыс таңдау және жұмысты дұрыс ұйымдастыру 
кезінде ғана сіз нарыққа кіріп, клиент таба аласыз. 
Шағын бизнестің әртүрлі нұсқаларының ішінде 
копицентр ең тартымды кәсіптің бірі болып табыла-
ды. Бұл істе келесідей артықшылықтарды байқаймыз:
орталықты ашу үшін ең төменгі бастапқы 
капитал;
салыстырмалы түрде аз ағымдағы шығыстар;
жыл бойы сұраныс;
рұқсат беру құжаттарының ең аз жиынтығы;
қызметті жүргізудің қарапайым тәсілі;
арнайы біліктілігі жоқ қызметкерлердің шағын 
штаты;
копицентрдің жоғары табыстылығы;
бизнестің өсу болашағы.


 — 64 —
Бизнес иесі кез келген адам бола алады. Ең 
бастысы – бастапқы капитал мен іскерлік жеткілікті.
Бизнес ретінде көшірме орталығының 
тәуекелдері. Кез келген бизнесті жоспарлау кезінде 
онымен байланысты болуы мүмкін тәуекелдерді 
ескеру қажет. Көшіру орталығының жұмысындағы 
негізгі қиындықтар:
орынды сәтсіз таңдау;
асырып айтылған баға қызметтері;
баспаның төмен сапасы, бұл тапсырыстардың 
төмендеуіне, сәйкесінше бизнестің құлдырауына 
әкеледі;
төмен қызмет көрсету және т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет