— 14 —
даналығын ешкім ұмыта қойған жоқ. Әйтсе де, ұзақ
ойланып, бір шешімге келе алмау да сізге кедергі
келтіреді. Алға қадам жасаудан қорықпайтын адам
жеңіске жетеді. Ал кедейлік санадағы адам уақыт
созып, өз ойына келген идеяларды жүзеге асыра
алмайды.
Өзінің дамуына ақша салғысы келмейді.
Көп жағдайда тегін тренингтер мен семинарларға
қатысқанды жақсы көреді. Нәтижесінде, көп пайдасы
жоқ жиындарға уақыт жұмсайды. Әрі қарай даму
мұндайда көп байқала бермейді.
Өз мәселелерінің түбірін қоршаған ортадан
іздейді.
Кедей отбасында дүниеге келгені, географиялық
жағдайының дұрыс еместігі, қажетті білімді игере
алмауы – мұның бәрі өсіп, дамығысы келетін адамға
шектеу емес. Кедейлік санадағы адам өзін-өзі аяудың
түрлі әдістерін ойлап табады. Ақшаның жоқтығы
көптеген негативті жайттарға әкелетіні жасырын
емес. Байлар секілді ойлайтын адам сәтсіздікті
кезекті өмір сынағы ретінде қабылдап, алға басады.
Ол бұл үшін өмірге өкпесін айта жөнелмейді. Кейде
ішіңдегіні ақтарып салған да артық емес, алайда,
бұдан әмияныңыздағы ақшаның көлемі де өзгермейді.
Достарыңызбен бөлісу: