— 120 —
Демек, сіз жалдамалы жұмысшының еңбегін
пайдаланбайтын болсаңыз және 2020 жылдың ең
төменгі айлық көрсеткішімен есептегенде табысыңыз
510 000 теңгеден аз болса, ДК ретінде тіркелмеуіңізге
де болады. Бұл жағдайда сіз тапқан табысыңыз
бойынша 240.00 нысанды салық есептілігін жеке тұлға
ретінде тапсырып, 10% табыс салығын төлейсіз.
2019 жылы ДК ретінде тіркелмей-ақ заңды кәсіп
жүргізудің тағы бір жолы пайда болды. Ол бірыңғай
жиынтық төлем (БЖТ). Бұл дегеніміз салық органда-
рында өз-өзін жұмыспен қамтығандардың қызметін
тіркеудің оңайлатылған тәртібі.
БЖТ мөлшері
Бірыңғай жиынтық төлемнің ай сайынғы
мөлшері:
• Республикалық маңызы бар қалаларда, астанада
және облыстық маңызы бар қалаларда тұратын
жеке тұлғалар үшін – 1 АЕК;
• Басқа елді мекендерде тұратын жеке тұлғалар
үшін – 0,5 АЕК.
Биылғы (2020 жыл) 1 АЕК = 2651 теңге.
АЕК – айлық есептік көрсеткіш
Достарыңызбен бөлісу: