— 1 — ДӘулет төлеутайұлы бизнеске бағыт #әрекеткеберекет Нұр-СҰлтан 2020



Pdf көрінісі
бет48/88
Дата31.10.2022
өлшемі4,82 Mb.
#46511
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   88
 — 112 —
Себебі танымал бизнесмендердің парақшасында 
әлдеқайда сол қызмет түрін пайдаланатын 
оқырмандар болады. Ал қарапайым оқырмандар 
шоғырланған аудитория сіз ұсынған қымбат 
қызмет түрін ескермеуі де мүмкін. Сондай-
ақ, егер сіз көлік сатумен немесе көлік жөндеу 
қызметімен айналысатын болсаңыз, жарнаманы 
қаншалықты танымал болса да әйел адамдарға 
жасатудың қажеті жоқ. Елімізде бірнеше танымал 
нәзік жанды аруларымыз көлік маркасын 
жарнамалаумен айналысқанымен тауар сату 
қарқыны өспеді. Тәжірибе жүзінде танымал ер 
адамдарға жарнама жасатқан әлдеқайда дұрыс. 
Инстаграмда жарнама беру құны да арзан емес. 
Әншілер тарапы бір пост үшін 200 мыңнан 700 
мыңға дейін қаражат сұраса, алдыңғы көшті 
вайнерлер бастап тұр. Юфрейм командасы 
постты 900 мың теңгеге жарнамаласа, вайнер 
Сека 1 миллионнан жоғары ақша алады. Сол 
себепті танымал жандарға жарнама жасату 
алдында өз қаражатыңызды, жарнаманың 
тиімділігін сараптап алған дұрыс. 
3. Флешмоб (Challenge) ұйымдастырыңыз. Ау-
диторияңызды бір сергітіп, жүлде ұтуға 
ыңталандырып, көңілін көтеріп, өзіңіздің 
бизнесіңіздің танымалдылығын арттырудың сәті 
келді. Дәл осы флешмоб әдісі қарапайым адамдар 
арасында жақсы тарайды. Сіздің тауарыңызбен 
бірге түскен сурет, қандайда бір қимылды 
қайталап, билесе жақсы емес пе?! Бірақ сол 
оқырмандарға ұсынылатын талаптардың жеңіл 


 — 113 —
екенін қадағалаңыз. Егер қиын болатын болса
ол флешмоб емес. Себебі оны ешкім орындамауы 
мүмкін. Танымал флешмобтарды еске алсақ, 
бөтелкені айналып тебетін #bootcapchallenge, «10 
жыл» бұрын деп жарыса жазған #10yearcgallenge, 
танымал жұлдыздардың жүрек жасап түскен, 
балалардың әкесін жұмыстан билеп қарсы 
алатын әуенді челлендж тағы бар. Дәл осындай 
қызықты идеямен өз тауарыңызды жарнамалап, 
оқырмандарға байқау ұйымдастырсаңыз 
аудиторияңыз да бір сергіп қалады. 
4. Вирус хештег. Өзіңіздің бизнесіңіздің бар болмы-
сын көрсететін хештег ойлап табыңыз. Адамдар 
сіздің тауарыңызды алып, қолданып, әсерімен 
бөлісіп, қуана-қуана сіздің хештегіңізді қоя-
тындай. Ал оқырмандарға бұл әрекеттердің 
бәрін орындауға сіздің хештегіңіз себепкер 
болу керек. Фирмалық брендті хештегті белгі-
легісі келіп тұратындай, әдемі, қызық хештегті 
жазғысы келіп тұратындай болу керек. Мысалға 
алатын болсақ, бір ғана жұмыртқаның суреті 
ең көп лүпіл жинаса, ал #liketheegg хештегімен 
жүктелген суреттер саны өте көп. Мыңнан аса 
хештегтер ойластырылып, бір жұмыртқанын 
түрлі фотоларын желі қолданушылары жарыса 
салған. Оқырмандар рекордқа кірген жұмыртқа 
суретіндегі лүпіл санынан өздері жүктеген 
жұмыртқаның түрлі қызықты суреттері лайкты 
басым жинайтындығына сенім білдіріп, жарыса 
түскен. Сіздің де бизнес профиліңіздің бағытына 
қарай түрлі хештег ойлап табуға болады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет